Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау, Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық оқулық даярлау.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................4
1 Оқыту әдістері , тәсілдері және жіктеу проблемасы
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым..............................6
1.2 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. …….8
1.3 Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі……………………………..
2 PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі ..................................12
2.2 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі Құрал-саймандар тақтасы....................................................................................................................16
2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары...................22
2.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар............................................................38
3 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ «PHOTOSHOP» ПӘНІНЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРУ
3.1………………………………….
3.2………………………………
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарың есептеу

4.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу…………………

4.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі…………

5 ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

5.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi………………………………………...
5.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу
eрежесі…………………………………………………………………………..
5.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі…………………………….
5.4. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………………...
5.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның
метеожағдайлары………………………………………………………………..
5.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі………………………
5.7. Пайдалануға берілген ДЭЕМ-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................73
ҚОСЫМША.........................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 1.46 Мб (Скачать файл)

2. Pencil (Қарындаш)/Brushes (Қылқалам) құралдарын тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан <B> пернесін басып белсенді етуге болады.

1.14-сурет. Қарындаш/Қылқалам құралдары

 

Қандай да болмасын сурет салушы құралды қолданғанда, әрдайым Brushes (Қылқаламдар) құралдар тобы қажет болады. Show Brushes (Қылқаламдарды көрсету) бұйрығын орындағанда, Brushes (Қылқаламдар) палитрасы дөңгелек пішінді әр түрлі өлшемді қылқаламдар тобын ұсынады. Ал, одан кейін Paintbrush (Қылқалам) құралын таңдап, меңзерді жұмыс аймағына қойып, тышқанның батырмасын басу арқылы құралмен жұмыс жасауға болады. Қылқаламдардың қажетті түрін ойдан істеуге болады. Алдымен мына бір жағдайды еске алу керек, жаңа қылқаламды үш жолмен алуға болады. Біріншіден, бар қылқаламды модификациялау арқылы. Екіншіден, жаңа қылқаламды жасау, үшіншіден, суреттің қылқалам ретінде үзіндісін анықтау арқылы. Pencil (Қарындаш) құралы қатты шекаралы ерікті сызықтарды салу үшін арналған. Pencil (Қарындаш) құралын құрал-саймандар тақтасынан немесе пернетақтадан <В> пернесін басу арқылы қосуға болады. Палитрадағы Options (Параметрлар) қатарынан Fade (Қамтамасыз ету) амалын қосып, мән беру керек. Бұл жолда 1-ден 999-ға дейінгі аралықтағы мәндерді қоюға болады [2].

Airbrush (Аэрограф) құралы. Airbrush (Аэрограф) құралы шашыратқыш кұрыл болып табылады. Ол түске дәлдік бермейді, яғни нақты шекарасыз түс береді. Airbrush (Аэрограф) құралын құрал-саймандар тақтасынан немесе пернетақтадан <А> пернесін басып қосуға болады. Brushes (Қылқаламдар) палитрасында керекті жұмсақ қылқаламды таңдауға болады, сонымен қатар лайықты параметрларды орнату қажет.

3. Rubber Stamp (Штамп)/Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралдарын тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан <S> пернесін басып қосуға болады.

1.15-сурет. Штамп/Клондаушы штамп құралдары

 

Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралы бейненің жеке элементтерін көшіруге және оны сол бейнеге немесе басқа құжатқа орналастыруға мүмкіндік береді. Stamp (Штамп) құралының Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралынан ерекшелігі оюлар жиынтығын қамтитын модель өрісінің бар болуы. Бейненің зақымдалған жерлерін Rubber Stamp (Штамп) құралымен түзетуге болады. Егер меңзерді бейнеге әкеп қойсақ, ол кішкентай штамп пішінін алады [10].

4. Eraser (Өшіргіш)/Background Eraser (Фонды өшіргіш)/Magic Eraser (Сиқырлы өшіргіш) құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе пернетақтадан <E> пернесін басу арқылы қосуға болады. Өшіргіш құралы бейнені фондық түске дейін өшіреді. Фонды өшіру құралы фондық түсті өшіреді. Бұл құрал көмегімен түс реңдері бойынша жақын және ұқсас бейне бөліктерін ерекшелеп және өшіруге болады.

1.16-сурет. Өшіргіш/Фонды өшіргіш/Сиқырлы өшіргіш құралдары

 

5. History Brush (Тарихи қылқалам)/Art History Brush (Оюлы қылқалам) құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе пернетақтадан <Y> пернесін басу арқылы қосуға болады [1].

1.17-сурет. Тарихи қылқалам/Оюлы қылқалам құралдары

 

6. Gradient (Градиент)/Paint Bucket (Бояу) құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе пернетақтадан <G> пернесін басып қосуға болады. Осы құралдар көмегімен бейнені немесе ерекшеленген аймақты бояуға болады.

1.18-сурет. Градиент/Бояу құралдары

 

7. Blur (Жуу)/Sharpen (Қанықтылық)/Smudge (Саусақ) құралдарын әдеттегідей немесе пернетақтадан <R> пернесін басып белсенді етуге болады. Blur (Жуу) құралы түстерді жуады және бейне қанықтылығын төмендетеді. Sharpen (Қанықтылық) құралы бейне қанықтылығын жоғарылатады. Smudge (Саусақ) құралы араластыру (растушевка) әсерін береді.

1.19-сурет. Жуу/Қанықтылық/Саусақ құралдары

 

8. Dodge (Жарықтандыру)/Burn (Қараңғылау)/Sponge (Мақта) құралдарын құрал-саймандар тақтасына тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан <O> пернесін басып қосуға болады. Dodge (Жарықтандыру) және Burn (Қараңғылау) құралдары бейненің ақшыл жерлерін қаралату үшін және қаралау жерлерін ақшылдату үшін керек. Dodge (Жарықтандыру)/Burn (Қараңғылау)/Spоnge (Мақта) құралдарының қажетін құрал-саймандар тақтасынан қосу керек. Spоnge (Мақта) құралы мақталар жинағын ұсынады, оны фотосуретшілер фотоқағазын баспаға шығарар кезінде қолданады. Мақта құралы түстер қанықтылығын әлсіздендіреді немесе жоғарлатады [12].

1.20-сурет. Жарықтандыру/Қараңғылау/Мақта құралдары

 

           III. Тақтаның үшінші тобын Жолды таңдау/Тура таңдау (А), Мәтінмен жұмыс (Т), Қарындаш/Еркін қалам/Іліну нүктесі/Іліну нүктесін өшіру/Іліну нүктесін түрлендіру  (Р), Тіктөртбұрыш/Дөңгелектенген тіктөртбұрыш/ Эллипс/Полигон/Түзу/Қолданушы пішіні (U) сияқты құрал-саймандар құрайды.

Туре (Мәтін) құралы Т  әрпі бейнеленген батырма. Path (Жиек) жиек салатын (түзу немесе фигура) қауырсын. Түзу немесе фигура салынғаннан кейін осы құралдар көмегімен жиектің кез-келген үзіндісін белгілеп және оның пішінін өзгертуге болады. Path тобының құрал-саймандарын ерекшелеу, сонымен қатар сурет салу  құрал-саймандары ретінде қолдануға болады. Shape (Фигура) тобының құрал-саймандары боялған, сонымен қатар мөлдір фигураларды, соның ішінде көпбұрыштар, эллипстер, арнайы пішіндегі фигураларды ұсынады. Line  (Түзу) құралы да осы топтың жиынына жатады. Ол түзулерді салуға мүмкіндік береді, ал <Shift> пернесін қолданғанда бұл түзулер 45° немесе 90° бұрышпен автоматты түрде салынады [12].

1.21-сурет. Жолды таңдау/Тура таңдау құралдары

 

1.22-сурет. Мәтінмен жұмысқа арналған құралдар

 

1.23-сурет. Қарындаш/Еркін қалам/Іліну нүктесі/Іліну нүктесін өшіру/Іліну нүктесін түрлендіру құралдары

1.24-сурет. Тіктөртбұрыш/Дөңгелектенген тіктөртбұрыш/Эллипс/Полигон/Түзу/ /Қолданушы пішіні құралдары

 

IV. Тақтаның төртінші тобын Мәтіндік ескертпе/Дыбыстық аннотация, Тамызғыш/Түстік таңдау/Өлшеу, Қол, Лупа сияқты құрал-саймандар құрайды.

Бейнені қарау  құрал-саймандарының тобына Hand (Қол) және Zoom (Масштаб) құрал-саймандары жатады. Zoom құралының белгішесі үлкейтетін әйнек тәрізді, ал Hand қол тәрізді. Zoom құралы бейне масштабын үлкейтуге (ол үшін құралмен бейнені шерту қажет) немесе кішірейтуге (ол үшін <Alt> пернесін басып тұрып құралмен бейнені шерту қажет) мүмкіндік береді. Hand құралы көмегімен бейненің жұмыс істеуге және көруге қажет бөлігіне өтуге болады. Hand құралы, сонымен қатар әртүрлі қаттамаларда орналасқан жазбалар немесе объектілерді  араластыруға мүмкіндік береді. Бұл топқа, сонымен қатар Eyedropper (Тамызғыш), Color Sampler (Түстік таңдау) және Measure (Өлшеу) құралдары жатады.  Eyedropper құралы шерткен түсті таңдауға мүмкіндік береді, осыдан кейін бұл түс белсенді болады және оны сурет салу үшін қолдануға болады. Color Sampler құралымен кенепке (холст) шерткенде таңдалынған нүктеге сілтейтін таңба қалады, ал осы нүкте түсі туралы барлық ақпарат Info палитрасында бейнеленеді. Бір уақытта төрт таңбаға дейін қойылады. Measure құралы бейне өлшемдерін және бұрыштарын өлшеу үшін қолданылады. Бейненің екі нүктесін байланыстыратын түзу салса, Info палитрасында осы екі нүкте арасындағы мәлімет бейнеленеді. Бұрышты өлшеу үшін бірінші осы тектес өлшегіш түзуді құру қажет. Одан кейін тышқан меңзерін оның бір соңына апару керек. <Alt> батырмасын басып тұрып, қажет бұрыш шығатындай тышқан меңзерін жылжыту қажет. Егер компьютер микрофонмен жабдықталған болса, онда суретке дыбыстық аннотацияларды қосуға болады. Құжатты баспаға шығарғанда белгілер көрінбей қалады [9].

         1. Notes (Мәтіндік ескертпе)/ Audio Annotation (Дыбыстық аннотация) (N) құралдары көмегімен мәтін немесе дыбыс жазуға болады.

1.25-сурет. Мәтіндік ескертпе/Дыбыстық аннотация құралдары

2. Eyedropper (Тамызғыш)/Color Sampler (Түстік таңдау)/Measure (Өлшеу) құралдарын жылдам қосу үшін <I> пернесін басу керек. Алғашқы екеуі түстерді таңдау үшін арналған, ал соңғысы өлшегіш қызметін атқарады.

1.26-сурет. Тамызғыш/Түстік таңдау/Өлшеу құралдары

 

3. Hand (Қол) құралы жүмыс үстеліне сыймаған бейненің орнын ауыстырады. Құралды қосып, тышқан меңзерін жұмыс терезесіне апарғанда қол пішінді болады. Тышқанның батырмасын басып, қолмен бірге меңзерді жылжыту керек, сонда бейне жылжиды. Жұмыс терезесінің оң және сол жағында орналасқан жолақтарды айналдыру арқылы бейнені жылжытуға болады. Hand (Қол) құралының бір артықшылығы бар: оның көмегімен бейнені диагоналы бойынша жылжытуға болады.

1.27-сурет. Қол құралы

 

4. Zoom (Масштаб) құралы. Экранда бейнені үлкейтетін немесе кішірейтетін арнайы құрал. Бейненің ағымдағы масштабы құжат терезесінің үстіңгі жағында көрінеді. Мысалы, 2:1 екі есе үлкейтілген, ал 1:2 екі есе кішірейтілген. Zoom (Масштаб) құралын құрал-саймандар тақтасынан қосып, меңзерді бейнеге қою керек. Ол сол бойдан қосу таңбалы лупа пішінін алады. Қай үзінді үлкейтілген түрде қажет болса, сол үзіндінің ортасына меңзерді әкеп қойып, тышқанмен шертсе болғаны. Ал 1:1 масштабы экранда суреттің пикселі бейненің пикселіне сәйкес келуін білдіреді. Егер бейненің рұқсаты көбірек болса, онда бейне кішірек рұқсатты құжатқа қарағанда 1:1 масштабында үлкенірек болып бейнеленеді. Бейнені кішірейту үшін сол құралды қолдану керек. Бірақ оның функциясын өзгерту үшін <Alt> пернесін басу керек. Лупадағы қосу таңбасы азайтуға ауысады. Бейненің масштабы 1:1 болу үшін қанша рет керек болса, сонша рет шерту қажет. Осылай шерте берсе лупада қосу таңбасы жойылады да, бейне  үлкейтілмейді, яғни құрал өзінің 1:16 масштабына дейінгі шегіне жетеді. Осы жағдай кішірейту кезінде де болады. Масштабтаудың тағы бір әдісі бар. Құралды қосқаннан кейін, өте үлкен емес үзіндіні тышқанның батырмасын басып тұрып белгілеп, осыдан кейін тышқанның батырмасын жіберу керек. Ал, егер де бейнені нақты бір санға үлкейту (кішірейту) қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындауға болады. Window (Терезе) мәзірін ашып, бұйрықты орындап, диалогтық терезеде Zoom Factor (Масштаб) құралы шыққаннан кейін, масштабтаудың бағытын анықтау қажет: Magnification (Үлкейту) немесе Reduction (Кішірейту) [7].

1.28-сурет. Масштаб құралы

 

V. Құрал-саймандар тақтасында түспен жұмысқа арналған екі батырма орналасқан: Foreground (Негізгі түс) және Background (Фон түсі). Үнсіз жағдайда негізгі түс – қара, ал фон түсі – ақ. Екі түстер тіктөртбұрыштарының арасындағы бүктелген екіжақты бағыттағышқа шертіп фон және негізгі түстердің орындарын ауыстыруға болады.

1.29-сурет. Негізгі түс және фон түсі батырмалары

 

VI. Quick Mask (Жылдам маска) құралын қосып Стандартты режимде жөндеу немесе Жылдам маска режимінде жөндеуді таңдап мөлдір немесе орташа мөлдір жақтары бар ерекшеленген аймақты құруға болады.

1.30-сурет. Жылдам маска құралы

 

VII. Бұл топтың батырмалары  арқылы экран режимдерін беруге  болады. Standard Screen Mode (Стандартты экран режимі) сол жақ батырмасы программа терезесін әдеттегі өлшеммен сақтайды. Full Screen Mode with Menu Bar (Мәзір тақтасы бар толық экранды режим) орта батырмасы қалып-күй жолағын өшіру есебінен программаның жұмыс өрісін кеңейтеді. Full Screen Mode (Толық экранды режим) оң жақ батырмасы программаның жұмыс өрісін кеңейтеді және құжат белсенді болып қалады.

1.31-сурет. Экран режимдерінің түрлері

VIII. Тақтаның соңында  Adobe Image Ready программасын ашу батырмалары  орналасқан [2].

1.32-сурет. Adobe Image Ready программасын ашу батырмалары

 

2.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары

Программаны басқарудың көптеген элементтері тақырыптық палитраларда орналасқан. Әрбір палитра бір  тақырыпқа арналған, мысалы, түсті  таңдауға, бейне арналарымен жұмысқа, құрал-сайман таңдауға арналған. Қолданушы жұмыс кезінде палитрадан бейнеге және кері команда таңдауға уақыт жұмсамай ауысады. Егер палитра қажет болмаса, онда оны экраннан алып тастауға, ал қажет болғанда шақыруға болады. Сонымен қатар палитралар экранда аз орын алу үшін оларды топқа жинауға болады. Photoshop-та 18 арнайы палитралар бар, олардың көбі стандартты құрылғыларға ие. Палитра элементтері батырмалар, сырғытпалар, үлгілер, енгізу өрістері бола алады. Палитраның жоғарғы оң жағындағы ұшбұрыш белглі батырма оған тиісті командалары бар палитра мәзірін ашады. Жиі қолданылатын командалар батырма түрінде палитраның төменгі жағына шығарылған. Палитраның жоғарғы жағында жабу және бүктеу батырмалары орналасқан. Window (Терезе) мәзірінің қайта-қосқыш командалары палитралардың көрінуін басқарады [6].

Navigator (Навигатор) палитрасы бейнені үлкейту үшін арналған. Сол жақ төменгі бұрышта бейнені өзгерту өлшемдері пайызбен беріледі. Бейне өлшемін үлкейтіп қажетті үзіндіні таңдауға болады. Ол үшін жиекті тышқанмен қажет үзіндіге апару қажет. Мұнда тышқан меңзері қол сияқты түрге ие болады.

Info (Ақпарат) палитрасының көмегімен ақпаратты сандық көрсеткіштер түрінде алуға болады. Бұл ақпарат ерекшеленген аймақ түсіне, өлшеміне, түрленетін аймақтың иілу бұрышына, масштабталуға, меңзер орнына  байланысты болады.

Color (Түс) палитрасы көмегімен негізгі және фон түсін беруге болады. Ұшбұрыш белгілі дөңгелек батырмаға шерткенде түс моделі таңдалатын палитра мәзірі ашылады. Сырғытпаларды қозғалтып, араластыру арқылы түсті алуға болады.

Swatches (Үлгілер) палитрасы дайын түс үлгілерін қолдану үшін арналған. Палитра мәзірінде командалармен қатар түстер кітапханасы орналасқан.

Информация о работе Фотошоп графикалық редакторын оқыту әдістемесі