Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 21:20, доклад

Описание работы

Гайморит — мұрынның екі жағында орналасқан жоғарғы жақ сүйек қосалқы қуысының (гаймор қуысы) қабынуы. Бұл ауру қатты суық тиіп ауырғаннан, тұмаумен, қызылша ауруымен, қызамық ауруымен және басқа да жұқпалы (инфекциялы) аурулармен ауырған адамда пайда болады. Гайморит күз және қыс мезгілдерінде белең алады.

Файлы: 1 файл

Гайморит ауруы.doc

— 27.00 Кб (Скачать файл)

                                Гайморит ауруы

     Гайморит — мұрынның екі жағында орналасқан жоғарғы жақ сүйек қосалқы қуысының (гаймор қуысы) қабынуы. Бұл ауру қатты суық тиіп ауырғаннан, тұмаумен, қызылша ауруымен, қызамық ауруымен және басқа да жұқпалы (инфекциялы) аурулармен ауырған адамда пайда болады. Гайморит күз және қыс мезгілдерінде белең алады.

Гайморит ауруының негізгі қоздырғыштары  — инфекция: вирустар мен бактериялар. Індет (инфекция) мұрын қуысы және қан арқылы гаймор қуысына түсіп, ол қуысты зақымдайды. Көп жағдайларда жоғарғы жақ тіс тамырларын қоршап жатқан етті аумақ жұмысының қалыпты жағдайдан ауытқуынан вирустар мен бактериялар гаймор қуысына еніп кетеді

Гайморит ауруының симптомдары (белгілері)

бас ауруы;

мұрынмен тыныс алудың қиындауы;

мұрыннан қою сұйықтықтың ағуы;

тұмаудың ұзаққа созылуы.

        Гайморит ауруын емдеу жолдары

Гайморит ауруына шалдыққан  адамдардың дәрігерге бармайтындары  көп. Болмашы ауру ретінде қарайтындар  уақыт өткізіп алып, кейіннен гаймориттің созылмалы асқынған түріне тап болады. олардың дәрігерге бармауының себептері: немқұрайлылық, емдеу үшін мұрынды тесу.

Қазіргі заманның емдеу технологиялары мұрын қуысына ешқандай зақым  келтірмей гайморитті емдеуге мүмкіндік  береді. Ол үшін аурудың асқынбауына назар аудару керек

Егер мұрын қуысыңыз ауыратын болса, гайморитке шалдығу күдігі пайда  болса, тезірек ЛОР дәрігерге  көрініңіз.


Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі