Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 Сонымен, араласу мен коммуникация  арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын болсақ, коммуникация деп тұлғааралық байланыста да, көпшілік байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың әлеуметтік шартталған процессін айтады. Коммуникация – адам «Мен»-інің өзін «Басқадан» табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философиялық категория десек те болады. Коммуникация Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз персонализмінде мейілінше толық көрініс тапты.

 Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы – мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре қарастырады.

 Коммуникация процесін түрлі  үлгіде көзге елестетуге болады. Солардың бірін келтіре кететін  болсақ, оны интерактивті үлгі  деп атаймыз. Интерктивті үлгідегі  коммуникация бірінен кейін бірі келіп отыратын төмендегідей өзара байланысты сатылардан тұрады:

 Жіберуші көз – ақпарды  жіберу үшін даярлаушы (ол жеке  адам да, ұйым да бола алады).

 Кодтау – жіберілетін ақпарды  белгілі бір таңбалық түрге  айналдыру.

 Ақпар – коммуникацияның не үшін жүзеге асырылып жатқандығына себепкер идея, жаңалық, хабар. Ол рәміз, таңбалардан тұрады, сөйтіп, не ауызша, не жазбаша, не көзге көрінетін визуалды қалыпта болады.

 Арна – ақпаратты тасымалдау  жолы. Ол тұлғааралық сипатта  да, көпшілік сипатта да болуы мүмкін.

 Кодын алып тастау – ақпаратты  қабылдау барысында түсінікті  ету жолы.

 Қабылдаушы – ақпардың кімге  арналғандығы.

 Кері байланыс – қабылдаушының  алған ақпаратына деген реакциясы:  ақпарат оның білімін, ұстанымын,  іс-әрекетін өзгертуі мүмкін.

 Бұдан басқа коммуникация  процессінің психологиялық компоненттері  де болады. Оларға:

 коммуникативтік ниет – басқа  біреумен қарым-қатынасқа түсу  пиғылы;

 ақпараттың жобасы – автордың  қабылдаушыға жібергісі келген  таза бастапқы күйдегі ақпарат,  сол ақпараттың идеясы;

 ақпараттың көздеген мақсаты  жатады. Соңғысы әдетте екі топтан  тұрады: жақын арадағы мақсат  және ұзақ уақытты көздеген  түпмақсат. Көбінде адамдар түпмақсатты  жасырын ұстауға тырысады.

 Коммуникация туралы айта  бастағаннан-ақ оның рәміздік табиғатына жүгінуге тура келеді. Адамдардың реттелген түрде қарым-қатынас жасау қажеттілігі, табылған білімді сақтау және мұралау талабы, әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігі адамзат мәдениетіндегі көптеген таңбалардың, рәміздердің дүниеге келуіне әсер етті.

 Рәміз – мәдениеттегі ең  көпмағыналы ұғымдардың бірі. Ол  қандай да бір затты, процессті  әлде құбылысты білдіретін шартты  белгілер. Олардың басты қызметі  өзі арқылы басқаның орнын  басу, басқаның орнына жүру. Мысалы, кітап сөзі нақты шындықтағы кітаптың орын басатын белгі-сөз. Кітапты сурет (икона) ретінде де жеткізуге болады. Рәміздер өзінің тасымалдауға жеңілдігінің арқасында нақты заттардың ауырлығын, қомақтылығын білдіртпейді деуге болады.

 Рәмізге байланысты тағы  бір айта, түсіндіре кететін терминдер денотация мен коннотация. Денотация деп рәміздің жалпыға түсінікті нақты мағынасын айтамыз, ал коннотация деп барлығы үшін емес, шағын ғана топ үшін өзекті мағына туралы айтылады. Сондықтан да ол денотацияға қарағанда субъективті әрі эмоционалды табиғатқа ие. Халық арасындағы қарапайым мысалды түсінікті болу үшін келтіре кететін болсақ, «базар» сөзі Шығыс халықтарында сату-сатып алу орнын білдіреді. Бұл мағына көпшілік түсінігіне ортақ. Ол – денотат. Ал ол сөзді қазіргі қоғамдағы кейбір топтар басқа мағынада – «айтылған сөз» мағынасында пайдаланып жүр. Бұл «базар» сөзінің коннотациясы.

 Адам қарым-қатынассыз тіршілік  етпейді. Қарым-қатынас үстіндегі  кез келген әрекет ақпарат  болып табылады. Өйткені адам  әлемі мәнділік әлемі. Сол  мәнді беруші де, мәнге назар аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлемеген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нәрсені аңғаруға болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға әсерін тигізбей қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей жағдай да болатындығы мәлім.

 Коммуникация арналары туралы  бір-екі ауыз айта кетер болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері  (баспасөз, радио, теледидар және  т.б.) мен тұлғааралық қарым-қатынас  жолын айта аламыз. Оған вербалды, бейвербалды және паравербалды ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз.

 Вербалды ақпарат көздеріне  – тілді, сөзді, айтылған әңгімені  жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған  жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер – түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.

 Коммуникацияның атқаратын  басты қызметтері төмендегідей  болып келеді:

1. Ақпараттық қызмет

2. Әлеуметтік қызмет

3. Экспрессивті қызмет

4. Прагматикалық қызмет

5. Интерпретациялық қызмет

 Ақпараттық қызмет – адамдар  арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет – адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да бір орын алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады.

 Экспрессивті қызмет адамдардың ақпарат алмасу барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге болады.

 Прагматикалық қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген түпмақсатына сай жүргізіледі.

 Интерпретациялық қызмет коммуникацияға  бірге түскен адамды түсіну  үшін қажет. Коммуникация құралдарының түр түрі қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.

 

 

№14.   Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері

 

Дәріс жоспары:

 

1.    Зерттеудің пәні мен объектісі.

2        Әлеуметтанулық  зерттеулердің мақсаты мен мәні.

3        Әлеуметтанулық  зерттеу әдістері.

4        Әлеуметтанулық  сауалнама - әлеуметтанулық ақпарат  алудың негізгі әдісі. 

Дәріс тезистері:

 

        1. Қоғамдық  өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуі тереңірек зерттеу болып табылады. Өззінің ерекше әдістерін  басқара отырып, эмперикалық  социология процестер мен құбылыстардың  мәнін  теориялық тұрғыдан тануды  толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмперикалық сатысы  әр  жақтылық  пен  алуан  түрлілік,  жекелік және кездейсоқтық  сақталатын әлеуметтік  шындықтың  бейнесін  береді.  эмперикалық талдау теориялық  білімнің  бастаук  көзі  және  негізі  болып  табылады,  ол  қоғамдық  құбылыстар  мен процестердің  теориялық  тұрғыдан  талдауға  жол  ашады.

 

        Социологиялық  зерттеу - нақты  теориалық  және  әлеуметтік  проблемаларды  шешу  үшін  зерттелетін  объекті  жөнінде  жаңа  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  теориалық   және  эмперикалық  рәсәмдер  жүйесі.

 

        Социорлогиялық  зерттеуде  ғылыми  қызметтің  мынадай  элементтері бар;

 

                 а) зерттеу  объектісі -  әлеуметтік  шындық  процестері  мен  құбылысы;

 

                 ә) зерттеу субъектісі;

 

                 б) социологиялық  зерттеу белгілі  - бір мақсатқа  жетуге  және  нақты  міндеттерді  шешуге  бағытталған;

 

                 в) міндетті шешу  құралдары  - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары  т.б бар

 

       Социологиялы  зерттеу түрлері мыналарға   байланысты:

 

               1. Мақсаты және  теорилық бағдары.  Мұнда олар:

 

                  а) статистикалық; б) тәжірибелік; в) типалогиялық; г) тарихи  болуы мүмкін; д) кейбір  таңдамалы оқиғаларды  зертеу мақсатында жүргізілуі  мүмкін ( монографиялық сипаттама).

 

               2. Социологиялық зерттеудің  екінші  бір  түрлері; материалды  таңдау  әдісі. Мұнда  олар; а) барлау ( сынау, пилотажды, зондажды ) б) сипаттамалық ( сарапшылардың  сауалнамасы,  мақсаты сипаттама, объекті  туралы  түсінік ); в) талдамалық  ( себептік  байланыстарды  сипаттау  және анықтау ) болуы мүмкін.

 

           Барлау  арқылы  зерттеу - нақты - социологиялық зерттеудің   ең  бір қарапайым түрі; ол  шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және  ықшамдалған бағдарла  мен көлемі  бойынша сығындалған құралдарға  ( сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы  және  басқалары ) негізделеді.  Барлау  арқылы  зерттеудің  бір түрі - экспресс -  сауалнама.

 

          Сипаттамалық  зерттеу  нақты - социологиялық   зерттеудің  күрделірек  түрі; ол  зерттелетін құбылыс,  оның  құрылымдық  элементтері  туралы  салыстырмалы  түрде тұтастай  түсінік беретін эмпирикалық   мәліметтер  алуды көздейді.

 

         Талдама   зертеу - социологиялық  талдаудың   ең  күрделі  түрі,  ол  зерттелетін   құбылыстың  құрылымдық  элементтерін  сипаттап  қана  қоюды  мақсат  тұтпайды,  сонымен  бірге  оның  негізінде  жатқан  себептерді  анықтауды  мақсат  етеді;  бұл  зертеу  айрықша  тәжірибелік  маңызға  ие  болады. 

 

               3. Үшінші  түрі  зертеудің  динамикасы  мен  статистикасынан  анықталады: а) бір  жолғы,  нүктелік; б) қайталама,  оның  арасында  панельді  деп  аталатындар - сол бір  топ,  сұрақтар,  бағдарламалар  және  әдістемелер  белгілі - бір  уақыт  арқылы; в)  лонгитюдті ( объектіні  ұзақ  уақыт  кезең -  кезеңмен  бақылау ) .

 

         Нақты   социологиялық  зерттеу  арнайы  құжатқа - социологиялық    зерттеу  бағдарламасына сәйкес  жүргізіледі.

 

         Бағдарлама - кезең - кезеңмен бағдарламалаудан  және  ғылыми - тәжірибелік  зертеу  қызметі  рәсімдерінің  ережесінен  тұратын  зерттеу  жобасының   жалпы  тұжырымдамасын  жазу.

 

        Бағдарлама  мыналарды  түсіну мен  білуді  көрсетеді: 

 

                                 1. Не  істеу керек.

 

                                 2. Ойлаған  нәрселерді  немен   орындау             

 

                                    керек.

 

                                 3. Ойлағандарды  қалай  орындау   керек.

 

       Бағдарламаның  функциялары:

 

              1. Теориялық -  әдістемелік   функция, ол ғылыми  проблеманы  анықтауға  және   оны   шешу  үшін   негіз  дайындауға  мүмкіндік  береді.

 

              2.  Әдістемелік  функция,  ол  деректерді  жинау  тәсілдерін  белгілеуге  және күтілетін нәтижелерді   сипаттауға,

 

сондай-ақ  зерттелетін  жиынтықты  анықтауға,  қажеттті  құралдарды сипаттауға  және  бастапқы  ақпараттарды компьютерде      өңдеудің  логикалық  схемасын дайындауға  мумкіндік  береді.

 

              3. Ұйымдастыру, ол  зерттеушінің  қызметін жұмыстың  барлық  кезеңінде   жоспарлауға  мүмкіндік  береді.

 

     Оны  жасауға   кірісуден  бұрын   мыналарды   істеу  қажет:

 

              1. Зерттеуге  жататын  жағдайға  диагностика жасау  ( мысалы, қазіргі   заманғы  орта  мектептің   жай - күйі  зерттеледі ).

 

              2. Проблематизация  жүргізу - дәл   осы  сәттегі  нақты  шешілетінді   анықтау ( кадр  құрамы,  оқушыларды  мектеп  партасына  қайтару ).

 

              3. Кейіннен  шешу  қажет  болатын   негізгі  мәселерді  белгілеу.

 

              4. Егер тапсырыс  беруші  бар   болса, алдын - ала зерттеудің  мақсатын,  мерзімін келісу.

 

              5.  Есеп  беру  формасын  анықтау.

 

              6. Зертеу  тақырыбын  тұжырымдау.

 

    Зерттеу  тақырыбы - проблемалардың  ішіне  кіру,  зерттеу  мақсаты   ретінде  қойылатын  контурды  белгілеу,  қандайда  бір  шешім   қабылдау үшін  өзінің  бағыты  болуы  керек.

 

      Әдеттегідей,  жиналған  ақпарат  қандай да бір проблеманы  шешуге  бағытталады. Проблема - адамдардың  қандай да бір  әрекет  жасауға   қажеттілігі  туралы  білімі  мен осы  әрекеттерді ісіке   асыру жолдарын,  құралдарымен  әдістерін  білмеуі  арасындағы  қарама - қайшылық.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы