Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 

     XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".

 

     Билік формасына қарай  отбасы патриархалды (күйеуі отбасының  басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды  (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген  (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.

 

     Отбасын, қоғамның  бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.

 

     "Отбасы" ұғымы  "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз  — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

 

     Некенің төмендегідей  формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке).

 

     ҚР Парламентінде  неке мен отбасы туралы жаңа  Заңды талқылау кезінде көп  әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.

 

     Некелік серік таңдаудың  екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады).

 

     Нормативті актілерде  некеге анықтама берілмейді және  оның құқықтық 

 

табиғаты жөніндегі мәселе осы  күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке-келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.

 

     Соңғы уақыттарға  дейін алыс шетелдерде неғұрлым  кең тараған тұжырымдама келісімшарт  негізінде болды, ол некеге  отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады.

 

     Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.

 

     Соңғы жылдары неке  сыбайластыққа негізделеді деген  идея кеңінен тарауда. Сыбайластық  неке тұжырымдамасы әлеуметтік  зерттеулерде көрініс тапты. Бұл  тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым  тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.

 

     Маңызды мәселе дәстүрлі  отбасы, некенің дәстүрлі формасы  болып саналады. Батыс Еуропаның  кейбір елдерінде ажырасу саны  көбейіп, некеге тұрушылар саны  азаюда, "сынама неке" деген  түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.

 

     Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік- экономикалық, саяси, нақты-тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.

 

     Бүгінде қоғам әмірінің  барлық салаларында дәстүрлі  қүндылықтарға қайта баға берілуде. Осыған байланысты әлеуметтік зерттеулерде мынадай негізгі сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы қызметі неке

 

сапасы, билік қүрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа өзгерді? Социологтарды  сондай-ақ біздің елгмізде болып жатқан оқиғалардың бүтіндей отбасылық идеологияны қандай дәрежеде өзгертетіні қызықтырады.

 

     Лонгитюдті зерттеулер  неке-отбасылық қатынастарға айрықша  мен берілетінін көрсетіп отыр. Біздің респонденттеріміздің жауабы  отбасы мен неке құндылығының  халықтың барлық тұрғындары үшін өз маңызын жоймағанын; әйелдер санының арту үрдісін көрсетеді. Әйелдар үшін отбасы - бірінші кезектегі құндылық, әйтсе де біздің қоғамымызда жұмысқа да, отбасына да бірдей қарайтын әйелдер саны көбірек (80 процентке дейін). Отбасьш құру, некелесу себептері прагматизмінің өсуіне қарамастан, респонденттердің көп бөлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және жоғары сезімдер көзі" және "бүкіл қоғамдық өмірдің негізі".

 

     Отбасын құрудағы  занды және нақты көзқарасын  зерттеулер барысында адамдардың  некенің тұрақты болуы бірлесе өмір сүру кезіндегі ("сынама неке") таныстығының ұзақтығына байланысты еместігін көрсетеді. Жауап берушілер некені тіркеу қажет деп есептейді: "бірлескен өмірдің басында" (63 процент), бір жыл өткен соң" (32 процент), "2 жылдан соң" (2,5 процент), "5 жыл өткен соң"(2,5 процент).

 

     Барлық сұралған респонденттердің  тек 23,3 проценті ғана әлеуметтік  және білім деңгейі күйеу мен  қалыңдық үшін кедергі болады  деп есептейді. Некеге дейінгі  бұл фактордың құндылығына жоғары  білімді 51,4 процент респондент және 44,2 процент орта білімі барлар (оның ішінде арнайы білімі барлар) жауап берді. Көпшілігі (60 процент) некеге тұру кезінде әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейіңдегі айырмашылықты ескермеу керек деп есептейді.

 

     Отбасындағы психологиялық ахуал қандай факторларға байланысты? "Жұбай таңдау теориясы" деген бар, бұл бойынша, жұбайлардың өздері отбасында қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл

 

рольдер: а) ана мен бала қарым-қатынасына біреуге арқа сүйегісі келетін күйеуіне қамқорлық жасайды; ә) күшті де, қабілетті күйеуіне жар және көнгіш, мәпелеуді қажет ететін кішкене қуыршақ тәрізді әйеліне қамқорлық жасайды; б) қожайын мен қызметші әйелдің иерархиялық қарым-қатынасына ұқсас, яғни мейірімді күйеуіне қабілетті әйелі күтім жасайтын отбасы; в) іскер әйелі қорқып және көңілі қалған еріне басшылық жасайтын отбасы.

 

     Отбасының маңызды  қызметі репродуктивті және тәрбие  беру болып саналады. "Бүгінде  қанша бала болған жақсы?" деген  сұраққа: сұралғандардың жартысы  екеу десе, 41 проценті — біреу, 7 проценті - үшеу, 2 проценті - төрт жөне одан да көп бала болғаны жақсы десе, 0,3 проценті "біреуі де болмағаны жақсы!" деп сеніммен айтады. Басқа бір социологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша, отбасындағы баланың тууын жоспарлауға мүмкіндік бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен көрсетілген):

 

   - материалдық жағдай мүмкіндік  бермейді-26,4;

 

   - некеде тұрмаймын-15,6;

 

   - денсаулығым көтермейді-15,4;

 

   - тұрғын үй жоқ - қалғандары.

 

     Отбасы мүшелерінің  санының аз болуын қалайтындар тек "бюджеттегілер" (мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және т.б) ғана емес, кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бар.

 

     Неміс ғалымдары қызықты  формула шығарды: ананың жасы  әкесінің жасының жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек. Зерттеушілердің байқауынша, ата-аналары ңеғұрлым үлкен және даналау болған сайын, тәрбиелеу факторы соғұрлым салмақты, баланың таланты байқалып, дами алу мүмкіншілігі көп болады. Ф.М.Достоевскийдің "Алдымен -университет, сосын бала ту",-деген сөзінің жаны болса керек.

 

     Балалар үшін отбасындағы  психологиялық климат, әсіресе, маңызды.  Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің  не шешесінің болмауы немесе  олардың адамгершілікке жат қылығы  жеке тұлғаның девиантты (ауытқу) мінез-құлықпен қалыптасуына ықпал  ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы құрамы аса маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең маңыздысы - балаға эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай тұлға алатыны оның қабылдауы мен қабылдамауына байланысты. Бала жасында қандай психологиялық қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты ортаның әсері қабылданады. Қолайсыз адамгершілік әсер кезіңцегі психологиялық, эмоционалдық жайсыздық, өмірлік міндеттерді шешуде индивидтің қоғамға қарсы тәсілдерді игеруі қылмысқа ұрындыруы мүмкін. Бала отбасында неғұрлым жайсыз тұрған сайын, соғұрлым қоғамның өзінде мәселелер күрделене түседі. Социологтар өз зерттеулерін жүргізе отырып, қоғамға қылмыс жасауға бейім балалардың саны артып келе жатқанын ескертеді. Белгілі бір шамада тұрақты болып есептелген 1991 жылы "Артекте" демалып жатқан пионер жасындағы

 

балалардың 20 проценті қылмыс жасауға  қабілеттісің бе деген сұраққа сенімді  түрде жауап берді (8 проценті ескертумен, 12 проценті ешқандай ескертпесіз).

 

     Кеңейтілген отбасы  ұйымшылдығы мәселесі қойылды, өйткені отбасының үлкендерінің (ата-аналарында) өз өмірінің соңына дейін балаларымен немерелерімен қалуға мүмкіншілігі шамалы: 57 проценті "жас отбасы ата-анасымен бірге өмір сүрмеуі керек" десе, 34 проценті тек обьективті жағдайларда, яғни ''тұрғын үй жоқ болса" (20 процент), ата-анасының денсаулығына байланысты (14 процент) деп жауап берсе, қалғандары (аз бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", "ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін" және "ата-анамен бірге тұру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.

 

     Кең тараған феминистік тұжырымдамаға сәйкес, отбасы табиғатьн шын мәнінде түсіну - бұл эмоционалдық не туыстық қарым-қатынасқа талдау жасау, ал отбасының өзі - бұл әр мүшесінің мүддесі мен басқа мүшелердің және бүтіндей қоғамның мүддесімен кикілжіңге түсетін "күрес орны". Қазіргі әлемде "ұрыс алаңын" "отбасы идиллиясы алаңына" болмаса да, ең болмағаңда, жұбайлық кикілжіңдердің уытьн басып, қажеттілік болып жатса, ажырасу салдарын жеңілдеу көтеруге мүмкіндік беретін арнайы механизмдер жасалуда.

 

     Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе жатқан және кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар санасына тек голливуд жұлдыздары мен мүхиттың арғы бетіңдегі миллиардерлерде болады деп қабылданған неке келісімшарты институты.Бұл елдерде азаматтардың келісімі сияқты некенің барлық маңызды мәселелері келісіледі, некенің бұзылу салдарларын, тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке толмаған балалардың ажырасқан жағдайда қай ата-анасымен тұратынын, ьгқылассыз жұбайға қандай айыппұл салынатынын түгел көрсету қабылданған.

 

     Сәтті құрылған отбасыларда  неке келісімшарты жұбайлық өмірдің  мүмкін болатын қиын-қыстау кезеңдердің  алдын алуға арналады, яғни бұл  некені неғұрлым ұзақ уақыт  сақтауға арналады. Мысалы, Питсбургтағы  жас жұбайлардың неке келісімшарты 27 беттен тұрады, сондықтан "Гиннес рекордтар кітабына" енген, осы келісімшарттағы мына бір пункттің несі жаман: "Бюджетті қатаң сақтау, жеке қажеттіліктер мен ойын-сауыкқа аптасына 20 доллардан артықжұмсамау"? Бұл пункт өте пайдалы, әрине, оны экономикасы кұнсызданбайтын елде ғана шын мөнінде жүзеге асыруға болады.

 

     Орта топтағы адамдар  некеге кіруде қазір көбіне  неке келісімшартына отырады.  Әрине мұның негізгі себептерінің  бірі ажырасудың санының артуына,  соған сәйкес өзін егер неке  сәтсіз болып жатса, моральдік болмағанымен, материалдық шығыннан сақтауға ұмтылған адамдардың санының артуына байланысты.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы