Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады.

Файлы: 1 файл

кылмыс саралау=.doc

— 433.50 Кб (Скачать файл)

Егер субъект өзінің қараңғылығынан қылмыстық заңмен қоргайтын объектіге залал келтіру мақсатын да оған жарамйтын құралдарды пайдаланса (дуа салу, қарғыс айту, т.б.) ол тек ниетті анықтау болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайды. Себепті байланыс бойынша қате, тұлғаның жасалған іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланысқа қатысты жаңылысу болып табылады. Егер тұлға өзінің әрекетінен қандай салдар туындайтынын анық білетін болса онда оның себепті байланыстың дамуы бойынша қатесі жауапкершілікті анықтау үшін маңызы болмайды. Мысалы, субъект жәбірленушіні жүрегіне пышақ ұру арқылы өлтірмек болды ал ол күре тамырынан қан кету салдарынан қайтыс болды, ондай жағдай әрекетті саралу үшін ешқандай маңызға ие болмайды. Егер субъект өзінің әрекеті қандай салаларға әкелуі мүмкін екендігін білмесе, онда қасақаналықпен зиян келтіру болып табылмайды. Егер тұлға қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз жасадым деп есептесе ол саралау белгілері бойынша қателесу болып саналады. Бұл кезде екі жағдай орын алуы мүмкін. Бірінші жағдай субъект өзі қылмыс жасаған жағдайдың ауырлататын мән-жай екенін білмейді. Мысалы ұйымдасқан топ болып ұрлық жасау 175-бабтың 3-тармағы бойынша жауапқа тартылатын, ол ауыр қылмыс болып табылатынын тұлға білмеуі мүмкін.

Бұл жағдайда қателесу назарға алынбайды және заңды қателесу бойынша ереже қолданылады. Екінші жағдайда субъект өзінің нақты әрекетінің ауырлататын жағдайда жасалғандығын білмейді. Мысалы қылмысқа көмектесуші ұйымдасқан топқа немесе алдын ала сөз байласқан топқа өзгенің мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын білмеуі мүмкін, сондықтан жай ұрлыққа қатысқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Фактілік қателердің кез-келген түріне заңи баға бергенде тұлға жауапкершілікке тек оның кінәсі болғанда ғана тартылуы тиіс деген жалпы ереже басшылыққа алынуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАТЫСУШЫЛЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ БАРЫСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ

 

3.1 Қылмысқа қатысушылық  түсінігі

 

 

Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120-бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді.

Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3-бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі - қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төмендегіден тұрады.

Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды.

Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмысты қатысушылықпен жасау құрамының сараланған түрі ретінде қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей болып бөлінген: қылмысты адамдар тобының жасауы 6-бапта, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауы 49-бапта, қылмысты ұйымдасқан топтың жасауы 63-бапта және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше бөлімнің 2 - бабында қарастырылған [5, 59 б.].

Қылмыстық топ болып жасаудың (қатысушылықтың бірінші нысаны) барысында қылмыстың барлық қалыптасушылары ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабы бойынша ҚК-тің 28-бабына сілтеме жасалмай жауаптылыққа тартылатыны белгілі себебі олардың барлығы қылмыстың бірігіп орындаушылары болып табылады. Орындаушы түсінігін дұрыс ұғыну және анықтау адамдар тобымен жасалған қылмысты дұрыс саралауда үлкен маңызға ие болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының ҚК-де орындаушы ұғымы кеңейтіліп оған тек қылмысты тікелей жасаған тұлға ғана емес, басқа тұлғаларымен бірге оның жасалуына тікелей араласпаған тұлғаларда жатқызылады. Ондай адамдарға ұрлық жасау барысында пәтерге кірмеген және ұрланған заттарды алып шықпаған көшеде тұрып қылмыс жасау орнында бөгде адамдардаң болмауын, адамдар тобымен жасалған қылмысты ешкімнің көрмеуі мақсатымен қадағалап тұрған адамды жатқызуға болады.

Қылмысқа қатысушылықтың бірінші нысанында қатысушылардың әрқайсысы қылмыс құрамының объективтік жағымен қамтылатынын әрекеттерді орындауға қатысады немесе толық көлемінде не белгілі шамада орындайды. Қылмысты бір тұлғаның жасауынан айырмашылығы топтық қылмыста қылмыс тобының қатысушылары үшін ортақ болатын объективтік жақтың белгісін құрайтын бір әрекетті орындау үшін өзінің күштерін біріктіретін бірігіп орындаушы тұлғалар қатысады. Оның барысында кейбір бірігіп орындаушылар қылмыстың объективтік жағының барлық белгілерін толық кірістіретін әрекеттерді жасауы, ал басқалары бұл белгілердің тек кейбір бөлігін жасайтын жағдай кездесуі мүмкін.

Орындаушылардың әлде біреуінің іс-әрекеті қылмыс құрамының объективтік жағының барлық белгілеріне ие болмаған кезде, қылмысты сарлау мәселесі бойынша талас жиі кездеседі. Бұндай жағдайда қылмысты дұрыс саралау берілген тұлғаны бірігіп орындаушы немесе қылмысқа көмектесуші деп танудан тәуелді болады. Олардың арасына айырым қою жиі қиындық келтіреді және топтық қылмыстарды саралаудағы қателіктердің себебі болады.

Негізінен көмектесу әрекеттері қылмыстың объективтік жақтарын орындау бастағанға дейін сонымен қатар оның орындалуы барысында, алайда қылмыс аяқталғанға дейін жүзеге асырылады. Егер көмектесуші қылмыстың жасалуы барысында қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттердің орындалуына көмектесетін болса егер ол болар-болмас деңгейде болсада бірігіп орындаушылық ретінде қарастырылуы тиіс. Істерді тергеу және сот тергеуі барысында тікелей орындаушы болып табылмайтын тұлғаның іс-әрекетін қалай саралау керектігі жөнінде мәселе пайда болады: адамдар тобымен жасалған немесе бір тұлғамен жасалған қылмыс ретінде бағалау туралы Қазақсатан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларында бұд сұрақтарға жауап берілген.

Атап айтқанда «Бөтеннің мүлкін талан-таражға салуды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 1996 жылғы 25-шілдедегі қаулысының 7-пунктінде қылмыстың берілген түрі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген немесе есі дұрыс емес деп танылған тұлғамен бірлесіп жасаған қылмыс адамдар тобымен жасалған талан-тараж ретінде бағаланбайтындығы көрсетілген [36, 2 б.].

Қатысушылардың жеке жауаптылығы қағидасы қатысушылар мен орындаушының жауапкершілігінің әртүрлі болуы мүмкіндігінен көрініс табады. Мысалы, орындаушы қылмысты аяғына дайін жеткізуден өз еркімен бас тартуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бірақ, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші тұлғаны қылмыс жасауға көндіруге бағытталған ұйымдастырушылық әрекеттері немесе жасалуы мүмкін қылмысқа көмек көрсеткені үшін 24, 28-баптар бойынша және ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қатысушылықпен жасалған қылмысты саралау барысында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды есепке алу олар жасалған іс-әрекетке және ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің жеке бастарына қатыстылығы тәуелділікте шешілуі тиіс.

Ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушіге қатысты мән-жайлар тек олардың әрқайсысының іс-әрекеттерін саралау барысында ғана есепке алынады және басқа тұлғалардың әрекеттерін саралау барысында есепке алынбайды. Мысалы пайдакүнемдік ниетпен қасақаналықпен адам өлтіруде ҚК-тің 96-бабының 2-бөлімі «з» пункті бойынша жауаптылыққа тартылса ал осы қылмысты орындаушының әрекеттері 2-бөлімнің басқа пункттерімен саралануы мүмкін.

Орындаушының іс-әрекеттеріне және жеке басына қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар әртүрлі заңи салдарды туындатуы мүмкін. Мысалы, егер орындаушы жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтірсе онда әрбір қатысушының әрекеттері орындаушының әрекеттері сияқты ҚК-тің 96-бабы 2-бөлімі «м» пункті бойынша саралануы тиіс.

Қылмыстың субъектісін сипаттауға қатысты мән-жайлар өзге қатысушылардың әрекеттерін саралауға әсер етеді. Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі болып жалпы ереже бойынша әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметкерлер сондай-ақ жиындардан өтуі кезіндегі запастағы азаматтар табылады.

Әскери қылмыстардаң орындаушысы болып тек көрсетілген белгілерге ие тұлғалар ғана танылады. Оларға ие емес тұлғалар орындаушы бола алмайды бірақ ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, әскери қызметкер қашқындық жасайды. Оның іс-әрекеттері ҚК-тің 373-бабы бойынша саралауға жатады. Басқа қатысушылардың іс-әрекеттері сол бап бойынша  ҚК-тің 28-бабына сілтеме жасау арқылы саралануы тиіс. Осы жағдайда олардың іс-әрекеттері ҚК-тің 373-бабы 2-бөлімімен алдын ала сөз байланысқан адамдар тобымен (егер осындай сөз байласу анықталса) жасалған қашқындық ретінде саралануы тиіс.

Орындаушының жеке басына қатысты және қылмыс субъектісінің белгілері болып табылмайтын мән-жайлар тек орындаушының өзінің әрекеттерін саралау барысында ғана ескерілуі тиіс. Мысалы, алаяқтықты бұрын қорқытып алушылық үшін екі рет сотталған адам жасаса ал оған көмектесуші бұл саралау белгісіне ие емес тұлға болса онда орындаушы ҚК-тің 177-бабының 3-бөлімі «в» пункіті бойынша жауапқа тартылады ал көмектесуші (егер олардың арасында алдын ала сөз байласу орын алған болса) ҚК-тің 28-бап, 177-баптың 2-бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс. Сонымен қатар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың орындаушысы және айдап салушысының іс-әрекеттерін де саралау да осылай жүргізілуі тиіс. Егер бұл қылмыстың орындаушысы ата-ана педагог немесе кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеті заңмен жүктелген өзге адам болып табылмайтын бұл қылмыстың айдап салушысы ҚК-тің 28 және 131-баптың 1-бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс[3, 212 б.].

Қатысушының шектен шығуы барысында қатысушылардың әрекеттерін саралау белгілі бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 30-бабына сай қылмысқа қатысушының, басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қылмыстық құқық теориясында қатысушының шектен шығушылығын сандық және сапалық екі түрге бөлу қабылданған. Сандық шектен шығушылық ретінде қатысушы, топтық барлық қатысушылармен алдын ала келісім жасалған қылмыспен бір тектес қылмыс жасаған кезде орын алады. Мысалы ұрлықтың орындаушыларының бірі басқа қатысушылардан жасырын мүлікті (басқа қатысушылармен бірге ұрланған мүліктен бөлек) басқа ұрланған мүліктермен қоса есептегенде 500 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мүлікті ұрласа ол ҚК-тің 175-бабының 3-бөлімімен жауапқа тартылады, ал қалған қатысушылар егер ұрланған мүліктің бағасы аталған көрсеткіштен асып түспесе ҚК-тің 175-бабының 2-бөлімімен жауапқа тартылады.

Қылмысқа қатысушының топтық жасауға сөз байланысқан қылмысымен бір тектес болып табылмайтын қылмысты жасауы қатысушының шектен шығушылығының сапалық түрі болып табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан медикаменттерді ұрлау барысында олардың біреуі, олардын бөлек наркотик заттарды ұрласа. Ол екі қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады: ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 175-бабы) және наркотикалық заттарды талан-таражға салғаны үшін (ҚК-тің 260-бабы) ал, қалған қатысушылар тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылады[3, 213 б.].

Айыпталғандардан шығатын қортынды қатысушының шектеу шығуы ұйымдасқан топтарда және қылмыстық қауымдастықтарда орын алатын алдын ала сөз байласу арқылы жасалатын топтық қылмыстарда ғана мүмкін болады.

Бірігіп қатысушылықтың ең қауіпті нысандары болып ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастықтың табылатыны белгілі, құқыққорғау, шаруашылық және басқа органдар қызметкерлерінің коррупциясы арқылы сипатталады. Бұл қылмыстық топтар үшін топтар үшін қауіпті болып табылатын тиісті мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің іс-әрекеттерін бейтараптандыруға мүмкіндік беріп ғана қоймай сонымен қатар олардың қызиетін өз мақсаттарына бағындыруға олар арқылы осы мақсаттарға ресми құрылымдарды пайдалануға оларға қатырына енуге мүмкіндік береді.

Қылмысқа қатысушылықтың көрсетілген нысандарымен жасалған қылмысты саралау үшін олардың белгілерін анықтау қажет. Ұйымдасқан топтың сипаттау белгілері болып бір немесе бірнеше соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін күні бұрын біріккен топтың тұрақтылығы. Алдын ала сөз байласуда қатысушылықтың берілген нысанасының міндетті белгісі болып табылады. Олай болмаған жағдайда қылмыс жасау үшін күні бұрын бірігу мүмкін болмайды.

Информация о работе Қылмысқа қатысушылық түсінігі