Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 

      Проблеманы  тұжырымдау  кезінде мынадай  жағдайлар   туындайды: жалған проблема  қою  немесе  проблеманы   тым   өсіріп  жіберу қаупі.  Сондай-ақ  бір  социологиялық  зерттеу   шнгінде  бірнеше   проблеманы  белгілеуде  дұрыс  емес.

 

       Проблеманы  қою   процесінде  мынадай  екі   негізгі  рәсім  бөліп   көрсетіледі:

 

      1.Проблемалық   ахуалдыпайымдау;

 

      2. Проблемены  тұжырымдау ( әзіплеу)

 

    Проблемалық  ахуал  – бұл  әлеуметтік  шындықта  өмір  сүретін  қарама-қайшылылық, осы  сәтте  анық  емес  мәселелерді  шешу  тәсілдері (алгоритм).

 

    Проблемалық  ахуалды   алдын – ала  талдау:

 

     а) сырттай бақылау;

 

     б) проблемалық   ахуал  қатысушыларымен еркін   интервью;

 

     в) құжаттарды,  оның  ішінде  ведомоствалық  құжаттарды,  алдыңғы  социологиялық зерттеулер  нәтижелерін  талдау;

 

     г) сарапшылармен  (мысалы,  Білім министрлігінің  қызметкерлерімен)  еркін  интервью.

 

     Тұжырымдалған   проблема  проблемалық  ахуалды  пайымдаудың   нәтижесі  болып  табылады. 

 

         1. Проблема  нақты  сұрақтар  немесе  қойылым   түрінде   тұжырымдалады.  Сұрақ:  Осындай  және  басқа  құбылыстардың   себептері  қандай?

 

Қойылымы:  осының және  осының  шешу  тәсілдерін  табу. Факторлардың  осы тобын  түсіндіретін  үлгіні  жасайды. 

 

     Проблема  қандай  да  бір  әлеуметтік  құбылыстан  алынса, яғни зерттеу  объектісі   мен  пәнін  анықтау  арқылы  алынса,  болжанатын   болып   табылады.

 

    Зерттеу  объектісі  – танымдық  қызмет  бағытталған   проблемалық ахуалдың  тікелей  тасымалдаушысы  ретінде әрекет  ететін  әлеуметтік шындық  құбылысы  немесе  аясы.

 

    Социологиялық  зерттеуді   табысты  жүргізу  үшін  зерттеу   мәнін  дұрыс  анықтаудың  маңызы  зор.

 

    Зерттеу  мәні  ретінде   зерттеуге   тұратын  объектінің  жақтары, сондай-ақ  әлеуметтік  проблеманы,  онда  жасырынып  тұрған  қарама- қайшылықтарды  барынша  толығырақ  бейнелейтін  объектінің  қасиеттері  алға  шығады.

 

    Проблеманы,  социологиялық   зерттеудің  объектісі мен   мәнін  анықтаумен  қатар   міндетті  рәсімдерге   гипотезаны  тұжырымдау да  жатады.  Гипотеза – қандай да бір  фактіні,  құбылыстар мен  прпоцестерді түсіндіру  үшін  жасалатын  ғылыми  болжамдар. Ғылыми гипотеза  зерттелетін  объектіні  алдын-ала  талдау  нәтижесінде   тұжырымдалуы  мүмкін.

 

    Анықталған  зерттеу   объектісі сандық  жағынан   үлкен  және  зерттеу  объектісін  құрайтын  барлық  адамдардың   сауалнамасы,  күрделілігі, ауқымдылығы,  қымбаттығы  жағынан  тиімсіз   болуы мүмкін.  Сондықтан  соцологтар  объектіден  зерттелетін  жиынтық  алынатын «іріктеу» операциясын  жүргізеді. Бағдарламада  бұл  операция  кейіннен  жеке  құжатқа   бөліне  отырып  іріктеу  жобасының  сипаттамасында  көрсетіледі.

 

    Басты және  репрезентативті   іріктеулер  бөліп  көрсетіледі.

 

    Басты -  осы  зерттеуге  «қажет» ,  қажетті  адамдардың  барша  жиынтығы.  Мысалы, зерттеу  өткізілетін  қандай да бір мекеме,  қала және с.с-лар  қызметкерлерінің   барлық  100%.  Бұлайша  қамту  шындыққа  жанаспайды  әрі  қымбатқа  түседі,  сондықтан  репрезантативті   іріктеуге  жүгінуге   тура  келеді – басты  іріктеуге  сәйкес келетін  өлшемдер  бойынша  зерттелетін  құрамның осы  немесе  басқа  өкілдіктері.

 

    Іріктеуді  анықтау  – социологиялық  зерттеу   кезіндегі  бірден-бір  күрделі  сәттердің  бірі (жұмыс  гипотезасын  әзірлеумен  қатар),  өйткені  ол  объектінің  бүкіл  элементінің    ерекшеліктері  мен  ара  қатынастарын  қатаң  көрсетуі  тиіс.

 

    Іріктелген жиынтық –  берілген  ережеге  сәйкес  қатаң  іріктеліп  алынған   басты  жиынтық  элементтерінің  белгілі – бір саны.  Зерттеуге  жататын  ( сауалнама,  интервью алу және с.с ) іріктелген  жиынтықтың элементтері ( респонденттер,  талданатын құжаттар  және с.с ) талдау  бірлігі  болып  табылады.  Олар  жекелеген  адамдар  да,  сол  сияқты  тұтас  топтар  да  (студенттік ), жұмыс ұжымдары  да  болуы мүмкін. Ең  бірінші кезекте барлық  топқа тән элементтер іріктеу бірліктері  деп аталады.  Осы әдісті  негізінен механикалық іріктеме  деп атайды.  Мұндай  іріктеме  кезінде іріктеу 10, 20, 50  және т.б  адам  арқылы  жүргізілуі  мүмкін. Ірітілетіндер  арасындағы  аралық  іріктеу  қадамдары  (таңдау  қадамдары) деп  аталады. 

 

    Іріктеме  мақсатты  болуы   да  мүмкін,  мұнда  зерттеуші   адамдарды  топты  зерттеудің  қойылған  мақсаттарына  орай  сауалнама  үшін  іріктеп  алады.  Кездейсоқ  іріктеу  -  халық  құрылымының  әрбір  элементі  оған  біркелкі ықтималдылықпен  қосылуы  мүмкін.  Әрине, іріктеу  көлемі  репрезентация  қателігіне әсер  етеді.  Іріктеу  шамасы  қаншалықты  көп болса,  ықтимал  қателесу  соншалықты  аз  болады.   Үлкен  іріктеумен  сауалнама  жүргізу  өте  қымбатқа  түседі,  мамандардың  дәлелдеуінше,  басты жиынтықтың 10%-ін  іріктеме  жиынтыққа  қосу іс  жүзінде  өзін-өзі  ақтаған.  Мұндайда  респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан  аспауы  тиіс.  Телефонмен сауалнама  жүргізу кезінде  миллион  тұрғыны  бар  қалада  300  адамға  сауалнама  жүргізсе  жеткілікті.  Шағындау  қалаларда  іріктеме  көлемі  150-200  адам  болса  да  болады. 

 

    Басты  жиынтықтың  сипаттамасынан  анық  ауытқулардан  қашқан  жөн.  Мұндай  жағдайда  зерттеу  нәтижелері  жалған  болуы мүмкін.

 

    Социологиялық зерттеу  жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің  маңызы зор. Мұндайда маңызыды  ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді.

 

    Ғылыми талдау және  теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте  баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі. 

 

          Социологиялық   зерттеу  әдістері. 

 

    Социологияның   өз  саласында  әр  түрлі  тұрғыдан  пайдаланылатын сан  алуан   әдістері  бар. Олардың  бір   бөлігі  этнографиядан, статистикадан,  психологиядан   алынған,  көпшілігі  социологиялық  танымдық  іздестіру  құралының   сипатын  дарытқан.

 

 

    Эмпирикалық   ақпаратты   жинау  мынадай  әдістер   арқылы  жүргізіледі: құжаттарды  талдау,  бақылау,  тәжірибе  жасау,  сауалнама  жүргізу ( ауызша  - интервью,  жазбаша –саалнама  беру,  сараптамалық – құзіретті  тұлғаларға  сауалнама  жүргізу).

 

    Осы әдістердің  сипаттамасына   қысқаша  тоқтала  кетейік.

 

    Құжаттарды  талдау.  Құжат -  мәтінді,  таспада, дискетте  және  с.с-да  белгіленген ақпаратты беру  және  сақтау  үшін  арнайы  жасалған  зат.

 

  

 

                                                    Құжат  түрлерінің  жіктемесі:

НЕГІЗ 

 ТҮРЛЕРІ 

МЫНАЛАРДАН  ТҰРАДЫ

 

1.Белгілеу тәсілі  

Мәтіндік иконографилық статистикалық фонетикалық 

Өнер,  баспа,  фото  киноқұжаттар, магнитафон, жазбалар,  ЦСУ (ОБЖ) жинақтары

 

2. Мәртебесі (авторлық) 

Ресми

 

Бейресми  

Қаулы,  бұйрықтар, жоспарлар, хаттар, күнделіктер

 

3.Бірегейлену  дәрежесі  

Жеке

 

Жеке емес 

Өмірбаяндар, сауалнамалар, шағымдар және  басқалар; есептер, анықтамалар,  мұрағаттар

 

4. Функциональды 

Ақпараттық

 

Реттегіш 

Статистикалық  есептер,  заттама,  бұйрықтар, телефонограммалар

 

5. Мазмұны 

Тарихи

 

Құқықтық 

 

Экономикалық және басқалары 

Оқиғаны  сипаттау, оқиғаны  бағалау  жағдайды  белгілеу

 

6. Ақпаратқа  жақындық  дәрежесі 

Бастапқы 

 

қосалқы 

Стенограммалар  анықтамалар,  жинақтаулар

 

 Құжаттарды  талдау  кезінде   ресми  құжардың  ресми  емес  құжаттарға  қарағанда  барынша   шынайы; жеке құжаттардың, жеке  емес  құжаттарға  қарағанда сенімді,  бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте  сақталғаны  жөн.

 

  Құжаттарды талдау  әдістері  былайша  бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда:  жалпы  және арнайы) және  қалыпқа   келтірілген  ( мұнда: контент- талдау, жаднама –  сұрақнама).

 

   Дәстүрлі  талдау  ретінде   «құжатты  белгілі  бір  тұрғыда  айтылған  мәліметтерді  түсіндіруге   бағытталған  зерттеушілер  әрбір   нақты  жағдайда  қабылдаған  барлық  ақыл-ой  операциялары  түсініледі... іс  жүзінде бұл  құжаттың  мазмұнын  түсіндірудің,  оны  талқылаудың өзі».

 

  Қалыпқа  келтірілген   әдіс -  сапалы  ақпаратты  сандық  көрсеткіштерге (қанша,  уақыттың  қандай  кезеңіне) аудару, мұнда –  контент-талдау – мәтіндік  ақпаратты  (газет, хат), фонетикалық  ақпаратты (TV және  радио  хабарлары) сандық  көрсеткіштерге аудару.

 

   Мәтін  мазмұнына  контент-талдау  немесе  ғылыми  талдау  пайда   болған  кезден  бастап  мәтәндәк  газет  материалдарын  зерттеу  үшін  пайдаланылады. Қазіргі   кезде оның  ерекшеліктерінің  бірі  мынада,  ол  бұқаралық ақпарат құралдарын  зерттеу кезінде жиі қолданылады. Сонымен бітге ол құжаттарды: есептердің  кез келген  түрін,  жиналыс, конференция,  үкіметаралық  келіссөздер,  келісімдер  хаттамаларын  және  с.с-ды  талдау кезінде де қолданылады. Осы  әдісті  әр түрлі арнайы  қызметтер   жиі  қолданады: ең  құпия  ақпараттың  80% соның  көмегімен  алынады.

 

      Мәтін  және  оның  мазмұны -  контентт талдаудағы  басты  нәрселер.  Зерттеуші   мәтәннәі  фактілерімен, оқиғалармен,  осы  мәтіннің  материалдарын  іріктеу  принциптерін  анықтайтын  позиция, мүдде,  ұстанымдар  тұрғысынан  анықтайтыннан  басқа  мәтіеді сөз  етіліп   отырған  қарым –қатынастармен  байланысын,  негізінен  неге  ерекше  назар  аударылғанын,  жаңылтпашта  не  жайында  айтылғанын  анықтайды.

 

   Контент – талдау рәсімі  талдау мәнін  анықтаудан  (социологиялық   зерттеу   мақсаттарына  сәйкес), мәтіндік  ақпараттан  талдау  санатын – талдаудың  мағыналық   бірлігін (таудау  бірліг – автордың  сөзімен,  пікімен  айтылған мәтіннің  бөлігі) анықтаудан  тұрады.  Содан  кейін  талдау  санатын  қолдануды  есептеу  жүреді. Есептеу  бірлігі  - мәтінде  осы  немесе  басқа  мағыналық  бірліктің   кездесуі (жиілігі)  тұрақтылығы ; ақпарат  көлемін  белгілеу ( мәтінің алаңы, абзацтар,  жолдардың  саны,  эфирдегі уақыты  және  с.с.). маман  жариялау  шрифтіне, газет  бетіндегі  орнына  немесе  теле   және  радиожаңалықтардағы  орнына,  материалға  берілетін  тональдылыққа және т.б-на  назар  аударады.

 

   Бақылау – оқиға  куәгерінің   оқиға  өтіп  жатқан  кездегі оқиғаны тікелей  тіркеу  әдісі.  Ол статистика  әлсіз, бастапқы  таным  пункті  ретінде  бағдарламаны  жасау  кезеңінде;  индивид  пен  топтардың  сөйлесу,  мінез-құлық  формаларын   зерттеу  кезінде  қолданылады.  Мамандар  бақылаудың мынадай  түрлерін  бөліп  көрсетеді:  бақылау  зерттеушілердің  зерттелетін оқиғаға  араласпауынсыз  жүзеге  асырылған  кездегі  қалыпқа  келтірілген  және  қалыпқа  келтірілмеген,  қосылған ( мысалы, социолог митингтің  қатысушысы  болады) және  қосылмаған. Табиғи  ортада, табиғи  жағдайда  және  лабораторияда (  мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі.

 

   Социологиялық  ақпаратты   жинаудың  ең  бір  ерекше  және  қиын  игерілетін  әдістерін  эксперимент  жатады.  Эксперимент -  `experimentum  деген  латын  сөзінен  шыққан  - сынам,  тәжірибе )  бақыланатын  және  басқарыланылатын   жағдайларда    жаңа  білім  алудың  ғылыми  әдісі.  Табиғи  ( далалық,  лабораториялық )  және  ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.

 

   Социологияда   табиғи  эксперименттерді  пайдалану   адамдардан  тұратын  әлеуметтік  зерттеу  объектілерінің  табиғатымен   және  зерттеушіден  объектіге   « зиян  келтірмеу»  деген   моральдық  норманы  сақтауын  талап  етумен  шектелген.  Сондықтан  көпшілік  табиғи  социологиялық  эксперименттер  шағын  топтарда  өткізіледі.  Және  әдетте  әлеуметтік -  психологиялық  экспериментпен  көптеген  ұқсастықтары  болады.

 

   Ойша  социологиялық   эксперименттер  барынша  кең   таралған,  мәні  бойын  олар статистикалық  талдау  әдістері  қолданылатын  әрбір  ірі  социологиялық  зерттеуге  қатысады, және  әлеуметтік  процестерде  компьютерде  үлгіге  келтіру  кезінде негізгі  болып  табылады. Мұндайда  барынша  тиімдісі  объекті өлшемінің  бір  бөлігі  қалыпқа  келтірілген, ал басқасы  қалыпқа  келтірілген  және  формальді  бөлігі  диалогтық   режимде  өзара  әрекет  ететін  тұжырымдама,  сценарийлер,  адамның  құндылық  бағдарлары  түрінде  ұсынылған  үлгілеудің  адам – машина  жүйесі  болып  табылады.  Үлгілік  эксперименттер табиғи  әлеуметтік  эксперименттің  стратегиясын  барынша  нақты  анықтауға  мүмкіндік  береді, бірақ  оны  ауыстыра  алмайды.

 

   Дәлелдеменің  логикалық   құрылымы  бойынша  гипотеза  сызықтық  және  паралельді  болып  бөлінеді.  Сызықтық  эксперимент  талдауға  бір  ғана  топ  тартылуымен  ерекшеленеді.  Паралельді  экспериментте  бір  мезгілде  екі  топ  қатысады:  бақылау  және  экспериментті.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы