Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 18:39, курс лекций

Описание работы

Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
«Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
«Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

Файлы: 1 файл

Лекцияны -зірлеген- о-ытушы Саденова Айнаш -адылбековна.doc

— 1.21 Мб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

Математика, физика және

                                                                                   технологиялар факультеттің

                                                                                   әдістемелік кеңесінде   бекітілген

                                                                                   Төрайымы__________Магзумова Э.М.

                                                                                    ПР №___«___»______________2007 ж.

 

 

 

 

 

 

 

050120-«Кәсіптік білім» мамандығының студенттері үшін

 

ОРР0209 «Өндірістік оқыту  әдістемесі» пәнінен

 

«Өндірістік оқыту әдістемесі»  лекциялар курсы

 

 

 

Лекцияны әзірлеген: оқытушы Саденова Айнаш Қадылбековна

Оқытушымен байланыс түрлері мен тәртібі: тел.47-78- 80, оқу корпусы №7 ШҚМУ, кәсіптік оқыту және технологиялар кафедрасы, ауд. 210

 

 

 

 

 

 

        

  Лекциялар курсы

                                                                                     «Кәсіптік оқыту және технологиялар» кафедраның   

                                                                                     отырысында

                                                                          талқыланып, ұсынылған

                                                                             «__» _______ 2007 ж. № __  хаттама

                                                                                     кафедра меңгерушісі______Исаева Ж.М.

 

 

 

 

                                                

 

 

Өскемен, 2007

 

Өндірістік оқытуды  ұйымдастыру әдістемесі.

 

Мазмұны

    1. Кіріспе
    2. Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
    3. «Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
    4. «Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
    5. «Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
    6. Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
    7. Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
    8. «Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу  әдістемесі
    9. «Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
    10. «Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
    11. «Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

 

«Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын  оқыту әдістемесі.

  1. Тақырыпқа сипаттама

Бұл тақырып «Өндірістік  оқытуды ұйымдастыру әдістемесі»  пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.

Тақырып материалдарын  мынадай тақырыпшаларға бөліп өту  ыңғайлы:

1 сабақ. Өндірістік  оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері.  Өндірістік оқытудың негізгі  мақсаттары

2 сабақ. Білікті маман  жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне  талдау жасау арқылы оның өндірістік  оқытуының мазмұнын анықтау.

3 сабақ. Өндірістік  оқыту жүйесі 

4 сабақ. Өндірістік оқытудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

5 сабақ. Өндірістік  оқыту үрдісінің функциялары.  Оқу және нұсқау жүргізу әдісі.

6 сабақ. Өндірістік  оқыту құралдары 

Өндірістік оқытудың принциптері

Аталған сабақтарды өткізу үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалану қажет:

  1. «Өндірістік оқыту» пәніне арналған әдістемелік плакаттар
  2. Бастауыш және орта кәсіптік мамандықтардың мемлекеттік стандарттары мен типтік оқу жоспарлары.
  3. Типтік оқу бағдарламалары
  4. Жұмысшы мамандарының кәсіптік сипаттамалары
  5. Пән бойынша жасалған электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бейне-фильмдер, оқу құралдары.
  6. Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Аталған тақырып бойынша  теория сабағын өту барысында  мынадай анықтамаларға түсінік  берген дұрыс:

-кәсіптік педагогика, немесе адам баласына кәсіптік білім беру жолдарының жолдары;

-кәсіптік мектептерде  ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі;

-оқу үрдісіндегі теориялық  және өндірістік оқытудың түрлерін, мұндағы жалпы білім беретін,  жалпы техникалық және арнайы  пәндердің оқытылуы туралы мәліметтерді беру т.с.с.

Сабақ барысында оқушылармен  пікірталас арқылы, оқу үрдісі, оқу  үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнің (шебердің) басқару ролі, оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі негізгі әдіс-тәсілдері, оқудың мақсаты, оның функциялары, өндірістік оқытудың мазмұнын т.с.с.

Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне сипаттама:

-білім; -дағды; -біліктілік;  -кәсіби құзырлылық т.с.с.

Кәсіби құзырлығы жоғары жұмысшы маман даярлау үшін өндірістік оқытудың арнайы мақсаттары бар екенін айтып өткен жақсы. Осы мақсаттарды толық түсіну үшін мынадай түсініктерді біліп алған жөн:

-кәсіп;  -мамандық; -біліктілік деңгейі

Кәсіп- еңбек қызметінің үнемі атқарылатын түрін, оны атқарудағы дене күш мүмкіндікті, интеллектуалдық қабілеттілікті және заңды құқықтылықты қамтамасыз ететін білім мен біліктің жиынтығын айтады.

Мамандық - еңбек қызметінің белгілі бір кәсіп шеңберіндегі нақты бөлігі болып табылады.

Біліктілік – жеке тұлғаның кәсіптік қызметке дайындық дәрежесі. Ол білімнің деңгейімен, кәсіби шеңберімен және біліктілік сатысымен сипатталады.

Біліктілік деңгейі - тарификация және аттестация жүйесінің арнайы құжаттарымен реттеледі, осы дәреженің шеңберінде (тарифтік разрядтар, кластар, категориялар) кәсіби шеңберлікті сипаттайды.

Сабақ барысында білім  сапасын тексере отырып, кәсіби құзырлылықты қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасындағы  кәсіптік білімінің мемлекеттік  стандарттары туралы сөз қозғағанда оның мынадай негізгі ережелеріне  тоқталып кету керек:

Республикалық деңгейде бекітетін білім құжаттар:

-бастауыш кәсіптік  білім стандарттарының негізгі  ережелері;

-кәсіптік білім мамандықтарының  және оны мамандандырудың тізімі;

-кәсіби мінездеме;

-нақты кәсіп пен  мамандықтар, сонымен қатар жалпы  салалық және салааралық жеке  пәндер бойынша кәсіптік білім мазмұнының міндетті компоненттері;

-кәсіптік білім мекемелері  оқу жоспарларының моделі;

-жоба оқу-бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар;

-кәсіптік білім сапасының  стандарттық параметрлерінің тізбегі  мен сипаттамасы;

-оқушылардың білім, білік сапасын тексеруге, бақылау жұмыстарын құрастыруға арналған жалпы талаптар.

-оқушылардың білім  және білігінің кәсіптік білім  стандартының талабына сәйкестігін  тексеретін бақылау процедурасының  реттілігін сипаттау;

Кәсіптік білімді  стандарттаудың негізгі мақсаттары:

-республикада бірыңғай  білім кеңістігін қамтамасыз  ету;

-республиканың экономикасы  талаптарына сәйкес кәсіптік білім шарттары мен мемлекеттік сапаны қамтамасыз ету;

-кәсіптік білімді  халықаралық стандартпен және  еңбек рыногының талаптарымен үйлесуін қамтамасыз ету;

-Кәсіптік білімді  стандарттаудың негізгі міндеттері:

-кәсіптік білімді  міндет пен сапаға жеткізуді  нормативті құжаттардың жүйесін  жасау;

-білімдік қызмет көрсетушілерді, ұйымдастырушылар мен тапсырыс  берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл информациямен қамтамасыз ету;

-жұмысшылар мен мамандардың  кәсіби дайындығы мен соңғы  нәтижелеріне тиімді талаптар  қою;

-орындаушының көрсететін  білімдік қызметінің сапалық  көркеткішін құптау

 

Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі ұстанымдарын да оқушылар толық меңгеріп алулары тиіс.

ҚРеспубликасындағы кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру  жұмысы мынадай ұстанымдар негізінде жүргізіледі, нарық еңбегінің талаптарын жұмысшылар мен мамандардың деңгейіне қарай ескеру: қолданылып жүрген және болашақтағы технологиялармен, техникамен өзара байланысты;

Кәсіптік білімнің стандарттарын жасауда қамтамасыз етілуі қажет:

-баяндаудағы дәлдік  пен бір мағналық;

-жоғарыда аталған  ұстанымдардың кешенділігі, жүйелілігі және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

 

Кәсіптік білімді  стандарттауды ұйымдастыру жұмыстары

1. Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімді стандарттаудың ұймдастыру, үйлестіру және тиімді деңгейін қамтамасыз ету жұмыстарын Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (БМж ДМ) жүзеге асырады.

2. ҚР БМжДМ-і бюджеттік және басқа қаржылардың есебінен кәсіптік білім стандартына тапсырыс беруші, сонымен қатар кәсіби оқыту мен білімдік қызметті жүзеге асырушы түрлі министрліктер, ведомстволар, ұйымдар, концерндер, ассоциациялар, мекемелер мен өндірістік орындар, мекемелер т.б. құрылымдар да тапсырыс берушілер болып табылады. Бұл жұмыстарды қаржыландыру тапсырыс берушілер есебінен сондай-ақ келісімдік  негізде орталықтандырылған қаржы есебінен атқарылады.

3. ҚР БМДМ білімді  стандарттаудың республикалық орталығы  мен келісу арқылы кәсіптік  білімді стандарттаудың мемлекеттік  жүйесін бекітеді.

4. Кәсіптік білімді  стандарттаудың әдістемелік жұмыстарына  жалпы басшылықты республикадағы Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының орта және кәсіптік білім институты жүзеге асырады.

   5. Кәсіптік білімді стандарттаудың нормативтік құжаттарын жасаушы осы Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА орта және кәсіптік білім институты және уақытша ғылыми зерттеу ұжымдары болып табылады.

6. Өндірістік орындар,  ұйымдар, мекемелер және оқу  орындары қажетті жағдайда стандарттар  бойынша және әдістемелік ұйымдастыру  және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын  жүргізетін уақытша шығармашылық  ұжымдар құрады.

Кәсіптік білімнің стандартын құрушыларды былай сипаттауға болады.

  1. Кәсіптік білімнің стандарты мынадай категориялар мен түрлерге бөлінеді:
  2. Мемлекеттік стандарт (МСТ)- Министрлік ведомоствосының келісімі бойынша және Қазақстан Республикасының Министрлік тіркелуімен, кәсіптік білім стандарттары ҚР БМжДМ бекітетін.

Олардың қатарына мамандық бойынша білім стандарттары; оқу-әдістемелік  кешендерге қойылатын талаптар; кәсіптік білім стандартының білім жүйесі; кәсіптік білімнің оқу орындарын  материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету нормативтері; кәсіби дайындықты бағалаудың критерийлері; кәсіптік-техникалық білім алғандығын дәлелдейтін; құжаттардың үлгілері мен мәртебесі; кәсіпкерлік білім стандартттары; кәсіпкертік білімді стандарттаудың терминдік сөздері т.б.

3. Салалық және өндіріс орындарының стандарттарын кәсіптік білім стандарттарын өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жасап, кәсіби оқытуды жүзеге асырады.

Олардың қатарына кәсіптік оқытудың жұмыстық оқу жоспарлары мен  бағдарламалары, сондай-ақ айрықша  мамандықтар бойынша оқу орындары мен патенттелген технологиялары; оқушылардың білімі мен білігін бағалау жүйесі т.б. жатады.

  1. Кәсіптік білім стандарттарының құрылуы, баяндалуы, безендірілуі. ҚР-дағы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты талаптарына сай болуы керек.
  2. Кәсіптік білім стандарттары (МСТ, ССТ, ООСТ), және ондағы өзгерістер ҚР-ның мемлекеттік кәсіптік білім стандартына сәйкес арнайы мемлекеттік органдарда тіркеледі және ол құжаттар мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуы керек.

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген кәсіптік білім стандарттары оған енетін өзгерістер жарамсыз болып табылады.

Кәсіптер тізімі - бастапқы кәсіби білім шеңберінде дайындау арқылы жүзеге асырылатын мамандықтарды жүйеленбесі.

Кәсіптік білім – нақты кәсіптер мен мамандықтар бойынша алдынала белгіленген білімдерді, біліктерді және дағдыларды меңгеру арқылы жүретін және тұлғаның кәсіби қалыптасу және даму үрдісі, нәтижесі.

Кәсіби даярлау - кең мағынада: маман кадрларды оқытуды ұйымдастыру, кәсіби білім алудың әрқилы түрлері; тармағында: кәсіби дағдыларды игерудің жеделдетілген түрлері (жеделдетілген кәсіби даярлық).

Информация о работе Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы