Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

Қазақстанда тұрғындардың жан басына алғанда төлем карточкаларының  және айналымдарының үлкен көлемді  саны Шығыс Европа елдерімен салыстырғанда  көп. 2001 жыл біздің елдің банктері үшін елеулі жыл болды. «ТуранАлемБанкі» акционерлік қоғамы (АҚ) өзінің  ең танымал VISA Platinum карточкасын шығарса, «Қазкоммерцбанк» АҚ өзінің алғашқы  чиптік транзакциясын жүргізді, ал Тексабанк өзінің ағылшын тіліндегі  бірінші Virtual Visa карточкасын шығарды. Мұндай карточка «нақты өмірде» қолданыла  алмайды, себебі ол Интернет арқылы ғана қолданылады.Бар жоғы бес жыл  бойы VISA төлем жүйесінің қазақстандық банктермен жұмыс істеуі барысында, олар арқылы 754 мың. карточка шығарылды (өткен жылмен салыстырғандағаы өсу 110 пайызды құрады), олардың айналымы 590 млн. долларды құрады (өсім 210 пайыз), транзакциялар саны – 8,3 млн. доллар (өсім 250 пайыз). Осы цифрлардан белгілі  болғаны, айналымдардың өсуі шығарылушы карточкалар санынан артып кеткені, ал бұл мынаны байқатады, яғни карточкалардың жиі түрде және үлкен көлемде  кішігірім төлемдер үшін қолданылғандығы. VISA –ның серіктес банктерінің саны 1996 жылы үштен он төртке шекті өсті. Айтпақшы, қазір банктер айына 60 мың.данаға дейін төлем карточкаларын  шығаруда. 1996 жылы алғашқы банкомат орнатылған болса, бүгінде олардың  жалпы саны 500 құрайды. Мұның барлығы, Қазақстан нарығының осы қызмет түріне дайын екендігін және халықаралық  төлемдік құралдарды қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қызығушылық танытуына куәлендіреді.

Мұның барлығы мынаның куәсі, яғни Қазақстанның нарығы осы қызмет түріне дайын және халықаралық төлемдік құралдарды қолданып ақшасыз төлемдер жүргізу жүйесінің  дамуына мүдделі.

Банкоматтар мен сауда терминалдары, пластикалық  карталар негізінде өзіндік қызмет көрсетудің банктік жүйесінің қызметін қамтамасыз етуші қондырғылар болып  табылады. Банкомат (Automated Teller Machine - ATM) – бұл пластикалық карточкалар  бойынша қолма-қол ақша беруге тағайындалған  электронды-механикалық қондырғы. Банкоматтарды  қарапайым және басқа да операцияларды (салымдарды қабылдау, шот туралы анықтамалар  беруге, ақша аудару және т.б.) орындаушы  толық қызметтік деп бөлу қабылданған. Банкоматтар алдын ала болжалынған  орнықтыру орындарына қарай көшелік  және ішкі(бөлмелер үшін) деп бөлінеді. Көшелік банкоматтар әдетте ғимараттар қабырғаларына орнатылады. Кез келген типті банкоматтар процессорды, графикалық мониторы бар дисплейді, ақпаратты енгізуші пернетақтаны, пластикалық  карталардан және оған бағытталған  ақпаратты оқу мен жазуға арналған, сондай-ақ банкноттарды сақтау мен  беруге арналған  қондырғыны қамтиды. Қосымша банкоматтар бумалы принтерлермен, ақша қабылдау қондырғыларымен және қауіпсіздік құралдарымен жабдықталады.

Төлем карталарының  бұдан былайғы алға басуы, олардың  қызмет көрсету түрінің техникалық жағының жетілдірілуін талап  етеді. Банкоматтар нарықтағы көзқарасты қамтамасыз ету үшін, шығындарды қысқартуға және пайда табуға арналған. (1 Сурет ). Олардан тіпті демалыс күндері  де кассир жалдаудан құтылудың жолын  және кассир алдындағы кезекті қысқартудың, клиенттерді сақтаудың, ең соңында  – кассирлер штатының өсуін қысқартуға ұмтылуды және олардың құрамын қысқартуды, соған сәйкес шығындарды азайту тәсілдерін байқаймыз.

 

1 Сурет  Банкомат арқылы қолма-қол ақша алу

Банкомат арқылы қолма-қол ақша алу келесі түрде  жүргізіледі:

1) саяхаттағы адам карточкасын  Лондондағы банкоматқа салады  да  толайым бағасы бойынша  долларға алмастырылушы британ  фунттарын сұрайды;

2) банктік компьютер  мынаны анықтайды, яғни карточканың  Қазақстаннан екендігін, және  де жер серігі арқылы орталық  диспетчерлік компьютерге сұраныс  жасайды;

3) орталық компьютер клиенттің банкін бекітеді;

4) компьютер клиенттің банкіне сұраныс жасайды, яғни клиенттің шотында ақшасы бар не жоқ екендігін тексереді;

5) клиенттің төлемге қабілеттілігінің дәлелдемесі орталық компьютер арқылы кері Лондонға беріледі де, сөйтіп  саяхаттағы адам өзінің ақшасын алады. Осының барлығына 10 секунд уақыт жұмсалады.

Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі  қызметтерді ғана атқарады. Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік  және басқа да шоттарда заңды және жеке тұлғалардың салымдары ретінде  сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы алғанда  негізгі орынды қолма-қолсыз айналым  алады.

Дамыған елдерде  тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының  құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда  жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге дейін  – карточканы пайдаланады. Бірақ  та  бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер  конгресінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев  қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.

Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші  банктік бағдарлама 1994 жылы Қазақстан  Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа және Жапонияда  карточка 100 жылға жуық айналымда  жүр. Карточканың төлем құралы ретінде  пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың аяғына таман пайда  болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің «Взгляд в прошлое: 2000-1887» атты кітабында айтылған болатын.

Бірінші несие  картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай өнімдері саудасында пайдаланылды.

1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші  болып металл пластинкалар шығарды,  онда мекен-жай эмбоссирленіп,  несиеге қабілетті клиенттерге  берілді. Саудагер бұндай пластинканы  арнайы құрылғы-импринттерге салып,  ондағы ақпараттар сауда чегіне  шығатын. 

Бірінші кең  ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда болған «Dinners Club» компаниясы болды. Бұның негізгі  ерекшелігі клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс  істеді. 1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын  пластикалық карточкаларға ауыстырады.

Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге  қолдану 1969 жылмен белгіленген. Пластикалық  карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі француз журналисі Ролан  Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды микросхемасы бар карточкаларды  пайдалануды ұсынды. Микросхема орналастырылған  пластикалық карточкалар «интеллектуалды», чип (chip) немесе смарт (smart)-карточкалар деп те аталады.

 Карточкаларға  қызмет көрсету мен оларды  дайындау технологиясының       даму тарихы.

Жылдар

Мағынасы

1914

АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен картонды несие карточкаларының шығуы.

1928

Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының  пайда болуы. Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.

1940 жылдар

Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды өндіруді арзандата  түседі.

1960 жылдар

Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда  сәйкестендірме ақпараттарды кодталған  түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді.

1974

Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы  бар карточкалардың пайда болуы. 


 

      Алғаш рет төлем  карточкалары Америкада 50 жылдардың  басында пайда болды. «Dinners Club International» компаниясы ең алғаш  болып хаалықаралық пластикалық  карточкаларын шығарды. Одан кейін  «DCI» және «American Express» компаниясы мен «Интурист» акционерлік қоғамы арасында бұрынғы СССР территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісімшартқа қол қойылды. Артынан «Visa» және «Eurocard-Mastercard» компанияларымен келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін «JCB International» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі таңда  әлемде үш ірі төлем жүйесі белгілі: «Visa International», «Europay-Mastercard International», «Dinners Club International».

 «Visa International»-карточкаларының  саны мен айналымы бойынша  ең ірі халықаралық төлем жүйесі  болып табылады. 1972 жылы Bank of America базасында  негізі қаланған. Компанияның иелері  – бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан  астам қаржы мекемелері. Басқару  органы – Директорлар кеңесі, ол ең белсенді мүшелердің  арасынан таңдалады (шығарылған  карточкалар саны мен орындалатын  операцияларының көлеміне байланысты). Директорлар кеңесі президентті  тағайындайды. Қазіргі кезде ол  Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen) болып  табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода  орналасқан. Мүшелермен аймақтық  Директорлар кеңесі арқылы байланысады.  Әлемдік нарықтығы үлесі –  50 % шамасында. 

Eurocard-Mastercard International– америкалық Mastercard және европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі – 20 % шамасында. Visa сияқты, компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.

American Express –  пластикалық карточкалар нарығында  карточкалар көлемі жағынан үшінші  компания болып табылады, карточкаларының  жалпы көлемі 18 % шамасында. Штаб-пәтері  Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express корпоративтік қаржылары автоматты  түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін  жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен қамтамасыз етеді.

  Dinners Club International (DCI) – бірінші болып пластикалық  карточканы 1949 жылы шығарған американдық  компания, карточкалар алғашында  Нью-Йорк ресторандарына арналған  болатын. Кейіннен Dinners Club карточкалары  бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты  саяхатшыларға қызмет көрсете  бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық тобына 100 % тиесілі  және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың әлемдік нарықта алатын  орны көп емес, шамамен 2 %.

 JCB International 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.

         Қазіргі  нарықтағы пластикалық карточканың  жалпы көлемінің үлесі бойынша  рөлдерінің бөлінуін төмендегі  суреттен көруге болады:

 

49%



 


 


 


 

 

2%



20%




 

 

Мұндағы:

 

 

 

Сурет1. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша  әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының  үлесі. 

 

Банктік пластикалық  карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралыққ ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:

  • ұзындығы – 85,6 мм;
  • ені – 54 мм;
  • қалыңдығы – 0,76 мм;
  • карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық болуы керек.

 Соңғы  10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз  ақша айналымын ұйымдастыруда  және оның технологиясында түбегейлі  және елеулі өзгерістер болды.  Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер  кем дегенде бір апта бойы  жасалды және міндетті түрде  қағаздық технология қолданылды. Кәсіпорындармен, сонымен қатар  жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз  есеп айырысуды өте жылдам  және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері  туралы тек ғылыми фантастика  жанры еңбектерінде ғана жазылып  жүрді. 

Қазіргі таңда  қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз  түріндегі құжаттар айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер,квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының  жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.

Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік  сфера мен төлем жүйесіне де әсер етті. 1980-жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты  арнайы банктер жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың  басындағы реформа мемлекеттік  емес коммерциялық банктер массасын құруға, мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда төлем  қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде. Кеңестік дәуірінде отандық  төлем жүйесі өз технологиясы бойынша  шетелдіктерден елеулі түрде артта  болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік шетелдік банктер белсенді түрде  халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және ол үшін батыстық төлем жүйелерінің  технологиясын қолданды. 1980-жылдардың  аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды  және VISA пластикалық карталарына  қызмет көрсетуде делдалдық рөл  атқарды. Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде  American Express жүйесінің өкілеттілігі ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы) Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.

Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар