Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

Мынаны атап айтқанымыз жөн, эмитенттер әдетте клиенттің  банк несиесін қайтаруға міндетті нақты  мерзімін белгілейді. Егер клиент қайтарылым мерзімін созып алса, онда банк әрбір  мерзімінен асушы күндерге пайыздық үстеме алуға міндетті. Осы мақсатта несиелік ұйымдар жиі түрде арнайы сақтандыру депозитін енгізген, ол бойынша ондағы ақшалар банк қарызын  жабуға да, клиенттің мүмкін болатын  кредиторларының пайдасына шешіледі (кейбір банктер ғана сақтандыру депозиттерінсіз  жұмыс істей береді). Бұдан басқа, көптеген банктік ұйымдар овердрафт  шығарады – несиелік ақшалардың қайта  шығындалуы. Әрине, белгіленген лимиттен асып түсуші несиелік ресурстарды қолдану  пайыздар арқылы жүзеге асады, мұнда  бұл жағдай бойынша пайыздар өте  үлкен мөлшерде болмақ. Дегенмен, клиенттер  төлемдік карточкалар түрінің осы  түрін қабылдауды жөн көріп отыр.

Дебеттік  карточка карточка иесінің шотынан  тікелей кредитордың шотына бар  соманың мөлшерінде ақша аудару жолымен  тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді  шұғыл түрде төлеу үшін тағайындалған. Егер шоттағы ақша мөлшері жеткіліксіз  болса, онда төлемдер жүргізілмейді, себебі лимит шотты ашудағы енгізілген төмендетілмеуі керек, ал клиентті несиелеу жөніндегі міндеттемені банк мойнына  алған жоқ болатын. Осыған орай, дебеттік карточка бойынша есеп айырылысулар банктен несие алу арқылы емес, карточка иесінің шотынан шығарылушы ақшаны тікелей аудару арқылы жүргізіледі. Мұның бәрі қарама-қайшылықты, себебі эмиттелуші карточкалардың барлық түрі несиелік атауға біріксе де, шын  мәнінде дебеттік карточкалар ғана эмиттелген екен. Бұл жағдай елдің  экономикалық жағдайының ерекшеліктері  болып табылатын – инфляция, төлеуге  қабілетсіздік кризисі арқылы телекоммуникациялық  желілердің әлсіз дамуымен түсіндіріледі.

Белгілі бір  жағдайларда дебеттік карточка несиелік карточкаға айнала алады. Соңғы уақытта, өз карточкаларының тартымдылығын  арттыру мақсатында, банктердің көп  бөлігі келісілген мөлшерлерде клиенттің  карточкалық шотында овердрафтыға рұқсат береді, яғни дебеттік карточка иесінің автоматты түрде белгіленген  көлемде несие алу мүмкіндігі бар болуы. Лимитті бақылау авторизация  кезінде жүзеге асады, мұнда дебеттік карточканы ұсыну кезінде әрқашанда  талап етіледі. Овердрафтыны пайдаланғаны үшін пайыздар аударылады, әдетте олардың  мөлшері ең жоғарғы болып келеді. Атап айтсақ, банктік карточкаларды  алу мен қызмет көрсетудің шарттары карточканы ұстаушы мен банк арасында жасалушы келісімшартта көрсетіледі.

Пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу – бұл банктің карточка иесіне оның карточкалық шотындағы  бар ақшаны шығындау мүмкіндігін  қамтамасыз ету болмақ. Осылайша, берілген банк өнімі несиені алудағы ешбір  құжат толтырмай-ақ жүзеге асатын  қысқамерзімді несиелеу түрі болмақ. Ресей банктерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастығыңыз тарихыңыз болмаса, несие алудың өте қиын екендігі көптеген клиенттерге жақсы таныс. Сондықтан  да қалдықты қайта есептеулер рұқсат етілген карточкалар, толық бағаланушы несиелік карточкасына қарағанда, уақыт  өте келе қысқамерзімді несие  қажет болатын жеке тұлғалар үшін өте тартымды болмақ.

Пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу банк карточкаларымен жұмыс  технологияларында ерекше орын алады  – ол оның ұстаушыларына банктің  несиелік ресурстарына қол жетерлік жағдайлар ашады. Сәйкесінше банк, карточка иесіне ссуда ұсына отырып, берілген салаға тиесілі банктік операцияларға  тән бірқатар мәселелермен бетпе-бет  келеді. Банктік карточка бойынша  несие, жеке тұлғаларды несиелеудің  басқа түрлеріне қарағанда қауіп  қатердің жоғарғы дәрежесімен байланысты. Соымен, кәдімгі тұтынушылық ссуда  бойынша банк құнды қағаздарды, тауарлы-материалдық  құндылықтарды, жылжымайтын мүлікті  және т.б. кепілдеме түріндегі қамтамасыздықтарды алады. Ссуданы өтемеу жағдайында немесе төлемдерді ұзақ мерзімге созып алу жағдайында, бұл осы кепілдемелерді пайдаланып және соның арқасында келітірілген шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Бұдан ерекшелігі, пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу қамтамасыз етілмеген ссудалар категорияларына жатады. Мұнда кепілдеме ретінде потенциалды борышкердің өзі және оның банк-эмитентпен қарым-қатынасының тарихы болмақ

Овердрафты  бар карточка арқылы қызмет көрсету  қосымша операциялардың орындалуын қарастырпды – ссудалық шоттарды, мерзімі асып кеткен ссудалық және мерізімі асып кеткен пайыздық  шоттарды ашу және жүргізу, мерзімдік және мерзімінен асып кеткен пайыздарды аудару, сондай-ақ ссудалық және мерзімі асып кеткен қарыздар бойынша резервтің  қалыптасуы жатады. Карточкамен пайдаланудың өзіндік схемасы қарапайым болып  келеді (Сурет 3). Карточканың ұстаушысы  карточкалық шот ашу үшін банк-эмитентке  жүгінеді. Карточканы алып, оның иесі карточка көмегімен қызмет көрсету пункттерінде есеп айырылысады. Мұнда әрбір карточкалық  шоттан операция шығынына банк-эмитенттің рұқсаты талап етіледі, ал соңғысы  сауда нүктелеріне барлық операциялар  шығынын өтеп береді. 

3 Сурет   Төлем жүйесі жұмысының жалпы  схемасы

Овердрафты  несие транзакцияға төлем жүргізу  нәтижесінде туындауы мүмкін. Банктік  карточка шотындағы туындаушы овердрафт  – оның өлшемі мен карточкалық  өнімінің түріне байланысты рұқсат етілген  және рұқсат етілмеген (белгіленген  лимиттен асып түсуші) болып табылады. Банк әдетте клиентке рұқсат етілген  овердрафт шамасындағы операцияларды  жүргізуге мүмкіндік береді, оның шамасы карточка бойынша шығын лимитіне кіреді және авторизация жүргізуде  ескеріледі. Егер рұқсат етілмеген  овердрафт немесе рұқсат етілген  овердрафт шамасының асып түсуі  байқалса, құзырлы банк қызметкері клиентті қарызын өтеу қажеттілігі  туралы хабардар етуі қажет. Несиелік мекемесі овердрафтының уақытылы төленуіне  бақылау жасайды және ай сайынғы  мерзімі асып кету жағдайларын болдырмаудың шараларын алдын алады: банк клиенттеріне есептік кезеңдегі операциялары мен шоттағы қалдыққа аударылған пайыздар мөлшері көрсетілген барлық карточкалық және депозиттік шоттарының жағдайы туралы, сондай-ақ клиенттің  овердрафтыны қолданумен байланысты қарызын  төлеу туралы жазбаларды әзірлеп, салып  жібереді. Келісімшартта көрсетілген  мерзімнен кешіктірмей (әдетте 30 күн, құлағдандырған күннен бастап) карточка иесі есепте көрсетілген сомадан  кем емес сома көлеміндегі овердрафтыны төлеуі қажет болады. Егер бұл іске асырылмаса, онда төленбеген овердрафт  сомасы мерзімі асып кеткенге шығарылады. Овердрафт бойынша қарызды жабуды карточка иесі банк карточкасының шотын  толтыру кезінде жүзеге асырады.

Карточкалық шотты жүргізуші банк қызметкері сәйкес операцияны орындайды, және клиенттің  овердрафтыны жабу бойынша қарызы болса, қарыздың сомасы жөніндегі дәл мәліметтерді алу үшін овердрафт жөніндегі  бухгалтерге жүгінеді. Карточкалық  шот бойынша операциялар шот  иесінің қаржылық жағдайының құлдырау белгілерін және қарызын төлемеу  мүмкіндіктерін қамтуы мүмкін. Мысалы, белгіленген овердрафтың мөлшерінен артуы бойынша транзакциялардың жиілеуі болашақтағы қарыздың мерзімінен асып кету секілді жағдайлар мен қаржылық қиыншылықтардың туындауы  туралы куәлендіреді. Осы жағдайларда банк қызметкері карточка иесімен байланысуы мүмкін және қарызды дереу қайтаруы туралы шешім қабылдайды.

Овердрафтыны  пайдаланғаны жөнінде банк рұқсат етілген  овердрафтыны пайдалануы жөніндегі, рұқсат етілген овердрафтының шамасынан  асып кетуі жағдайында, рұқсат етілмеген  овердрафтыны пайдаланғаны туралы бірнеше  пайыздық өсімдер түрлерін белгілейді. Егер пайыздардың аударылу мерзімі  бойында қарыздың қалдығы өссе, онда пайыздар жекеше түрде аударылады, яғни бұрынғы төлемнен кейінгі қалған қалдыққа және қарыздың әрбір өсуі кезіндегі сомасына аударылады.  Егер пайыздардың аударылуы жүргізілген  кезеңде мерзімі асып кеткен қарыз  пайда болса, онда пайыздар әрбір  қарыздың қалдығына жекеше түрде  аударылады – мерзімді секілді, сондай-ақ мерзімі асып кеткен болуы да мүмкін.

Осыған орай, пластикалық карточкалар бойнша овердрафтылы несиелеу схемасында банк-эмитент  жағынан келесі банк қызметкерлері  қатысады

(4 Сурет):

- карточкалық  шотты ашушы және жүргізуші,  қарызды жабу бойынша клиенттің  шоты бойынша төлемдер қабылдаушы  және оларды дер кезінде белгілеуші  банктің операциялық қызметкері;

- овердрафтының  туындауы бойынша, оны жабу  бойынша операциялардың бухгалтерлік  есебін орындаушы банктің бухгалтериясының  қызметкері.

Банктің операциялық  қызметкерлері мен бухгалтериясының қызметкерлерінің қызметін R-Style Software Lab компаниясы арқылы жасалған RS-Retail бөлшектік  банк қызметтерін ұсыну жөніндегі  бағдарламалық жүйеге енуші «Пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу» модулінде жасалғандай  жұмысшы орындарының жинағы түрінде  автоматтауға (АЖО) болады.

Карточкалық шотты жүргізуші операциялық  қызметкердің автоматты жұмыс орнына (АЖО) келесі міндеттер жүктеледі:

- карточка  иесі туралы мәліметтерді енгізу  мен өзгерту, сондай-ақ Процессингтік  орталыққа (ПО) жіберуге арналған  сәйкес ақпараты бар файлды  қалыптастыру;

- карточкалық  шоттарды ашу. Егер карточкалық  шоттағы қалдық мөлшері кепілденген  деңгейден түсіп кетсе, онда  жүйе автоматты түрде толықтыру  шотынан карточкалық шотқа ақша  аударуды жүзеге асырады;

-банк арқылы  берілген карточкалар тізімін  жүргізу. Әрбір жаңа карточканы  енгізуде жүйе ПО жіберу үшін  электронды түрде карточканың  берілгендігі туралы арызды қалыптастыруы  керек. Бұдан басқа, бірнеше  карточкаларды бір ғана карточкалық  шот арқылы немесе бір карточканы  бірнеше шот бойынша беру мүмкіндігін  қамтамасыз ету қажет. ПО келіп  түскен транзакция кезінде бекітілген байланыстар негізінде клиенттің нақты транзакциясы төленетін шотты анықтау талап етіледі;

- банк клиенттерінен  карточкаларды қайталап дайындау  және мерзімінен бұрын қайта  дайындауға қатысты, файлды дайындау  мен ПО жіберуге байланысты  карточкларды қайта дайындау  жайындағы арызды әзірлеу;

- карточкалық  шотты жою, жойылған карточкалардың  файлдарын ПО жіберу үшін топтау, қалыптастыру;

- карточкалық  шот бойынша әртүрлі операцияларды  орындау; пайыздарды есептеу,  аудару, шоттардан шоттарға қолма-қол  ақшасыз аударымдр жүргізу, бір  шоттан екінші шотқа конвертациялау;

- карточкалық  шот бойынша әртүрлі кірістік  операцияларды орындау нәтижесінде  карточкалық шоттағы соманың  толығуын көрсету мен ПО жіберуге  қатысты файлды дайындау;

- ПО келіп  түскен ақпаратты өңдеу (транзакцияларды,  комиссияларды, ПО арқылы бнктен  келіп түскен ақпаратқа жауап  беру);

- карточка  иесі үшін оның карточкалық  шоты туралы есеп дайындау;

- өз және  басқа да банктердің карточкалық  шоттары бойынша қолма-қол ақша  беру, орындалған операциялар туралы  файлды ПО жіберу үшін дайындау;

- карточкалық  шотты жабу, жабылған шоттар туралы  ПО жіберу үшін файлды қалыптастыру;

- барлық  қажетті есеп берулерді дайындау.

Карточкалық өнімдер саласына қатысты карточкалық  шоттар бойынша стандартты операцияларды  есепке алушы бухгалтердің автоматты  жұмыс орнымен бірге, овердрафты несиелеу жөніндегі бухгалтердің АЖО  құру қажеттігі туындайды, ол қарастырады:

1) Овердрафтың  пайда болуы қарастырылатын карточкалық  шот бойынша ақпарат жүргізу.  Мұнда рұқсат етілген овердрафт  лимиті туралы, рұқсат етілген  және рұқсат етілмеген овердрафтың  пайыздық үстемесі жайлы, рұқсат  етілген овердрафтың мөлшерінен  асып кетуі жайлы, сондай-ақ  шұғыл және шұғыл емес пайыздар  есептеулерінің күнтізбесі туралы  сөз қозғлып отыр;

2) рұқст етілген  немесе рұқсат етілмеген овердрафт  туындаушы карточкалар туралы  ақпарат алу, сондай-ақ фронт  офис қызметкерлерінен овердрафтың  төленуі туралы ақпарат алу.  Мұнда төлем сомасы төлемнің  банк бекіткен сомасына сәйкес  төленуі қажет.

3) овердрафты  карточкалармен жұмыс жүргізулерді  тіркеп отыратын үшін шоттар  ашу (ішкі аналитикалық есеп  жүргізу);

4) овердрафтының  пайда болуы мен төленуі туралы  операциялардың бухгалтерлік есебін  жүргізу. Мұнда орындалатын операциялардың  типтері мен қадамдарын бағыттап  отыру керек (карточка ашу,  рұқсат етілген овердрафтының  пайда болуы, рұқсат етілмеген  овердрафтының пайда болуы, оларды  төлеу, резерв қлыптастыру, карточканы  жабу);

5) карточка  иесінің қарыздары бойынша ақпаратты  есеп жүзінде ұсыну;

6) АБС жадысындағы  қосымша – құрама құжаттарды  қалыптастыру мен босату;

7) барлық  қажетті есептеулерді қалыптастыру (сальдолық ведомость, мерзімі  сып кеткен төлемдерді жоюға  арналған жоспарлы сома және  т.б.).

Егер автоматталған  жүйе жоғарыда айтылған міндеттердің барлығын орындауға қабілетті болса, онда мынадай тұжырымға келуге болады, яғни ол пластикалық карточка бойынша  овердрафтылық несиелеудің толық  циклін қамтамасыз ете алады.

Карточкалар эмиссиясы, овердрафтының пайда  болуын қарастыратын қызмет көрсету  шарттары карточкалық бизнеспен  айналысушы банктер үшін анағұрлым  болашағы зор. Несиелеу бойынша пайыздар әлемнің барлық елінде карточкалық  бизнес кірісінің басты құраушысы  болып табылады. Иә тұтынушылық тауарлардың  басым бөлігін дамыған елдердің  тұрғындары несие есебінен ала алады. Тауарларды несиеге алу нарықтық экономикасы дамыған еледердегі төлем жүйелерінің ажырамас бөлігі болмақ.

Төлем карталары  кәсіпорындар қызметкерлеріне аударылған еңбекақыны алу үшін ғана қолданылмайды,сондай-ақ болашақ еңбекақы негізінде аванстау қызметін де жүзеге асырады. Карт-шотқа  жүргізілуші аударымдармен байланысты кәсіпорындардың шығындары банк пен кәсіпорын арасындағы келісімшарттың шарттарына байланысты. Соңғысы үшін осыған ұқсас есептесу схемасының жайлылығы  мынада, яғни  бұл схема қолма-қол  ақша берумен, оларды сақтау және  тасымалдаумен  байланысты шығындарды анағұрлым төмендетеді.

Төлем карталары  бүкіл дүниежүзінде әртүрлі мақсаттар  үшін (төлемдер, ақша айналымын бақылау, электронды рұқсат қағаздар және т.б.) белсенді түрде қолданылуда. Ақшасыз  есеп айырылысулардың кең таралған құралдарының бірі ретінде олар өзінің иелерімен қатар, сондай-ақ оларды шығару және олар арқылы қызмет көрсетуші  ұйымдарға бірқатар ерекшеліктерін ұсынуда. Жекелей алсақ, карточкалар  иелеріне бұл жақсы мүмкіндік, яғни өзіңмен бірге әмияныңды алып жүрмей-ақ, тауарлар мен қызметтер  үшін кез келген сәтте құнды уақытыңды  үнемдеп төлем жүргізу. Карточкаларды  эмиттейтін ұйымдар үшін бұл клиенттер  ауқымын кеңейту, айналымға қосымша  ақшалар тарту, қызмет көрсетулер үшін жүргізілуші төлемдер түріндегі  тағы да бір кіріс көзінің табылуы, іскерлік бет-бейнеңді нығайту, ақшалай-қағазды  құрамды өңдеуге кететін уақытты  үнемдеу. Екінші деңгейлік банктер  бірқатар қосымша қызмет түрлерін ұсынуда: ұялы телефон қызметтерін төлеу, коммуналдық төлемдер жүргізу, депозиттерге ақша аударымдары, зейнеткерлер үшін бұл  кезе келген уақыт тәулігінен тәуелсіз өздерінің зейнеткерлік шоттарына  бақылау жүргізу. Ақпарат банкомат арқылы шынайы уақыт біріліг режимінде  тікелей зейнеткерлік қорының мәліметтер базасынан, салымдар жөніндегі барлық құпиялылықтың сақталуы жағдайында беріледі. Телефон шоттарына төлем  жүргізу мүмкіндігінің акцептсіз  түрі бар. Төлем карточкасының иесінің  өтінішінен кейін шоттан ақшаны алу  процесі автоматты түрде жүргізіледі. Карточка иесінен халықаралық сөйлесулер мен абоненттік төлемдерді төлеу  үшін қажетті соманы өз шотында қалдыру ғана талап етіледі. Банктер жүйенің инфрақұрылымын белсенді дамытуда және өздерінің ерекше дизайнымен ерекшеленуші және әлемдік стандарттар деңгейінде көптеген қосымша қызметтерді осы карточкалар иелерінің алуына мүмкіндік беретін карточкаларды эмиттеу арқылы оларды мақсатты түрде дамытуға бағытталаған.

Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар