Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 21:34, реферат

Описание работы

1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

портфолио.docx

— 2.10 Мб (Скачать файл)

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

                            Тарих және  әлеуметтік гуманитарлық  пәндер  кафедрасы


 

Алматы 2015ж.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

        Тарих және  әлеуметтік гуманитарлық  пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

  СОӨЖ

Тақырыбы: Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                            Қабылдаған: Ильгидаева С

                                                                                                           Орындаған:Бақытхан У

                                                                                                           Курс:2

                                                                                                           Гр:14-21-2к

 

 

1. Тақырыбы: Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны.

жоспары:

1.      Әлеуметтанудың  объектісі, пәні мен әдістері.

2.      Әлеуметтанудың  құрылымы мен білім деңгейлері.

3.      Әлеуметтанудың  атқаратын қызметі.

4.      Әлеуметтанудың  басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.  

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің , ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын ХIХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы О. Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың  объектісі мен пәнінің орындарын алмастырып алмауымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. 

Объект дегеніміз –  бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады. 

Әлеуметтану пәнінің  байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына,  оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын құрал – тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің  шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтар дың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс - әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтілік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекетінде атқарған қызметтерінде байқалады.

Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі әр уақытта адамдардың өзара қарым-  қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір – бірімен байланыс – қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үрдістерге қатынасынан көрінеді.

Әлеуметтану пәнініњ қалыптасуы әруақытта оныњ категориялары арқылы ж‰зеге асырылады. Категориялар µмірдіњ нақтылы шындыѓын, әлеуметтік қ±рылымныњ дамуындаѓы мањызды жақтарды, ондаѓы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс – қимылын көрсетеді. Бұл категориялар бір – бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір – бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Категориялардың негізінде  әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан  түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді.

Негізінде әлеуметтану екі  үлкен категорияға басты назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы зерттеу жүргізеді. Ол – «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар. Осы қарым – қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетінің мұң – мұқтажын, талап – тілектерінің бірлігі жатыр.

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін - өзі ұйымдастыруының  тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік  және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.

Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі  заңы тұжырымдалған:

1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.

2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс – қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланыс, қатынасын бейнелейді.

4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.

5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың  болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы. 

Әлеуметтік құбылыстар  мен процестерді және олардың  арасындағы байланыстарды,    қатынастарды біліп – тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне  сүйенеді.    

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

        Тарих және  әлеуметтік гуманитарлық  пәндер  кафедрасы

 

 

 

 

  СОӨЖ

Тақырыбы: Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер.

 

 

 

                                        Қабылдаған: Ильгидаева С

                                                                                                           Орындаған:Бақытхан У

                                                                                                           Курс:2

                                                                                                           Гр:14-21-2к

 

Бұл ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда болған. О.Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды. Ұоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды. Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.

1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.

2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.

3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өміре қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды. 4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар

К.Маркс

 К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады: 1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды; 2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады; 3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды; 4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді. 5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді. 
     XX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы. қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың  патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды. 

Информация о работе Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны