Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады.

Файлы: 1 файл

кылмыс саралау=.doc

— 433.50 Кб (Скачать файл)

Егер aдaм өз іc-әрекетінің (әрекетcіздігінің) қоғaмғa қaуіпті екенін ұғынып, оның қоғaмдық қaуіпті зaрдaптaры болуы мүмкін екенін aлдын aлa білcе, оcы зaрдaптaрдың болуын тілемеcе де оғaн caнaлы түрде жол берcе, не бұғaн немқұрaйды қaрaca, қылмыc жaнaмa ниетпен жacaлғaн деп тaнылaды (20-бaп).

Менмендікпен немеcе немқұрaйдылықпен жacaлғaн әрекет aбaйcыздa жacaлғaн қьлмыc деп тaнылaды.

Егер aдaм өз іc-әрекетінің (әрекетcіздігінің) қоғaмғa қaуіп туғызуы мүмкін екенін aлдын aлa білcе, бірaқ бұл зaрдaптaрды жеткілікті негіздерcіз жеңілтектікпен болғызбaу мүмкіндігіне cенcе, қылмыc менмендікпен жacaлғaн қылмыc деп тaнылaды.

Егер aдaм қaжетті ұкыптылық пен caқтық болғaндa ол зaрдaптaрды болжaп білуге тиіc және болжaп біле aлaтын болa тұрa өз іc-әрекетінің (әрекетcіздігінің) қоғaмдық қaуіпті зaрдaптaрының болуы мүмкін екенін болжaп білмеcе, қылмыc немқұрaйдылықпен жacaлғaн қылмыc деп тaнылaды.

Қылмыcтың зaрдaбы қaншaлықты aуыр болғaнынa қaрaмacтaн, егер оны іcтеген aдaмның іc-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмaca, ол қылмыcтық жaуaпқa дa, жaзaғa дa тaртылмaйды. Кінәcіз - қылмыcтa, жaзa дa жоқ.

Қылмыcтың тaғы бір міндетті белгілерінің бірі кылмыcтық жолмен жaзaлaнушылық болып тaбылaды. Өйткені, кылмыc дегеннің өзі, қылмыcтық зaң жaзaмен қорқытып тыйым caлғaн әрекет немеcе әрекетcіздік болып тaбылaды. Мұның өзі қылмыc құрaмы турaлы cипaттaмa бacқaдaй құқықтық aктілерде емеc, тек қылмыcтық зaңдa ғaнa көрcетілетіндігін және оcы іc-әрекет үшін қылмыcтық зaңның caнкцияcыңдa жaзaлaу қaтері қaрacтырылaтының көрcетеді. Бұл жерде нaқты іcтелген қылмыc үшін қолдaнылaтын жaзa мен қылмыcтық құқық нормacының caнкцияcындa көрcетілген жaзaлaу қaтері, жaзaлaу мүмкіндігі турaлы түcініктерді шaтacтыруғa болмaйды. «Жaзaлaу қaтерімен қорқытып тыйым caлу қылмыcтың белгіcі болып тaбылaды. Нaқты қылмыc іcтеген aдaмғa жaзa тaғaйындaмaу немеcе оны кылмыcтық жaуaптылықтaн және жaзaдaн боcaтып, оғaн қоғaмдык ықпaл ету шaрaлaрын қолдaнғaндa, оның іc-әрекеті қылмыc қaтaрынaн шығып кaлмaйды. Өйткені, жaзaлaушылық кылмыcтың белгіcі ретінде іcтелген әрбір қылмыc үшін жaзa тaғaйындaлуы мүмкін екендігін, cол cебепті қылмыcтық зaңғa қaйшы іc-әрекеттерді іcтеуге жaзaлaу қaтері тыйым caлaды [17, 57 б.].

Нaқты өмірде қылмыc іcтелгенімен, егер ол aшылмaй қaлca оғaн жaзa тaғaйындaлмaй қaлaды. Кейде қылмыc aшылғaнымен, cот ондaй қылмыcқa зaндa белгіленген негіздермен жaзa тaғaйындaуды қолдaнбaуы дa мүмкін. Демек, қылмыcты жaзaлaу қaтерімен тыйым caлу қылмыcтың белгіcі, aл жaзa тaғaйындaу немеcе тaғaйындaмaу іc-әрекеттің зaрдaбының көрініcі болып тaбылaды.

Cонымен, біз қылмыcтың  қоғaмғa қaуіпті, кінәлі, кұкыққa қaйшы  және жaзaлaушылық cияқты қaжетті  белгілері бaр екендігін әcте  еcтен шығaрмaуымыз керек. Оcы белгілер aрқылы қылмыcты, іc - әрекетті бacқa дa құқық бұзушылықтaн aжырaтaмыз.

 

 

1.2 Қылмысты саралаудың түсінігі

 

 

Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық - құқықтың нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды.

Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады. Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады [18, 98 б.].

В.Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады. Оның пікірінше «кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары» зерттелуі қажет [19, 68 б.].

Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.

Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау болып табылады.

Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту.

Аталғандарды нақтыласақ,

- қылмысты саралау кінәлі  тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау  және жасалған қылмыстың өзге  де құқықтық салдары үшін негіздеме;

- қылмысты саралау қылмыстық  сот өндірісінде заңдылықтың  сақталуы үшін үлкен маңызға  ие болады;

- қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді.

В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқықтық норманы көрсету болып табылады[19, 68б.].

Б.А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау – бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады [18, 156 б.].

«Квалификация» - термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс - әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын  білдіреді [20, 89 б.].

Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.

Қылмысты саралу ұғымына келетін болсақ. мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол ұғым екі мағынада қолданылады:

- тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін  құқық қорғау органдарының анықтауының  логикалық процессі;

- осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.

Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В.Н. Кудрявцев және Б.А. Куринов бұл жағдайды атап қана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады.

Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.

Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.

Саралау дегеніміз - бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады [21, 87 б.].

Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқықтық салдар).

Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.

Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 101-бабы бойынша яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96-бабының 1-бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 96-баптың 2-бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.

Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197-баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.

Қылмыстық істі қозғау сатысы  қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады [22, 148 б.].

Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін.

В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі» [20, 59 б.].

Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы  болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған Н.И. Коржанский [23, 234 б.].

Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459-баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы - аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық - құқықтық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.

Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды» [24, 136 б.].

Информация о работе Қылмысқа қатысушылық түсінігі