Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:43, лекция

Описание работы

Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі.
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать файл)

 

     Неке келісімшарты  отбасылық қатынастардың бастамасын  анықтайды, бірақ некелесуге міндетгі  шарт бола алмайды. Заң бойынша  неке келісімшарты некелесуді тіркегенге дейін де некелік өмірдің кез келген

 

кезеңінде де жасалады. Неке келісімшарты жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды түрде ресімделеді. Жұбайлардың  барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлері  мен әр жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік не бөлістік мүлкі болады. Неке келісімшартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.

 

     Мамандар неке келісімшартын  құқықтық қырынан басқа құқықтық  емес, яғни әлеуметтік, психологиялық  және этикалық қырларын да  көрсетеді. Мәселен, зерттеу барысында  анықталғандай, екінші не келесі некеге тұратындар - бірінші некеден, ''кемесі қайырылғандар''. Неке келісімшартына отыруға әр жұбай кәсіпкер болып, жеке бизнесі болғанда қызығушылық танытады. Неке келісімшартына жоғарыда аталған санаттардан басқа ері мен әйелінің жас айырмашылығы едәуір болып, ерінің (не әйелінің) экономикалық базасы берік және алдыңғы некедегі ересек балаларының мүліктік мүддесі олардың ата-анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.

 

     Психологиялық қыры: неке келісімшартында ажырасқан жағдайда әркімге тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан, яғни осындай нәтиже жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай  ма, неке келісімшарты - ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.

 

     Неке келісімшартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз жағдайға қалдырмау мүмкіндігіне байланысты. Әр жұбайда жасалған келісімшарттан жұбайының құқы мен мүддесіне нұсқан келтіру жолымен өзіне пайда табуды көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісімшартұа отыруда екі жақтың бір-бірінің құқына құрметпен қарауы сақталуы керек. Егер келісімшартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес, сонымен бірге екінші жұбайдың мүлкіне қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке келісімшартының мақсатына қарсы - некедегі мүліктік қатынастарды реттеудің не ажырасу кезінде қолданылатын

 

өркениетті әдісі болуы керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың  бұзылуына әсер ететін шектен асып кетпеу керек.

 

     Неке келісімшартына  отыру маңызда қызмет атқарады: ол - білімдік қызмет, өйткені ''Неке мен отбасы туралы'' заң мазмұнымен танысу қолданыстағы заңдылықтар арқылы отбасылық өмір туралы шынайы түсінік береді; реттегіштік қызмет - отбасылық қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің тұтас жиынтығы қарастырылады. Заң отбасындағы тараптардың теңдігінен шығады, бірақ көбінесе некедегі жұбайлардың бірі кедей, бірі дәулетті болады. Бұл әсіресе, ажырасудан соңғы материалдық жағынан, айырмашылық әсіресе кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларынан

 

байқалады.

 

     Мүліктің құқықтық  режімінен басқа неке келісімшартына  азаматтық айналыстағы (акциядан  дивиденттер, салым процентгері,  усадбалық учаскедегі өнімді  тапсырудан түскен өнім және  т.б) заттар мен ақша түріндегі  отбасы кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, зангерлердің пайымдауынша, отбасы шығыны кең де заңда толық қамтылмағанына қарамастан, оны бөлу тәртібі де қарастырылады. Шығындар отбасының материалдық қамтылуы мен мұқтаждықтарына сәйкес (тұрғын үй, көлік, тамақпен қамтамасыз етілуі, саяжайды күтуге, соңдай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс және т.б қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шаруашылығын басқарудан бастап, қандай да бір капиталға ие болуға дейінгі отбасы шаруашылығының көп түрлілігі келісімшарттағы занды негіздемені талап етуі мүмкін.

 

     Үй шаруашылығын басқарудан  бастап қандай да бір қаржыны  иелік еткенге дейінгі шаруашылық  қызметтердің әр түрлілігінің  кең ауқымы заңды келісілген  негіздемені талап етуі мүмкін.

 

     Отбасы өміріндегі  кең тараған жағдайлардың бірі әйел күйеуге шығып, бала туған кезде ұзақ уақытқа дейін аяқталмаған білімі немесе біліктілігінен айырылуы нәтижесінде үй шаруасындағы әйел болады. Неке бұзылған сәтте мұндай әйел өте ауыр жағдайда қалды: балаларды күтуге бөлінетін алимент аз және әсіресе, біздің кезімізде жүйелі төленбейді. Сонымен бірге алиментгер ресми танымал көздерден түскен пайдадан есептеледі, бірақ жұбайының шынайы табысы одан асып түсуі мүмкін. Сондай кезде жасалған неке келісімшарты балалар мен жұбайының алдындағы экономикалық жауапкершілігін арттырып, неке сәтсіз болған жағдайда мүліктік мөселелерге, жақың адамдарға байланысты жұбайлардың қаржылық мәселелері ақылмен шешілуі керек.

 

     ҚР-ның "Неке мен  отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған.

 

     Неке келісімшартына  отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіңдегі жағдай бойынша республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалды куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарында мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

 

     Зерттеушілер мынадай  сұрақ қояды: некелелесушілер  мен некеде бұрыннан тұрғандар  таласты жағдайларды шешуге арналған  неке келісімшарты бойынша өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп некелесуге өтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі де көптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және

 

салыстырмалы түрде жоғары мәртебе  санайтын отбасылар да азаймайды. Бірақ  ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен қарау керек.

 

 

№12 Мәдениет әлеуметтануы

Дәріс жоспары:

 

1.      Мәдениет ұғымының  түсінігі.

 

2.      Мәдениет және  әлеуметтану.

 

3.      Мәдениет түрлері

 

4.      Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері.

 

Дәріс тезистері:

 

 «Мәдениет» деген ұғым латын  тіліндегі «Cultura» сөзінен алынған.  Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу,  білім алу сияқты мағыналарды  білдіреді. Ғылыми әлеуметтану  мәдениетті, оның алуан түрлерін  адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

 

Мәдениет қоғам дамуының негізгі  қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгеріп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.

 

Мәдениет негізінде екі үлкен  түрде болады: Материалдық және рухани.

 

1.      Материалдық –  бұл өндірістегі құрал-саймандар,техника,  құрылымдар, т.б

 

2.      Рухани  - бұл  ғылым, өнер, әдебиет,т.б.

 

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға)байланысты.Дегенмен,олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар.Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді.Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалр, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа да құрал-жабдық түріне айналады,ал, жаңадан пайда болған техника,құрылғы,технология,т.б жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.

 

Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әр түрлі түсінеді.

 

Біреулер мәдениетті қоғамдағы  құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби(мамандық), эстетикалық, т.б мәдениеттілігі туралы әңгіме қозғайды;Үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, құқықтық жауапкершілігімен ұштастырды.

 

Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып, бұрмаланған.Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттеерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбиенің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың,,өндірістің тигізер ықпалы қамтылмаған, қоғамды ғылыми басқаруға, демократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанаиа тигізетін әсері туралы да, ештеңн айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтын естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынадай үш анықтамасына тоқтаулды жөн көрдік.

 

1.      Мәдениет – адам  құндылықтарының жиынтығы. Басқаша  айтқанда, мәдениет адамдардың  іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымның, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы.

 

2.      Адамдардың шығармашылық  іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы  әрекеттер барысындағы әр түрлі  кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға,  жоқ нәрсеге сенуге,ескі көзқарастарға,  әділетсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.

 

3.      К.Маркс айтқандай,  мәдениет адамның мәнді, маңызды  күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегңн,  қабілетін іске асырып орындауды,  оның өзін-өзі қалыптастыру және  жан-жақты дамуын қамтамасыз  етііп,күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.

 

Сонымен, мәдениет дегеніміз,жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы жәнпе  қоғамдағы құндылықтармен ұштастырып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады.

 

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі.Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.

 

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы ұғымы нақтыланып, ол теңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті,көркемөнер мәдениеті, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті,т.б түрінде  көрініп отырады.

 

Мәдениет - тұтас бір құбылыс , оны  зерттегенде жүйелік талдау әдісі  қолданылады. Бұл әдісті негізінде  екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді.Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз күш. Адам іс-әректі дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

 

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы  мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құрылады:

 

1.      Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгнрту, қайта құру процесімен байланысты.

 

2.      Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар.

 

Біздің әлеуметтік дүние танымызда  руханилық, адамгершілік және құнды  қасиеттер, әсіресі, шындық, әділеттілік  және әдемілік негіздерінде адамның  бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с аражігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің белгілі бір құндылығын қалыптастырады. Бұл жөнінде жүргізілген әлеуметтану зерттеулеріне сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады,ал, адамгершілік қасиеттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілділік қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар: мейірбандық, қайырымдылық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгереді.

 

 Қазіргі қоғамдық-саяси кезең  адам тұлғасының рухани өміріне  бір жақты әсер етпейді. Жалпы  қоғамның рухани өмірінің дамуында екі үлкен бағыт (тенденция) бар екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытындада бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда.Екінші бағыт, ел-жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән.Бұл бөлікбұрынғы идеологиялық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келмейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды болдырмау үшін жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғыртып дамыту, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымырластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.

 

Мәдениетті жалпы әлеуметтанудыңарнаулы  териясы – мәдениет әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы  атқаратын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін,т.с.с зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім,ғылым,этикалық жәнк көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің (театр, кино, мұражай, кітапханалар) дамуын болжап, жоспарлайды.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы