Қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2014 в 09:29, статья

Описание работы

Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты – оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату. Оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі – белсенділікті арттырып оқыту

Файлы: 1 файл

Бекишева Р.docx

— 27.74 Кб (Скачать файл)

Бекишева Р.Е. 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру , сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты – оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату. Оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі – белсенділікті арттырып оқыту.

ХХІ ғасырдың басында халықаралық стандарттың қабылдануымен тілдерін оқыту үдерісінде түбегейлі өзгерістер орын алып отыр.  2001 жылға дейін дүние жүзінде мұндай стандарт болған емес. ЮНЕСКО 2001 жылды шет тілдері жылы деп жариялады. Сол уақытта Еуропалық ынтымақтастық елдері біріге отырып, тілдерді деңгейлеп оқыту мәселесіне қатысты жаңа бағытты қалыптастырды.

Қазіргі Еуропалық ынтымақтастыққа кіретін елдерде шет тілдер алты деңгей бойынша оқытылады.

Отандық әдістеме ғылымында, әр түрлі оқу орындарының типтік бағдарламасында шет тілін оқыту бағдарламасында шет тілін оқыту бірнеше буынға бөлінеді: бастауыш, орта және жоғары (орта мектеп үшін) 1-2-ші – тілдік емес жоғары орындары үшін және 1,2,3 – тілдік жоғары оқу орындары үшін.

Әлі күнге дейін буынға бөлудің ғылыми негізі жасалып, бір буынды екінші буыннан ажырататын дағдының түрлері анықталған жоқ. Жоғары оқу орындарында қалыптасатын дағды түрлері олардың Европалық стандартқа сәйкес келмейтінін көрсетеді.

Мәселен, абстрактілі мәтіндерді, техникалық нұсқауларды, өндіріс және ғылым салалары бойынша мақалаларды, әр түрлі пәндер бойынша оқу құралдарын түсініп оқу, радиохабарлардың, ұзақ оқылатын лекциялардың, телебағдарламалардың негізгі тақырыптарын, көркем фильмдерді қиындықсыз түсіну  тілдік жоғары оқу орындарын бітірушілерде де қалыптаспайды.

•         Еуропалық деңгейлік оқытудың ең басты ерекшелігі шет тілдерін оқыту процесінің анық прагмалық бағдары болып табылады. Әр деңгей түріне сәйкес үйренушіде қалыптасатын дағды түрлері нақты көрсетілген. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша қалыптасатын дағды түрлері бойынша қатысымдық бағдарға негізделген. Оқытудың түпкі нәтижесінде үйренуші «тіл иесі» деңгейіне дейін көтеріледі.

•         Бұл үйренуші құрылымы мен  мазмұны жағынан әр түрлі мәтіндерді оқып түсінеді, әртүрлі сөйлеу жағдаяттарында еркін сұхбаттасып, теле, радио арқылы берілген хабарларды еркін қабылдап, өз ойын жазбаша эссе, түйін, сын, пікір түрінде бере алады, тілдің әр түрлі стилінде сөз саптай алады деген сөз.

      Тыңдалым  бойынша жүргізілетін жұмыстардың  алдын ала мәтіндерді тыңдатудан  бастаған жөн. Тапсырма түрі де  қарапайым: Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз. Яғни тыңдауға дейінгі дайындық  жұмыстарының қажеті жоқ. Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтіннің дұрыс тыңдалуына да байланысты. Оның көлемі үйренушінің қабылдауына әсер етеді. 2-3 минуттық материалды І деңгейде үйренуші есінде толық сақтай алмауы мүмкін. Тыңдалым дағдысын қалыптастыру тілдің табиғи қолданысына, табиғи темпіне негізделуі қажет:

·        Мәтінді тіл иесінің сөйлеуімен әр түрлі дыбыстармен (шу, музыка, ән және т.б.) қабаттастыра беру керек;

·        сөйлеу темпінің табиғи сипаты сақталғаны дұрыс;

·        мәтінді дайындық кезеңінсіз бір рет ұсыну;

·        ауызекі сөйлеу тілі стиліндегі мәтіндерді ұсыну;

·        бақылау жұмыстарында әртүрлі тестерді ұсыну. [1;2-3]

Сөйлеу жаттығулары қабылдауға, ойлауға, еліктеуге және сөйлеу үлгілерін есте сақтауға бағытталып, тіл үйренушілерді белсенді сөйлеу әркетіне жетелейді. Қатысымдық жаттығулар дайындық жаттығуларынан бірсыпыра күрделі, олардышығармашылық жаттығулар деп те атау бар. Қазақ тілін ересектерге жеделдете үйретукезінде сөйлеу жаттығулары орта деңгейде өте жиі қолданылады, өйткені бұл жаттығуды орындау үшін тіл үйренушінің белгілі тілдік білімі, сөздік қоры, пікірлесу тәжірибесі болуы керек. Қатысымдық жаттығулар арқылы олардың бәрі де әрі қарай дамытылады, сондықтан мұнда да жаттықтыру әрекеті жалғастырылады, бірақ ол күрделену, дамыту, қалыптастырубағытында жүргізіледі.

Қазақ тілінде тыңдауға тыңдау арқылы, сөйлеуге сөйлеу арқылы үйрену керек десек, ол мүмкіндіктерді жасау үшін сөйлеу әрекетін дамыту жаттығулары шынайы қарым-қатынас тудыруға бағытталуы тиіс. Сөйлеу әрекетін дамыту дегеніміз – тіл үйренушінің айтайын деген ойын ауызша және жазбаша түрде екінші адамға түсінікті етіп жеткізуіне мүмкіндік жасау. Тіл – сөйлеу құралдарының бүтін жүйесі. Сондықтан да сөйлеу құралдарымен сөйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан-жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлеу әрекетін дамыту – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Сөйлеу әрекеті сөйлеуге қатысатын тұлғалар мен тілдік құралдардың қолданылу амалдарын жете игеріп, оларды қажетті жағдайға орай жұмсай білу, үйренетін тілде сөйлеудің машығын үйренген кезде дамиды. Тіл үйренушінің сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған кезде жүзеге асырылады. [2;6] 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы  жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1

    2008 (15)

2.     Ш.Қ. Құрманбаева. Қазақ тіліндегі сөйлеу жаттығулары. – Қазақ тілі: әдістеме. №6 2008 (20) 

 

 


Информация о работе Қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі