Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

Б) Эквайер  үшін.

Банк-эквайердің шаруашылығының табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер несиелік карталарға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштермен  толық ұқсас, ешқандай өзгешелігі жоқ.

Жалпы карточкалық  бизнес жобасын жүзеге асыру бойынша  әрбір белгіленген қандай да бір  уақыт аралығындағы банктің табыстылығын мынадай формула арқылы анықтауға  болады:

 

Эn = (Ттікелей + Тжанама) – (Штікелей + Шжанама) – [(Ттікелей + Тжанама) –

 

 –  Тжеңілдіктер]*Т–К+С   

 

Эn – n-кезеңдегі табыстар ағымының элементі;

Ттікелей – Тікелей табыстар (дүкендегі сатып алулардан сыйақылар, банкомат арқылы қолма-қол ақша алудан сыйақы, валюта конвертациясы үшін сыйақы, кәсіпорынға қызмет көрсету бойынша пайыздық табыс, клиент немесе кәсіпорыннан алынатын картаның құны);

 Тжанама – Жанама табыстар (банкпен активті операциялар жүргізу барысында банк клиенттерінің карт-шоттарындағы ақша құралдарын банктік ресурстық базасында қолданудан n-кезеңде табылған банктің пайдасы);

Штікелей – Тікелей шығындар (процессингтік компанияға тұрақты аударымдар; банкоматты қондырған орындарды жалға алу бойынша ұйымдарға төлем; картаны дайындау бойынша шығындар);

Шжанама – Жанама шығындар (құрылғылардың құнына байланысты шығындар: клиенттердің карт-шоттарындағы қалдықтар бойынша шығындар; жарнамаға шығындалу; еңбекақыға шығындалу және басқа шығындар);

Тжеңілдіктер – салықтық жеңілдіктер тарапынан табыстар;

Т –  салықтық қойылым;

К – инвестициялық  шығындар;

С – әр түрлі  компенсациялар түрлері.

Экономикалық  есептік көрсеткіштер көрсеткендей, банк үшін табыстардың негізгі көзі болып оның ресурстық базасында  клиенттердің шоттарындағы ақша қалдықтарын  қолданудан түсетін табыстар болып  табылады. Жоспарлау кезінде банк еңбекақы қорын және кәсіпорын қызметкерлерінің санын есепке алады және сонымен  қатар, банк табыстылығының орташа пайызын  анықтайды.

Алдын-ала  есептеу банктің мүмкіншілік  деңгейін бағалауға, карточкалық бизнес бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға  алудың керек немесе керек еместігі туралы шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.

Карта иегерлері  үшін картаның мынадай негізгі жағымды  жақтары бар:

  1. Қолдану ыңғайлылығы;
  2. Банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
  3. Қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмкіндігі;

Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық  ақпараттарға ие бола алу мүмкіндіктерін және сонымен қатар, сауда орындары үшін карталық есеп айырысулардың келесідей  жасайтын жағдайлары бар:

1. Сатылу  көлемін кеңейте алады және  жаңа сатып алушыларға ие болу  мүмкіндігі көбейеді;

2. Жеке құралдарын  қолданбай-ақ несиеге ұсына алу  мүмкіндігі және есепке алудың  арнайы жүйесін енгізу;

3. Банктік  чектерді карточкалармен алмастыру  жолымен тәуекелді төмендету  сияқты жағдайларды және сонымен  қатар, ең басты жағымды жақтарды, атап айтқанда:

- колма-қолсыз  ақша айналымының дамуына әсері  және айналыс шығындарын азайтуға  әсері; 

- банк табыстары  мен айналымын арттыруға әсері; 

- банктер  мен әр түрлі сауда және  қызмет көрсету кәсіпорындарының  беделі мен бәсекеге қабілеттілігін  жоғарылатуға тигізетін әсері; 

- төлемдер  кепілдігін ұсыну. 

 Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне  тигізетін әсері сияқты жағдайларды  қарастырған сайын банктік карточкалардың  нақты тиімділігіне еріксіз көз  жеткізуге болады.

Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай тұжырым айқындала  түседі: карталық бизнестің табыстылығы  «үш алып китке» негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу; маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы  негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ үшеуінің бірісіз жүйенің  жұмыс жасауы мүмкін емес, ал бұл  үшеудің біреуінің әлсіздігі  міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеліп соқтырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты  автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың  клиенттері, сатушылар мен сатып  алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

       Электронды ақшалар  пластикалық карточка формасында  болады. Олар екі түрлі болып  келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. («Ақша аударымдары мен төлемдер» ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша).

Несиелік  карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. 

 

Несиелік  және төлем пластикалық карточкаларының  негізгі салыстырмалы қасиеттері.

 

Көрсеткіштер

Несиелік карточкалар

Төлем карточкалары

1. Клиент шоты 

Ссудалық шот

Ағымдағы шот

2. Несиелендіру лимиті 

Клиенттің несиеге қабілет-тілігіне байланысты пайдаланылады.

Клиенттің несиеге қабілеттілігіне  байланыс-ты пайдаланылады.

3. Төлем

Артқа қалдырылуы мүмкін

Әп сәтте жүзеге асырылады.

4. Жылдық төлем

Жылдық төлем немесе комиссиялық  төлем несие карточкасын пайдаланғаны-на байланысты алынып отырады.

Жылдық төлем алынады 


 

     

      Электронды есептеулер  жүйесін қызметтендіру механизмі  пластикалық карточкалардың қолданылуына  негізделген және өзіне банкоматтар  арқылы жүзеге асырылатын операцияларды,  тұрғындардың сауда орталықтарындағы  есептеулерінің электронды жүйесін  т.б. кіргізеді. 

Пластикалық карточка – карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.

Барлық пластикалық  карталардың олардың қызмет көрсету  деңгейіне байланыссыз негізгі  ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын белгілі  бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.

        Электронды  ақшалай есеп айырысулар жүйесін  түрлендіру процесінде Батыста  ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.

Қазіргі кезде  әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық  карточкалар төлем айналымында  қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатын маңызды элемент  болып табылатынын көрсетеді. Осы  пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды банктік  жүйенің кілттік элементі рөлін  атқарады. Олар чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша айналымын  ұйымдастыруда алдыңғы орындарға  шықты.

Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:

  • Бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
  • Валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
  • Карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
  • Бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
  • Жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
  • Internet жүйесі арқылы сауда жасау т.б.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «VISA», «Altyn», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде  жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар  да қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк карталарының түрлері мен құрылымы

 

Пайдаланушылар  мен банк жұмысшылары карточкалар  туралы айтқанда, түсініктер шатасып  кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары  туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.

24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын  шығару мен пайдалану ережесіне  сәйкес, төлем карточкасы – бұл  заңды және жеке тұлғалармен  тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз  төлем жүргізу үшін, қолма-қол  ақша қаражаттарын алу үшін, сонымен  қатар, шетел валютасында айырбас  операцияларын жүргізу үшін колданылатын  карточка.

Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін  құруда қандай да бір карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация жасайық.

 Карточкалардың  классификациясы – бұл жай  ғана мәселе емес. Карточканы  шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл  қандай карточкалар болатынын  анықтау керек. Карточканы алғысы  келген адам, оның оған не үшін  керектігін түсініп, керекті карточканың  түрін таңдауы керек. Карточкалық  қызметтің мәні – оларды шығару  емес, төлем жүйесіне қатысушылар  арасындағы қолма-қолсыз есеп  айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка қандай да бір төлем  жүйесіндегі бұл механизмнің  ерекшелігі және құралы болып  табылады.

Карточкалардың  түрлері:

  • қағаз (картонды);
  • пластикалық;
  • металды.

Ең бірінші  қолданылған карточкалар картоннан  болды. Бұндай карточкалар өткен  ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен  бөлшек саудада және мұнай компанияларымен  пайдаланылған. Төлем ретінде бұл  карточкалардың қызмет көрсету мерзімі  ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы керек. Қағаз карточкалар  арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар  арзанырақ, қайта өңдеуге жеңіл  беріледі және ұзақ мерзімді болып  келеді.

Карточка  ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен енгізудің  классификациясы болады. Келесі түрлері  бар:

  1. Графикалық жазу;
  2. Эмбоссирлеу (қысу);
  3. Штрих-кодтау;
  4. Магнит сызығын кодтау;
  5. Чипті кодтау;
  6. Лазерлі жазу (оптикалық карточкалар);
  7. Радиожелілік жазу.

Карточкаға  ақпаратты жазудың ең алғашқы  түрі болып графикалық жазу табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат болатын,кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.

Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.

Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға страндарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.

1960-жылдардың  аяғына қарай қолма-қол ақшаларды  алуға мүмкіндік беретін автоматты  ақпараттың пайда болуы карточкалық  бизнесте революция жасады. Карточкаларды  ұстаушылар бұндай ақпараттарды  пайдалану үшін карточканың арғы  жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-та магнитті сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші банкоматтар болып 1969 жылы «Docutel» фирмасының банкоматтары табылады. Магнитті сызығы бар карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.

Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар