Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 18:39, курс лекций

Описание работы

Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
«Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
«Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

Файлы: 1 файл

Лекцияны -зірлеген- о-ытушы Саденова Айнаш -адылбековна.doc

— 1.21 Мб (Скачать файл)

 

 

 

«Өндірістік оқыту  формалары мен әдістері» тақырыбын  оқыту әдістемесі.

§1. Тақырыпқа  сипаттама

 

Аталған тақырып бойынша  өндірістк оқытудың негізгі формалары  мен әдістерін қарастыра отырып, оқытудың негізгі компоненттері  – оқу мен нұсқау жүргізу тәсілдерін қамтыды.

Сондықтан да бұл тақырыпта  мынадай сабақтар жүйесін ұйымдастыру  арқылы өткізуге болады:

1-сабақ. Өндірістік  оқытудың формасы – сабақ.  Сабақтан тыс өндірістік оқыту.  Өндірістік оқытудың ұйымдастыру  формалары.

2-сабақ. Өндірістік оқыту әдістерінің жүйесі. Сөзбен оқыту әдісі.

3-сабақ. Өндірістік  оқытудың көрнекілік әдістері.

4-сабақ. Өндірістік  оқытудың практикалық әдістері. Жаттығу - өндірістік оқытудың  негізгі әдісі.

5-сабақ. Тренажерлар  көмегімен жаттығу әдісін үйрену.

Аталған сабақтарды өткізу үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалануға  болады:

1. Әдістемелік плакаттар:

- өндірістік оқытуды  ұйымдастыру формалары;

- өндірістік оқыту  әдістері;

- жазбаша нұсқау құжаттары;

- автомобиль жүргізушілерді  оқытуға арналған тренажер;

2. Т-20 тренажеры (натурал  түрі).

3. Техникалық және  көрнекілік құралдар;

4. Лабораториялық-практикалық  жұмыстарды ұйымдастыру плакаты.

5. Бейнефильмдер, мультимедиялық  оқыту бағдарламалары.

 

§2. Тақырыпты  оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Аталған тақырыпты оқығанда өндірістік оқытудың формаларының анықтамасынан бастаған дұрыс. Өндірістік оқытудың формасы деп сабақ барысында оқыту шеберімен (оқытушымен) оқушылардың өзара қарым-қатынасын айтады, сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастыру жолы болып табылады, және оған өндірістік оқыту режимі мен өткізілетін жерін жатқызуға болады.

Сондықтан да оқыту формалары мынандай құбылыстарды қамтиды:

- сабақтың дидактикалық  мақсатын;

- сабақтың өтетін жерін,  оның режимін және оқушылардың  құрамын;

- сабақтың құрылымын былайша айтқанда оның өту кезеңдерін;

- оқушылардың өзіндік  жұмысы деңгейін.

Кәсіптік мектепте өндірістік оқытудың мынадай формалары бар  екенін ескертіп өту қажет;

- шеберханасында өткізілетін  сабақтар;

- оқу шаруашылығында  немесе өндірісте өткізілетін сабақ;

- өндірістік практика (өндірістегі жұмыс орнында ұйымдастырылған);

- диплом алды практикасы.

Өндірістік оқытуды  жалпы үш топқа бөлуге болады:

- белгілі бір операцияның  немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын  үйрететін сабақ;

- сол алғашқы дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ;

- кешенді жұмыстарды  үйретуге арналған сабақ.

Өндірістік оқыту сабағын  ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі  нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Осы айтылғандарды қорытындылап, оқушылар өз дәптерлеріне мына таблицаны  толтырып алса, олардың осы тақырыпты  жақсы меңгеретініне күмән жоқ.

 

Сабақтың құрылымы

Оқыту шеберінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе нұсқау

Оқушылардың еңбек ететін іс-әрекетін бағдарлау

Өндірістік шебердің нұсқауын қабылдау арқылы іс-әрекетінің мазмұнын түсіну. Технологиялық іс-әрекетті өз бетінше жасауға дағдылану  және орындау.

Негізгі бөлім (нұсқау)

Оқушылардың жұмысына басшылық жасау, олардың іс-әрекетінің дұрыстығын бақылау және дұрыстау

Өндірістік жұмысты  өздігінше орындау. Өзіндік бақылауды  ұйымдастыру

Қорытынды

Нұсқау 

Сабақты қорытындылау

Сабақтың қорытындысын өздігінше талдау.


 

    Енді өндірістік  оқытудың сабақтан тыс формаларына  тоқталып кетейік.

 

Өндірістік  оқытудың сабақтан тыс формалары.

Өндірістік оқыту процесі  негізінде оқу шеберханалары  мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер  барлық топтармен бір мезгілде жұмыс атқарады. Мұнда сабақтан тыс өндірістік оқытудың мына түрлері жүзеге асырылады:

  • Оқушыларды оқу  бригадалары құрамында жасақтап оқыту;
  • Оқушыларды білікті жұмысшылар бригадасы құрамында жасақтап оқыту,
  • Білікті жұмысшыларға оқушыларды жекелеп, даралап бекіту,
  • Өндірістік экскурсия,
  • Үй тапсырмасын орындау.

 

Өндірістік  оқытуды ұйымдастыру формалары.

    Мұнда мәселенің  басын ашып айтатын 2 нәрсе  бар: өндірістік оқытудың оқу  процесі екендігі және оқу-өндірістік  қызметті атқаруда шебердің оқыту  әдістері мен тәсілдері мен оқушылар ұжымына оқу-өндірістік қызметті ұйымдастыру тәсілдері екендігі.

    Енді өндірістік  оқытуды ұйымдастырудың мына  негізгі формаларына тоқталайық:

Топтық –фронтальды - шебер бір мезгілде барлық оқушылармен жұмыс істейді, барлық топтарда сабақ мақсаты бірдей.

Бригадалық  оқыту түрі - шебер не білікті жұмысшы бір мезгілде жекелеген оқушылар бригадасымен жұмыс істейді, әрбір бригада өз алдына ерекшелігі бар оқу-өндірістік мақсат қояды

Даралап оқыту - әрбір оқу  оқушымен жеке жүргізіледі.

    Өндірістік  оқыту формалары мен оны ұйымдастыру  формаларының өзара үйлесімділігін  мына кестедегі талдаудан байқауға  болады:

 

Өндірістік  оқытудың формалары

Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары

Фронтальды  топтық

Бригадалық

Жеке

Сабақ түрінде

+

+

+

Оқушылар бригадасы  құрамында

 

+

+

Білікті жұмысшылар бригадасы құрамында

 

+

+

Жеке даралап  бекіту

 

 

+

Топтық өндірістік экскурсия

+

+

 

Үй тапсырмасы

 

+

+


 

    Қорыта келе, білікті жұмысшыларды дайындауда  кәсіптік білім беру жүйесінде  өндірістік оқытудың негізгі формасы – сабақ болып қала береді.

Бақылау мен  бекіту сұрақтары:

  1. Оқу процесінің сабақ түріне қойылатын негізгі талаптар қайсы?
  2. Өндірістік оқыту сабақтарының типтік құрылымы қандай?

Мына құрылым элементтері  әрқашан сақтала ма?

Кіріспе нұсқау – жаттығу , өз бетінше жұмыс -  шебердің ағымдағы нұсқауы – қорытынды нұсқау.

  1. Өндірістік оқыту сабағының негізінде қандай принциптер бар? (түрін ата)
  2. оның басқа оқу түрлерінен айырмасы?
  3. Өндірістік оқытудың сабақтан тыс түрінің жетістіктері мен кемшіліктерін ата?

Өндірістік  оқытудың әдістемелік жүйесі.

     Бұл тарауда  «өндірістік оқыту әдістері»  атты плакатқа сүйене отырып, оқушылардың білім, білік және  дағдыларын қалыптастырудың негізгі  долдарын, әдістерін анықтаймыз. Білім  беру үрдісіндегі оқыту әдістемелерінің  бұрын қолданылып жүрген барлық түрлері де өндірістік практика  жағдайында оқушылардың таным процесін кеңейтуде, кейбір кәсіптерді есіне түсіруде кеңінен қолдау табады. Әсіресе, өндірістік оқытуда оқушылардың танымдық белсенділік әрекетін дамытатын, қабылдау – жаңғырту, иллюстративті – түсіндіру, еске алу, іздестіру, ішінара іздестіру (эвристикалық әңгіме) зерттеу және проблемалы оқыту әдістері бұйымды, затты сипаттау, мәнін ашу, оның жасалу я өңдеу технологиясын түсіндіргенде көбірек пайдаланылады. Сондай – а, өндірістік оқыту барысында оқушыларды ынталандыру, оқу мотивациясы, оқу – танымдық әрекеттерін жандандыру бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері де қажет кезінде тиімді пайдаланса өз жемісін береді. өндірістік оқыту шебері практикалық оқытуда оқушылардың творчествалық және ой – қиялын дамытатын, курсты оқу мазмұнын игерткенде білім, білік және дағдылық қасиеттерін проблемалы – іздестіру әдісіне бағыттаса түпкі нәтижеге жету мүмкіндігі молая түсетіні байқалып жүр.

      Сөйлеу әдісі – бұл әдіс туралы психология пәнінде айтылады және оқулығымыздың бас жағында да тоқталған болатынбыз. өндірістік оқытудың әсіресе түрлі инструктаж (нұсқау беру) беру кезінде бұл тәсіл көбірек қолданылып, машықтану арқылы игертілуді қажет етеді.

     Эвристикалық әңгімелесу әдісі де өндірістік практикада сөйлеу әдісінің бір түрі ретінде кеңінен қолданылады.Бұл жерде оқытушы не шебердің білімі, оның педагогикалық экскурсиясы, тәжірибесі маңызды рөл атқарады. Мына бір эвристикалық әңгіменің  мазмұнына, ұйымдастырылуына мән беріңіз:

     Оқытушы сұрағы (С). Біз түсіндірудің мәні мен әдістемелері туралы мәселені қарадық. Сіздің осы әдістің кемшіліктері неде деп ойлайсыз?

Тыңдаушының жауабы(Ж) оқушылардың белсенділігінің төмендігі. Мұндағы басты реттеуші тұлға – шебер. Егер қызықты өтілмесе, оқушылар  зейіні төмендеп, басқа жаққа ауып кетуі ықтимал.

С – оқушыларға жаңа материалды игертуде белсенділігін арттыратын қандай жолдар деп түсінесің?

Ж – белгілі бір оқиғаны, фактіні  не құбылыстарды оқытқан кезде оқушыларды тек тыңдаушы ғана емес, оларды қабылдау үшін өздеріне талқылатып, ой жүгіткізіп мәселенің  мәнін ашу арқылы игерткен жөн.

С – дұрыс оқушылар белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі – сұрақ – жауап әдісі екендігі белгілі, бірақ эвристикалық әңгімелесу кезінде оқыту шебері сұрақты бақылау құралы ретінде емес, жаңа материалды жан – жақты игеру үшін оқушыларға жаппай қою  арқылы өзекті мәселелерді өздерімен бірге шешеді. Эвристика деген сөз, гректің «эврика» - таптым, деген мағынаны білдірмей ме? Сіз қалай ойлайсыз, барлық оқу материалдарын осындай эвристикалық әңгімелесу тәсілі арқылы меңгертуге бола ма?

Ж – жоқ, өйткені ойлау, пайымдау, ұғыну және қорытынды жасау білу үшін белгілі бір білім, білік және дағды элементтердің бұрыннан жинақталған базасы қажет, сондықтан материалды игеруге, әңгіме құруда осы негіздерге сүйене отырып жүргізген жөн.

С -  тағы не айтар едіңіз?

Ж – оқылатын материалдар белгілібір анықталған себеп – салдарлық логикалық ой құрылымына жүйеленуі тиіс.

С – жаңа оқу материалын игеруде түсіндіру және әңгімелеу әдісінің қайсысы уақыт жағынан үнемді деп ойлайсыз?

Ж - әрине, түсіндіру әдісі.Әңгімелесу барысында түрлі жауаптар болады (дұрыс, дұрыс емес, екіұшты) соларды бір арнаға бағыттап, мәселенің анығына жетуге көп уақыт кетеді.

С – сонда да, дұрыс қорытынды жасау үшін қайсысы дұрыс болар еді?

Ж -  егер жаңа материал маңызды болып, барлығы түсіну қажет болса, әңгімелесу арқылы уақыт үнемдемей толық меңгеріп алған дұрыс.

С – ал, өндірістік оқыту процесінде эвристикалық әңгімелесу әдісін мақсатты пайдалануға бола ма?

Ж – тек қана, оқушыларға жаңа мәліметті игеру кезінде бұл әсіресе, кіріспе нұсқау (вводный инструктаж) жүргізуде тиімді әдіс.

С – дұрыс ойлайсыз. Кіріспе нұсқау кезінде біртұтас ойлау жүйесіне құрылған оқу материалы игерілуі тиіс. Сондықтан өндірістік оқытудың осы түріне, бұл әдіс тиімді.

Бекіту және бақылау сұрақтары.

  1. Өндірістік оқытуда дидактикалық жағынан мына әдістердің қайсысы тиімді. Әңгімелеу, көрнекілік және практикалық?
  2. Өндірістік оқытудың кешенді әдістемелік жүйесін пайдаланудың мәні неде?
  3. Ауызша түсіндіру және эвристикалық әңгімелеу әдістерінің қайсысы өндірістік оқытуда тиімді деп ойлайсыз?
  4. Кіріспе нұсқау кезінде өзіңізге белгілі кәсіп саласы бойынша 3-4 тірек сұрағын құрастырыңыз?
  5. Өндірістік оқытуда бақылау – тексеру мен әңгімелесуде ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қандай негізгі айырмашылықтар бар?
  6. Өндірістік оқыту процесінде жазбаша нұсқаулық құжаттың қандай негізгі дидактикалық мақсаты болуы мүмкін?

Өндірістік  оқытуда көрнекі құралдарды қолдану  әдісі.

  Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсіл арқылы іс – қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі  жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл  іс - әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына  кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Бұл тек өолмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал – жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі. Мына төменде: Еңбек процесін көрсету плакатының жалпы сұлбасын беріп отырмыз.

Информация о работе Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы