Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 18:39, курс лекций

Описание работы

Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
«Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
«Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

Файлы: 1 файл

Лекцияны -зірлеген- о-ытушы Саденова Айнаш -адылбековна.doc

— 1.21 Мб (Скачать файл)

                                                                                                                                                                                                                                                                            


 

 

 


 

 

 

Бұл  жағдайда тыңдаушылардың назарын мына нәрселерге аударк керек:

  1. Еңбек тәсілдерін бастау  және аяқтау процестерін біртұтас етіп көрсету қажет. Алдымен бөліктерді жайлап, сосын ара – жігін қосып іс -әрекетті тұтастай қимылға көшу арқылы ұғындырған абзал.
  2. Педагогикалық қимылына тәсілмен жауап беру, оның қимыл элементтері бөлшектеп әрі тұтастай ұғынып алу, білік дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды мақсат болып табылады.
  3. Әсіресе, оқушылар көп қателік жіберетін іс - әрекет түріне басты назар аудару керек.
  4. Жасаланатын бұйым  не іс - әрекет, қимыл түрлері саналы болу үшін жақсы көрініске ие болғаны жөн: көрсетілітін жер  дұрыс таңдалып алынғаны абзал, жарыс болуы керек, шебер мен оқушылардың ара қашықтығы анық көрінетіндей жағдайда болғаны дұрыс.
  5. Әрбір қимыл элементтерін көрсететін үлкен плакаттар, көрнекі құралдар  я мультимедиялық жүйелер арнайы экранда көрсетілсе оның тиімділігі анағұрлым артық еді.
  6. Өндірістік оқыту шебері алдындағы жұмыс орнында атқарылатын іс - әрекет операцияларының әрбір  қимылына нұсқау картасы болуы қажет, әрбір тәсілге арналған ұсыныс беріледі де қимыл - әрекет көрсетіледі. Сөз бен қимыл - әрекетті  есту әрі көру арқылы оқушыларда қабылдау, игерту әрекетін жеңілдетеді.
  7. Бұл әдісте шебердің қимыл- әрекеті мен онв сипаттап тұрған сөйлеу процесі өзара  үндесіп, біртұтас көрінуі үлкен маңызға ие. Әрине, мұнда көпсөзділікке, артық қимылға әдеттенудің қажеті жоқ. Іс – қимыл нақты, оны сөзбен сипаттау бір мезгілде кезек – кезегімен іске асуы қажет.
  8. Сөз бен істің бірлігі оқушылардың тәсіл мәнін сапалы игеруіне, дұрыс қабылдауына жағдай туғызады. Кейін олардың өзіне де шебердің осы істегенін сөзбен қайталау арқылы көрсетіуі қажет. Бұл олардың өзін - өзі бақылауын, қимылдың дұрыс бағытта жүргізілуіне септігін тигізеді.

       Бірақ  шебер жұмысшы, сөзі – оларғаүлгі. Сондықтан, өндірістік оқыту шеберлерінің  әдістемелік қабілетін арттыруға,  педагогикалық біліктілігін көтеруге  айрықша мән берілуі тиіс. Оны білім жетілдіру институттары, өндірістік оқыту шеберлерінің арнайы семинарларында, педагогикалық үйірмелерде, практикумдарда ұдайы жетілдіріліп, оқушылар арасында түрлі мамандықтар бойышша байқаулар, жарыстар өткізу арқылы шеберлігін арттыруға болады.

     Енді, өндірістік  оқыту сабақтарында пайдаланылатын  көрнекі құралдар түрлері, оларды  тиімді пайдалану әдістеріне  сипаттама берейік:

  • Көрнекі құралды көрсету қимыл – тәсілдермен үйлестіріліп, техникалық – технологиялық, талаптар онда сақталуы қажет.
  • Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн, ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.
  • Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек.Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.
  • Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен  құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.

     Көрнекі  құралдардың келесі түрі –  экрандық (аудио, бейне) материалдарды  пайдалану тәсілдері. Өкінішке  орай, алдыңғы айтқан көрнекі  құрал түріне қарағанда мұны пайдалану сирек. Өйткені, оқу фильмдері, диафильмдер, слайдтар т.б. экрандық көрнекі құралдар орталықтандырылып шығарылып, пәнді теориялық оқытуда көбірек  қолданылады. Өндірістік оқытуда негізінен ертеректе шығарылған фильмдер мен диафильмдер қолданылады (олар көбінесе слесарлық жұмыстарды атқаруға, олардың  операцияларының  орындалу бірізділігін көрсететін фильмдер). Бұл салада кейінгі кезде кең өріс алған бейнефильмдер мен  ақпараттық технология қызметін пайдалану мүмкіндіктері мол. Өндірістік оқыту материалдарын игертуде пайдаланылатын әдістің бірі – оқушылардың өзіндік бақылауы. Бұл әдіске жататындар - өндірістік экскурсия, практика өткізілетін цех, учаскемен ондағы құрылғылар мен жабдықтармен таныстыру.

     Оқушыларға  алдын – ала бақылаудың мына тәсілдерін үйрету керек:

  • Бақылаудың мақсаты мен тәртібін хабарлау;
  • Негізгі нысанды ажырататын бақылау;
  • Бақылау біткен соң, нәтижесін білу үшін жауап беретін сұрақтарды беру;
  • Бақылау кезінде кездесетін қиыншылықтарды ескертіп, оны жою жолдары туралы нұсқау беру;
  • Оларды ұдайы назарда ұстап, көмек беріп отыру;
  • Оқушылардың өзіндік бақылауының қорытындысын жүйелі шығару;

     Өндірістік  оқыту шебері нұсқауымен 2-3 оқушы  іс – қимыл әрекеттерді қайталап  көрсетіп береді. Олар кәсіби  қимылдық тірек элементтері болып, бірдей я әртүрлі әрекеттер болуы да мүмкін.

Мысалы: Слесарь –  жөндеуші мамандығы үшін бұл тегістеу тәсілдері, қиғаштап аралау не кесу, жону жұмыстарының кезеңдерімен атқарылуы  болып табылады. Сондай – ақ  әмбебап  – жонғылағыш, бақылау - өлшеу аспаптарын ретке келтіруші. Сәндік бұйымдар шебері (мастер декоративных изделии) мамандақтары бойынша тиімді практикалық жұмыстың соңына таман бүкіл оқушылар ұжымы, іс - әрекеттерді өз бетінше қайталап, тұтастай атқарады. Оқытушы не өндірістік шебер бұл кезде бұрынғы жіберген кемшіліктерін қайталау жағын ескетеді.

       Сонымен  қорытып, өз пікірін білдіреді.

Жаттығу - өндірістік оқытудың негізгі әдісі оқулықтарда, әсіресе,  практикалық жұмыстар кезінде жаттығудың мәні, оның дидактикалық маңызы, басшылық ету, өндіріс шеберінің алдындағы нұсқау беруі туралы т.б. мәселелер жеткілікті айтылған. Практикалық курс бағдарламасы жаттығу әдісі арқылы материалды игертуге бағытталуы тиіс. Оқулықтарға жазылған тәсілдерді іске асырып, оны дағдыға айналдыру үшін шебер де, оқушы да ерінбей тер төгуі қажет, онсыз кәсіпке машықтану – қиын іс. Өндірістік оқыту шебері өтілетін практикалық жұмыстарды бөлімдерге бөліп алдын – ала м


Информация о работе Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы