Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа

Описание работы

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.

Файлы: 1 файл

От Моти для Бони!.doc

— 350.00 Кб (Скачать файл)

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет керсету, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Меншік  нысандарының дамуы кәсіпорьшдардың  жаңа тұрпатгарының пай-да болуына  әкелді: жекеше, кооперативтік (тауарлар, өнім өндіру, қызметтер көрсету жөніндегі), акционерлік, аралас, шет елдердің кәсіпорындарымен және фирмаларымен бірлескен кәсіпорындар. Мемлекеттік кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлардың басқаруына беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдалану тәртібі өзгерді. Келесі саты мемлекеттік кәсіпорынды өтеуін төлеп алу, оны толық иеленуге көшіру және жекеше немесе бірлескен кәсіпорынға айналдыру болып табылады.

Экономикалық  реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншікті республикалық, коммуналдық меншікке бөлу сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестігінің және коммерциялық негіздердегі бірлескен баскару органдарының - қоғамдардың, ассоциациялардың, консорциумдардың, концерндердің және т.б. көптеген нысандарға да мүмкіндік туғызады.

Ұлттық шаруашылыктың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техни-калық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудьң  негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидатгарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын бастапқы буынға - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің   мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысының мәні және көрінісінің сыртқы нысандары болады. Мәні деп қаржыны ерекше құндық категория - қаржылық категория ретінде анықтайтын қаржының ішкі мазмұны ұғынылады.

Қаржының  мәні мен көріну нысандары өзара  байланысты. Бірақ олардың орнықтылық дәрежесі бірдей емес. Қаржының көріну нысандары оның мәніне қарағанда анағұрлым жиі, жылдам өзгерімге ұшырайды. Мысалы, кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен өзара қатынастарының нысандары бірнеше рет өзгерді және жетілдірілді: пайдадан төленетін көпарналы төлемдерден олар пайдаға салық салуға, одан кейін табыс салығына ауыстырылды; шаруашылық мұқтаждарды қаржыландыруға бюджеттен берілетін қаражаттардың кері қозғалысы негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен ауыстырылды; кәсіпорындар ішінде, оның бөлімшелері, әкімшілігі және жұмыскерлері арасында ақшалай қаражаттар қозғалысының нысандары өзгерді - бұл қатынастар баламалы сипатқа ие болады және коммерциялық негізге көшіріледі. Қаржылық ресурстардың құрылымында, қалыптасу әдістерінде және оларды пайдалану бағыттарында өзгерістер болуда. Сонымен бірге қаржының мәні де өзгеруде. Ол өндірістік қатынастармен ғана емес, сонымен бірге олардың даму деңгейімен, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыста мемлекеттің ауқымдарымен және рөлімен алдын ала айқындалады. Қаржылық қатынастар - бұл ең алдымен, ұдайы өндірістік қатынастар. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесі өзгерістерге ұшырайды, бұл жүйені қайта құруға, өндіріс тиімділігін көтермелеуде бөлгіштік қатынастардың рөлін күшейтуде тұрақты қажеттілік болады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың ұдайы өндірілуінің, рыноктық катынастардың дамуы үдерісінде кәсіпорындардың мемлекеттік бюджет   пен кредит жүйесімен қаржылық қатынастарының, шаруашылық механизімін жетілдірудің нысандары мен әдістері өзгеруінің ғылыми-техникалық прогресті тездетуде, дамудың бел-гіленген бағдарламаларын, экономикалық өсудің қарқындарын жүзеге асыруда және қоғамдық еңбек өнімділігін көбейтуде ұдайыөндірістік қатынастар мен қаржылардың ынталандырушы рөлін арттыру мақсаты болады.

Жалпы қаржының сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының функциялары туралы мәселе бойынша экономикалық әдебиеттерде бірыңғай пікір жоқ. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Біраз ғалымдар тауарларды сатып алу-сату, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қатынастарына әсер ететін, бірақ өзі қатынастардың элементі болып қызмет етпейтін еңбекке ақшалай ақы төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды деп санайды. Алайда ғалымдар-қаржының үдайыөндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары аталған қатынастарды қаржылық қатынастарға жатқызады, өйткені өндіру мен айырбастауда қаржылық қатынастардың барын мойындайды. Мәселен, айырбастау кезінде өнімді өткізуден алынатын табыс қалыптасады, одан шаруашылық жүргізуші субъект-жеткізуші тұтыну және қорлану қорларын жасайды. Өткізу барысы жеткізілім келісімшарттарының талаптары сақталынбаған кезде қаржылық санкцияларды қолданумен, жеткізуші мен сатып алушының екі жаққа бірдей берешектің жасалуымен қабаттаса жүруі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу, сыйлықақылар төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастар арнаулы қорларды: еңбекке ақы төлеу, тұтыну, айналым қаражаттары (аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығындар, тұрақты пассивтер бөлігінде) қорларын жасаумен және жұмсаумен қоса жүреді. Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қорларының толық айналымының барлық стадияларына қатысады деп санайды. Осыған байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ұдайыөндірістік функция орындайды деп қорытынды жасауға болады. Оның мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақшалай қаражаттар арасындағы олардың толық айналымы үдерісіне сәйкестікті қамтамасыз етуде болады. Ол үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер өнім өндірудің және өткізудің жоспарлары, болжамдары және ниеттері, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір кезеңіне арналған кірістер мен шығыстардың көлемдерін әзірлейді; шығыстар қандай дәрежеде меншікті қаржылық ресурстар, бағалы қағаздар шығару, басқа ұйымдар мен өзінің жұмыскерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк кредиттері есебінен, ерекше жағдайларда бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен жабылу мүмкіндігі анықталады. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі-нің өнімдері, олардың капиталы - негізгі және айналым капиталы ұдайы өндіріледі. Қызметтер сферасында адамның тіршілік қызметінің аса маңызды әлеуметтік параметрлері - денсаулық, білім, мәдени және рухани құндылықтар ұдайы өндіріледі.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара карым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк кредиттерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық  жүргізуші субьектілердің экономикалық қызметі сферасындағы өндірістік қатынастардың айрықшалықты өзіндік ерекшеліктері, таза қаржылық қатынастардың басқа ақшалай қатынастармен матасуы, өндірістік қорлардың толық айналымымен олардың аса тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірлері бойынша, кәсіпорындар мен салалар қаржысы жалпы белгілерге қарағанда, жалпымемлекеттік каржыдан елеулі айырмашылығы бар қаржы жүйесінің буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірлері бойынша, егер бұл буынға кәсіпорынның ақшалай қатынастарының бүкіл жиынтығын кіріктірсе, онда дербес экономикалық категорияның - кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай шаруашылығы бар екені туралы мәселені қоюға болады.

Қаржылық  қатынастардың құрамында шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қатынастарының мынадай ірілендірілген топтарын бөліп керсетуге болады:

басқа әр түрлі кәсіпорындармен  және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу үдерісінде, коммерциялық несиелендіру кезінде қалыптасады);

өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан жұмыскерлерге жәрдемақылар телеуді, сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;

мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюталық корлар мен ресурстарды қалыптастырғанда;

банктермен (қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);

сақтық органдарымен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен — ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);

құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржылық жарналарды (салымдарды) төлеу кезінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.

Шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы каржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағьнан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

қаржылық қатынастардың көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

өндірістік  құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы 
және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен 
байланысты катынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар 
- бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құндық нысандардың 
тұрақты ауысымы болып отырады. Шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақшалай нысанда болуы мүмкін;

3 ) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

4) шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы негізі болып табылады.

Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық (каржылы немесе ақшалай) қатынастарды айтады. Ақшалай табыстар мен қорланымдарға мыналар жатады: өнімді, жұмысты, қызметтерді өткізуден түсетін түсім-ақша; кәсіпорынның жалпы және таза табыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің  классификациясы.

    

 Толып жатқан шаруашылық  жүргізуші субъектілер әр түрлі  белгілері бойынша сыныпталады  және оларды осы немесе өзге  түрі бойынша межелеудің негіздемесі  қаржыны ұйымдастырудың сипатына  айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

      Шаруашылық  жүргізуші субьектілердің  құрамына  материялдық өндірістің барлық  кәсіпорындары және рыноктық  экономика жағдайларында өзінің  қызметін коммерциялық есеп негіздерінде  жүзеге асыратын өндірістік емес  сфераның бір бөлігі кіреді.

  Шаруашылық жүргізуші  субъетілер- кәіпорындар мен ұйымдар  (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және тағы басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі  әсер етуі мүмкін.

   Межелеудің  ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілерді қызмет сфераларының біріне материялдық немесе материялдық емес (қызметтер сферасы)  сфераға жатқызу болып табылады.

   Қызметтің  материялдық сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілері  бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материялдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары (өндірістің тұтынудың өнімдері) тұтынылады,басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға,соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады.

    Қызмет  көрсету сферасы қызметінің нәтежиелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасау үдерісі, әдеттегілерде,олардың тұтыну үдерісімен тоқайласады, яғни олар қордалауға сақтауға жатпайды.

     Қоғамдық өндірістің  екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары  бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу үдерістеріндегі қаржылық қорлардың қозғалысы кезінде де, сондай-ақ  қызметің қаржылық нәтежелері қалыптастыру-қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материялдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік қосалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен,дайын өнім бірақ өндірістік емес бірқатар басқа үдерістердің қозғалысымен байланыстары елеулі орын алады.

      Сфералар  ішінде салалар, қосалқы салалар (ҰШЖ жүйесінде-қызмет түрлері)  бөліп көрсетіледі, оларға төменгі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатыстылығы қаржыны ұйымдастыру да бейнеленеді. Салаға бөлу экономикалық қызметтің салалық біртектілілігін бейнелегенмен сонымен бірге тіпті экономикалық субъектілердің қосалқы салалары немесе топтары шеңберінде көп алуандылылығын шамалайды. Бұл өндірістің ұйымдық-техникалық, технологиялық сипатымен байланысты. Мысалы, машина жасауға өнім түрі айтарлықтай ықпал етеді, бұл қорлардың толық айналымы үдерістерінде бейнеленеді. Қорлардың қозғалу және толық айналымына қызмет көрсету сипаты бұл жерде өндірістің ұйымдық-технологиялық тұрпатына байланысты болып келеді: жаппай, сериялық (соның ішінде ірі сериялық орта сериялық, ұсақ сериялық), дара өндіріс.

Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны