Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау, Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулық даярлау.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................4
1 Оқыту әдістері , тәсілдері және жіктеу проблемасы
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым..............................6
1.2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. …….8
1.3 Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі……………………………..
2 PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі ..................................12
2.2 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі Құрал-саймандар тақтасы....................................................................................................................16
2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары...................22
2.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар............................................................38
3 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ «PHOTOSHOP» ПӘНІНЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ
3.1………………………………….
3.2………………………………
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

4.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу…………………

4.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі…………

5 ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

5.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi………………………………………...
5.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу
eрежесі…………………………………………………………………………..
5.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі…………………………….
5.4. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………………...
5.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның
метеожағдайлары………………………………………………………………..
5.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі………………………
5.7. Пайдалануға берілген ДЭЕМ-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................73
ҚОСЫМША.........................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 1.46 Мб (Скачать файл)

2.2 Құрал-саймандар тақтасы

Adobe Photoshop программасының  негізгі тақталарының бірі – Toolbox (Құрал-саймандар тақтасы). Бейнені өңдеу әр түрлі тәсілдерден тұрады, олардың әрқайсысы үшін ерекше құрал-сайман бар. Барлық құрал-саймандар орналасқан Toolbox тақтасы әрқашан экранда тұруы керек. Үнсіз жағдайда ол негізгі терезенің сол жағында орналасқан. Тақтадағы әр құрал-сайманға белгісі бар батырма сәйкес келеді. Ұқсас құралдар топқа біріктірілген. Тақтада топтың бір ғана құралы көрініп тұрады, ал қалғандары жасырын болады. Photoshop программасының құрал-саймандар тақтасының ерекшелігі балама құралдардың бар болуы. Жасырын балама құралдардан тұратын батырмалар кішкентай қара үшбұрыш белгімен белгіленген. Егер мұндай батырмаға тышқан меңзерін бірнеше секунд ұстап тұрса, жасырын құралдың батырмалары бар қалқымалы тақта пайда болады. Топтың қажет құралына шерткенде ол көрінетін болады, ал алдыңғысы жасырынады. Toolbox тақтасының төменгі жағында белсенді түстерді басқару батырмалары, үлкейту режимдерінің және программаның негізгі терезесінің  қайта-қосқыштары орналасқан.  Түстік тіктөртбұрыштар: фондық және жұмыс түстерінің үлгілері. Жұмыс түсінің үлгісі жоғарғы тіктөртбұрышта орналасқан. Дәл осы түске бояу және сурет салу құралын қолданғандағы бейне нүктелері ие болады. Фондық түс нүктелерге бейне үзінділерін өшіргеннен кейін меншіктеледі. Фондық және жұмыс түсін туынды түрде анықтауға болады. Үнсіз жағдайда – бұл қара және ақ түстер. Үлгілердің орындарын ауыстыру үшін оң жақтағы екі түс тіктөртбұрыштарының арасындағы бүктелген екіжақты бағыттағышты қолданады. Кез-келген уақытта үнсіз жағдайда түстерге сол жақты белгімен қайтуға болады [4].

1.5-сурет. Құрал-саймандар тақтасы

 

Құрал-саймандар тақтасы сызуға, сурет салуға, өшіруге арналған және бейнелермен орындалатын басқа да амалдардан тұрады. Барлық құрал-саймандарды шартты түрде төртке бөлуге болады:

• Ерекшелеу құрал-саймандары;

• Сурет салу құрал-саймандары;

• Жиектермен, градиентті бояулармен және фигуралармен жұмысқа арналған құрал-саймандар;

• Бейнені қарауға арналған құрал-саймандар.

I. Тақтаның бірінші тобын объектілермен жұмысқа арналған құрал-саймандар құрайды, олар: Ерекшелеу, Орын ауыстыру, Лассо, Сиқырлы таяқша, Қию, Үзінді сияқты құрал-саймандар.

Бейне үзінділерін ерекшелеудің бірнеше әдістері бар. Ол үшін келесі құрал-саймандарды қолдануға болады: Marquee (Ерекшелеу), Lasso (Лассо) немесе Magic Wand (Сиқырлы таяқша). Бұл құрал-саймандар бейне аймақтарын әр түрлі әдістермен ерекшелеуге мүмкіндік береді, себебі ерекшелеу мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір пішіндегі фигураны бейнеден қиып алу немесе түсін өзгерту үшін суреттегі аспанды толығымен ерекшелеу қажет болады. Photoshop-тың ерекшелеуші құрал-саймандары іс-әрекеттердің  толық еркіндігін ұсынады, яғни бейнені толығымен және оның жеке пиксельдерін ерекшелеуге мүмкіндік береді.                                                           

1. Marquee (Ерекшелеу) құралын тышқанмен шерту арқылы немесе пернетақтадан <М> пернесін басу арқылы белсенді етуге болады.                                 

Бұл топтың балама құралдарына:

  • Rectangle Marquee (Тікбұрышты ерекшелеу);
  • Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу);
  • Single Row Marquee (Бір жолды ерекшелеу);
  • Single Column Marquee (Бір бағанды ерекшелеу) жатады.

1.6-сурет. Ерекшелеу құралының түрлері

 

Rectangle Marquee (Тікбұрышты ерекшелеу) және Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу)  құрал-саймандарының батырмалары  құрал-саймандар тақтасының сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан.  Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу) құралын таңдау үшін Rectangle Marquee құралына шертіп ашылған мәзірден Elliptical Marquee құралын таңдау қажет. Осылайша Single Row Marquee (Бір жолды ерекшелеу) және  Single Column Marquee (Бір бағанды ерекшелеу) құралдары да таңдалынады. Егер Rectangle Marquee құралы ерекшеленген болса, Elliptical Marquee құралына өту үшін <Shift+M> батырмалар комбинациясы қолданылады. Бірнеше аймақтарды ерекшелегенде <Shift> пернесін басып тұру қажет. <Shift> пернесі дұрыс пішіндегі төртбұрыш немесе шеңберді ерекшелегенде қажет. Меңзерді қозғалту кезінде <Shift> пернесін басып тұрса ерекшеленетін аймаққа дұрыс пішін береді. Ерекшеленген аймақ ішінде орналасқан қандай да бір үзіндінің белгілеуін алып тастау үшін бұл үзіндіні <Alt> пернесін басып тұрып ерекшелеу құралымен қоршау қажет. Single Row Marquee (Бір жолды ерекшелеу) және  Single Column Marquee (Бір бағанды ерекшелеу) құралдары ені бір пиксельге тең горизонталь және вертикаль жолақтарды ерекшелейді [6].

2. Move (Орын ауыстыру) құралы.

1.7-сурет. Орын ауыстыру құралы

 

Тышқанмен шерту арқылы немесе пернетақтадан <V> пернесін басу арқылы Move (Орын ауыстыру) құралын қосуға болады. Жұмысты бастамас бұрын, Marquee (Ерекшелеу) құралы арқылы анықталған бейнені ерекшелеу керек. Содан ерекшеленген аймақтың ішіне меңзерді қойып, тышқанның батырмасын басып оны бейнеден тыс жерге орын ауыстырады. Егер ерекшеленген аймақтың орнын ауыстыру орындалмаса, онда жылжыту кезінде <Shift> пернесін басып тұру керек. Бұл ерекшеленген аймақты тігінен жылжытады (көлдеңнең және 45° бұрышпен). Тышқанның батырмасын, содан кейін <Shift> пернесін жіберу керек [5].  

3. Lasso (Лассо) құралын тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан <L> пернесін басу арқылы қосуға болады. Туынды пішін аймағын ерекшелеуге Lasso тобының құралдары арналған:

  • Lasso (Лассо);
  • Polygonal Lasso (Көпбұрышты лассо);
  • Magnetic Lasso (Магниттік лассо).

1.8-сурет. Лассо тобының құралдары

 

Lasso құралы. Дұрыс емес пішінді аймақты ерекшелеу үшін Lasso (Лассо) құралы қолданылады. Marquee құралы сияқты Lasso құралымен <Shift> пернесін басып тұрып бірнеше аймақтарды ерекшелеуге болады. Lasso құралының көмегімен аймақты нақты белгілеудің себебі, тышқан меңзерінің баяу қозғалуы болып табылады. Бұл құрал иректі пішінді аймақтарды ерекшелеу үшін арналған және де ол екі нұсқада қолданылады. Бірінші нұсқа: кең тәртіпте шекараның ерекшеленген аймағын тышқан арқылы салу (Pensil (Қарындаш) құралымен салғандай). Тышқанның батырмасын басып және күңгірт әйнек фотоаппарат шекарасын айналдырып өткізу арқылы бастапқы және соңғы нүктелерді қосуға болады, ал осыдан кейін тышқанның батырмасын жіберу қажет. Сөйтіп, программа автоматты түрде онша түзу емес сызықты жабық пішінде біріктіреді. Екінші нұсқа: Select (Ерекшелеу) мәзірін ашып және None (Ештеңе ерекшеленбеген) бұйрығын орындап, <Alt> пернесін басып, құралдың меңзерін күңгірт әйнектің астыңғы бұрышының сол жағына келтіріп және тышқанмен шертіп, меңзерді астыңғы бұрыштың оң жағына келтіріп, тағы да тышқанмен шерту керек. <Alt> пернесін жібермей, қажетті нүктелерді тышқанмен шертіп, барлық қисықтарды және шығыныңқылықтарды   жинақты   түрде   айналып   шығу қажет.   <Alt> пернесін жіберсе, соңғы нүкте автоматты түрде бастапқы нүктемен қосылады. Енді тузу сызық жақсы шығады [11].

