Қылмысқа қатысушылық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 19:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады.

Файлы: 1 файл

кылмыс саралау=.doc

— 433.50 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) үшін өзіндік белгілер топтың тығыз ұйымдасқандығы және оны құрудың мақсаты ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы қылмыстық қауымдастықтың қатысушылықтың нысаны ретінде жоқ екендігіне дәлел болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық белгісі, белгісінің болмауы олар әртүрлі сипаттағы соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған топ болсада. Бұл жағдайда ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі бар болса) бар екендігі танылады. Қылмыстық қауымдастықтың екінші міндетті белгісі топ тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды ғана жасау үшін ұйымдасқан болуы тиіс. Мысалы, тығыз ұйымдасқан қылмыстық топ жала жабуды тарату үшін құрылған болса қылмыстық ұйым болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 31-бабының 5-бөліміне сай ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты құрған не оларға басшылық еткен адам кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Құқық қолдану қызметінің процессінде ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық жасаудың нені білдіретінін анықтап алудың маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың жұмысының бағытын анықтау (қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын жасатау, топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу, қылмыстық қол сұғу объектісін анықтау, қылмыстық құрылым мүшелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру т.б.) болып табылады. 

 

 

 

 

 

3.2 Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау

 

 

Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысында қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық - құқықтық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді.

Қылмыстық - құқықтық нормалар бәсекелестігі дегеніміз бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше бөліміндегі екі немесе одан да көп қылмыстардың белгілеріне сай келуі болып табылады, яғни ол қылмыс бір мезгілде бірнеше әрекет етуші норманың диспозицияларымен қамтылады.

Аталған бәсекелестікті бір құқыққа қайшы әрекеттің бірдей шамада жазаланушылығын қарастыратын екі немесе одан да көп қылмыстық заңның бар болуы ретінде анықтауға болады.

Мысал ретінде төмендегіні келтіре кетейік, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық (ҚК-ң 175-бабының 2-бөлігінің  «а» тармақшасы) және ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс. Немесе «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» (ҚК-тің 307-бабы) және «Қызметтік жалғандық» (ҚК-тің 314-бабы). Бұл жерде лауазымды тұлға өзінің қызметтік жағдайын қасақана қызмет мүдделеріне қарсы пайдалануды мүмкін.

Оның әрекеттері жеке мүдделілікпен, пайдакүнемдік мақсатта жасалып және мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Зиян келтіру ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу жасымен жасалады. Тергеушінің және соттың міндеті бәсекелестіктегі қылмыстық - құқықтық нормалардың біреуін дұрыс таңдап алу. Яғни іс-әрекетті саралау, жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын барынша дәл көрсететін ҚК-тің Ерекше бөлімінің тек бір бабы арқылы жасалуы тиіс.

Қылмыстық - құқықтық нормалардың бәсекелестігі құқықтық құбылыс ретінде белгілі бір шамадағы күрделі құрылымды білдіреді, бұл нормалардың органикалық байланысы, олардың бір-біріне тәуелділігі ҚК-тің әртүрлі баптарында жазылған бірдей қылмыстардың белгілерін қарастыруы олардың арасындағы ортақтық болады. Берілген фактіде айталық, олардың бірдейлігі ұқсастық болып табылады. Бірақ соңғысы және бұл басты, маңызды тіптен толық емес тек, норманың көлемі мен мазмұны бойынша жекелеген ұқсастық болып табылады. Олардың айырмашылығы да осыдан көрінеді.

Көрсетілген параметрлар бойынша жекелеген авторлар нормалар бәсекелестігінің екі негізгі түрін айырып көрсетеді. Бұл түрлер нормалардың көлемі мазмұны бойынша айырмашылықтарына сайлықты. Өзге авторлар бәсекелестіктің үш түрін ажыратып көрсетеді:

а) жалпы және арнайы нормалардың;

б) арнайы нормалардың;

в) бөлшектің және бүтіннің.

Б.А. Куриновтың пікірінше екі түрі барынша айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі [18, 165 б.].

Егер арнайы нормалардың бәсекелестігін ұғынуда қиындық болмаса ал жалпы және арнайы норнмалардың бәсекелестігінде бұл кездеседі. Мысалы нормалардың объектісі тұрғасынан бұл бәсекелестік бір норманың өзінің көлемі бойынша іс-әрекеттердің айта қаларлықтай кең шеңберін қарастырса басқа норма - тек олардың бөлігін қарастырады. Норманың мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің берілген түрі олардың өздерінің мазмұны бойынша айырмашылығына байланысты. Жоғарыда келтірілген лауазымдық қылмысқа байланысты мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» ҚК-тің 307-бабы жалпы норма болып табылады (лауазымдық қылмыстың түсінігі беріледі) ал ҚК-тің 314-бабы «Қызметтік жалғандық жасау» - арнаулы норма (лауазымдық жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық - бұл да лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы.

Нормалардың мазмұны бойынша айырмашылығының мысалы ретінде «Қарақшылық» үшін жауапкершілікті қарастыратын бап (ҚК 179-бабы) және 103-бап. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атауға болады. Бірінші қылмыстық - құқықтық норма өзінің мазмұны бойынша толығырақ. Ол тек адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті денеге зиян келтірулерді қамтып ғана қоймайды сонымен қатар берілген қылмыстың басқада белгілерін де кірістіреді. Ал екінші норма ҚК-тің 103-бабы бұл белгілерді бермейді.

Ендеше жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігінде олардың көлемі бойынша айырмашылығы логикалық бағыныстылығы мен нақтылануынан көрініс табады.

Әрекет етуші заңнама жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі барысындағы қылмысты саралау ережесін бекітеді (ҚК 12-бап 3-бөлім) мысалы, ҚК-тің 228-бабы «Өкілеттіктерді теріс пайдалану» және арнайы норма (ҚК 231-бабы) «Комерциялық сатып алу». Аталған жағдайда арнайы норма қолданылады. Берілген қоғамдық қауіпті әрекет онымен тікелей қарастырылған. Жалпы норма - топтық құрам арнайы нормамен қамтылмайтын болуы мүмкін әлеуметтік-қолайсыз құқық бұзушылықтар үшін бөлек сақталып қойылғандай болады. Соңғысы өз кезегінде жалпы норманың барлық белгілеріне ие болып сонымен қатар өзіндік ерекше белгілерді де кірістіреді. Тек солар ғана арнайы норманы жалпы нормадан ажыратып көрсетеді. Тергеу және сот органдарының практикасы, жалпы нормамен бәсекелестіктегі арнайы норманың басымдығы туралы ғылыми кеңестердің дұрыстығын толық дәлелдеп отыр.

Нормалардың осындай бәсекелестігі кезінде мынадай құқықтық жағдай қалыптасуы мүмкін: бір қылмыстың екі түрлі құрамының арасындағы бәсекелестік. Олар ҚК-тің бір бабының әр түрлі бөлімдерінде немесе пунктерінде көрсетілуі мүмкін. Бұл айтылғандар құрамының негізгі және сараланған түрлері арасындағы бәсекелестіктен басқа ешнәрсе емес. Мысалы 181-баптың 1-бөлімі «Қорқытып алушылық» оның негізгі құрамын қарастырады, ал 2-бөлімі сараланған (күш қолданумен жасалған қорқытып алушылық). Ол арнайы норма болып  табылғандықтан оған басымдық беріледі.

Құрамының бірнеше басымдық берілген түрлері арасындағы бәсекелестік болуы мүмкін.

Мысалы ҚК-тің 181-бабының 2-бөлімі аталған баптың 3-бөлімімен бәсекелеседі «ұйымдасқан топпен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтірумен жасалған қорқытып алушылық». Бұл жерде ауырырақ сараланған белгі жеңілірек сараланған белгіні сіңіруіне байланысты 181-баптың 3-бөлімі қолданылады.

Арнайы қылмыстық - құқықтық нормалардың бәсекелестігінің барысында қатысты бұл құқықтық жағдайда жазылған ереже әрекет етеді. Яғни жеңілірек қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын нормаға басымдық беріледі. Ол ереже Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық – іс жүргізу заңнамасының жалпы принциптеріне атап айтқанда заңдылық, әділеттік және ізгілікке негізделеді.

Қазақстан заңшығарушысы Қылмыстық кодексте қылмыстың жиынтығын қылмыстық - құқықтық нормалардың бәсекелестігінен айырып көрсеткен. Бұның негізінде арнайы норма жатқызылады және оның маңызын бекітеді. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

Қылмыстық - құқықтық нормалардың бәсекелестігі барысында Қылмыстық кодексті дұрыс қолдану тек төмендегі шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады:

- жасалған іс-әрекетті оның мазмұнын және белгілерін терең зерттегенде;

- ҚК-тің Ерекше және  Жалпы бөлімдері баптарының жүйесін  білу;

- әрекет етуші заңнаманы терең түсініп меңгеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Біз «Қылмыс құрамы және оны саралау мәселелері» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызды қортындылаудан бұрын аталған тақырыптың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы және қылмыстылықпен күрестегі маңызын атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты орындау барысында біз қылмыс құрамының қылмысты саралауда негізгі маңызға ие болатындығына көз жеткіздік. Қылмыс құрамы заңшығарушымен қылмыстық - құқықтық нормада бекітілген негізгі белгілерден құрала отырып өз кезегінде қандай іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылықты туындататындығын және нақты қандай түрдегі немесе қылмыстың қай түріне жатқызылатындағын айқын көрсетеді. Қылмыс құрамының құқық қолдану практикасында шешуші маңызға ие болатындығын анық байқауға болады әрине біз бұл жерде құқық қолдану ретінде тек қылмыстық заңнаманы қолдану жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды еске сала кетудің артығы болмас.

«Саралау» термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді.

Әрине берілген жұмыс қылмысты саралаудың барлық кешенді проблемаларын толықтай ашып, олардың практикалық шешімін табудың жолдарын көрсетеді деп санай алмаймыз. Жұмысты орындау барысында жалпы жұмысымыздың мазмұнында біз қылмысты саралаудың құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алатындағын яғни құқықтық нормаларды қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылатындығын атап көрсеттік.

Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бектіу болып табылады.

Қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие екендігін төмендегідей мысалдан байқауға болады. М. деген азамат өзінің әйелінің төсекте ашынасымен жатқан жерінен үстінен шығып әйелін ерекше қатігездікпен өлтірген. Тергеу органдары оның әрекеттерін ҚК-тің 96-бабының 2-бөлімі «д» пунктімен саралаған, ал сот онымен келісіп 12 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындаған алайда кіәлінің әрекетінде жан күйзелісі жағдайы болғандығын атап өткен. Жоғарғы сатыдағы сот кінәлінің әрекетін 98 - баптың 2-бөлімімен қайта саралап оған осы бап бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Осы мысалдан қылмысты дұрыс саралаудың әділеттілік, заңдылық үшін, адамдардың тағдыры үшін қандай маңызға ие екендігін түсінуге болады.

Жұмысымыздың қортындысында қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының негізгі мәселелерінің жоғарыда өзіміз атап көрсеткендей болып табылатынын оның мазмұны негізінен қылмыс құрамы ілімін тереңдетуге бағытталғанын, тергеу мен соттың қызметіндегі оның маңызын атап өтуге тиіспіз. Қылмыстық құқықтың әлдеқандай институттарын жақсы меңгеру негізінде ғана практиканың тиісті мәселелерін оның ішінде оперативтік - тергеу қызметінің қортындысы болып табылатын қылмысты саралауды да дұрыс шешуге мүмкіндік пайда болады. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылық үшін қандай маңызға ие болатындығын тағыда атап көрсете отырып, біз қылмысты саралаудың заңды негізі болып табылатын қылмыс құрамының осы орайда шешуші маңызға ие болатындығына назар аударамыз.

Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.

Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.

Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады.

Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқықтық салдар).

Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.

Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса.

 Себебі ҚК-тің 101-бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 - бабының 1 - бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 96-баптың 2-бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.

Информация о работе Қылмысқа қатысушылық түсінігі