Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау, Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулық даярлау.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................4
1 Оқыту әдістері , тәсілдері және жіктеу проблемасы
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым..............................6
1.2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. …….8
1.3 Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі……………………………..
2 PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі ..................................12
2.2 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі Құрал-саймандар тақтасы....................................................................................................................16
2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары...................22
2.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар............................................................38
3 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ «PHOTOSHOP» ПӘНІНЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ
3.1………………………………….
3.2………………………………
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

4.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу…………………

4.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі…………

5 ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

5.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi………………………………………...
5.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу
eрежесі…………………………………………………………………………..
5.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі…………………………….
5.4. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………………...
5.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның
метеожағдайлары………………………………………………………………..
5.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі………………………
5.7. Пайдалануға берілген ДЭЕМ-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................73
ҚОСЫМША.........................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 1.46 Мб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................4

1    Оқыту әдістері , тәсілдері және жіктеу проблемасы

1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым..............................6

1.2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. …….8 
1.3 Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі…………………………….. 

2 PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ   ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Adobe Photoshop редакторы және оның  интерфейсі ..................................12

2.2 Adobe Photoshop редакторы және оның  интерфейсі Құрал-саймандар тақтасы....................................................................................................................16

2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары...................22

2.4 Құжаттармен  жүргізілетін амалдар............................................................38

3    DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ «PHOTOSHOP» ПӘНІНЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ

3.1………………………………….

3.2………………………………

4   ЭКОНОМИКАЛЫҚ  БӨЛІМ

 

4.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

 

4.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу…………………

 

4.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі…………

 

5    ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

 

5.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi………………………………………...

5.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу

 eрежесі…………………………………………………………………………..

5.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі…………………………….

5.4. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………………...

5.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның

метеожағдайлары………………………………………………………………..

5.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі………………………

5.7. Пайдалануға берілген ДЭЕМ-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары……………………………………………..

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................73

ҚОСЫМША.........................................................................................................75

 

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда  ақпараттық технологиялардың күрт дамуы  сабақты өткізудің жаңа тәсілін, яғни қашықтықтан оқытуды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Ол біріншіден, оқып үйренушіге уақытты үнемдеуге және оқып үйренетін  орынды таңдауға, екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі түрде оқып білім ала алмайтындарға өз бетімен білім алуға, үшіншіден,  жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, төртіншіден, оқуға кететін шығынды әлдеқайда азайтады.

Оқытушы бағдарламалардың және электрондық оқулықтардың  бүгінгі таңда оқу үрдісіне енгізілуі  білімгерлерді өз бетімен және қашықтықтан  білім алуға  жетелейді, колледждерде компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқыту әдістемесі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша   оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:

  • графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
  • AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
  • AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және  электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау, Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулық даярлау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған  әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде AdobePhotoshop редакторының интерфейсіне, құрал-саймандар тақтасына, палитралар тақтасының түрлеріне сипаттама беріледі, сонымен қатар редактордың түстік модельдері, құжаттармен жүргізілетін амалдар қарастырылған.

Екінші бөлімде AdobePhotoshop редакторын оқып үйренуге арналған лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары берілген.

Қорытындыда дипломдық  жұмысты дайындау үрдісіндегі орындалған маңызды әрекеттер, жұмыстың жалпы  нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері  мен тиімділігі баяндалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқыту әдістері

 

    1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым

      Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрысорындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

  • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
  • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
  • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
  • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару 
    тәсілдері.

Сонымен, тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,  ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі  бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.

       XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. 
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.     И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. 
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді. 
    Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс. Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз. [19,208с]

2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері

      Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты. 
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді.   "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған   жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді. 
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады.

          Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.

       Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады. 
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. 
   Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет.

       Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. 
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. 
         Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. 
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері 
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. 
       Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар. 
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді. (И.Я.Лернер,М.Н.Скаткин) Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек. 
      Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.

Информация о работе Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі