Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2015 в 14:26, дипломная работа

Описание работы

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
АІЖ құқықттық қатынастарының ерекшеліктері:
1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
2. АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілер.
1.1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың
субъектілері.
1.2. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.......................................................
1.3. Іске қатысушы тұлғалар.................................................................................
1.4. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар...........
1.5. Соттағы өкілдер..............................................................................................
1.6. Үшінші тұлғалар.............................................................................................
2-тарау.Азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылар ретінде.
2.1. Тараптардың түсінігі , құқықтары мен міндеттері..................
2.2.Тиісті емес жауапкердің түсінігі,оны ауыстыру. ................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Файлы: 1 файл

Азаматтық іс жүргізу қатысушылар.doc

— 320.00 Кб (Скачать файл)

Азаматтық сот процесінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқа да жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттың дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізгі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді - соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

- Дәлелдемелерді жинау және  табыстау.

- Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.

- Дәлелдемелерді бағалау.

Азаматтық іс-жүргізу әдебиеттерінде соттағы дәлелдеуге байланысты түрлі пікірлер айтылған.

Бір авторлар соттағы дәлелдеуді дәлелдемелерді бағалаудағы соттардың ойлау немесе тану әркеттері деген (А.А.Старченко) Егер осы автордың пікірімен келісетін болсақ соттағы дәлелдеудің мазмұны дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін жоққа шығарады.

Екінші бір автор соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың дәлелдемелерді жинау, табыстау және зерттеуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы деп түсіндіреді. Бұл пікір бірінші автордың пікіріне тіпті қарама-қайшы, С.В.Курылевтің ойынша логикалық және ойлау әрекеттері соттағы дәлелдеуге тән құбылыс емес, сондықтан дәлелдемелерді бағалау соттағы дәлелдеуге қатысы жоқ деген тұжырым жасайды.

Соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың не ойлау немесе іс жүргізу әрекеті деп қана қарастыра алмаймыз. Мұндай дәлелдемелерді жинауға, ұсынуға, зерттеуге және бағалауға бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастырғанымыз жөн.

Сот пен іске қатысушылардың жоғарыда айтылған әрекеттері азаматтық іс жүргізу нормалары мен реттеледі және іс жүргізу сипатына ие болады. Дегенмен бұл әрекеттер ақылмен, оймен, логикамен тығыз байланысты. Сондықтан да логикалық - ойлау әрекетінен тыс сот пен іске қатысушылардың әрекет жасауы мүмкін емес .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. Старченко А.А.  Логика в  судебном доказывании. – М. : Госюриздат, 1958

2. Курылев С.В. Основы теории доказывания в советском правосудии – Минск : Белорусск. гос.ун-т, 1969.

3. Гуреев . П.П. О понятии судебных  доказательств в советском гражданском  процессе // Советское государство  и право. 1966.

4. Зайцев И.М. Устранение судебных  ошибок в гражданском процессе- Саратов, 1985.

5.Молчанов В.В. Собирание доказательств  в гражданском процессе.- М.: МГУ, 1991

6. Баймолдина З.Х. Доказывание и  доказательства в гражданском  судопроизводстве. Алматы: «Жеті жарғы», 2001ж.

7. Гольстем А.Х  Юридическая квалификация гражданского процесса – Казань ,1916.     

8. Клейнман А.Ф. Новейшие течения  в советской науки гражданского  процесуального права – М.: МГУ,1967 

9. Қаз. ССР Азаматтық іс жүргізу  кодексі Алматы, 1963ж.

10. ҚР Азаматтық іс жүргізу  кодексі Алматы: «Жеті жарғы», 1998ж.

11.Сергун А.К. Штрафы за неисполнение  судебного решения.- Калинин, 1984.

12. Штутин Я.Л. Предмет доказывания  в советском гражданском процессе.- М.: Госюриздат, 1963.

13.Треушников М.К. Доказательства  и доказывание в советском  гражданском процессе.- М.: МГУ, 1982.

14.Юдельсон К.С. Проблемы доказывания  в советском гражданском процессе.- М.: Горюриздат, 1951.

15.Осипов Ю.К. Основные признаки  судебдных доказательств. Труды  Свердловского юр. ун-та, 1968.

16. Чечот Д.М. Участники гражданского процесса.- М.: Госюриздат, 1960.

17. Васьковский Е.В. Учебник гражданского  процесса. Издание второе. перераб. –М.: Бр. Башмаковы, 1917.

18. Абдуллина З.К. Проблема доказывания  в гражданском судопроизводстве  Алматы: Данекер, 2004.

19. Треушников М.К. Судебные доказательства М.: Городец, 1999.

20. ҚР Нотариат туралы заңы,-  Алматы : «Жеті жарғы», 1999ж.

21. Боннер А.Т. Правило допустимости  доказательств в гражданском  процессе: необходимость или анахронизм // Советское государство и право, 1990,

22. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. Алматы: КазГЮА, т. 1,2001

23. Треушников М.К. Относимость и  допустимость доказательств в  гражданском процесее. – М.: Юрид.лит., 1981.

24. Решетникова И.В. Доказательственное  право в гражданском судопроизводстве. Екатеринбург,1997.

25. ҚР Қылмыстық кодексі Алматы, «Жеті жарғы», 1997 ж.

26. Коломыцев В.И. Писбьменные доказательства  по гражданским делам. М.: Юрид.лит., 1978.

27. ҚР Азаматтық кодексі Алматы, «Жеті жарғы» –1998 ж.

28. Козлов А.С. Актуальное проблемы теории доказательств в науке гражданского процесса. Учебное пособие, Иркутск –1980.

29. Фаткуллин Ф.Н. Общие проблемы процессуального доказывания.- Казаньск.  гос. ун-т. 1976

30. Курылев С.В. Сущность судебных  доказательств. Минск, 1969.

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

 

1. Азаматтық іс  жүргізушілік құқықтық қатынастардың  түсінігі және оның ерекшеліктері.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары  тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар (55-56 ст.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

-  Сот және дербес  талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар  арасында.

- Сот және басталған  іске қорытынды беру үшін қатысатын  прокурор арасында.

- Сот және қорытынды  беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.

В) Қызметтік –қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық  қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни,  негізгі құқыққатынасынан пайда болады.

 

2.АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары

Құқық теориясының жалпыға белгілі ережелеріне сәйкес Азаматтық іс жүргізу  құқыққатынастар белгілі алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың 2-түрі бар:

                                1. Жалпы. 

                                     2. Арнайы.

Жалпыға : а) құқық нормасы

                   б) құқық субъектілік жатады.

Арнайыға: Заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:

а) Нормаларды мемлекет бекітеді

б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады

в) Олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

 

Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік –бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік

б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды. 

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

 

3. Азаматтық іс  жүргізушілік құқықтық қатынастардың  субъектілері және оларды жіктеу 

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:

1. Сот төрелігін жүзеге  асырушы тұлғалар.    

 Оған: сот, сот мәжілісінің  хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы  кіреді.

  1. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арыздаушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  2. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  3. Соттағы өкілдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар.

              

1. Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері.

2. Іс жүргізуге тең  қатысу (түсінігі, мақсаты, негізі) тең  қатысудың түрлері.

3. Тиісті емес жауапкедің  түсінігі, оны ауыстыру шарттары, тәртібі, салдары.

4. Іс жүргізу құқық  мирасқорлығы. Құқық мирасқорының  процеске кіру тәртібі және  оның құқықтық жағдайы.

 

 

1.Тараптардың  түсінігі, құқықтары мен міндеттері 

Тараптар азаматтық процестің негізгі қатысушылары болып табылады.

    Тараптар дегеніміз- шын мәнінде немесе болжанған материалдық құқыққатынасының субъектісі ол талапкер немесе жауапкер болып табылады. Тараптар істің барысында материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық қызығушылыққа ие болады.

Тараптардың белгілері:

1.Материалдың және процессуалдық мүдделерінің қарама-қарсы болуы.

2.Заңды күшіне енген  сот шешімінің толық әсер етуі.

3.Іс бойынша сот шығындарын  төлеу міндеттерінің жүктелуі.

Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар-талапкерлер болып табылады.     

Талап қоюшының талабына сәйкес сотта жауапқа тартылатын тұлға жауапкер болып табылады.

Азаматтық іс жүргізуде мемлекетте бір тарап болуы мүмкін.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері АІЖК 47,49-баптарында қарастырылған. Іске қатысушы тұлғалар  іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыстауға, сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктемелер беруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, хаттамамен танысуға, оған ескертпелер келтіруге, сот актілеріне шағымдануға т.б. әрекеттер жасауға құқылы.

Одан басқа талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар