Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 18:39, курс лекций

Описание работы

Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту формалары мен әдістері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі.
«Оқу шеберханасы» тақырыбын өткізу әдістемесі
Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі
«Өндірістік оқыту шебері» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбын өткізу әдістемесі
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі

Файлы: 1 файл

Лекцияны -зірлеген- о-ытушы Саденова Айнаш -адылбековна.doc

— 1.21 Мб (Скачать файл)

 

 

Енді жұмысшының кәсіптік - мамандық біліктілігінің сипаттамасын дамыту әдістемесі мен танысалық.

Кезең атаулары

Тізбектілігі және қысқаша  мазмұны

Нәтижесі

1

2

3

4

1

Жұмыс орнының өндірістегі  қызмет түрін анықтау

Жұмысшының қызмет түрін (өндірістің) талдау, оны жұмыс орнында  қолдану. Нормативтік материал бойынша жұмысшының мамандық біліктілігін талдау; салалардың дамуын талдау, қосымша жұмыс орындарын құру.

Бекіту: жұмысшының өндірістегі  негізгі қызмет түрі: өндірістік процесті дайындау және ұйымдастыру; технологиялық  процестерді іске асыру, өнімнің  сапасына және өнеркәсіптік процестің  жүру барысын қадағалау, жұмысшылардың бартын  кәсіпорын, мекеме оның бөлік құрылысының түрлері.

2.

Жұмысшылардың білім  және білгірлік талаптарын дамыту

Жұмысшы өз ісін ашарда немесе қызметке бағытталғанда, кәсіпорын, мекеме, олардың бөлік құрылысын ескере отырып, жұмысшының кәсіпкершілік міндеттерін талдау

Жұмысшының білу және білгірлік талаптарын анықтау

3.

Жұмысшы білім талабын  дамыту

Нақтылы кәсіпорын қызметін орындауға қажетті кәсіпті білім  құрылысын, одан дайындық тұтастығын және кәсіпті кеңінен қамтамасыз ететін жалпы кәсіптің құрылысын, жалпы білімгерлікті әшкерелеу

Жұмысшының «Жұмысшы білу қажет…» біліміне қойылатын  талапты анықтау

4.

Кәсіпкершілік сипаттаманы  мақұлдау және сараптау

Оқу бітірушілердің білімін, біліктілігі мен білгірлігіне қойылатын талаптың дұрыстығын анықтау. Сарапшылар – мекемелердің, кәсіпорындардың, практикалық жұмысшылары, анағұрлым тәжірибелі оқытушылар, кәсіптік оқу орындарының өндірістік оқыту шебері.

 

 

Жұмысшының  кәсіптік-біліктілік сипаттамасының құрылымы. Кәсіп бойынша кәсіптік-біліктіліктің сипаттамасын жасауды оқушыларға үйрету үшін оның жасалу жолын түсіндіреміз.

 


(мамандықтың атаулары)

Жұмысшылар іскерлікке дайындалады_______________________________________

(іскерліктің түрлері)

________________________________________________________________________

(кәсіп орындарымен  ұжымдарының түрлері және өз  ісін ашу)

жұмыс орындарға_________________________________________________________

(жұмыс орындарының  тізбегі)

Қоғамдық өмірде нарықтық, экономикаға және демократияландыруға өту жағдайында, республиканың алдында тұрған міндетті іске асыруға, азаматтық қоғамда идеологиялық ұстанымен белсенді қатынасуда, жұмысшы қоғамдық құбылыстарды шығармашылық көзқараспен бағалай білуі керек.

Интернационалдық және патриоттық рухта тәрбиелену, жоғары өнеге және мәдениетке ие болу.

Ол, дүниежүзілік білімді қолдануға  талпыну қажеттігін, еңбек ұжымында өзара әрекеттену қабілеттігін, еңбек  нәтижесінде және оның сапасына кәсіпкершілік  қасиетпен және әлеуметтік жауапкершілік  сезіммен игеру керек.

Жұмысшы істеу  керек ____________________________________________

________________________________________________________________

Жұмысшы білу керек ____________________________________________

________________________________________________________________

 

Енді оқу (белгілі бір түрге арналған) жоспарлары мен бағдарларының жобалануын мысалы ретінде былай түсіндіруге болады. Алдыңғы тарауда біз кәсіптік оқу мекемелері үшін оқу жоспарының жаңа моделін жасаудағы негізгі теориялық жолдарды қарастырған едік. Кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартының негізгі құжаттарының бірі ретінде оқу жоспарларының моделі, кәсіптік білім мазмұны саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға және кәсіби даярлықтың әр алуан түрлерінде қолданылатын оқу жоспарларының бір-бірімен салыстырмалы болуына алғышарттар жасайды.

Кәсіптік білімнің мазмұнының негізгі құрамдастарын анықтай  отырып, нақты кәсіптік ауқымдағы  қатыстығына қарай инвариантты  болып табылатын оқу жоспары  моделі әрбір жеке  жағдайда молдық етуі әбден ықтимал, бұның өзі кез келген әмбебап құрал үшін қалыпты жағдай болып есептеледі. Кәсіптік білімнің мазмұндық мәселелерін стандарттаумен бірге кәсіптік білім мазмұнын жобалау саласында республикалық және жергілікті құзырлылықтарды бекіте отырып, оқу жоспары моделі елеулі ұйымдастырушылық келекшектілікті қуаттылық сипатына да ие болып табылады.

Басқаша айтқанда, модель нақты кәсіптер мен мамандықтарға, ең алдымен, типтік оқу жоспарына  қолдануға лайық кәсіптік білім  стандарты элементтерін жасау үшін қажетті негіз бола алды.

Типтік оқу жоспарын жобалау екі кезеңде жүзеге асырылады. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы орта және кәсіптік білім институты – республикалық деңгейде және білім басқарудың аймақтық орындары – аймақтың деңгейде.

 

 

 

Республикалық деңгей



 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік мектептер  үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын  жасауға арналған  нұсқауларды арнайы практикалық сабақта қарастыру қажет.

 

1. Жалпы ережелер.

1.1. Кәсіптік-мектепке (лицейге)  арналған оқу жоспары нақты  кәсіп пен мамандандыру бойынша білім мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды көрсететін, пәндердің тізімін, көлемін, оқу желілігін және мерзімін анықтайтын, оқу үрдісін, оқушылардың білімін, оқудың әртүрлі кезеңдеріндегі кезеңдік аттестациялауды ұйымдастырудың негізгі түрлерін анықтайтын мемлекеттік құжат болып есептеледі.

Оқу жоспары барлық кәсіптік-мектептер  үшін міндетті.

Оқу бағдарламасы – оқу  мазмұнын және пән мен өндірістік оқу бойынша оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын талаптарды анықтайтын негізгі құжат.

1.2. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жасауда мыналар басшылыққа алынуға тиіс:

- өндіріс талаптары  мен бәсекелік қабілетті жұмысшылар  даярлау деңгейіне сәйкес белгіленген  кәсіптік білім стандарттары;

- барлық меншік түріндегі  кәсіпорындардың, ұйымдардың және  азаматтардың тапсырысы;

- кәсіптік мектептердегі  оқу үрдісін жоспарлауды және  ұйымдастыруды анықтайтын ҚРБМ  басшылықты құжаттары;

- еңбек қызметтерін  белгілейтін республикалық және  салалық құжаттар, жұмысшылар кәсіптері  бойынша біліктілік сипаттамалар;

- техникалық өндіріс технологиясының, экономикалық және өндірістік құрылымдардың дамуын жобалайтын материалдар;

- қолданыстағы кәсіптік-техникалық  және білім беретін мектептердің, сондай-ақ ұқсас кәсіптер мен  мамандықтар бойынша орта арнаулы,  жоғары оқу орындарының оқу-бағдарламалық құжаттары.

1.3. Оқу жоспарлары  мен бағдарламаларын жасауда  тірек болатын құжат – қосымшада  көрсетілген ұсыныстарға сәйкес  жасалынатын жұмысшы кәсіптерінің  біліктілік сипаттамалары.

Оқу-бағдарламалық құжат  жасау негізіне неғұрлым мәнді еңбек  қызметтерін айқындайтын және сол негізде олардың жүзеге асырылуына керекті білім, білік дағдыларды айқындайтын жұмысшылардың кәсіптік әрекеттерінің сипаттамасы алынады.

1.4. Оқу материалдарының  әртүрлі пәндерде бірін-бірі қайталауларын  болдырмас үшін, оларды оқу желілігін, уақыт көлемін айқындау мақсатында, өндірістік және теориялық оқудың өзара орында қатынасын белгілеу мақсатында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау бір мезгілде және өзара байланыста жүргізілуі тиіс.

2. Оқудың күндізгі  түрі бойынша оқу жоспарларын жасауға арналған нұсқаулар

 Оқу жоспарлары мына бөлімдерден тұрады: тысқы бөліп оқу үрдісі жоспары, өндірістік оқу жоспары, оқуды бітіріп жинақты  ақпары, факультативтік пәндер, оқу кабинеттерінің лабораторияларының, шеберханаларының тізімі, оқу жоспарына түсініктеме.

Оқу жоспарының тысқы  бөлімінде мыналар көрсетіледі:

- саланың рет саны мен атауы;

- аралас кәсіптің рет  саны мен атауы;

- кәсіп бойынша разряд, класс, категория және оқу мерзімі;

- бекітілген уақыты  және оқу жоспарының тіркелген рет саны.

Оқу үрдісінің жоспары:

- гуманитарлық;

- жаратылыстану-ғылыми;

- кәсіптік (арнайы);

- таңдауы бойынша және  кәсіптік пәндер.

Кәсіптік цикл пәндері  тізімін анықтауда және оларды оқуда  жоспарлауда бұл көрсетілген  пәндерді оқудың мұраты жұмысшының іргелі дайындығын қамтамасыз  ету, осы негізде оқу мазмұнының болашақ кәсіптік қызметінің негізгі түрлері бойынша сарлану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Оларды оқу нәтижесінде  оқушылардың жалпы техникалық арнаулы, экономикалық, құқықтық білімдері мен біліктері қалыптасуға тиіс және бұның өзі осы бөлімге тиісті пәндерін енгізуді қажетті етеді.

Кәсіптік цикл пәндерін оқуға уақыт көлемі сондай-ақ олардың  әрқайсысы бойынша өндірістік және теориялық, кәсіптік және жалпы білімдік оқудың өзара қатынасы алдын-ала  жасалынған және өзара келісімді тақырыптық жоспар үлгілері жобалары тұрғысынан белгіленеді.

Кәсіптік цикл пәндерін оқу жиілігін, сондай-ақ бөлінетін  курстар бойынша бөлінетін сағаттар санын белгілеу пәнаралық байланысты ескере отырып жүргізіледі.

Оқу үрдісінің жоспарында оқушылардың білімі мен біліктерін бақылау түрлері көрсетіледі: бақылау жұмысының  ең керекті аз мөлшері, кезеңдік аттестациялау, емтихандар.

Арнаулы цикл пәндері  бойынша емтихандар мен бақылау  жұмыстар саны оқушылардың сол пәнді  оқу нәтижесінде олардың ішкі құрылымын, сондай-ақ оқудың уақыт көлемі мен ұзақтығын ескере отырып, меңгеретін білімдері мен біліктеріне қойылатын талаптар тұрғысынан анықталады.

Бақылау жұмыстары пәнді  оқуға бөлінген уақыт есебінен жүргізіледі, ол туралы оқу жоспарында түсініктеме жазылады.

Тексеру жұмыстары мен  кезеңдік аттестация жыл сайын жүргізіледі  және оларды хаттамамен дайындайды.

Өндірістік оқуға енетіндер:

- оқу шеберханаларындағы, оқу алаңындағы, оқу шаруашылығындағы  өндірістік оқу;

- кәсіпорындарындағы  өндірістік оқу;

- өндірістік практика.

Оқудың бітуімен өткізілетін  емтихандар:

- жалпы білімдік пәндер  бойынша;

- арнаулы пәндер бойынша;

- біліктілік пәндері  бойынша.

Оқу үрдісінің типтік кестесінде курстар бойынша оқу  сабақтарының басталуы мен аяқталуы, оқу түрлерінің аяққы түрлері, каникулдар, өндірістік оқулар көрсетіледі.

Типтік кесте құруда төмендегі жағдайларды басшылыққа алу қажет:

- барлық курстарда  оқу жылының басталуы, әдеттегідей;

- қыркүйек, бітуі –  30 маусым. Соңғы курста оқудың  аяқталуы  әрбір кәсіп бойынша оқудың ұзақтығына байланысты. Маусымдық жұмыстармен байланысты сипаттағы кәсіптер бойынша оқу жылының басталуы мен аяқталуы басқа мерзімдерге жылжытылуы мүмкін;

Кәсіптік-техникалық мекемелер үшін оқу бағдарламаларын  жасауға арналған нұсқауларды қарастыралық:

Пән бойынша оқу бағдарламаларды  оқытудың барлық түрлері бойынша: күндізгі, кешкі – бірыңғай болып табылады.

Оқу бағдарламалары мынадай  тараулардан тұрады: түсініктеме, тақырыптық жоспар үлгісі, пәннің мазмұны, ұсынылатын әдебиеттер, ЭЕТ және аудиовизуалды оқу құралдары.

Түсініктемеде пәннің қызметі, оның жұмысшыларды дайындаудағы орны, оқу жоспарларындағы басқа пәндермен  байланысы, пәннің құрылымының негіздемесі  қысқа түзіледі. Онда бағдарламаның, әрбір бөлігі үшін түсіндірмелер  және пәндерді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар берілуі мүмкін.

Оқу мекемелерінде бағдарламаларға  олардың мазмұнына, оқу материалының оқылу желісіне, пәнді оқуға берілетін  уақыттың жалпы қоры мөлшерінде тараулар бойынша оқу сағаттарының бөлінуіне  өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Пәннің мазмұны» бөлімі «Кіріспеден» басталады. Онда пәннің жалпы  сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттер  оқытылатын пәннің меңгерілетін білімдердің  жүйесінде алатын орны мен ролі басқа  оқу пәндерімен байланысы беріледі.

Оқу материалы мазмұны  тиісті білім саласының қазіргі даму деңгейі талаптарына, нақты өндірістің техникалық, технологиялық, ұлттық мәдениетінің қазіргі жайы мен даму болашағына жауап беруге тиіс.

Бағдарламаның тарауларының мазмұны оқушылардың, білім, білік  және дағдыларына қойылатын талаптарды қамтиды.

Бұл білімді жасауда  төмендегі жағдайлар басшылыққа алынады:

Информация о работе Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы