Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау, Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулық даярлау.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................4
1 Оқыту әдістері , тәсілдері және жіктеу проблемасы
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым..............................6
1.2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. …….8
1.3 Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі……………………………..
2 PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі ..................................12
2.2 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі Құрал-саймандар тақтасы....................................................................................................................16
2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары...................22
2.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар............................................................38
3 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ «PHOTOSHOP» ПӘНІНЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ
3.1………………………………….
3.2………………………………
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

4.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу…………………

4.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі…………

5 ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

5.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi………………………………………...
5.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу
eрежесі…………………………………………………………………………..
5.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі…………………………….
5.4. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………………...
5.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның
метеожағдайлары………………………………………………………………..
5.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі………………………
5.7. Пайдалануға берілген ДЭЕМ-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................73
ҚОСЫМША.........................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 1.46 Мб (Скачать файл)

Styles (Стильдер) палитрасы дайын стильдерді, түстер үлгілерін және әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Оларды Layers (Қабат) палитрасынан ашылатын диалогтік терезеде жөндеуге және қосуға болады.

History (Тарих) палитрасы бейнеге орындалатын барлық амалдарды тіркейді. Тіркелетін амалдардың максимал мәні 100-ге тең. Бұл палитра көмегімен команданы болдырмауға, өңделіп жатқан бейненің кез-келген жағдайына келуге, кез-келген әрекетті өшіруге, бейненің аралық жағдайын (Snapshot) сақтауға болады. Программаның құралдарымен жасалған бейнедегі әрбір өзгеріс History (Тарих) палитрасына жазылады. Тарих палитрасы істелінген іс-әрекет, сонымен қатар оның тізбегін кері қайтаруға мүмкіндік береді. Палитраның  сол жағындағы жылжымалы жолақты жоғары тартып командаларды кері қайтаруға болады. Кері қайтарылған командалар палитрадан жоғалмайды, оларды жылжымалы жолақты артқа жылжытып сәйкес  командаларды қалпына келтіруге болады. Тарих палитрасының төменгі жағында “Жаңа құжат”,  “Жаңа сурет”, “Өшіру” командаларының батырмалары орналасқан. New Snapshot (Жаңа сурет құру) командасы ашық тұрған құжат бейнесінің жаңа суретін құрады. Бірінші сурет астында екіншісі пайда болады. Delete (Өшіру) командасы керек емес суретті өшіреді. Палитраны толық тазарту үшін Clear History (Тарихты өшіру) командасын орындау керек. History палитрасында бұрын қолданылған барлық құрал-саймандардың тізімі және бейнеге енгізілген өзгерістер бейнеленеді. History палитрасындағы бейненің кез-келген бұрыңғы жағдайына шертіп, одан кейін орындалған барлық іс-әрекеттердің нәтижелерін кері қайтарып қажет жағдайды шақыруға болады. Бұл Undo командасын бірнеше рет орындағаннан гөрі тиімді. Ең маңыздысы жұмысты сақтағаннан кейін де қандай да бір командаларды кері қайтаруға болады. Соңғы орындалған іс-әрекетті кері қайтару және оны қайта орындау үшін <Ctrl-Alt-Z> пернелер комбинациясын қолдануға болады [12].

1.33-сурет. History палитрасы

 

Actions (Іс-әрекет) палитрасының көмегімен бейнені өңдеу автоматтандырылады. Бір немесе бірнеше командаларды жазғаннан кейін,          олардың орындалуын бір бейнеге немесе бейнелер тобына қолдануға болады.

Tool Presets (Дайын құрал-саймандар) палитрасында дайын стандартты параметрлары бар құрал-саймандар келтірілген.

Layers (Қабат) палитрасының көмегімен жаңа қабат құруға, бейнені қабатқа ерекшелеуге, бейне қабатын жасыруға, көшіруге, орнын ауыстыруға, топқа біріктіруге, өшіруге, яғни онымен жұмыс істеуге болады.

Channels (Арналар) палитрасы түсте RGB және CMYK түстік модельдерін ұсынады. Арналар палитрасы ерекшеленген аймақтарды сақтауға арналған қосымша немесе альфа-арналарды құруға мүмкіндік береді.

Paths (Жиектер) палитрасы көмегімен жиектер құрылады. Жиек фигураларды құру құралдарымен немесе Pen (Қалам) құралымен салынады. Сонымен қатар жиекті аймақты ерекшелеп және оны жиекке түрлендіріп алуға болады.

Brushes (Қылқалам) палитрасы жөндеуде және жаңа бейне құруда негізгілердің бірі болып табылады. Brushes палитрасынан және ашылатын қылқалам үлгілерінен тұратын тақтадан қылқалам пішіндерін, өлшемдерін, түрлерін таңдауға болады [10].

Character (Символ)/Paragraph (Абзац) палитраларының көмегімен шегіністерді, аралықтарды, түзетулерді, сөздердің автоматты ауысуын орындауға болады, сонымен қатар қаріпті таңдауға және мәтіннің басқа да параметрларын анықтауға мүмкіндік береді. Үнсіз жағдайда мәтінмен жұмыс істеу палитралары Character (Символ) және Paragraph (Абзац) экранда жоқ. Character палитрасын Window (Терезе) мәзірінің сәйкес командасын таңдап ашуға болады.

Histogram (Гистограмма) палитрасы бейненің түстік деңгейлері туралы ақпаратты алу үшін арналған. Photoshop CS-да тек нақты жағдайдың гистограммасын ғана емес, сонымен қатар түс түзеуші құралдарды қолданғандағы нәтижені алдын-ала қолдануға мүмкіндік береді [9].

 

2.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар

Photoshop программасы файлдардың әртүрлі пішімдеріндегі бейнелерді ашуға және сақтауға мүмкіндік береді. Пішім дегеніміз файлда бейне туралы ақпаратты ұйымдастыру әдісі, бұл файлды басқа қосымшаларда қолдануға мүмкіндік береді немесе оларды Internet-те,  Web-беттерде қолдануға болады. Windows әлемінде файл пішімін жекешелеу (идентификациялау) үшін оның атына қосылатын үш әріпті кеңейтпесі қолданылады, мысалы, мәтіндік құжат үшін .doc немесе графикалық бейне үшін .bmp. Macintosh компьютерлерінің қолданушылары үшін файлдар кеңейтпесін қолдану қажеттілігі тек РС платформасындағы компьютерлер қолданушыларымен осы файлдармен алмасу жасағанда немесе оларды Web-беттерде орналастырғанда туады. Олар Preferences File Handling (Жалпы баптаулар Файлдарды басқару) командасының көмегімен ашылатын Append File Extention (Файл кеңейтпесін қосу) опциясын қолдана отырып файл аттарына кеңейтпелерін қосуды белсенді етеді немесе өшіреді. Photoshop-та көбіне өзінің файл пішімі .psd қолданылады. Бұл пішімнің кемшілігі мұндай файлдарды басқа программаларда ашқанда қиындықтар туындауы мүмкін. Бейне файлдарын әртүрлі программаларда қолдану қажет болғанда, оларды баспаға шығарғанда немесе оларды Web-беттерде орналастыру қажет болғанда, жалпылама пішімде сақтау қажет. Photoshop CS-да Large Document Format (.psb) жаңа пішімі құрылған. Ол үлкен өлшемдегі файлдарды сақтауға арналған. Бұл пішім мегапиксельдік сандық фотокамераларды қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған, себебі оның көмегімен  үлкен өлшемдегі бейнелер үшін қабаттар жиынын құруға, өңдеуге және сақтауға болады. Бұл пішім жаңадан құрылғандықтан, ол әлі басқа программаларда қолданылмайды, .psb кеңейтпесімен сақталған кез-келген файл тек Photoshop CS-да ғана ашылады. Жұмысты бастау үшін файлды ашу керек немесе жаңа файл құру қажет. Жұмысты аяқтағанда өзгерістерді сақтап, құжатты жауып және программадан шығу қажет. Файлды басқару командалары File (Файл) мәзірінде орналасқан, мәзірдің командалар атауының жанында олардың жылдам өту батырма комбинациялары көрсетілген [11].

Жаңа құжат  құру. Жаңа құжат құру үшін File New (Файл Құру) командасын орындау керек. Құрылатын құжаттың параметрларынан тұратын диалогтік терезе ашылады.

1.34-сурет. Жаңа құжат құру терезесі

Name (Аты) өрісіне файл  аты енгізіледі. Ашылатын Preset Size (Алдын-ала орнатылған өлшемдер) тізімінде құжаттың стандартты өлшемдері келтірілген. Ашылатын тізімдерде өлшем бірліктерді таңдау қажет. Жаңа құжат үшін Width (Ені) және Height (Биіктігі) өрістерінде тиісті мәндерді орнату керек. Resolution (Шешім) параметрінің мәнін орнату қажет. Width, Height, Resolution өрістеріне мән енгізілгеннен кейін, Image Size (Бейне өлшемі) өрісінде құрылатын құжаттың өлшемін бейнелейтін сан пайда болады. Ашылатын Mode (Режим) тізімі келесі нұсқалардан тұрады:

  • Bipmap (Биттік) – графикалық құжатты бейнелеу үшін қара және ақ түстер қолданылады;
  • Grayscale (Сұрдың реңдері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін сұр түстің 256 реңдері ұсынылады;
  • RGB Color (RGB түстері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін қызыл, жасыл және көк түстерге негізделген RGB моделі қолданылады;
  • CMYK Color (CMYK түстері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін көк, қызғылт сары (пурпурный), сары және қара түстерге негізделген CMYK моделі қолданылады;
  • Lab Color (Lab түстері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін Lab моделі қолданылады (кең түстер гаммасына ие).

Құжат терезесінде фонның ақ түсін алу үшін Background Contents (Фон түсі) қайта-қосқышына White (Ақ) мәнін орнату керек. Фондық түсті баптау үшін Background Color (Фон түсі) мәні пайдаланылады. Түстің болмауы, яғни құжаттың мөлдір фонын құру Transparent (Мөлдір) мәнін таңдау арқылы орындалады. OK батырмасын басу арқылы жаңа құжат терезесі ашылады [1].  

Құжатты ашу. Құжатты ашу үшін Open (Ашу) командасы қолданылады.

  1. File (Файл) мәзіріндегі Open (Ашу) командасын немесе <Ctrl+O> батырмалар комбинациясын таңдау қажет.
  2. Ашылған Open диалогтік терезесінен Look in (Жол) тізімінде қажетті дискіні таңдау керек.
  3. Files of type (Файлдар типі) тізімі программада ашыла алатын файлдар пішімдерінен тұрады. Пішімдері тізімде белсенді файлдар қарау өрісінде көрініп тұрады. Тізімнен JPEG (.*JPG) жолын таңдаса, терезеде тек осы пішімнің файлдары көрінеді. Егер тізімде All Formats жолы орнатылған болса, белсенді буманың барлық файлдары көрінеді.
  4. Қарау өрісінде қажетті файлды таңдау қажет. Терезенің төменгі бөлігінде файлда бар бейне миниатюрасы көрсетіледі. Оның астында File Size (Файл өлшемі) өрісінде файл өлшемі килобайтпен беріледі.
  5. Open (Ашу) батырмасын басқанда құжат терезесі пайда болады.

Егер белгілі пішімнің файлын немесе файлдар тобын ашу қажет болса,        File Open As (Файл Қалай ашу) командасын орындау керек, ашылған тізімде файлдың қажетті типін таңдап және Open (Ашу) батырмасына шерту керек. File Open Recent (Файл Жақында ашылғандар) командасы көмегімен жақында жабылған файлды ашуға болады. Ол үшін Open Recent командасының ішкі мәзіріндегі қажетті файлдың атына шерту керек [3].

Құжатты сақтау. Photoshop программасы File (Файл) мәзірінде орналасқан бірнеше Save (Сақтау), Save As (Қалай сақтау) және Save for Web (Web үшін сақтау) командаларымен ұсынылған бейнені сақтау әдістерін ұсынады. Жұмыс істегенде өзгерістерді сақтап отыру керек, себебі программадағы үзіліс немесе қоректендірудің үзілуі жөндеу нәтижелерінің жоғалуына әкеледі. Құжатты сақтау үшін File (Файл) мәзірінің командалары арналған: Save (Сақтау) және Save As (Қалай сақтау). Save (Сақтау) командасына <Ctrl>+<S> батырмалар комбинациясы сәйкес. Бұл команда бейненің ағымдағы жағдайын алдыңғының орнына сақтайды. Мұнда бірақ қате қауіпі бар, себебі соңғы өзгеріс қажет емес болуы мүмкін. Осындай маңызды деректердің жоғалуын болдырмау үшін файлдардың резервті көшірмелерін сақтау керек. Бұл үшін Save As (Қалай сақтау) (<Ctrl>+<Alt>+<S>) командасы қолданылады. Құжатты сақтау кезінде пішімдер тізімінде файлдың ағымдағы пішімі немесе Photoshop-тың өзінің PSD пішімі көрсетіледі. Құжатты сақтау үшін қажетті буманы таңдау керек. File Name (Файл аты) өрісінде құрылатын көшірме үшін жаңа ат беріледі. Соңында Save (Сақтау) батырмасын басу керек.

Құжатты жабу және программадан шығу. Құжатты жабу үшін бейненің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасына шерту керек. Егер бейнеге өзгеріс енгізіліп және оны сақтамай жапса, онда Yes (Иә), No (Жоқ), Cancel (Орындатпау) батырмаларын қамтитын ескертпе терезе шығады. Yes батырмасы файлды жабу кезінде сақтайды, No батырмасы өзгерістерді сақтамайды, Cancel батырмасы файлды жабу командасын болдырмайды. Құжатты, сонымен қатар File Close (Файл Жабу) командасын орындап жабуға болады .

 

                                          4. Экономикалық бөлім

 

Әдістемелік әзірленім  «Кәсіптік оқыту», «Есептеу техникасы  және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша оқитын студенттеріне  арналған, дипломдық проектінің экономикалық бөлімін есептеу үшін. Осы әзірленімде құрылған бағдарламаның экономикалық тиімділігі және өзін-өзі өтеу мерзімі қалай есептелетіні көрсетілген.

 

4.1 Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

 

Бағдарламаның өзін-өзі  өтеу мерзімінін және экономикалық тиімдіілігін есептеуі енбек шығындарын есептеуден басталады, үйткені енбек ақыға төленетін шығындар өнімнің өз құны ішіндегі ен басты шығындар болып табылады.

Енбек шығындары мына формула бойынша есептеледі:

 (1.1)

қайда:

tо- қойылатын мақсаттың  мінездемесін беру дегі енбек  шығындарының нормативы  (12), (адам/сағат);

tн – қойылған мақсаттын  алгоритімін зерттеу бойынша  шығындар нормативы (адам/сағат);

ta – алгоритмнің блок-схемасың құру бойынша шығындар нормативы, (адам/сағат);

tп- дайын блок-схема  бойынша бағдарламаны құру шығындарының  нормативы, (адам/сағат);

tотл – бағдарламаны  ЭЕМда өндеу шығындары бойынша  нормативы (егер комплексті өндеуді  есептесе t отладки), (адам/сағат);

tд – мақсат бойынша  құжаттарды дайындау  шығындар  нормативы, (адам/сағат).

Енбек шығындарын құрылып  жатқан бағдарлама бойынша жұмыс  істейтін операторлардың саның мысалыға алып есептеуге болады.

Бағдарлама бойынша  жұмыс істейтін операторлар саның  мына формула бойынша есетейді:

 (1.2)

қайда:

q – операторлардың  мысалыға алынған саны (507);

с – бағдарламаның  кыйындығынын коэффициенті  (1,3);

р – бағдарламаны құру барысындағы шыққан аутқыршылықтарды жөндеу коэффициенті (0,4).

қойылатын мақсаттың  мінездемесін беру дегі енбек шығындар бағдарламашының біліктілігіне  қарай мына формула бойынша есептеледі:

 (1.3)

қайда:

В – қосымшы жұмыс  істеу және қайта есептеу коэффициенті (1,3);

К – бағдарламашының  біліктілігінің дәрижесі степень (7 жалдын асса -1.6).

Қойылған мақсаттын  алгоритімін зерттеу бойынша  шығындар нормативы есептеледі:

 (1.4)

Дайын блок-схема бойынша  бағдарламаны құру шығындарының нормативы есептеледі:

 (1.5)

Бағдарламаны ЭЕМда  өндеу шығындары бойынша нормативы есептеледі:

 (1.6)

комплексті өндеуді  есептесе t отладки:

 (1.7)

Мақсат бойынша құжаттарды дайындау  шығындар нормативы есептеледі:

 (1.8)

қайда:

tд.р – жазбаша түрде құжаттарды құру бойынша енбек шығындары;

 (1.9)

tд.о – құжаттарды құру, басу және өндеу бойынша енбек шығындарды есептеу;

 (1.10)

 

 

Информация о работе Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі