Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2015 в 14:26, дипломная работа

Описание работы

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
АІЖ құқықттық қатынастарының ерекшеліктері:
1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
2. АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілер.
1.1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың
субъектілері.
1.2. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.......................................................
1.3. Іске қатысушы тұлғалар.................................................................................
1.4. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар...........
1.5. Соттағы өкілдер..............................................................................................
1.6. Үшінші тұлғалар.............................................................................................
2-тарау.Азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылар ретінде.
2.1. Тараптардың түсінігі , құқықтары мен міндеттері..................
2.2.Тиісті емес жауапкердің түсінігі,оны ауыстыру. ................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Файлы: 1 файл

Азаматтық іс жүргізу қатысушылар.doc

— 320.00 Кб (Скачать файл)

Мамандар мынандай міндеттерді атқаруға тиіс :

- Соттың шақыруы бойынша келуге:

- Арнаулы білімді, дәлелдемелер  мен ғылыми-техникалық құралдарды  пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға;

- Консультациялар беруге;

- Өзі орындаған әрекеттер бойынша  түсініктемелер беруге міндетті;

Сот өндірісінде азаматтық істерді қарау және шешу кезінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтау – сот шешімінің заңды және негізді болуының ең басты шарттарының бірі. Олай болса дәлелдемелерді тараптардың заңды жолмен алуы, оны судьялардың іске қатыстылығы мен жол берілуіне, дәлелдемелерге жол беру мен, олардың жеткілікті болуына процессуалдық және заңды тұрғыдан көңіл аудару соттарға және іске қатысушыларға жүктелген міндет деп қарастыратын болсақ, бүгінгі күні елімізде сот практиктерінің заң нормасын елеулі бұза пайдаланып та кететін кездері аз емес./30/

Жұмыста дәлелдеу институтының тарихына тоқталып, оған тарихи, арнайы құқықтық, логикалық зерттеулер жүргізілді. Дегенмен бұл тақырып төңірегінде қарастыратын мәселелер жеткілікті. Сондықтан да бұл институт келешекте көптеген теориялық зерттеулерді қажет етеді деген тұжырым жасаймыз.

 

2.2. Соттағы өкілдер

 

Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі, мақсаты.

АІЖҚ-ң 58-бабы бойынша азаматтық істерді сотта әрбір азамат өзі немесе өкілі арқылы жүргізуі мүмкін.

Істі азаматтың тікелей өзі жүргізуі оны осы іс бойынша өкіл алуқұқығынан айырмайды. Ұйымдардың істерін өз құзіреті шегінде заңмен, нормативті құқықтық актімен немесе құрылтай құжатымен бекітілген органдары немесе өкілдері жүргізеді.

    Азаматтық істі өкіл  арқылы жүргізу немесе сотта  өкілдік ету 3 түрлі себеппен айқындалады:

  1. Мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса.
  2. Мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі)
  3. Істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т.б.)

Сотта өкілдік ету-азаматтық істерді қарау және шешу кезінде туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты.

  1. сот пен өкіл арасында
  2. өкіл мен өкіл тағайындаушы мыс: (талапкер мен адвокат арасында)

Аталған қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының тиісті нормаларының негізінде туындайды. АІЖК-58,62,63-баптары.

   Сотта өкілдік етудің  мақсаты:

- Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін  сотта қорғау.

- Өкілдік берушінің іс жүргізу  құқығының жүзеге асуына және  міндеттерінің орындалуына көмектесу.

- Соттың азаматтық істі дұрыс  шешуіне ықпал ету.

     Соттағы өкіл-азаматтық  іс жүргізу құқыққатынасының  жеке дербес субъектісі болып  табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер  АІЖК-44-бабы бойынша іске қатысушы  тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:

  • Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.
  • Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.

       Сонымен соттағы  өкілдер дегеніміз –заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген өкілеттілік шегінде сенім білдірушінің атынан істі жүргізуші жеке тұлға.

     Сотағы өкілдердің  белгілері.

-  Өкілдің іс жүргізу құқықтары  мен міндеттерінің көлемі сенім  білдірушінің немесе өкіл тағайындаушының еркіне байланысты. Бұған заңды өкілдер мен жарғы бойынша өкілдердің өкілеттігі кірмейді.

  -  Сотта олар өз құқықтарын  емес сенім білдірген тұлғаның  құқықтырын қорғайды.

- Іс жүргізуі нәтижесінде өкіл  тағайындаушының процесуалдық құқықтары  мен міндеттері туындайды немесе қысқарады.

     Соттағы өкілге заңды  күшіне енген сот шешімінің  материалдық –құқығының салдары  болмайды және олар құқық жөніндегі  даудың субъектісі болмағандықтан  сот шығындарын өтемейді./17/

     Сенімхатқа, заңдарға, сот  шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі  бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

    Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 59 және 63 баптарына сәйкес  мына тұлғалар сотта  өкіл бола  алады.

- адвокаттар

- заңды тұлғаның қызметкерлері  осы ұйымның істері бойынша

- кәсіптік одақтың уәкілетті  адамдары.

- заңмен жарығымен немесе ережемен  осы ұйым мүшелерінің құқықтары  мен мүдделерін қорғау құқығы  берілген ұйымның уәкілетті адамдары.

- тең қатысушының тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі.

- іске қатысушының рұқсатымен  басқа да адамдар.

- әрекет қабілеттілігі жоқ және  шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.

-хабар- ошарсыз   кеткендердің   мүлкіне қатысты істер бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам.

- қайтыс болған адамдардың мүлкіне  қатысты іс бойынша сақтаушы  немесе қамқоршы.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

АІЖК-ң 60-бабы бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға  мыналар кіреді.

1.Судьялар,тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымның уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу  жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

2. Адвокатура туралы заңдармен  белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар  сотта өкіл бола алмайды.

3. Адам егер мүдделері өзі  өкіл болып отырған адамның  мүдделеріне  қайшы келетін адамадарға  осы іс бойынша заң көмегін  көрсетсе немесе бұрын көрсеткен  болса.

4. Бұрын осы  іс бойынша судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә  ретінде қатысса.

5. Істі қарауға қатысушы лауазымды  адаммен туыстық қатынастарда  болса өкіл бола алмайды.

Өкілдің түрлері мен негіздері. (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері.

Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:

  • Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу. АІЖК 59-бабы 6, 7 тармағы.
  • Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.

Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.

а) Тапсырма бойынша өкілдік ету.

б) Заңды өкілдер.

        Тапсырма бойынша  өкілдік етудің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді.

- Шарттық өкілдер-тапсырма шарты  бойынша немесе еңбек шарты  бойынша пайда болады. Оған адвокаттың  қызметі немесе азаматтардың  өтініші бойынша кез-келген тұлғанаң  өкіл ретінде қатысуы және  тең қатысушылардың біреуінің басқа қатысушылар атынан өкіл ретінде іске қатысуы жатады. АІЖК 59-бабы 1, 6, 7 –тармағы.

- Қоғамдық өкілдер- азаматтық қоғамдық  бірлестіктерге мүше болуы негізінде  пайда болады.

- Заң көмегін заңмен немесе  жарғымен басқа адамдардың мүдделерін  қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары жүргізеді. АІЖК 59-бабы 3,4 –тармақтары.

- Жарғы бойынша өкілдік ету  –ұйымдардың ісін сотта заңмен, құрылтай құжаттарымен берілген  өкілеттік шегінде олардың органдары  немесе өкілдері жүргізеді. Заңды  тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. АІЖК 58-бабы 2 -тармағы, 59-бабы 2, 5-тармағы.

Заңды өкілдер АІЖК 63,304- баптарында көзделгендей әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі адамдарға тағайындалады. Олардың өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары , қорғаншылары қатысады. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушінің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

     Өкіл ретінде адвокаттың іске қатысу ерекшелігі.

Азаматтық сот өндірісінде адвокаттың іске қатысуы арнайы заңмен реттеледі. 

      Адвокаттық алқаларда  мүше болатын және мамандық  негізінде заң көмегін көрсете  алатын  жоғарғы заң білімі  бар, 2 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, адвокаттың әрекетті жүзеге асыруға лицения алған ҚР азаматы адвокат бола алады./22/

      Қасақана қылмысы  үшін сотталған немесе әрекет  қабілеттілігі жоқ немесе шектелген  азаматтар, адвокаттық алқалардын  шығарылғандар –адвокат бола алмайды.

Лицензия беру тәртібі ҚР Әділет Министрлігі 1998 ж 21 қаңтар қабылданған «Адвокаттық қызметпен шұғылдану үшін лицензия беру тәртібі туралы.» бұйрығымен реттеледі.

    Лицензия біліктілік  емтиханы тапсырылғаннан кейін  беріледі және оның күші ҚР-ң бүкіл территориясына қатысты болады.

     Заң көмегін көрсету  жөніндегі төлемақылар адвокат  пен клиент арасындағы келісімдермен  реттеледі.

     Адвокат заң көмегін  көрсету негізінде белгілі болған  мәліметтерді құпия түрінде сақтауға  міндетті. Құпияны сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.  Адвокаттық қызмет туралы заңның 3, 18 –баптары.

Соттағы өкілдің өкілеттіктері.

Соттағы өкілдердің өкілеттігі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

       Жалпы өкілеттілікке  сот шешімі мен ұйғарымына  шағындану құқығынан басқа АІЖК-ң 47-бабында көзделген барлық әрекеттер кіреді.

    Арнайы өкілеттілікке  АІЖК-ң 61-бабында аталған әрекеттер  кіреді. Аталған іс-әрекеттерді әрқайсысын  жасауға өкілеттігі өкілдік беруші  берген сенімхатта арнайы көзделуі  тиіс.

     Әрбір өкіл өзінің өкілеттігін куаландыратын  құжатын және жеке басын куаландыратын құжатын сотқа табыс етуі тиіс.

     Адвокаттың нақты  іс жүргізуге арналған төкілеттігі  немесе адвокаттың кеңсе берген  ордермен, ал ол кызметін дербес  жүргізген жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады./21/

Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдық уәкілеттік берілген адамдар сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруге тиіс. 159 бап, 3,4,5-тармақ.

Заңды тұлғаның басшылары заңды тұлға атынан тиісті сенімхаттар береді.

59-баптың 6,7-тармағы бойынша ауызша  сенім бірдіру сот хаттамасына  енгізілуі тиіс.

Ата-аналар заңды өкіл ретінде сотқа АХАЖ органдар берген баланың тууы туралы куәлігін беруі тиіс.

Асырап алушылар-сот шешімдерін және жаңадан алған тууы туралы куәлікті көрсетуі тиіс.

Қамқоршылар мен қорғаушылар сол органдардан берілген актілерді көрсетуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды. 

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар