Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 18:39, курс лекций

Описание работы

Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
«Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
«Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

Файлы: 1 файл

Лекцияны -зірлеген- о-ытушы Саденова Айнаш -адылбековна.doc

— 1.21 Мб (Скачать файл)

- тараулардың және  тақырыптардың рет сандары, олардың  атаулары, негізінен, тақырыптық  жоспар үрдісіне сәйкес келуі  керек;

- мәтіннің ішінде нақты  ғылымда бір мағына қабылданылатын  түсініктер мен терминдер өлшем бірліктері т.б. көрсеткіштер мемлекеттік стандарттар талабына жауап беруі керек. Шетел сөздері ҚР «Білім туралы» заңына сай белгіленген транкрипцияда беріледі;

- бақылау жұмыстары  оқушылардың білімдері мен біліктері  деңгейлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, пәннің тарауларын оқу қорытындылары бойынша жоспарланады.

 «Ұсынылатын әдебиеттер»  бөлімінде оқулықпен, оқу-анықтамалық  құралдармен, оқытушылар үшін  оқу-әдістемелік әдебиетпен бірге  негізге және қосымша әдебиеттер  толық көрсетіледі.

 «Оқытудың ұсынылатын  жеке құралдары» бөлімінде әрбір  ұсынылатын оқу құралының атауынан  соң, олардың шығарылған жерін,  шығарушыларын және жылын көрсетіп  отырады.

Өндірістік оқу мазмұны  бірыңғай типтік бағдарламамен анықталады.

Оқудың бірыңғай типтік бағдарламасы мынадай тарауларды қамтиды: түсінік хат; оқу мазмұны (практика); практикалық күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар; ұсынылатын басшылықты құжаттар.

Түсінік хатта практиканың  мақсаттары мен міндеттері түзіледі, онда кезеңдер бойынша уақыт қорының бөлуі көрсетіледі, практиканы ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен жұмыс орнына талаптар айтылады.

 «Өндірістік оқу мазмұны» бөлімінде тақырыптық жоспар үлгісін және оның әрбір кезеңдері мен түрлері беріледі.

 «Өндірістік оқудың  күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар» бөлімінде оқу нысаналары мен жұмыс орындары ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік оқудың мазмұнын нақтылаудағы қажеттіліктер мен мүмкінділіктер туралы ұсыныстар беріледі, сондай-ақ өндірістік практика өткізудің күнтізбелік мерзімі белгіленеді.

Әдебиеттер тізімінде  техника мен технологияның қазіргі  кездегі күйі мен болашақ дамуын, адам қызметінің қоғамдық экономикалық, әлеуметтік т.б. салаларының дамуын көрсететін заңдық және басшылықты құжаттар беріледі.

Осы тақырып бойынша лабораториялық, практикалық сабақ ретінде «өндірістік оқыту үрдісін анықтайтын құжаттар» тақырыпшасын өткенде осы айтылған нормативтік құжаттардың жасалу жолдарын оқушылар толық меңгеруі тиіс.

Ал мемлекеттік стандарт құрылымымен толық танысу үшін мына төмендегі мамандықтың стандартымен толық таныстыру қажет, себебі оқушылардың әрқайсысы мемлекеттің стандарт мазмұнына талқылаулар жасауы керек. Белгілі бір мамандықтың кәсіптік мінездемесін түзу үшін, оның құрылымын да білулері тиіс.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ СТАНДАРТЫ

 

Кәсіп: Ауыл шаруашылық өндірісінің шебері (фермер)

Түсінік хат

І. Қолдану  аймағы

«Ауылшаруашылық өндіріс» (фермер) кәсібі бойынша білім стандарты  осы кәсіптегі қызметкерлердің  кәсіби даярлығының түпкі мақсаты  мен аз мазмұнын анықтайды. Оқушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлемін жүйелендіруімен қатар кәсіптік білім сапасының мамандық үлесіне сәйкестігі бақыланады.

Оқушылардың кәсіби әзірлігінің  деңгейін және сапасын бағалау кезінде, стандарттағы талаптар негізгі көрсеткіштер болып табылады. Бұл талаптардың орындалуы оқу орындарын бітірушілерге берілетін кәсіптік білім мен атағының берілуі негізі болып есептеледі.

Мамандықтар бойынша  оқытуды ұйымдастыру кәсіптер тізбегі  және бастапқы кәсіптік білім беру мамандықтарына сәйкес жүргізіледі.

Жалпы техникалық оқыту  циклының мазмұнының Базистік компонентін  анықтайтын құжаттар сабақтар бойынша  көрсетіледі; сызу, материалтану, электротехника. Олар жеке тараулармен басылып шығады.

Бастапқы кәсіптік білім  беру мекемелерінде орта (толық) жалпы білім алушылардың және негізгі жалпы білімі барлардың оқытуын ұйымдастыру кезінде орта (толық) жалпы білім берудің (дайындық бағытын ескере отырып) Мемлекеттің үлгісінің Базистік компонентін анықтайтын қосымша құжаттарды басшылыққа алу қажет.

Кәсіптік іс әрекеттің  мазмұнды көрсеткіштері, оның негізгі  түрлері мен теориялық негіздерінің кәсіптік мінездемесін көрсетеді.

Кәсіптік және жалпы  кәсіптік айналымдар мазмұнының Базистік компоненттер құрылымында оқытылу материалдарының бөліктері пәндер аймағы және оқытылу элементтері, оларды игеру деңгейімен қоса бөлініп көрсетілген.

Стандарттағы оқытылу  элементтерінің аталуы нақты іс-әрекеттің  мазмұнын көрсетеді, сонымен бірге  оқытылу қорытындысында оқу орнын  бітіруші оларды толық меңгеруі қажет.

Оқытылу элементтерін меңгеру кезіндегі теориялық және практикалық оқытуды біріктіру, жоспарлы-оқыту құжаттарымен анықталады.

Оқытылу элементтеріне  нақтылы меңгеру деңгейлері сәйкес келеді.

Бастапқы кәсіптік білім беру үлгісі төмендегі деңгейлерді қолдану қажеттігін көрсетеді:

1. Деңгей – алдын-ала  зерттеген мынадай кәсіптік іс-әрекеттің  объектілерін, қасиеттерін, әрекеттерін  білу.

2. Деңгей – ойдағы  іс-қимылды өз бетінше орындау.

3. Деңгей - өнімді іс-қимыл  немесе алдын-ала зерттеген типтік  іс-қимыл типтік емес жағдайдағы іс-әрекеттің алғы шарттарын зерттеу.

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің  шебері» (фермер) мамандығы бойынша  оқытуды ұйымдастыру үшін керекті  оқу жоспарлары мен бағдарламалары Қазақстан Республикасының кәсіптік мектептеріндегі оқу жоспарының моделі негізінде (ҚР білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылғы №206 бұйрығы) білім беру кәсіптік білім беру, қазақтың білім академиясы институты жасаған мамандықтар бойынша жоспарлы құжаттамалар үлгілері мен бастапқы кәсіптік білім беру үлгісінің аймақтық компоненттері құжаттары негізінде жасалады.

ІІ. Нормативтік  сілтемелер.

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы.

2. Мөлшерлі бағыттау. Қазақстан Республикасының «Білім  беру» заңы.

3. Қазақстан Республикасының  «Тұрғындардың бос болмауы» туралы  заңы.

4. Кәсіптердің тізім саны, кәсіптік білім беру және оларды мамандандыру.

5. Қазақстан Республикасы  заңдылықтарының актісіндегі білім  беру жүйесінде өзгерістер, толықтырулар  енгізу туралы Қазақстан Республикасының  президентінің 27 қаңтар 1996 ж. үкімі.

6. ҚР білім министрлігінің 1 шілде 1996 жылғы №206-ы «ҚР Кәсіптік-техникалық мектептерді жаңаша модельдеу, олар үшін оқу жоспарының құжаттарын және жұмысшылардың, мамандардың квалификациясын қайта қарау» туралы бұйрығы.

ІІІ. Стандарттың  мақсаты мен міндеті.

Еңбек рыногының талаптарына сәйкес мемлекеттік  және мемлекеттік емес құрамдардың білім беру қызметіне деген мақсаттары мен талаптары «Ауылшаруашылығы өндірісі шебері (фермер) мамандығын сапалы кәсіптік білім беруді мемлекет талапынан қамтамасыз ету.

IV. Стандартқа қойылатын талаптар.

Оқытылу қорытындысына  қойылатын талаптар (Кәсіптік мінездемеде  көрсетілген іс-әрекеттің мазмұнды көрсеткіштері, оқу элементтері  және олардың меңгерілу деңгейлері) білім беру мекемелерін аттестациялау  және мамандықтар бойынша бітірушілердің дайындық сапасын бағалау кезіндегі тексеру, бұлар негізгі көрсеткіштер болып есептеледі. Осы талаптардың орындалуы бітірушілерге білім беру деңгейі жөніндегі мемлекеттік үлгідегі құжаттарды тапсыру негізі болып табылады.

Осы үлгі ведомство аралық сипатқа, құқықтық сатуына қарамастан кәсіптік даярлықтың барлық түрлеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға таралады, ҚР-ның барлық аймағында заңдылық күші бар.

Кәсіптік мінездеме.

1. Кәсіп: «Ауылшаруашылық өндірісі шебері (фермер)».

Мамандықтар:

Кең профилді тракторист-машинист;

Автокөлік жүргізушісі;

Жөндеуші-слесарь;

Малшаруашылық мастері.

Мамандықтар кең көлемді  тракторист-машинистер, автотасымалдаушы құралдарының жүргізушісі, жөндеуші-слесары, малшаруашылығы шебері.

2. Кәсіп қызметі.

Ауылшаруашылығы өндірісі шебері (фермер) жекелеген немесе фондылық негізде құрылған жеке фермерлік (шаруа) шаруашылығының иесі немесе арендаторы болып табылады. Бұл мамандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, ұқсату, сату жөніндегі бірнеше жұмысшы кәсіптерін (мамандықтарын) игеретін кең көлемді жұмыстарды атқаратын мамандық.

3. Біліктілік.

Үздіксіз кәсіптік білім  беру жүйесінде фермер кәсібін атақтың 4-ші сатысына жатқызады. Орта (толық) кәсіптік білім алу үшін қажетті жалпы  білім деңгейі – бастапқы кәсіптік білім алумен шектеледі.

Кәсіп шеберіндегі мамандықтар  бойынша жұмыстарды тарификациялау жүйесі және еңбек органдарының басқа  да нормативтік актілеріне сәйкес бастапқы білім беру мекемелерде жүргізіледі.

Ауылшаруашылығы өндіріс  шебері білімін жетілдіру.

- Кадрлердің білімін жетілдіру жүйесіндегі салалық оқу орындарында, ғылым зерттеу конститутының арнаулы құжаттарында және экономикалық кәсіптік білім берудің тереңдетілген, кеңейтілген бастапқы білім беру мекемелерінде.

- Кәсіптік іс-әрекет  саласында өте жоғары дәрежедегі  білім алу үшін жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.

 

Кәсіптік қызметтің  мазмұндық өлшемі

 

Кәсіптік істің түрлері

Оқыту негізі болатын  білім және біліктілігі

1

2

4.1. Жалпы кәсіптік  құралдар.

Іс адамдарымен келісім  шартты сауатты заңды тұрғыда  дайындау

Шаруашылықты құқықты негізде құру;

Құқықтық иемділік, заңды  істердің түрлері мен типтері.

Келісім шартқа отыру  түрлері мен тәртібі.

Биржалық істер мен  келісім шарт жасау тәртібі.

Есепті нешелік қатынастар.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің  сұранысын зерттеу және тұтұнушылар сұрауын болжау.

Нарықтық қатынастардың  негіздері, нарықтың мәні оның  түрлері  мен зерттеу әдістері.

Ауылшаруашылығы өнімдерін  сатудан түскен табыс пен сатып  алуға кеткен шығындарды анықтау.

Қаржылық іс-әрекеттің  негіздері. Салық жүйесі. Шаруашылық іс-әрекеттің есебі және талдау, қаржы құжаттарын толтырудың түрлері мен тәртібі, банктық  операциялар.

Фермерлік (қожалық) шаруашылығын ұйымдастыру әрекетін қамтамасыз ету.

Шаруаны жүргізу негіздері: шаруашылықты құру және мамандандыру; алаңы ұйымдастыру; істі жоспарлау.

Өндіріс құрылымын таңдау, ауылшаруашылық техникаларына, құрал-жабдықтарына және басқа да ресурстарға қажеттілікті анықтау, оларды алудың көздерін іздестіру, өндіріс құралдарын алу, ауылшаруашылығы  өнімдерін өндіру, сақтау және ұқсату бойынша шаруашылық жүргізудің басқару және іске асыру функцияларын қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау және табиғатты  қорғау талаптарын сақтай отырып өндірістік провестерді жүргізу.

Еңбек ресурстары, өндіріс  құралы және оларды қолдану; материалдық  ресурстар. Еңбек қауіпсіздігін талап ету.

4.2. Арнайы көрсеткіштер.

 

Ауылшаруашылық дақылдарын егу және жинау жұмыстарын орындау. Егін шаруашылығы өнімдердің сақау  және ұқсату жұмыстарын орындау.

Агрономия негіздеріне  сәйкес егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және ұқсату техникасын ұйымдастыру.

Ауылшаруашылығы техникалары  мен автокөліктерді, тракторларды басқару.

Ауылшаруашылық машиналарын  және автокөліктерін, тракторларын құрастыру  және оларға техникалық көмек көрсету.

Мал шаруашылығы өнімдерін  өндіру жөніндегі жұмыстарды атқару;

Мал шаруашылығы өнімдерін  өндіру қайта өңдеу;

Мал шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану.

Ауыл шаруашылығы техникалары  мен автокөлік құралдарын жөндеу.

Мал шаруашылығы өнімдерін  өндіру және қайта өңдеу технологиясы.

Мал шаруашылығының машиналары мен құрал-жабдықары.

Жөндеу технологиясы, қажалу түрлері, қосалқы бөлшектерді  қайта игеру әдістері, ауыл шаруашылығы  техникасының негізгі ақаулары.

4.3. Спецификалық талаптар

жұмысқа 18 жастан асқандар қабылданды. Медициналық жіктеулер Қазақстан Республикасының білім мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен тізбелер тәртібінен жүктендірген.


 

5. Бастапқы  кәсіптік білім беру мазмұнының  Базистік компоненттері (міндетті  деңгей)

 

 

Оқу элементтері және оларды меңгеру деңгейлері.

5.1.

5.1.1.

Кең көлемдегі тракторист-машинист кәсібінің кәсіпкершілік блоктары.

Тракторлар және автокөліктердің  жалпы құрылысы мен түрлері.

Автокөліктер мен комбайындардың, тракторлардың двигательдері; іс-қимылының  принциптері, құрылысы, жұмысы, ақаулары, регулировкасы, еңбек қауіпсіздігі.

Автокөліктер мен тракторлардың  шосси іс-қимылының принциптері, құрылысы, жұмысы, ақаулары, реттеушісі, еңбек қауіпсіздігі. Трансмиссия, жүру тесіктері басқару механизмі.

Аутокөліктер мен тракторлардың тіркемелері, жүк автокөліктері; құрылысын пайдалану

5.1.2.

Ауыл шаруашылығы машиналары.

Ауыл шаруашылығы машиналары; түрлері, агротехникалық талаптар, құрылысы, жұмысы, реттеуіштері, жұмысқа дайындау, еңбек қауіпсіздігі.

Топырақты өңдеу машиналары.

Дәнді және азықтың даналарды  себу машиналары.

Дәнді және азықтық дақылдарды күтіп баптау үшін қажетті машиналар.

Тыңайтқыштарды дайындау және өндіру машиналары. Өсімдіктерді химиялық қорғау машиналары.

Суғару машиналары.

Дәнді және азықтық дақылдарды жинап алу үшін қажетті машиналар.

Өнімдерді жинап алғаннан кейінгі өңдеу машиналары.

5.1.3.

Егін шаруашылығы өнімдерін  өндіру технологиясы.

Агрономия негіздері.

Өсімдіктердің өмір сүру және құрылысы.

Топырақ және  оның құнарлығы.

Тыңайтқыштар, топырақты ылғадан дәру. Тұқым себу және отырғызу. Егістікті күтіп-баптау. Арам шөптер. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестері. Жерді игеру жүйелері. Талаптар.

Механикаландырылған жұмыстары  ұйымдастыру және оның технологиясы.

Энергетикалық құралдар.  Машиналытрактор (агрегаторының) қондырғыштарының түрлері.

Пайдалану көрсеткіштері  жинақтау. Жұмыс көрсеткіштері. Қондырғылар  қозғалысының түрлері. Топырақты өңдеу. Дәнді және азықтың дақылдарды орналастыру. Дақылдарды күтіп-баптау. Суғару. Дән  және азықтың дақылдарды жинау. Өнімдерді жинап алғаннан кейінгі өңдеу. Еңбек қауіпсіздігі.

Машиналарды өңдеу және техникалық қызмет көрсету.

Ауыл шаруашылығы машиналарына, автокөліктеріне, тракторларына  және мал шаруашылығы фермаларының машиналары мен құрал-жабдықтары техникалық қызмет көрсету.

Құралдар, ұйымдастыру; Машиналарға  техника лық қызмет көрсету түрлері. Машиналарды диагностикалау. Ауыл шаруашылығы  техникаларын сақтауға қою. Еңбек қауіпсіздігі. Ауыл шаруашылығы машиналарын және тракторлар мен автокөліктерді жөндеу.  Қосшы бөлшектер мен типтік қосындыларды жөндеу. Двигательдерді жөндеу. Басқару механизмдердің, тежелгіштерді, сцепленидерді, рессорлары мен аммартизацияларды жөндеу. Автокөліктер мен тракторлардың доңғалақтардың жөндеу. Мал шаруашылығы фермаларының машиналары мен құрал-жабдықтарын жөндеу. Еңбек қауіпсіздігі.

5.2.

Арнайы малшаруашылық  блогінің шебері.

5.2.1.

Мал шаруашылығы шеберінің  арнайы жинағы.

Мал шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтары; түрлері, агрозоотехникалық  талаптар, назначение, құрылысы, жұмысы, регулировкасы, еңбек қауіпсіздігі.

Мал азығын әзірлеу мен  таратуды механикаландыру. Мал шаруашылығы  фермалары мен жабдықтарды суландыруды  механиказациялау.

Көлді жинастыру және тасып әкету жұмыстарын механиказациялау.

Ауыл шаруашылығы малдарын сауды механикаландыру.

Бастапқы өңдеуді механикаландандыру. Мал шаруашылығы баспаларының ішкі жағдайы мен ауасын қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті жабдықтар.

Ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізу машиналары мен  құрал-жабдықтары.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

5.2.2.

Ауыл шаруашылығы малдары.  Олардың түрлері мен өнімдері.

Ауыл шаруашылығы жолдарын көбейту негіздері. Өсу және шығу тегі. Малдарын интерьері мен экстерьері, конституциясы.

Мал азығы.

Мал азығы түрлері. Мал  азығы базасы. Жайылымдықтар мен шабындықтар. Мал азықтардың консервілеу. Азық беру нормасы. Малдарды азықтандыру. Еңбек қауіпсіздігі.

5.2.3.

Малдарды ұстау технологиясы.

Мал шаруашылығы құрылыстарының негізгі технологиялық талаптары.

Мал шаруашылығы баспаларының технологиялық құрал-жабдықтары.

Малдарды ұстауға және баспаларға қойылатын зоотехникалық  талаптар.

Малдарды күтіп баптау.

Мал шаруашылығы фермаларындағы ветеренарлық-санитарлық алдын-алу және зоогигиеналық негіздері.

Еңбек қауіпсізді.

Ірі қара малдарының жас бұзауларын өсіру.

Бөлімге азық әзірлеу, жаңа туған малдарды қабылдау.

Бұзауларды азықтандыру  және суару. Жас бұзауларды азықтандыру  және ұстау. Сауудың физиологиялық  негіздері. Сауудық ережесі мен  түрлері. Малдардың желі ауруының алдын-алу. Сауу сапасын  бақылау орнату.

Еңбек қауіпсіздігі.

5.3.

Фермердің арнаулы блогі.

5.3.1.

Фермердің (шаруа) шаруашылығының ұйымдастыру және экономикалық негіздері.

Шаруашылықтар іс-қимылының  және оларды құрудың құқықтық негіздері. Жекеменшік құқы. Заңдылық іс-әрекетінің түрлері мен типтері. Келісім шарттарға отырудың тәртібі және түрлері. Биржалық істер және оларды жасау тәртібі. Есептік несиелі қанымалдар.

Нарықтық қатынастар негіздері. Нарық мазмұны, оның түрлері мен зерттеу әдістері. Баға және баға құрылымы.

5.3.2.

Қаржылық іс-әрекетінің негіздері.

Салық жүйесі. Шаруашылық іс-әрекетінің есебі және талдау. Қаржы  құжаттарының толтырудың тәртібі мен  түрлері. Банкалық операциялар.

5.3.3.

Шаруашылық жүргізудің негіздері.

Шаруашылық жүргізудің бағыты және мамандығы. Мал шаруашылғы фермаларының егіс көлемдерінің құрылымы мен мал басының негіздері. Техника-экономикалық талдаулардың негізделуі. Өндіріс құралдары мен еңбек қорлары, олардың пайдаланылуы. Материалдық-техникалық жолынан қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігінің талаптары.

5.3.4.

Егін шаруашылығы.

Тізім көлемінің анализін алу.

Туынның егілу және сорттық  сапасын анықтау әдістері. Дәндік және азықтық дақылдардың агротехникасымен биологиясы.

Дақылдардың шаруашылық мәні, азықтық, мал азығындық және техникалық бағасы. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Дақылдардың топыраққа, ылғалдылыққа жылуға, жарыққа, жұғылымдылық қасиеттері талаптары. Кейінгілер. Топырақты өңдеу жүйелері. Өнімді жоспарлау. Тұқымды себуге әзірлеу. Жұмыстарды анықтау. Өсіру агротехникасы.

Өнімдердің биологиялық  шығымдылығы мен шығымын анықтау.

5.3.5.

Мал шаруашылығы.

Ірі қара малдардың анатомиялық  және физикалық негіздері. Өсіп-өну, тыныс алу, ас қорыту, бөліну, қозғалу  органдары. Жүрек-қан тамырлары және нерв жүйелері. Ішкі органдар. Ірі қара малдардың зоотехникалық негіздері. Малдардың шаруашылық – биологиялық ерекшеліктері. Өнімділігі мен түрлері. Малдарды азықтандыру және ұстау. Жас бұзауларды, ұстау, өсіру. Малдарды сырғалау (емсалу)

5.3.6.

Ветеринария негіздері.

Мал басын сақтаудың және олардың өнімділігін арттырудың алдын-алу және емдеу шаралары.

Дәрі-дәрмектер және олардың  қолданылуы. Негізгі жұқпалы емес аурулар. Ветеринариялық хирургия негіздері. Құралдарды стирилизациялау, таңатын  және тігетін материалдар. Негізгі  антисептикалық дәрігер. Суық тию және іріңдеу процесстерді кезіндегі емдеу шаралары.

Қолдан ұрықтандыру.

Ұрықтандыру.

Малдарды санитарлық өңдеу және бастамаларын залалсыздандыру. Диагностикалық, епидік және алдын-алу  түрі.

Ветеринарлық заңдылықтармен ветеринарлық-санитарлық ережелер негіздері.

5.3.7.

Малды сатып алу және шикізаттарды дайындау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау.

Малдарды және малдардың  шығатын азық-түлік өнімдерімен  шикізаттарды саптау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық талаптар базалардағы ветеринарлық-санитарлық бақылау.

5.3.8.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін  сақтау және ұқсату.

Егін шаруашылық өнімдерін  сақтау.

Егін шаруашылық өнімдерін  ұқсату.

Ассортименттер, шикізаттар және материалдар;

Технологиялық процесс.

Технологиялық құрал  жабдықтардың қолданылуы, құрылысы, жұмыс принциптері. Өнім сапасын бақылау. Еңбек қауіпсіздігі.

5.3.9.

Мал шаруашылығы өнімдерін ұқсату.

Ассортменттер, шикізаттар және материалдар.

Технологиялық құрал-жабдықтардың қолданылуы, құрылысы, жұмыс принциптері. Өнім сапасын бақылау. Еңбек қауіпсіздігі.

Информация о работе Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы