Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады.

Файлы: 1 файл

кылмыс саралау=.doc

— 433.50 Кб (Скачать файл)

Қылмыс құрамының жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері әр түрлі санаттағы қылмыстарды  ажыратуды да қамтамасыз етеді. Абсолютті түрде бірдей қылмыс құрамының болмайтындағы түсінікті қылмыстардың барлық құрамдары өзара бір белгісімен болсада өзгешелікке ие болады. Құрамдар арасында айырмашылықтардың болмауы аралас құрамды қылмыстарды ажыратуға мүмкіндік бермес еді.

Қылмыс құрамының ажыратушылық функциясы практикалық жағынан да өте маңызды, себебі әртүрлі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігіне тәуелді түрде жауаптылықты дербестендіруге қылмыстың берілген түрімен күресу үшін заң шығарушы барынша тиімді деп санайтын құқықтық салдарды таңдап алуға мүмкіндік береді.

Қылмыс құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын белгілер болмайды. Олардың әрқайсысы қылмыстың берілген түрін басқа түрлерінен бөлектейді немесе қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан ия қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден ажыратады.

Құрамның ажыратушылық функциясын талдай отырып оның белгілерінің басым көпшілігі жоғарыда аталған бірінші қызметті ал кейде бір уақытта екеуінде орындайтынын байқауға болады. Мысалы, «жасырын» (талан-тараж) ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты тонаудан ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған құрамдардың барлық қалған белгілері ұқсас болады бірақ ұрлық пен тонауды қылмыстардың өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік береді. «Талан-тараж» түсінігі ұрлық пен тонауды меншікке қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінен (мысалы, мүлікті құрту) айырып ғана қоймайды және оларды азаматтық деликтерден де ажыратады.

Қазіргі уақытта қылмыс құрамы ұғымының мазмұнына кірістірілетін белгілер жинағында бір қылмысты өзгесінен ажырату рөлін атқармайтын тек бір белгі бар сияқты. Бұл-заңи көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар үшін бірдей болып табылатын есі дұрыстық.

Егер қылмыстық - құқықтық нормада гипотезаны барлық қылмыстар үшін бірдей олардың жасалуының шарттарының жиынтығы ретінде бөліп қарасақ онда есі дұрыстықты гипотезаға жатқызуға болады. Есі дұрыстықтың қылмыс субъектісінің белгісі ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс - тұрысына психикалық қатынасының нысандарымен тығыз байланысты болуы ондай ғылыми көзқарасқа кедергі келтіреді. Одан басқа есі дұрыстық қылмысты қылмыстық жауаптылықты туындатпайтын қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті ескертпелер жасай отырып құрам белгісі ретінде қарастыратын боламыз.

Құрамның дерексіздігі, оның жалпыламалық мәнісі белгілі бір жағымсыздыққа ие болады.

Ол заңның тек белгілі бір белгілердің жиынтығының барысында ғана қылмыстық жауапкершілікті қарастыратындығынан және көптеген мән-жайларды есепке алмайтындығынан көрініс табады. Кез-келген құқықтың әртүрлі адамдарға бірдей көлемді қолдану болып табылатындығы белгілі.

Алайда құрамның дерексіздігі және жоғарыда атап өтілген заң нормасының формализмі шешуді талап ететін жағымсыз жақтарға ғана ие емес аталған кемшіліктердің орнын толтырарлықтай жағымды қасиеттерге де ие болады.

Олар неден көрініс табады? Бірінші кезекте заңмен азаматтардың барлығына қойылатын талаптардың бірлігі мен айқындығы. Олардың барлығы ұлттық, әлеуметтік, діни және басқа да айырмашылықтарына қарамастан заң алдында тең. Ол қылмыстық заңнаманың және құқықтың өзге салаларының барлық тұлғаларға бірдей талаптар қоюынан көрініс табады. Ұрлық құрамы оны кімнің жасағанына қарамай барлығы үшін бірдей және бұл алдын алу мен тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болады.

Қылмыстық-құқықтық норманы дұрыс құрастыру құрам дерексіздігінің жағымсыз жақтарын жоюдың негізгі шарты болып табылады. Норма заңшығарушы қарастыруға және тиым салуға тырысатын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді ғана барынша дәлдік және толықтықпен көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде заңшығарушыдан өте жоғарғы деңгейдегі заң техникасын меңгеруді талап ететіндігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда біздің әліде болса кемшін соғып жатқан тұстарымыздың басым екендігі жасырын емес.

Алайда заңның барынша жетілдірілген мәтінінің барысында да норманың абстрактивті талабы мен өмірдегі ситуациялардың нақты ерекшеліктерінің арасында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда бұлар қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын ерекше мән-жайларды қарастыратын ҚК-тің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормалары арқылы шешіледі. Қылмыс құрамы белгілі бір құрылымға ие болғандықтан оған оны құрайтын белгілер арасындағы байланыстардың түрін, сипатын білдіретін белгілі бір конструкция тиісті болады. Құрамның белгілері әртүрлі болғандықтан және өзара комбинациялардан тұрады бұл өз кезегінде қылмыс құрамдарының әралуандығына алып келеді.

Көптеген жағдайларда құрамдардың бірнеше белгілері бір негізде топтастырылады, басқаша айтқанда қылмыс құрамының жекелеген бөліктерін құрастырудың типтік үлгілері бар. Мысалы, ұрлықтың және тонаудың тиісінше адам өлтірудің және денсаулыққа жеңіл зардап келтірудің құрамдары бірдей конструкцияға ие.

Екінші жағынан көптеген құрамдар өзара конструкциясы бойынша айырмашылыққа ие болады. Мысалы жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103-бап) адам өлтіру құрамынан тек объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады.

Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар құрлысындағы айырмашылықтар жекелеген белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың белгілі бір элементтерін сипаттайтын белгілердің тобымен анықталатындығы. Суреттей айтқанда егер қылмыс құрамы ірі типтік блоктарда тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Сергиевский В., Рахметов С. пікірінше, «Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы құрайды» [28, 68 б.].

А.Н. Ағыбаев ойынша: мәнісі бойынша дұрыс болып табылатын бұл пікір термонологиялық жағынан тиянақтауды қажет етеді. Ол жаңылысу болмау үшін «элемент» терминімен қылмыстың тек төрт бөлігін білдіруді ұсынады, ал құрам мазмұнына қатысты «белгі» немесе «белгілер тобы» сөзін пайдалануды ұсынады [4, 138 б.]. Аталған көзқарас тұрғысынан құрам қылмыстың тиісті төрт элементін сипаттайтын белгілердің төрт тобына ие болады және бұл оның құрылымдық негізі болып табылады.

Алайда тек аталғандармен шектелу жеткіліксіз болады. Құрамның конструкциясын оның белгілерінің барынша ұсақ топтары да құрайды. Осындай топтар барлық немесе көптеген қылмыстарға тән болатын құрамдардың жекелеген белгілерінің қортындыланған сипаттамасы болып табылады. Бұлар мазмұндық белгілердің өзі емес олардың санаттары немесе сыныптары болып табылады. Мысалы, қылмыстың объективтік жағына әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды салдар және т.б. кірістіріледі. «Әрекет» (немесе «әрекетсіздік») жүріс-тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін санат болып табылады. Субъектіні сипаттайтын белгілердің кейбір санаттары туралы біз осыған дейінде айтқан болатынбыз (ақыл - асі дұрыстық, жас мөлшері).

Жоғарыда аталған белгілер санатының болуы құрамды толық сипаттама жасауға жеткіліксіз болады, себебі санаттар белгілердің тектік тиістілігін көрсетеді және қажетті нақтылыққа ие бола алмайды: әлдеқандай құрамды суреттеу үшін оған не кіретінін көсетіп ғана қоймай осы қортындыланған белгінің мазмұнында ашу қажет болады, яғни әңгіме мүлікті жасырын талан-таражға салу немесе эпидемиялармен күресу ережелерін бұзу туралы жөнінде болып отырғанын анықтау керек. Ендеше құрамға кіретін белгілердің санаттарын атап шығу оның мазмұнын ашпайды бірақ, оның конструкциясына сілтеме жасайды. Сонымен бірге құрам белгілерінің әлдеқандай ресми сыныптамасының жоқ екендігін және аталған мәселе бойынша ғалымдар пікірінің толық бірдей емес екендігін естен шығармаған дұрыс.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыс құрамы мен оның атқаратын қызметі және оның қылмысты саралаудағы маңызы туралы пікірталастарды осымен қоя тұрып, қазіргі кездегі оқулықтардағы бекітілген көзқарастарды талдап көрейік.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қазақстан Кодексін дұрыс қолдану аталған ілімсіз мүмкін болмайды. Мысалы құқық қорғау органдарына белгілі бір тұлғаның бұзақылық іс-әрекеттерді жасағаны туралы хабар келіп түсті. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға жататын ұсақ бұзақылық па немесе қылмыстық жауаптылықты туындататын бұзақылық іс-әрекеттер болып табылама дұрыс шешу үшін ҚР ҚК-ның 257-бабында қарастырылған (бұзақылық) қылмыс құрамының белгілерін білу қажет. Одан кейін жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары мен сипатын, кінәліні сипаттайтын белгілерді анықтап оларды бұзақылық құрамымен салыстыру қажет. Егер жасалған іс-әрекетте қылмыстық тәртіппен жауапқа тартылатын бұзақылықтың белгілері бар болса, кінәлі адам ҚК-тің 15-бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толса онда бұл жағдайда ҚК-тің 257-бабында қарастырылған қылмыстың жасалғандағы туралы қортынды жасауға болады

 Ендеше қылмыс құрамы  туралы ілімсіз қылмыстық заңды  дұрыс қолдану негізінен алғанда мүмкін болмайды. Қылмыс құрамы туралы ілімнің маңыздылығы мен мәнділігі осында.

Жасалған іс-әрекетті саралау негізделетін және ескерілетін қылмыс құрамы туралы мәселені қозғаудан бұрын құрам ұғымына не кіретіні және оның бөлшектеріне ненің жатқызылатынын дұрыс анықтап алу керек. Құқықтың әдебиетте тиісті терминология қолданылды. Бірақ кей кездерде «элемент», «белгі», «тарап», «жүйе бөлшегі», «жүйе» терминдері бір мәнде, бір мағынада білдіреді, қылмыс құрамы және қылмыс деген аталымдар біріктіріліп жіберіледі.

Жалпы алғанда ғылыми терминология мәселесі оңай емес және ойлап табылған емес қылмысты саралауға тікелей қатысты болып табылады. Дегенмен біз осы мәселе төңірегіндегі ғылыми пікірталастарды өз жұмысымыздың мазмұнына кірістіруді қажет деп таппадық.

Енді қылмыс құрамы оның қылмыстық әділ соттылықты жүзеге асырудағы, қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы туралы, құқықтық әдебиеттерде қылмыс құрамына көптеген анықтамалар берілген. Олардың көпшілігі бойынша қылмыс құрамы дегеніміз іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік ерекшеліктерге ие заңи белгілерінің жиынтығы болып табылады. Адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болуы қылмыстық жауап кершілікке тартудың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыстық - құқықтық норманың диспозициясында қылмыстың атауы немесе қылмыс белгілері сипатталады. Құрылымдық техникасы және қылмыс белгілерін сипаттау әдісі бойынша диспозицияларды жай, сипаттамалы бланкеттік және сілтемелі қылып бөлеміз.

Мысалы заңшығарушы жалпылай белгілі терминмен қылмыстық іс-әрекетті атап, оның белгілерін ашып көрсетпеген жай диспозицияда немесе қылмыс құрамының барлық белгілері айқындалмаған және оларды анықтау үшін өзге нормативтік актіге жүгінуді қажет ететін бланкеттік диспозицияларда іс-әрекеттерді қалай саралау қажет? Сонымен қатар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде қылмыстың объектісі мен субъектісі оның субъективтік жақтары көрсетілмеген баптар бар. Әдетте қылмыстық құқықтық норманың дспозициясында қылмыс құрамының тек объективтік жағының белгілері ғана көрсетіледі және олда толық күйінде емес. Мысалы ҚК-тің 96-бабында іс-әрекетті оның нәтижесімен байланыстыратын себепті байланыс туралы аталмаған. Осыдан шығатын қортынды қылмыс құрамы терең мазмұнға ие және заң диспозициясы мәтінінен айыптарлықтай кең, көлемдірек болады. Сондықтан іс-әрекетті саралау барысында ҚК-тің жалпы бөлімінің нормаларына оларды құзіретті органдардың түсіндірулеріне жүгіну қажет болады[5, 69 б.].

Қылмыс құрамын қылмыстық - құқықтық норманың диспозициясын яғни ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарын қарастыру барысында заң шығарушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті сипаттайтын белгілердің ішінен барынша маңыздыларын ғана іріктеп алады. Өзінің жиынтығында олар жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіреді.

Қылмыс құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы жалпы сипатта болады. Онда іс-әрекет сипатталып жазылмайды, анықталған қол сұғушылықтың жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды. Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-әрекетке сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан түсінікпен сәйкеспейтін белгілі бір жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай қалыптасады яғни қылмыс құрамы әрқашан нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама қортындылаудың нәтижесі болып табылады. Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде, нақты құрамдардың барлық белгілерін негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Барлық нақты қылмыстарға тиісті белгілер жалпы белгілер болып табылады. Осыған сәйкес әрбір құрамда нақты объект, іс-әрекет, кінә, есі дұрыстық және қылмыс субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа толуы анықталуы тиіс. Қосымша белгілер заң шығарушымен жеке қылмысты немесе қылмыс топтарын сипаттау барысында қолданылады.

Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективті жағы бойынша жүргізу қабылданған. Сондықтан жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың анықталуы бойынша, заңның тиісті нормасымен салыстыру және талдау үшін тиісінше топтастырылады.

Тергеу және сот органдарының қылмысты саралаудағы қызметінің мәні мынада: жасалған іс-әрекет белгілері мен ҚК-тің Ерекше белгілерінде қарастырылған қылмыс белгілерін салыстыру және сәйкестігін табу сол арқылы жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықлық баға беру. Сонымен қылмысты саралау басқаларымен салыстырғанда тұрақты түрде әрекет ететін, дербес қылмыстық құқық институты ретінде негізінен қылмыс құрамы туралы теоретикалық ілімдерге сонымен қатар дәлелдеу теориясының жалпы негіздеріне негізделді. Дәлелдеу фактілерін, қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттемейінше жасалған іс-әрекетін саралауды оның жасалуының мәністерін есепке алу және талдау арқылы ҚК-тің ауырырақ немесе жеңілдеу жауапкершілік көзделген бабына ауыстыруы мүмкін.

Сотта жағдай өзгеше:

- сотталушыға тағылған айыпты тани отырып, сот алайда қылмысты саралауды ҚК-тің жеңілдеу жауапкершілік көздеген бабына өзгерту қажет деп санауы мүмкін, ондай реттерде сот қылмысты саралауды ҚК-тің бір бабынан өзгесіне ауыстырудың қажеттілігін үкімде көрсетуі тиіс.

Информация о работе Қылмысқа қатысушылық түсінігі