                              


1.9-сурет. Lasso құралының көмегімен ерекшелеу

 

Polygonal Lasso құралы. Polygonal Lasso (Көпбұрышты лассо) құралы Lasso құралы сияқты қолданылады, бірақ ерекшеленген аймақтарды көпбұрыштар түрінде құруға мүмкіндік береді. Бұл күрделі пішіндегі аймақтарды ерекшелеуді жеңілдетеді. Lasso құралымен түзулер жүргізбей-ақ, Polygonal Lasso құралымен қажет нүктелерге шерту қажет, ал Photoshop автоматты түрде осы нүктелерді түзулермен байланыстырады.

Magnetic Lasso құралы. Бұл құрал басқаларына қарағанда жиі қолданылады. Егер объектіні айқын шекаралармен ерекшелеу қажет болса осы құралды қолдану қажет. Объект шеттері байланысқан пиксельдер сәйкестігі негізінде анықталатындықтан, Magnetic Lasso құралы бейненің фондық бөлігіне қатысты сәйкестігі дұрыс емес пішінді объектілерді ерекшелеу үшін қолданылады. Құралдың параметрларын баптау үшін Tool Options тақтасы қолданылады. Width (Ені) параметрі программа шекараның бар болуын жекешелей (идентифицирлей) алу үшін құрал меңзері объект шетіне қаншалықты жақын орналасатынын анықтайды. Edge contrast (Шекара сәйкестігі) параметрі олардың арасында шекара жүргізу үшін пиксельдер түсі бойынша бір-бірінен қаншалықты ерекшеленуі керектігін анықтайды. Frequency (Жиілік) параметрі байланыс нүктелері бір-бірінен қандай қашықтықта орнатылатынын анықтайды [4].

4. Magic Wand (Сиқырлы таяқша) құралы.

1.10-сурет. Сиқырлы таяқша құралы

 

Тышқанмен шерту арқылы немесе пернетақтадан <W> пернесін басып Magic Wand (Сиқырлы таяқша) құралын қосуға болады. Magic Wand (Сиқырлы таяқша) құралы ерекшелеу құралдарының біріне жатады, бұл құралдың "сиқырлылығы" бейнелердің үзінділерін түстің әр түрлі пиксельдерінің сәйкес келуі бойынша ерекшелейді. Бұл құрал үшін бірдей түсті аймақтарды ерекшелеу қолайлы жағдай болып табылады. Сонымен қатар түстік аралықтың қарастыру мүмкіншілігі де анықталған. Аралықты орнатып және кез-келген пиксельге шертсе, анықталған аралыққа түсетін, ерекшеленген түсті аймақты алуға болады. Magic Wand құралы орналасуы бойынша емес, түстік мәндері негізінде бейне пиксельдерін ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бұл алдыңғы орында орналасқан объектілерді толығымен бөлуге мүмкіндік береді. Басқа ерекшелеу құрал-саймандары сияқты Magic Wand құралы <Shift> пернесін басып тұрғанда бейненің қосымша үзінділерін ерекшелеуге және оларды бір жалпы ерекшеленген аймаққа біріктіруге мүмкіндік береді. Бір аймаққа белгіленетін пиксельдер реңдері қаншалықты ерекшеленетіні Magic Wand құралын таңдағанда Tool Options тақтасында бейнеленетін Tolerance (Рұқсат) парметрінің мәніне тәуелді. Tolerance параметрінің мәні көп болса,  Magic Wand құралымен ерекшеленетін пиксельдер реңдері күштірек ерекшеленеді. Tool Options тақтасында параметрларды өзгерткенде, суретте көрсетілген түстің барлық пиксельдері немесе тек бір-біріне қосылатындары ғана ерекшелену керектігін анықтауға болады. Magic Wand құралы көбіне бір түске боялған объектілерді белгілеу үшін қолданылады [7].

5. Crop (Қию) құралы.

1.11-сурет. Қию құралы

 

Бейнелермен, фотосуреттермен  жұмыс істегенде кейде керек  емес қиықтарды алып тастау қажет  болады. Бұл жағдайда Crop құралын пайдалануға болады. Құралды ташқанмен шертіп немесе пернетақтадан <C> пернесін басып белсенді етуге болады. Кадрды қию өлшемдері қолмен немесе параметрларын орнату арқылы жүзеге асады.

6. Slice (Үзінді) құралы. Slice құралын әдеттегідей тышқанмен шертіп, сонымен қатар пернетақтадан <K> пернесін басып қосуға болады. Бұл топта қолданылатын құралдар түрлері келесі:

  • Slice (Үзінді);    
  • Slice Select (Үзіндіні таңдау).

1.12-сурет. Үзінді құралының түрлері

 

II. Тақтаның екінші  тобында сурет салу үшін арналған дәстүрлі Қалпына келтіруші қылқалам/Жамау/Түсті ауыстыру, Қарындаш/Қылқалам, Өшіргіш/Фонды өшіргіш/Сиқырлы өшіргіш, Штамп/Клондаушы штамп, Тарихи қылқалам/Оюлы қылқалам, Жуу/Қанықтылық/Саусақ, Градиент/Бояу, Жарықтандыру/Қараңғылау/Мақта сияқты құрал-саймандар бар.

Сурет салу құрал-саймандары  тобына Brush (Қылқалам), Pencil (Қарындаш) және Rubber Stamp (Штамп) сияқты құралдар кіреді. Pencil және Brush  құралдары үшін қалыңдығын және иілу бұрышын беруге болады. Құрал-саймандар тақтасында олар бір батырмада орналасқан. Параметрлар тақтасында қылқаламды аэрографқа айналдыратын батырма бар, сонымен қатар бояуды шашуды күшейтетін айналу жолағы орналасқан. Rubber Stamp құралы пішіні таңдалынған қылқалам пішініне сәйкес келетін бейненің үзіндісін көшіреді және оны тышқанмен әрбір шерткенде қояды. Eraser (Өшіргіш) құралымен бейне үзінділерін өшіруге болады. Өшіргіш пішіні тіктөртбұрышты (Block) болады, сонымен қатар Pencil немесе Brush құралдары қылқаламдарымен сәйкес болуы мүмкін. Әдеттегі өшіргішке қосымша екі арнайы өшіргіштер бар: Background Eraser (Фонды өшіргіш) және Magic Eraser (Сиқырлы өшіргіш). Олар фонды және таңдалынған түсті автоматты түрде өшіру үшін қолданылады. Суретті өңдеуге арналған келесі үш арнайы құрал-саймандар сурет салу құрал-саймандарының тобына жатады: белгішесі медициналық бинт тәрізді Healing Brush (Қалпына келтіруші қылқалам), белгішесі жамау тәрізді Patch (Жамау), Color Replacement (Түсті ауыстыру). Бейненің кішкентай үзінділерімен жұмыс істегенде Rubber Stamp-қа қарағанда Healing Brush-ты қолданған дұрыс, себебі ол суреттің басқа үзінділеріне әсер етпей, ұсақ нүктелерді, әжімдерді, сызаттарды өшіреді. Patch құралының көмегімен үлкен аймақтарды ерекшелеуге және оны фондық суретпен араластыруға болады. Color Replacement құралы жеке түстерді басқа реңмен ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл құрал, мысалы көздің түсін өзгерткенде ыңғайлы. History Brush (Тарихи қылқалам) құралы History палитрасымен бірге бейнеге енгізілген өзгерістерді таңдамалы түрде кері қайтаруға және қайталауға мүмкіндік береді. Art History Brush (Оюлы тарихи қылқалам) құралы сурет салудың әртүрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Gradient (Градиент) құралы градиенттік фондық бояуларды орындауға қолданылады. Осы батырмада орналасқан Paint Bucket (Бояу) құралы ерекшеленген аймақтарды бояуға мүкіндік береді. Бейне түсінің интенсивтілігін араластыруға, жууға және өзгертуге арналған құрал-саймандар: Smudge (Саусақ), Blur (Жуу), Sharpen (Қанықтылық), сонымен қатар Dodge (Жарықтандыру), Burn (Қараңғылау) және Sponge (Мақта) [3].

  1. Healing Brush (Қалпына келтіруші қылқалам)/Patсh (Жамау)/Color Replacement (Түсті ауыстыру) құралдарын тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан <J> пернесін басу арқылы қосуға болады.

1.13-сурет. Қалпына келтіруші қылқалам/Жамау/Түсті ауыстыру құралдары

 

Healing Brush (Қалпына келтіруші қылқалам) құралы Clone Stamp құралына ұқсас келеді, бірақ көшірілетін бейне немесе бейне бөлігі ол көшірілетін орындағы жарық және түс негізінде автоматты түрде түзеледі. Patсh (Жамау) құралы бейненің ерекшеленген аймақ өлшеміне тең бейнені көшіруге немесе оюды қоюға мүмкіндік береді.

Информация о работе Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі