Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады.

Файлы: 1 файл

кылмыс саралау=.doc

— 433.50 Кб (Скачать файл)

Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс-тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.

Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы негізінен төмендегідей белгілерден тұрады:

- қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

- қоғамдық қауіпті салдар;

- іс-әрекет және салдар  арасындағы себепті байланыс;

- қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары.

Біздің ойымызша аталған ұстаным дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын саралау осыған негізделуі тиіс.

Алайда құқықтық әдебиеттерде қылмыстың объективтік жағының белгілеріне қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың «дербес элементтері» ретінде қарастыруды танымайды себебі олар қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды. П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана жатқызады. Бұдан байқайтынымыз қылмыстың объективтік жағының мазмұны даулы мәселе әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. И.Ш. Борчашвили «Қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыстық іс-әрекеттің «өзегі». Ең алдымен қылмыстың сыртқы жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді [32, 169 б.].

Іс-әрекетті қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау қылмыстық жазалауға жататын әрекет немесе әрекетсіздік фактісін және оның салдарын анықтаудан басталуы тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар.

Мысалы ҚК-тің Ерекше бөліміндегі 103-бап:

«Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру - деп сипатталған» [22, 172 б.].

Қылмыстық заңда қылмыс құрамы белгілерін сипаттап жазудың заңи-техникалық әдістері қылмысты іс-әрекетті саралау үшін үлкен маңызға ие болады. Егер заң бабының диспозициясында субъектінің әрекеті сипатталып жазылып, олардың толық тізімі бекітілген болса соттың кеңейтілген түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ. Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары, өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде көрсетілгендерден туындайды:

- заңның немесе өзге  нормативтік актінің тікелей  міндеттеуінен;

- қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен;

- азаматтың бұрынғы қызметінен  туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы қаупін туындатуы.

Қылмыс ретінде бағаланатын әрекетсіздік барысында тергеу органдары мен сот кінәлі тұлғаның белсенді әрекеттерді жүзеге асыруы арқылы залалдың алдын алуға нақты мүмкіндігі болғандығын дәлелді түрде анықтауға міндетті. Егер тұлғаның ондай мүмкіндігі болмаса әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылық туындамауы тиіс. Қылмыстық салдар түсінігі тұрғысында мәселе күрделілек болып табылады. Олардың мәнісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғудың нәтижесі - залалда. Залал немесе зиян әртүрлі болуы мүмкін материалдық, психологиялық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және тағы басқалай.

Залалдың сипаты мен мөлшері ҚК-те анықталған. Заңшығарушы топтық және тікелей объектінің маңыздылығы мен құндылығын басшылыққа алады. Құқыққа қарсы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оның болған немесе нақты болуы мүмкін нәтижесі осыған негізделіп, айқындалады. Мысалы мемлекетке қарсы қылмыстар саяси және экономикалық залалдар келтірсе, жеке адамға қарсы қылмыстар – тәндік және психикалық зияндар келтіреді.

Құрылысы жағынан қылмыс құралдары жай және күрделі болып бөлінетіндігі белгілі. Күрделі құрамдарда бір емес, екі немесе оданда көп қылмыстық салдар болуы мүмкін. Мысалы бұзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп болып табылады және бұл түсінікке меншік нысандарына қол сұғылмаушылық, қоғамдағы жүріс-тұрыс тәртібін сақтамау да кіреді.

Жалпы алғанда материалдық және тәнге келтірілген зиянды барынша жеткілікті түрде шамалауға немесе өлшеуге болады. Оларды есептеу барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады. Белгілі бір нәрсенің құны, саны, сапасы, зиян мөлшері, талан-тараж мөлшері, денсаулыққа келген залалдың және еңбек қаблеттігінің жоғалту дәрежесі.

Саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық психикалық, әлеуметтік мәнісіндегі моральдық зияндар көзге көрінбейтін сипатта болғандықтан оларды өлшеу белгілі бір қиындықтарды туғызады. Осы орайда уақыт, қол сұғу объектісіндегі зиянды өзгерістердің ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы, қылмыс объектісінің құндылығымен айқындалатын келтірілген зиянның орнының толтырылмайтындығы, іс-әрекеттің жасалған орны және уақытына сәйкес объектінің залалсыз қызмет атқаруының өзектілігі және басқа өлшем бірліктерін басшылыққа аламыз.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық салдарды негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Олардың алғашқысы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын құрам белгілерінің жиынтығына кіреді. Ал екіншісі яғни қосымша салдар белгілі бір жағдайда әртүрлі пікірлерді қалыптастырып отыр[31, 68 б.].

Қылмыстық нәтиже ретінде қылмыстық заңда қарастырылған, тұлғаның әрекетімен немесе әрекетсіздігінің ықпалымен жүзеге асырылатын және қылмыс құрамының объективтік белгілеріне жатқызылатын қоршаған әлемдегі өзгерісті түсінуіміз керек. Аталған қылмыстық салдар қылмыстық заңмен қорғалатын әлде қандай объектілерге тікелей немесе жанама залал келтіреді немесе залал келтіру қаупін туғызады. Я.М. Брайнин «қылмыстың салдары» және «қылмыстық нәтиже» түсініктерінің арасына айырым қою қажеттілігі жөнінде айтқан. Ол қылмыстың салдарына қылмыстық әрекет ықпал еткен сыртқы әлемдегі барлық өзгерістерді жатқызады. Мысалы, адам өлтірудегі – жәбірленушінің өлуі және туыстарының қайғыруы: қылмыс құрамының болуы үшін маңызы бар сол салдар қылмыстық нәтиже болады, оларсыз қылмыс аяқталған болып есептеліне алмайды және нәтиже берілген қылмыстың құрамын анықтай алатындай [24, 59 б.].

Қылмыстық құқықтығы себепті байланыс өзінің негізін анықтайтын басымдығымен құбылыстар мен олардың заңи маңыздылығының арасындағы себеп салдарлық қатынастарды ашу мен түсіндіруден көрінеді. Қылмысты объективтік жағы бойынша саралауда осындай байланысты анықтау міндетті қажеттілік. Қылмытың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде танылатын іс-әрекетпен нәтиженің арасындағы себепті байланыс нақты және өзінің сипаты бойынша кінәлі болуы тиіс.

Қылмыстық құықтағы себепті байланысты ғылыми – практикалық салыстырмалы түрде үнемі зеттеу төмендегілерді қуаттайды:

  • субъектінің қылмыстық-құқықлық белгілерге ие болатын нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі себептілік арқауының бірінші түйіні;
  • әрекет (әрекетсіздік)уақыты бойынша нәтижеден озық болуы тиіс;
  • іс-әрекет залалдық туындауының қаупін туғызатындай құқыққа қайшы немесе адамгершілікке жат болуы тиіс;
  • іс-әрекет залалдың болуының қажетті шартының ролін атқарады;
  • іс-әрекет саладрдың тек қана қажетті шарты ретінде танылмай себебі болуы тиіс және жалпылама емес, қылмыстың жасалуының нақты мән-жайында;
  • іс-әрекетпен салдардың арасындағы әрқашан объективті болып табылатын себепті байланыстың және олардың арасындағы қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінәлі байланыстың араласуына жол бермеу керек.

Ең алдымен объективті себепті байланысты, ал содан кейін субъектінің оның көре білуін анықтау қажет. Пайда болған қылмыстық салдардың заңдылығы мен кездейсоқтылығы істің мән-жайын олардың жиынтығында бағалау негізінде шешілуі тиісті практикалық мәселе болып табылады. Е. деген азамат кәмелетке тломаған Г-нің өзінің атын қуып жүргенін көріп оны ұстап алып ұрған Г. Е-нің қолынан жұлқынып шығып қашып бара жатқанда шарбақтан секіріп аяғын сындырып алған кейіннен ауруханада қанға инфекция түсуінен қайтыс болған. Берілген жағдайда Е-нің әрекеттері болған салдардың себебі болып табылама?

Әрине олардың қылмыстық нәтижеге дейін жасалғандыы дау туғызбайд Олардың яғни қылмыстық салдардың пайда болуына қажетті шарттар болғаны да түсінікті себебі егер Е. Г-ні ұрып қорқытпаса ол аяғын сындармас еді ендеше, қоғамға қауіпті салдарда туындамас еді. Алайда жәбірленушінің өлімі аяқтың сынуы нәтижесінде пайда болған жарақатқа инфекция түсуінен болған. Алайда аталған салдар Е-нің әрекеттері үшін объективті түрде кездейсоқ болып табылады. Сондықтан ол олар үшін жауапты болып табылмайды.

Қылмыстық құқық теориясында зиянды салдар қажетті белгі болып табылмайтын құрамдар формальдық құрам дап аталады. Жасалған іс-әрекетті саралау барысында тек әрекет (әрекетсіздік) ғана анықталады, ал қылмыстық нәтиже және себепті байланыс құрам шеңберінен тыс қалады және саралауды талап етпейді.

Белгілі бір қылмыстық салдардың нақты пайда болуын немесе пайда болу мүмкіндігі қарастырылған құрам материалдық құрам деп аталды.

Қылмыстық құқық саласындағы мамандардың көпшілігі қылмыстарды формалдық және материалдық қылып бөлу ұстанымын қуаттайды және маңызды прақтикалық мәніске ие деп санайды. Сонымен қатар осы мәселе төңірегенде бірталай пікірталастардың да бар екенін айта кету керек. Алайда ондай теоретикалық мәністегі пікірталастарды талдауды біз өзіміздің жұмысымызға мақсат етіп қоймадық.

Жалпы айтқанда қылмыстық-құқық норманы бірінші кезекте ҚК-тің Ерекше бөлімін жетілдіру қоғамды қылмыстан табанды және ықпалды қорғау бағытында жүргізілуі керек.

 

 

2.3 Қылмыс субъектісі бойынша  қылмысты саралау

 

 

Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.

Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде заңның жекелеген ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді.

В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты сарлау бойынша жазылған монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелерін, оның себептерін және қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді атап көрсеткен [18, 58б.].

Егер қылмыс субъектісін құқықтық ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің жеке басы криминологиялық ұғым болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі дұрыстың қылмыстық заңмен бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік-демографиялық, біліми-мәдени, функционалдық, құндылықты-мотивациялық, қылмысты-құқықтық ерекшеліктерді қамтиды.

Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын, химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі жас мөлшері және  ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.

Информация о работе Қылмысқа қатысушылық түсінігі