Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 18:39, курс лекций

Описание работы

Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
«Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
«Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

Файлы: 1 файл

Лекцияны -зірлеген- о-ытушы Саденова Айнаш -адылбековна.doc

— 1.21 Мб (Скачать файл)

Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат.

Оқу жоспары модулі – кәсіби оқытудың негізгі инварианттық құрылымдық құрамдастарының мазмұны көрсетілген оқу жоспарының жасалу негізі.

Жалпы оқу жоспары – кәсіптер мен мамандықтарға біліктілік дәрежелеріне, оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару орындарының, білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық құжаттарды жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.

Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақ сала, мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп және оқу үрдісінің күнтізбелік құрылымы мен кезеңдері нақтыланып жасалған оқу жоспары.

Оқу бағдарламалары –нақты пән (курс) бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі ашатын құжат.

Жалпы оқу бағдарламасы–жалпы оқу жоспарындағы нақты пәндер бойынша оқытудың және оқу материалының меңгерілу сапасының параметрлерінің республикалық құрамдастықтағы нақты мазмұны анықталатын құжат.

Күнделікті жұмыстың оқу  бағдарламасы – жалпы оқу бағдарламасы негізінде салалық және республикалық құрамдастықтың ерекшеліктері ескеріле отырып, оқыту мазмұны көрсетілген  нақты сала мен кәсіпке (мамандықтарға) лайық жасалған оқу бағдарламасы.

Сертификат – бастапқы кәсіби білімді растайтын құжат.

Білікті жұмысшылар мен  қызметкерлер кәсіптері мен мамандықтарының  тізімін толық түсіну үшін оның өзектілігіне жаңа тізімді жасаудың алғы шарттарына  шет ел мемлекеттерінде енгізілген классификатор маңызына тоқталу керек. Бірінші анықтама кәсіптің жаңа тізімінің өзектілігі.

Нарықтық қатынастардың дамуы  негізіндегі қоғамыздың экономикалық базисіндегі өзгерістер және ұлттық экономика әлемдік шаруашылық жүйеге енуі кәсіби білім беруде сапалы өзгерістер жасауды қажет етеді.

Жұмыскерлердің еңбек рыногындағы  табандылығы тек кең кәсіптік жалпы және кәсіптік даярлыққа жалпы  еңбектік және арнаулы білік пен  іскерліктің тұрақтылығына негізделетін кәсіптік жеткіліктілік есебінен ғана қамтамасыз етілмек. Жұмыссыздық мүмкіндігі жағдайында кәсіптік жеткіліктілік әрі әлеуметтік қорғау факторы бола алады. Сондықтан да бағдарды кеңейту және жұмысшылар мен қызметкерлерді оқыту сапасын арттыру экономикалық мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары кәсіпорындары тарапынан қойылатын талаптарының негізгілерінің бірі болып табылады.

Бұл көрсетілген жағдайлар кәсіптік білім беруде терең құрылымдық реформалар қажеттігін айқындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіптерді қалыптастырудың қазіргі методикалық статусы және негізгі параметрлері бұл үрдістер маңызды қызмет атқарады, солардың негізінде тиісті кәсіби даярлық ұйымдастырылады және бақыланады. Мәселенің өзектілігі кәсіби білімнің Мемлекеттік стандарты шеңберінде кәсіптердің жаңа Тізімінің жобасын жасауды талап етеді.

Жаңа Тізімді  жасаудың алғы шарттарын біліп алуы керек:

а) қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімінің Қазақстан Республикасындағы  кәсіби білімінің сәйкес еместігі.

Қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімі 1996 жылы жасалған. Өзіне дейінгі осындай құжаттармен салыстырғанда бірқатар жетістіктері болумен бірге (кәсіп бірліктерін қысқарту есебінен кәсіптер топтамаларының көбеюі, Классификатордан кәсіптердің көп түрін өндіруі, жаңа кәсіптерді ендіру т.б.) ол Тізім өзі кезегіндегі мәселерді іс жүзінде шеше алмады.

Даярлықтың негізгі  бірлігі ретінде тар кәсіпті  есептеу бұрынғысынша қалып қойды. Оларды жалаң топтамаларға біріктіру  кең кәсіптік жұмысшылар дайындауды шешпеді.

Оқыту мазмұнында интеграция мәселесі шешілмеді, бұл оқыту бағдарламалық құжаттарды жасауда кешенді әдістемелік қамтамасыз етуде кері ықпал етті.

Тізімде ескерілген кәсіптер мен біліктілікті еңбекті қажет  етпейтін кәсіптер көп еді. Ол бірыңғай реттеуші ғана сипатта болады, кәсіптер топтамасы құрамына және оқыту параметрлеріне қатаң талаптар қойды, оның өзі кәсіптік жауап беру икемділігі мүмкіндіктерін шектеді.

Бүкіл мемлекеттік Классификатор  негізінде Тізім Қазақстан аймақтары  үшін тән емес кәсіптердің санын  едәуір көп ендірді.

ә) Қазіргі қолданыстағы Тізім шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына, өндірістің жаңа талаптарына сай келмейді.

Осы орайдан көптеген кәсіпорындарда мамандықтардың құрылымдығының және даярланатын  жұмысшылар мен қызметкерлердің  біліктілік деңгейлерінің мәселелерін өз бетінше шешу қажеттіліктері күшеюде. Өндірістің белгілі бір мамандықтағы жұмысшылар мен қызметкерлерге мұқтаждықтарын ескеруге мүмкіндік беретін икемді құжат қажет болып отыр.

Қазіргі қолданыстағы кәсіптік Тізіміне және ЕТКС-ке енбеген жаңа кәсіптер мен мамандықтардың пайда болуы, оларды дайындаудың аса қажеттілігі ашық құжат жасауды талап етеді. Оларға қажеттігіне қарай жаңа пайда болып жатқан кәсіптер мен мамандықтарды және оларды даярлау түрлері мен тиісті даярлау параметрлерін енгізу қажеттігі туындауда. Ал Тізімнен құрып бара жатқан, ескерген кәсіптер мен мамандықтарды алып тастау қажет.

Тізімде ұйымдастырылу  жағынан кәсіптердің кіріктірулерінің бәрін ескеру мүмкін емес, сондықтан  да кейбір кәсіптерді кіріктіруге мұқтаждық  жағдайында орталық кәсіптік білім беру басқару орындарынан үміт күтеді. Алайда ұйымдастырылу жағынан кіріктірілген кәсіптерді реттеу мәселесі бұл орайда Тізім өміркешендік қабілетсіздігін барған сайын көрсетуде.

Ғылыми-техникалық процесстің, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің,  жаңа технологиялық ендірулердің тап осындай кәсіптердің құрылымдықтарын өзгерту мен жетілдіру мәселелерін көптеген елдерде күн тәртібін қойып отырғандығын халықаралық тәжірибе көрсетуде.

Мәселен, Алманияда бұл  Тізім 63 қызмет саласын («кәсіптік ауқым») қамтитын 480-ге жуық, негізінен, кіріктірілген кәсіптерден құрылған. Кәсіптік білім тұжырымдамасына сай оқушылар жаңа технологиялар мен әдістерге тез бейімделе алатын, өндірістің әртүрлі салаларында және сан алуан кәсіпорындарында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мейлінше жеткілікті және икемдік даярлық алады.

Ұлыбританияда қазіргі  уақытта  алдын-ала есептеулер бойынша 160 кәсіпті қамтитын кәсіп құрылымдықтарын  жасау жөнінде жұмыс атқарылуда.

Финляндияда 80-жылдары  кәсіптік оқытудың құрылымы өзгерген, экономиканың барлық салалары дерлік 25 бағытта берілген, әрбір  бағыт бірнеше кәсіпті қамтиды, барлығы 270 кәсіп бойынша оқытылады.

Басқа елдерде де кәсіп  тізімін  жасау тәжірбесі есепсіз  құрылымдықтан технологияның ең жаңа өзгерістеріне бағдарланған және кәсіптер құрылымдыққа ауысудың қажеттігіне куә бола алады.

Кәсіптік білім мазмұны  анықтағанда Республикалық деңгейде Базистік оқу жоспарының модулі қалай  жасалатынын, кәсіптік сипаттамаларды жобалау жолдарын, сонымен қатар  кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға арналған нұсқаулармен толық таныстыру керек.

Сонымен қатар кәсіби білім мазмұнының базистік құрамдастығын  жобалауды үйрете отырып, Қазақстан Республикасы бастапқы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты құрылымын түсіндіру мақсатында белгілі бір кәсіптің (мысал ретінде «ауыл шаруашылық өндірісінің шебері (фермер) кәсібінің») стандарты құрылымы мен мазмұнын толық көрсетіп беру керек.

 

Базистік оқу  жоспарының модулін түсіндіру әдісі.

Оқу жоспарының базистік модулі – кәсіптік білім мазмұнының негізгі инвариантты құрылымды құрамдастықтарды көрсете алатын құжат екенін сипаттаймыз.

ҚР Білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылы №20 бұйрығымен бекітілген КР БМ кәсіптік-техникалық білім басқармасы жасаған оқу жоспары модулі мүмкіндігінше лайықты екенін түсіндіру қажет. Себебі сол кездегі ҚР кәсіптік-техникалық училищелердің кәсіптік-техникалық мектептеріне айналуына байланысты және ҚР Президентінің 27 қаңтар 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының білім мәселелері бойынша» кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жарлығына» сәйкес, сондай-ақ кәсіптер мен мамандықтар тізімін енгізуге орай жасалған болатын.

КТМ үшін жаңа оқу жоспарлары модельдері үш циклден тұрады: кәсіби-техникалық жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық; екі топтана таңдауы бойынша пәндер мен факультативтер.

Кәсіптік-техникалық циклге енетіндер: жалпы кәсіби курс – сызу, электротехника, информатика және өндірісті автоматтандыру негіздері, нарықтық экономика негіздері;

Кәсіби курс – арнайы технология, материалтану, еңбек қорғау, экология, кәсіп бойынша т.б. пәндер өндірістік оқыту–оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, кәсіпорындарында және кез келген меншік түріндегі мекемелерде, сонымен бірге өз ықтиярында пайдалануға жататын уақыт қоры беріледі.

Кәсіптік мектептер үшін базистік оқу жоспарларын кәсіптік білімнің әлемдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы жалпы орта білімнін мемлекеттік стандартын ескере отырып, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жасаған. Базистік оқу жоспарларының модельдерінің есептеулері аптасына 39 сағатпен шектелген оқу жүктемесі шеңберінде, ал оқудың қорытынды кезеңіндегі аяққы кәсіптік практика 41 сағатпен жүзеге асырылған. Жылдық оқу уақыты 40 аптадан тұрады.

Кәсіптік оқу  мекемелерінің жаңа оқу жоспарларының  модельдері үш циклдан тұрады: бағдарлы,  жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық және екі топтан тұрады: арнаулы кәсіптік пәндерге берілген уақыт қоры және таңдауы бойынша жалпы білімдік курстар мен бағдарлы пәндер.

Кәсіптік циклға енетіндер: жалпы кәсіптік курс – сызу, электротехника, өндірісті ақпараттандыру және автоматизациялау негіздері, нарықтық экономика негіздері; кәсіптік курс – арнаулы технология, материалтану, еңбек қорғау, ЖЖЕ, кәсіп бойынша т.б. пәндер; өндірістік оқу және оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, меншік түрлеріндегі кәсіпорындарын мен ұйымдардарғы өндірістік практика.

Кәсіптік даярлық – базистік оқу жоспарларының моделінің вариативті бөлігі. Оның мазмұны кәсіптік оқудың молдығына қойылатын талаптарды ескере отырып, кәсіптер мен мамандықтар бойынша сипаттамалардың негізінде түзіледі, онда кәсіпорындар мен ұйымдардың өздері үшін дайындалатын біліктілікті еңбек қызметкерлері (жұмысшылар мен қызметшілер) ұсыныстары ескеріледі.

Жаңа техника мен  өндіріс технологияларын және азаматтарға қызмет көрсетуді оқу үшін, сондай-ақ басқадай кәсіпорындар мен мамандықтар үшін оқу жоспарларын 250 оқу сағаттарына дейінгі көлемде арнаулы кәсіптік пәндерге уақыт беріледі. Ең жаңа жабдықтарды өндірістің және халыққа қызмет көрсетудің тиімді технологияларын оқыту үшін сабақ жүргізуге тиісті сәйкес келетін өндіріс пен қызмет көрсету салаларының, соның ішінде шетел мемлекеттерімен және техника мен жабдықтарды жасаушы заводтардан, банк саласы қызметкерлерінен, салық қызметінен т.б. тарту қажет. Осы мақсаттарда келісім шарт негізінде өндірістік оқу және кәсіптік практика негізінде нұсқаулар жүргізу үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан тәжірибелі мамандар шақырылады. «Нарық экономикасы негіздері» курсына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Тігінші – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылық беретін кәсіптер бойынша біліктілік алу үшін арнаулы пәндерге уақыт қор есебінен 200 сағатқа дейін бөлуге болады.

«Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері» пәні тиісті қызмет түрінен бағдарламалық өнімдер негізінде оқылады.

Сызу мен электроника сияқты жалпыкәсіптік пәндер техникалық, құрылыстық, көп бағдарлы бағыттағы жалпы техникалық білімдерді алу қажеттілігін байланысты кәсіптер бойынша енгізіледі. Ал басқа кәсіптер бұл  сағаттар арнаулы пәндерден білімдерін тереңдетуге пайдаланылуы мүмкін.

Жаратылыстану-ғылыми цикл ҚР жалпы орта білім мемлекеттік  стандарты белгілеген бағдарлы базалық  құрамдас болып табылады. Ол математика, физика, химия, биология сияқты пәндерден  тұрады. Бұл пәндер кәсіптер бойынша  тірек, білімдер болғандықтан, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, кәсіптер үшін биология мен химия, электро-радио, электронды есептеуіш және прибор жасау өнідірістері үшін математика мен физика сағаттарын бағдарлы пәндер үшін уақыт есебінен көбейтуге болады.

Отбасы өмір этикасы  және психологиясы, жағрапия, тарих, астрономия т.б. үшін таңдаулы бойынша жалпы білім беретін курс сағаттары пайдаланылады.

Гуманитарлы циклге 3-4 жылдық оқу мерзімі үшін 840 сағат беріледі, оларды оқу міндетті. Азаматтарға  қызмет көрсетуге байланысты кәсіптер бойынша мемлекеттік тіл курсы және шетел тілдерінің бірі тапсырыстарды алу және орындау барысында тапсырушылармен қатынас жасарлық шеңберде оқылады, басқа кәсіптер үшін бұл сағаттар арнаулы пәндерді оқуға беріледі.

Консультациялар мен емтихандар сағаты жалпы орта білім беретін және кәсіптік пәндерге, сондай-ақ бітіретін біліктілік емтихандарын өткізуге бөлінеді.

1. Қазақ тілі мен  әдебиеті:

орыс тілді кәсіптік мектептерде – диктант;

қазақ тілді кәсіптік мектептерде – шығарма.

2. Орыс тілі мен  әдебиеті:

орыс тілді мектептерде – шығарма;

қазақ тілді мектептерде  – диктант.

3. Математика

4. Физика

5. Химия

6. Дене тәрбиесі.

7. Арнаулы технология

8. Бітіретін біліктілік  емтихандары

Базистік оқу жоспарлары әртүрлі оқу мерзімдеріне жасалатынын айта келе, мына төмендегі модульдің құрылымын түсіндіру қажет.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРГЕ (ЛИЦЕЙЛЕРГЕ) АРНАЛҒАН ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МОДЕЛІ

 

Циклдер

Курстар

Сабақтар

Жалпы білім беретін  мектептер негізінде

Орта жалпы білім  беру негізінде

Күндізгі оқу түрінде орта білім алу

Орта жалпы білім  алуды кешкі, сырттай оқу түрімен  жалғастыру

1 жыл

1,5 жыл

2 жыл

6 ай

4 жыл 

3 жыл

1 жыл

2 жыл

І. Кәсіптік цикл

2896

4344

1338

2491

1256

2256

2903

906

1. Жалпы кәсіптік курс

268

268

172

202

155

155

155

101

- сызу

34

34

34

34

34

34

34

17

- электротехника 

34

34

34

34

34

34

34

17

- ақпаратты және өндірістерді  автоматтандыру негізі 

100

100

34

34

17

17

17

17

- нарықтық экономика  негізі 

100

100

70

100

70

100

100

50

2. Кәсіптік курс

2308

3916

1126

2209

1061

2011

2668

805

Курс сабақтары (арнайы технология, еңбекті сақтау т.б.)

254

254

254

254

254

254

254

130

өндірістік оқыту, кәсіптік практика

2174

3822

862

2035

847

1817

2194

675

3. Кәсіптік оқулықтарға,  кәсіби ерекшеліктерге арналған  уақыт 

250

250

50

100

100

120

150

50

Ғылыми-жаратылыстану  циклы

480

480

           

- математика 

200

200

           

- физика 

160

160

           

- химия

80

80

           

Биология

40

40

           

ІІІ. Гуманитарлы цикл

840

840

138

413

120

170

205

70

Қазақ тілі

200

200

35

70

35

35

35

35

Қоғамтану

68

68

68

68

       

Орыс тілі және дүниелік мәдениет

200

200

           

Қазақстан тарихы

68

68

           

Шет тілі

68

68

35

70

35

35

70

35

Денешынықтыру

136

136

60

120

50

100

100

 

Алғашқы әскери дайындық

100

100

40

85

       

ІV. Қалауынша жалпы білімдік курстар және кәсіптік сабақтар

150

150

           

V. Консультация

Емтихандар 

250

102

250

102

60

24

80

36

60

24

70

30

80

36

40

12

Барлығы

4768

6416

1560

3120

1560

2646

3120

104

Информация о работе Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы