Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының  әлемдік жағдайы мен дамуы

    1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
    2. Шетелдегі банк картасының дамуы

2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның  қаржы нарығында дамуын бағалау

2.1.    Қазақстандағы банктік  карталар жүйесі

3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың  прогрессивті формалары және  әдістерін енгізу

3.1.    Қазақстанда банк картасы  төлем жүйесін реформалаудың  негізгі бағыттары

3.2.    Банк картасы жүйенсінде  банктік тәекелдерді басқаруды  жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.

Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол  ақшалардың көлеңкелі айналамының  қысқаруын, ақша айналамына бақылау  жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі  кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.

Қолма-қол  төлемдерді қолма-қолсызға аударудың  ең тиімді құралы болып банк картасы  табылады. 

Банк картасы  – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар  мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды  басқару құралы. Электронды терминалдар  мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға  мүмкіндік береді. Картаны жоғалту  ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз  толық сақталады.

Банк карталарын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол  ақша беру төлемдері мен сауда  терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер  үшін ақы төлемдері болып жіктеледі. Ал банк карталары жергілікті жүйелер  карталары және халықаралық жүйелер  карталары болып бөлінеді. Жергілікті жүйелердің карталары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының  аумағында (ALTYN, ЕРТІС, Kaspi) қолданылады. Халықаралық жүйелердің карталары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International, Europay International, American Express, HSBC, Dinners Club International).

Банктерге карталардың беретін артықшылықтарының  бірі – олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық  тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер  жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын  банкті таңдайды. Карталардың пайда  болуымен бұл мәселе аса маңызды  болмады. Банктерге өзінің карталарын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға  мүмкіндік туды.

Банк карталары  Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды  әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта  барлық негізгі халықаралық карталар бар.

Қазақстанда банк карталары саласы бойынша барлығы  әдеттегі классикалық сызба бойынша  жүзеге асырылады:

  • халықаралық карталардың  эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
  • алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
  • банктік карталарды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.

Қазақстанда «карталық» іс қазіргі кезде нағыз  бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карталарды, микросхемалы және смарт-карталарды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбісі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде банктік карталарға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Мұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, банктік карталарға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.

       Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда банктік карталар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау; карталардың түрлері мен құрылымын анықтау және Қазақстан банктерінің төлем карталарына талдау жасау.

Жұмыстың нәтижелері. Банк карталары ұғымының мәні мен ерекшеліктері дәлірек дәлелденген, банк карталары нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды.

Қазақстанда банк карталарының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы банк карталар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карталардың саны  соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карталары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.

Зерттеу көрсеткіштері  болып төлем карталар нарығының  дамуы туралы отандық және шетел  авторларының кітаптары мен журналдары табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Төлем карточкаларына жалпы сипаттама.

1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері.


 

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең  танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл  нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік  және табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың табыстары мен шығыстары 1-суретте  көрсетілген.

Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар  жатады:

- Карточкалар  шығару (карта иесінің жеке деректерін  өңдеу және кодтау, эмбоссинг,  клиентке карточканы жеткізу,  карточканы жаңарту);

- Несиеге  қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің  қаржылық жағдайын анықтау, карточкалық  шот ашу, несиелік лимитті анықтау);

- Авторизация  (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы  автоматты түрде немесе телефон  бойынша сатушының сұрауларына  жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту,  ақпараттық айырбастау жүйелерімен  өзара әрекеттесу);

- Ақпараттармен  алмасу және интерчейндж үшін  сыйақылар алу; 

- Биллинг  (карточка иесіне қарыздар сомалары  мен оларды жабу мерзімдері  көрсетілген көшірімдер дайындау  және жіберу);

- Карточкалық  шот бойынша операцияларды бухгалтерлік  есепке алу; 

- Мерзімі  өткен қарыздарды қайтару және  несиелік лимит шектерінің сақталуын  бақылау; 

- Клиенттермен  жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);

- Қауіпсіздікпен  қамтамасыз ету және алаяқтыққа  бақылау орнату (ұрланған және  жасанды карточкалар бойынша  есеп берулер, шоттарды оқшаулау);

- Маркетинг  (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар бойынша операцияларды  белсендіру бағдарламалары);

 Эквайрингпен  айналысушы банктің міндеттемелері  карточкалық жүйенің оның саудалық  қатысушыларына қызмет көрсетуі  бойынша рөлімен анықталады. Оның  негізгі атқаратын қызметтері:

- Карточкалармен  жасалған операциялар бойынша  сатушының банкке ұсынған сауда  шоттарының процессингі; 

- Мәмілелер  туралы ақпараттармен айырбастау  және банк-эмитентке интерчейндж  үшін сыйақылар төлеу; 

- Сауда орындарының  есеп айырысу жүйесіне қосылуға  білдірген өтініштерін қарастыру,  бұрынғы және жаңа сатушылардың  несиеге қабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік туғызған сатушыларды тексеру;

       - Маркетинг, пластикалық  карточкалар үшін қажет құрылғыларды  сатып алуға сатушыларға көмектесу. 

Несие карточкаларының  табыстылығы:

А) Эмитент  үшін.

Несиелік  карточкаларды шығару бойынша бағдарламалардың пайдалылығын табыстар мен шығыстардың  келесідей негізгі құрамдас бөліктермен  анықтауға болады:

 

 

 

 

 

Алдымен табыстың құрамдас бөліктері анықталады, яғни, пайыздан түсетін табыстар карточка ұстаушысына ұсынылатын несиенің пролонгация  деңгейіне қатынасы  бойынша жылдық пайыздық қойылым жүргізу бойынша  анықталады. Ал пролонгация жеңілдетілген  мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз  есептелетін несиелер сомасының  барлық берілген несиелердің сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.

Банк-эмитентке  міндетті банк-эквайердің жасаған мәмілелерінің (өткізу көлемінің) сомаларынан түсетін  пайыздар эмитентке эквайердің орнын  толтыруы, өтеуі болып табылады.

 

 


Жылдық  төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентке төленетін сома. Карта ұстаушысы банкпен жасалған келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда, мысалы, төлемдер өз мерзімінен кідірілген жағдайларда, Pin-кодты жоғалтқан немесе несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әр түрлі айыппұл ықпал-шаралары пайда болуы мүмкін.

Ал, енді шығын  құрамдас бөліктерін қарастырсақ, ресурстар  құны – карточка шығару бағдарламасындағы  шығындардың басым, ең үлкен бөлігі болып табылады. Бұл дегеніміз  карта ұстаушыларына ұсынылатын несиелер сомасын қамтамасыз ету  үшін банк-эмитентпен тартылатын ақша ресурстарының әралуан түрлері  бойынша орташа шамамен алынған  пайыздық мөлшерлеме.

        Несиелік тәуекелдерге резервтер құру – қосымша ресурстар тарту қажеттілігін тудыратын, клиенттерге берілетін ссудаларға арналып резерв құру мақсатындағы аударымдар болып табылады.

Банк  міндеттемелеріне резервтер құру деп коммерциялық банктердің ізденді және мерзімді міндеттемелер шоттары бойынша міндетті резервтер қорына деген аударымдарды айтамыз. Залал, зияндар, мерзімі өткен қарыздар немесе қылмысты сипаттағы іс-қимылдар нәтижесінде пайда болады, әдетте, жабылмаған несиелер сомасынан есептелінген пайыздар ретінде бейнеленеді. Қызмет көрсету шығындары – бұл тікелей клиенттерге қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражат.

Операциялардың  орындалуымен тікелей байланысты шығындар, мысалы, операцияларды құжатты түрде  рәсімдеуге жауапты штатты ұстауға  кететін шығындар, процессингтік, телекоммуникациялық  компанияларға бағытталған пайда  болып қалуы мүмкін шығындар және тағы басқалары операциялық шығындар болып табылады.

Б) Эквайер  үшін.

Банк-эквайер  үшін пайдалылық келесідей көрсеткіштермен  анықталады:

Эквайерге ұсынылатын жеңілдіктер (сатушы жеңілдіктері, саудалық түсімдер, дисконттар) – бұл эквайер  жасаған мәмілелер құнын төлегені үшін сауда немесе қызмет көрсету  орнынан алатын карточкалар бойынша  жасалған мәмілелер сомасының бір  бөлігі. Жеңілдіктің мөлшері карточкалар  бойынша өткізудің ақшалай көлемінің  орташа пайыздық жеңілдіктерге қатынасына тең. Ал, басқа да табыстар төлем  терминалдары мен импринтерлері  сияқты құрылғыларды сатудан немесе жалға беруден тікелей пайда  болады.

Эквайердің  эмитентке жүргізілген операцияларды  өтеуі шығындар көлемінің ең үлкен  бөлігін қамтиды.

Операциялық шығындар – сауда және қызмет көрсету  орындарының карточкалары бойынша  операцияларды, мысалы, авторизация, кәсіпорын  шоттарын жүргізу сияқты операцияларды  қолдауға кететін шығындар.

       Дебеттік (есеп  айырысу) карточкаларының табыстылығы. 

А) Эмитент  үшін.

Дебеттік  карточкалар шығару бойынша бағдарламалардың табыстылығын анықтаушы негізгі  табыстар мен шығыстар несиелік карточкаларға  тән позицияларға ұқсас. Тек қана ерекшелігі сонда, пайыздық табыстар мен  ресурстар құнында. Дебеттік карточкалар  бойынша ресурстар карта ұстаушыларының шоттарында орналасқан ақша құралдарынан құралып, оларды банк басқа да тартылған  құралдар сияқты ұқсас қолдана береді.

Пайыздық  табыс дебеттік карточка ұстаушылардың  шоттарына тартылған құралдарды қолдану бойынша банк-эмитенттің активтік операцияларын сипаттаушы орташа жылдық пайыздық мөлшерлемемен  анықталады.

       Жылдық төлем  (жылдық мүшелік жарна) – карта  ұстаушының банктік карточканы  қолдану құқығы үшін банк-эмитентке  төлейтін сомасы. Банкпен жасалған келісім-шарт талаптары бұзылған жағдайда карта ұстаушысынан алынатын айыппұлдар да бар.

Ал, шығындар құрамына келетін болсақ, ресурстар құны  дегеніміз карточка ұстаушысының шотындағы қалдықтар бойынша банк-эмитентпен төленетін пайыз болып саналады.

Дебеттік  карточкалар бойынша жобаның  шығындарының негізгісі карта ұстаушыларының ұқыпсыз, құқықтық нормаларға қарсы  және қылмыстық іс-әрекеттерінен  туындайтын зияндар.  

Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар