Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 

Сыртқы саясат және халықаралық  қатынастар

 

Халықаралық қарым-қатынасқа жеткілікті тәуелсіз, өздеріне деген толық сенімдері бар субъектілер ғана кіреді.Мәселен,Қазақстан ССр – өзінің Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет болды, бірақ ол өз бетімен шешім қабылдай алмады, барлық жоспарларды Одақтың министрлігі бекітеді. Бүгін Қазақстан Республикасы – тәунлсіз мемлекет және өз аумағында тұратын барлық халықтардың мүддесін халықаралық арендада көрсете алады.

 

Әлемдік аренаға Қазақстанның барлық қиыншылықтарды бұзып өтуі, ең алдымен  мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенді орындалуына байланысты. 1990 жылдан бастап осы кезең ішінде ҚР Президенті әлемнің ірі деген 138 елінде мемлекеттік, жеке жұмыс бабы                                                                                                                                                                                                                      мен болды.

 

Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания  жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Будапешт меморандумына  қол қойылуына қол жеткізді. Осындай  кепілдік Франция және Қытай Халық мемлекеттерінен де алынды.

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 100 әлем мемлекеттерінің бірі ретінде  танылды және олармен белсенді дипломатиялық  қарым-қатынас орнатқан, БҰҰ-ның  және оның құрылымының толық құқығы бар және белсенді мүшесі.

 

Қазақстанның жариялаған және көпғасырлық  әлемдік саясатта жүргізген бағыты өзінің сенімді нәтижесін көрсетті.Бұл  жоспарда ерекше орын алатын нәрсе  ретінде АҚШ-пен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімдерді, «шанхай бестігі» жобасы төңірегіндегі шекара маңындағы сенімділік жөніндегі келісімді, Ресей,Өзбекстан,Қырғыстан және Украина елдерімен достық жөніндегі келісімдерді атап өтуге блады. Қазақстан мен ҚХМ шекарасындағы демаркация және Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан шекарасындағы деелимитация мәселелері бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

 

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және әскери доктринасы жөніндегі әзірленген стратегиясы – ең алдымен, көрші  елдермен бейбіт қарым-қатынасты дамытуға, халықаралық мәселелердің мәдениетті түрде шешілуіне, күш және қару-жарақ пайдалану ұстанымынан бас тартуға бағытталуы бейбітшілікке деген ұмтылыстың анық дәлелі болды.

 

Он жыл ішінде Шығыс және Батыс  Еуропа, Шығыс Араб, Үндіқытай, Корей  жарты аралымен, Түркия, Иран және Пәкістан елдерімен туыстық қарым-қатынас жөнінде келісімге қол қойылды.Келісім осы аталған елдерменэкономикалық қарым-қатынаста табысты түрде орындалып жатыр. Қазақстан мен германия арасында ұзақ мерзімді және белсенді түрде қарым-қатынас дамып келеді, сондай-ақ Балтық және Балтық жағалауы елдерімен де қатынас орнатылған.

 

Қазақстанның ірі әлемдік қаржы-экономика  институттары – Еуропалық Бірлестік, ХВҚ, Халықаралық және Еуропа қайта  құру және даму банкі, Азия банктерімен  де қарым – қатынасы нығайды.

 

Қазақстанда кәсіпкерлердің Алматы инвестициялық  саммиті мен форумы өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар  кеңесі белсенді іс жүргізуде.

 

Халықаралық қатынас жүйесінде  халықаралық қатынастардың мынадай  түрлері бар

 

·         Саяси

 

·         Экономикалық

 

·         Әскери-стратегиялық

 

·         Мәдени

 

·         Қоғамдық

 

·         Идеологиялық

 

·         Ғылыми-техникалық

 

        Халықаралық  қатынастың әр түрі қарым-қатынастың  тәсілін анықтайтын әрқилы формада  жүреді: Мәселен, мемлекет арасындағы қатынасар өзін мынадай формада:

 

·         Дипломатиялық

 

·         Хаттамалық

 

·         Құқықтық

 

·         Насихат  және сол сияқты қатынастар түрінде  көрсетеді.

 

Өз кезегінде, экономикалық халықаралық  қатынастар  мынадай формаларда:

 

·     Сауда-саттық

 

·     Қаржылық

 

·     Кооперативтік

 

·     Өндірістік

 

Сыртқы саясат функциялары мен  мақсаты

 

Сыртқы саясат функциялары мен  мақсатына мыналар кіреді. Сыртқы саясат функциялары:

 

· Күзет функциясы, яғни мемлекет мүдделерін халықаралық қатынастардың барлық саласында күзету (қорғау)

 

· Репрезентативтік, яғни мемлекет халықаралық  арендада өз мүдделерінің бірден-бір  және тәуелсіз өкілі болып табылады.Кейбір жағдайларда осы өкілдікті мемлекеттің  өзінің санкциясымен және тапсырмасымен  басқа мемлекет немесе қоғамдық ұйым жүзеге асыру мүмкін.

 

· Келіссөз – ұйымдастырушылық –  әңгіме халықаралық аренадағы барлық келіссөздер процесіндегі ұйымдастырушылық рол туралы болып отыр және осы  рольді түпкілікті мемлекет атқаруы  тиіс, ал халықаралық қатынастардың қалған барлық субъектілері осы рольді тек мемлекеттің егемендігі ретіндегі санкциясымен ғана атқаруы тиіс.

 

· Коммуникативтік:мемлекет қоғамның саяси өмірінің негізін құрайтвын  байланыстарды ұйымдастыру формасы  ретінде әрекет етеді.Халықаралық  тіршілігінде әлемдік саясат шеңберінде байланыстарды ұйымдастырудың басты формаларының бірі ретінде әрекет етеді.

 

Сыртқы саясат құралдары:

- Экономикалық

 

-  Саяси

 

-Әскери

 

-   Идеологиялық

 

-  Ақпараттық-насихат

 

Мемлекеттің сыртқы саясаттың мақсаты:

 

1.      Мемлекет ішінде жүргізіетн саяси курстың қолайлы сыртқы шарттарын қамтамасыз ету

 

2.      Халықаралық байланыс  жүйесіндеқұралғансыртқы саяси

 

мүдделерді іске асыру.

 

Осы мақсаттарда сыртқы саясаттың  басты мәні,оның әлеуметтік бағдары  мен сипаты көрінеді.Осыған орай сыртқы саясаттың мынадай анықтамасын тұжырымдамасын беруге болады.

 

«Сыртқы саясат – бұл осы немесе өзге таптың және оның өкілдерінің  халықаралық салада алға қойылған мақсаттарға  жетуге бағытталған саналы әрекеті».

 

№10 Экономикалық әлеуметтану

Дәріс жоспары:

 

1.Экономика ұғымының түсінігі.

 

2.Экономикалық әлеуметтанудың  мәртебесі мен ерекшеліктері.

 

3.Экономикалық білімнің құрылымы.

 

4.Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық  талдауы.

Дәріс тезистері:

 

Экономикалық әлеуметтану жалпы  әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық  дамуының әлеуметтік  аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.

 

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы  адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы  әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты  талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс  - бөлу – айырбастау  - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.

 

Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар  айналамының өрісі, сатып алу  мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы  өндіріс теориясының құрамды  бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туыпөсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуральдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

 

Әлеуметтік зертттеу бұл екі  процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлықына аударылады.Адам және оның топтары- жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.

 

Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылылығы,ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

 

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану  еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің  білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы,әділеттілігі,белсенділігі,жауапкершілігі т.б қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер етуін  зерттейді.

 

Экономикалық әлеуметтану бір  ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады.Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта,ықылас,мәдениет т.б мәселелерді зерттейді.

 

Экономика – әлеуметтанудың зерттеу  объектісі

 

 Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде.Ал,нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайды айтамыз.

 

Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер(жекешелендіру,акциялендіру,аренда,фирма,корпарация,аукцион, биржа, т.б)өмірге келіп,жаңа ұғымдар түсініктерді,туғызды. Бұл құбылыстарды оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық терия тікелей зерттейді. Ал,әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді.Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалыққұбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен,олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

 

Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі –  міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы -  қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға ондағы экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стеретипті ойлаудың,болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы нертоотпалылығымен түсіндіруге болады.Тек қана кейінгі 2-3 жылға ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы тиімді еенін түсініп,мойындайды.Сөйтіп,қаазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда.Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.

 

 

 

№11 Отбасы әлеуметтануы

1.Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.

 

2.Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары,олардың даму үрдісі

 

3.Отбасылық саясат.

 

4.Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.

 

     Отбасы социологиясы  — отбасын әлеуметтік институт  ретінде зерттейтін социологиядағы  негізгі бағыттардың бірі. Негізгі  мәселелері отбасылардың өз қызметін  орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

 

     Отбасы сияқты әлеуметтік  институттардың табысты қызмет  өтуін тарихтың қозғаушы күшіне  жатқызуға болады. Отбасының дүниеге  келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.

 

     Социологтардың отбасын  бірнеше ондаған жылдар бойы  зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы