Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау, Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулық даярлау.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................4
1 Оқыту әдістері , тәсілдері және жіктеу проблемасы
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым..............................6
1.2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. …….8
1.3 Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі……………………………..
2 PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі ..................................12
2.2 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі Құрал-саймандар тақтасы....................................................................................................................16
2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары...................22
2.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар............................................................38
3 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ «PHOTOSHOP» ПӘНІНЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ
3.1………………………………….
3.2………………………………
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

4.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу…………………

4.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі…………

5 ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

5.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi………………………………………...
5.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу
eрежесі…………………………………………………………………………..
5.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі…………………………….
5.4. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………………...
5.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның
метеожағдайлары………………………………………………………………..
5.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі………………………
5.7. Пайдалануға берілген ДЭЕМ-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................73
ҚОСЫМША.........................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 1.46 Мб (Скачать файл)

       Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды. 
Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқыл ы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. 
    Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.

    Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады. 
    Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.

    Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.

Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі

     Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды. 
Симулятивтік ойындар кезінде оқушылар өз бетімен күрделі мәселелерді шешеді. Бұл ойындар алғаш рет әскери училищелерде кескілескен шайқастарды бейнелеу үшін қолданылған. XX ғасырдың 60 жылдарының басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады.

      Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік. 
Бірінші кезең "Жас отбасының бюджеті" деген жағдаят. Жоғары сынып оқушылары "отбасыларына" бөлінеді, әр отбасында жас жұбайлар мен олардың туысқандары тұрады. Эксперттер құрамына мұғалімдер, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары енеді. Эксперттердің міндеті - ойыншыларға "тұрмысқа" керекті қаржы, құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру. 
Мысалы, бір жұп тамаққа күніне 200 теңге жұмсаймыз дейді. Ал эксперттер оған қандай тамақтың түрлерін сатып алатындығын айтуын сұрайды. Азық-түлікті сатып алған соң, ойынның екінші кезеңі басталады. Ойынға қатысушылар бір-бірімен пікір таластыра бастайды. Қалған ақшаға "әйелі" өзіне киім алғысы келеді, ал "ері" жинақтау қорына салғысы келеді. 
"Ата-аналары" нені сатып алу жөнінде ақыл айтып, жас жұбайларға ақшалай көмек беретіндіктерін айтады. Эксперттер оларға өздерінің мүмкіндіктерінді ескердіңдер ме? Балаларыңыз сендерге неге көмектеспейді? "Масылдарды тәрбиелеу жақсылыққа әкелмейді" деген пікірлер айтады. 
Кейін жоғары сынып оқушыларының келісімімен ойынға ата-аналар қатысады. Бұл ойын болғанмен, ондағы жағдаят өмірде болатын жағдайға жақын. Ойында оқушылар түрлі шешімдерге келіп, әрекет жасайды. Олар үшін отбасылық экономика, отбасындағы психологиялық ахуал деген ұғымдар анық бола бастайды. Бұл мысалдан іскерлік ойында нақты жағдай көрсетілетінін білдік. Біз отбасылық өмірдің бір сәтінен үзінді келтірдік. Ойын барысында жасалған шартты үлгі өмірде болатын жағдайлар. Осылайша тарихи оқиғаларды балаларға іскерлік ойындар арқылы меңгертуге болады. 
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны ңысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. 
Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Ойын түрінде болатын саяхат, электрлендірілген викториналар арқылы белгілі бір ауданның жануарлар дүниесі, ұшақ, корабльдердің түрлері оқылады. 
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді. 
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады. 
Ой майданы әдісін 1939 жылы А.Ф.Осборн бірінші рет қолданған. Ол балаларға ұнаған, себебі олар өздеріне қызықты мәселелерді шешіп отырған. Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. Бұл әдіс арқылы өткен сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, топтың даму деңгейіне байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ мүшелерінің санын көбейтугеболады. 
     Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің студенттері шағын топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады. Оны шет тілін оқытуда пайдалануға болады.

    Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. 
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.

 
 

 

  1. PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН  ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

    1. Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі

Дербес компьютердің пайда болуы көптеген мамандықтарды  өзгертті. Баспа ісінде үлкен төңкеріс болды. Компьютерлер жеткілікті дәрежеде мықты болып және сапалы шығару құрылғылары пайда болғаннан кейін жариялау (публикация) істерін автоматтандыратын программалар дами бастады. Олар үстел–үстілік баспасөз жүйелері (DTP – Desktop Publishing). Бұл салада көп жылдар бойы Adobe Systems Inc компаниясы көшбасшы болды. Ол беттерді сипаттау тілі PostScript-тің программалық және аппараттық интерпретаторларын жүзеге асырады. PostScript тілі бейнені шығарудың жоғары сапалы құрылғыларын пайдаланады. Photoshop, Illustrator, Frame Maker, InDesign, Acrobat және т.б. қазіргі заманғы баспасөздің программалық қамсыздандыруының тамаша және мықты жиынтығын құрады. Adobe компаниясы уақыт талабына және компьютердің дамуына қарай баспасөз программаларының дестесін үнемі жаңартып отырады. Adobe Photoshop программасы графикалық редакторлар арасында өзінің кең мүмкіндігі, жоғары тиімділігі және жұмыс жылдамдығы арқасында көшбасшы болып табылады. Программа бейнені жөндеу, баспаға шығару мүмкіндіктеріне ие. Программа Web-дизайн және электрондық жариялауларда кеңінен қолданылады. Adobe Photoshop редакторы растрлық графиканы (bitmapped images) жөндеуге және құруға арналған. Программа фотосуреттер және коллаждар, соның ішінде слайд және мультипликация, Web-беттер үшін бейнелермен, кинокадрлармен жұмыс істеуге арналған [1].

Photoshop программасын жүктеу бірнеше әдіспен орындалады.

1-әдіс. Жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасында орналасқан Пуск (Start) батырмасын шертіп ашылған мәзірден Программы (Programs), одан кейін Adobe Photoshop командасын таңдау керек.

1.1-сурет. Adobe Photoshop программасын жүктеу

 

2-әдіс. Windows-тың Проводник терезесінде Adobe бумасын, содан кейін онда Photoshop бумасын таңдап онда Photoshop белгісіне екі рет шерту керек.

1.2-сурет. Photoshop бумасының көмегімен программаны жүктеу

 

3-әдіс (ең тез және ыңғайлы). Photoshop үшін жарлық құру қажет. Ол үшін Adobe бумасында орналасқан Photoshop бумасын ашып, Photoshop таңбашасына барып тышқанның сол жақ батырмасын басып тышқан батырмасын жібермей жұмыс үстеліне апару керек. Photoshop программасы жұмыс үстеліндегі жарлықты шерту арқылы жүктеледі.

Интерфейс элементтері. Программаны жүктегеннен кейін экранда Photoshop программасының негізгі терезесі пайда болады. Программа интерфейсінің көп элементтері стандартты, әр қосымшада тақырып жолы (1), мәзір жолы (2), опциялар тақтасы (3), құрал-саймандар тақтасы (4), палитралар (5), қалып-күй жолағы (6) болады. Программа терезесінде тақырыбы бар бейне құжатының терезесі орналасқан (7). Программа терезесінің тақырыбы (8) батырмасына шерткенде келесі командалары бар жүйелік мәзір ашылады: Қалпына келтіру (Restore), Орын ауыстыру (Move), Өлшем (Size), Бүктеу (Minimize), Қайта ашу (Развернуть) (Maximize), Жабу (Close). Құжат терезесінің (9) тақырып батырмасына шерткенде Келесі (Next) командасымен толықтырылған жүйелік мәзір ашылады. Келесі командасы бірнеше құжат ашық болған кезде басқа құжатты белсенді ету үшін қолданылады. Жүйелік мәзірдің Бүктеу, Қайта ашу/Қалпына келтіру, Жабу командалары да программа (1) және құжат (7) тақырыбының оң жақ бөлігінде батырмалар түрінде келтірілген. Егер программа тақырыбында Бүктеу (10) батырмасына шертсе программа терезесі бүктеледі де тақырыптар тақтасында Adobe Photoshop батырмасы пайда болады. Тақырыптар тақтасында орналасқан  Adobe Photoshop батырмасына шерткенде терезенің бұрынғы өлшемі қалпына келеді. Егер құжат тақырыбының Бүктеу (11) батырмасына шертсе, онда құжат терезесі бүктеледі және программа терезесінің сол жақ төменгі бұрышына орналасады. Егер Қалпына келтіру (12) батырмасына шертсе, құжат терезесінің бұрынғы өлшемі қалпына келеді. Программа (12) және құжат (13) тақырыбының Қайта ашу батырмасының көмегімен терезе өлшемін максимумға дейін үлкейтуге болады (мұнда Қайта ашу батырмасы Қалпына келтіру батырмасына айналады). Қалпына келтіру батырмасына шертсе терезе бұрынғы өлшемге ие болады. Программа, құжат немесе палитралар терезесін жабу қажет болса, Жабу батырмасын шерту қажет [2].

 

 

 

 

 


1.3-сурет. Adobe Photoshop программасының терезесі

 

Қалып-күй жолағы. Қалып-күй жолағының (6) сол жақ бөлігінде бейне масштабының мәні бар өріс орналасқан, бұл өрісті қажетті параметрларды енгізе отырып өзгертуге болады. Жұмыс тобы (Workgroup) батырмасына шерткенде бірнеше қолданушылардың бірге жұмыс істеуі үшін қажетті командалар тізімі ашылады. Үшбұрыш белгілі батырманы шерткенде келесі командалардан тұратын қалып-күй жолағының мәзірі ашылады:

  • Document Sizes (Құжат өлшемдері);
  • Document Profile (Құжат профилі);
  • Document Dimensions (Құжат өлшемдері);
  • Scratch Sizes (Жад көлемі);
  • Efficiency (Тиімділігі);
  • Timing (Уақыт);
  • Current Tool (Ағымдағы құрал).

Егер қандай да бір  команда жанында жалауша орнатса, онда қалып-күй жолағының өрісінде осы командаға сәйкес ақпарат шығарылады.

1.4-сурет. Ашылған мәзірлі қалып-күй жолағы

 

Document Sizes (Құжат өлшемдері) командасына жалауша орнатсақ, қалып-күй жолағының өрісінде қаттамасыз (бірінші сан) белсенді құжат файлының көлемі және бірнеше қаттамалы (екінші сан) файл көлемі көрсетіледі. Document Profile (Құжат профилі) командасын таңдағанда құжаттың түстік профилінің бейнесін аламыз. Document Dimensions (Құжат өлшемдері) командасының көмегімен Edit Preferences Units&Rulers Rulers (Жөндеу Орнатулар Бірліктер және сызғыштар Сызғыштар) командасымен орнатылған өлшем бірліктері бейнеленеді. Scratch Sizes (Жад көлемі) командасы ашық құжатпен алынған жад көлемі және бос жедел жады көлемі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Efficiency (Тиімділігі) командасын таңдағанда жедел жадыны пайдаланудың тиімділігі бейнеленеді. Көп жағдайда беттегі бейне өлшемін білу қажет болады. Ол үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағында ұстап, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны ұстап тұру керек. Бейне өлшемдері, арналар саны, режим және рұқсаттар туралы мәліметтерді алу үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағына орнатып, алдын-ала <Alt> пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек [10].

Программа мәзірі. Программа мәзірі бейнені және құжатты басқару функцияларының жақындығы бойынша бұтақ тәрізді байланысқан командалар тобын құрайды. Мәзір командаларының негізгі топтарының тізімі:

  • File (Файл). Файлдық амалдар: көшіру, файлды ашу және  жабу, импорт және экспорт. Мұнда бейнені енгізу құрылғыларынан алу, басқа қосымшаларға өту, автоматтандыру және құжатты баспаға шығару алдында тексеру командалары сонымен қатар, Photoshop браузері бейне каталогтарын қарау терезесін шақыру командалары да орналасқан.
  • Edit (Жөндеу). Жөндеу командалары: қию, көшіру, өлшемдерді өзгерту, барлық бейнені немесе оның жеке бөліктерін бұрмалау. Осы топта, сонымен қатар оюларды (узоры), қылқалам және фигураларды анықтау командалары, буферді тазалау командалары және программаның барлық орнатулары бар.
  • Image (Бейне). Бейнеге әсер ету үшін арналған командалар: реңдік және түстік түзеу, бейне типін өзгерту, қию, фоннан үзінділерді қию және т.с.с.
  • Layer (Қабат). Бейне қабаттарын басқару командалары: өшіру, көшіру және т.с.с.
  • Select (Ерекшелеу). Ерекшелеуге және ерекшеленген аймақпен жұмыс істеу үшін арналған командалар.
  • Filter (Сүзгіш). Бейнелерді арнайы өңдеу үшін арналған командалар. Мұнда міндетті түрде Photoshop жиынтығының сүзгіштері болады және қосымша орнатылған сүзгіштер болуы мүмкін.
  • View (Түр). Жұмыс бетінің сыртқы түрін басқару құралдары: масштаб және бейнелеудің түстік моделі, бағыттағыштар, сызғыштар және т.б.
  • Window (Терезе). Программаның негізгі терезесінде жұмыс ортасын ұйымдастыру құралдары – бұл мәзір командалары палитра және құжат терезелерін басқарады.
  • Help (Көмек). Анықтамалық ақпаратты, программа бойынша көмек алуға, көмек көрсетудің онлайндық қызметіне рұқсат алуға арналған командалар [12].

Информация о работе Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі