Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа

Описание работы

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.

Файлы: 1 файл

От Моти для Бони!.doc

— 350.00 Кб (Скачать файл)

      Негізінен  материялдық өндіріс сферасында  қаржылар ұйымдастыруға өнімді жасаудың өндірістік циклінің ұзақтығы, маусымдылық климаттық факторлар әсер етеді. Маусымдылық фактор ауыл шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипаты болады. Мұндай факторлар өндіріс шығындарының мөлшеріне әсер етеді.  Мысалы, ұзақ циклды немесе маусымдылық сипаттағы өндірістен аяқталмаған құрылысқа қаражаттарды едәуір  аударуды тудырады, мұның өзі кредиттерді пайдалану кезінде пайыздардың көп сомасын төлеуге ұрындырады; құрылыста маусымдық қысқа уақытта шығындардың көбеюін тудырады. Табиғи-климаттық факторлар жалақыға, сақтандыруға басқа қосымша шығындарға аудандық коэфиценттер төлеуге байланысты шығындардың көбеюіне апарады. Ақырында шығындардың көбеюі қызметтің қаржылық нәтежелеріне  әсер етеді:рыноктық бәсеке жағдайларына мынандай кәсіпорындар өнімді сату кезінде аз табыс алатын болады немесе рынокта өзінің айқындамаларын сақтау үшін оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табулары тиіс.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің сыныптаудың басқа  белгісі олардың қаржылық қызметінің сипатын –коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

  Коммерциялық және  коммерциялық емес қызмет болып   межелену Қазақстан Респуликасы  Азаматтық  кодексында бекітіліп  берілген, онда заңи тұлға ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншіктік,шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз  атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Өз қызметінің негізгі  мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасы қатысушыларына үлестірілмейтін(коммерциялық емес үйым)ұйым заңи тұлға бола алады.

    Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.

    Сыныптаудың бұл  белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына:коммерциялық есепке немесе белгілі  бір деңгейде жүргізуші субъектілердің  қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және  коммерциялық емес қызметті үйлестіретін болса, онда  соңғысы тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.

     Коммерциялық  қызметтің мақсаты- табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізіне материялдық өндіріс  сферасы кәсіпорындарының, басым бөлігі және материялдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

     Өндірістік  емес сфера мекемелерінің едәуір  бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқықтық тәртіпті қорғау айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтаумен білім берудің мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін,  соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажетті функциялар мен іс-қимылдарды  орындауға бағытталған.

     Шаруашылық  жүргізуші субъектілерді сыныптаудың  маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес ҚР-да меншіктің 2 нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңи тұлғалармен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айрықша түрі ретінде Қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.

     Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

     Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық- құқықтық нысандарының көптеген түрлерін туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:

    1.Мемлекеттік  меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

    Респуликалық-ҚР-ның экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

    Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар-тиісті уақыт аумақ халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.

    2. Заңи тұлғалардың жеке мешігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер:әр түрлі сипаттағы  шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен үйымдар.

    3. Қоғамдық бірлестіктердің  меншігіне негіделген шаруашылық жүргізуші субъектілер.

    4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шет елдік заңи тұлғалармен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.

    5.Азаматтардың  меншігіне негізделген жеке меншікті шаруашылық жүргізуші субъектілер.

    6.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.

     Меншіктің  барлық нысандарының теңдігі  мен меншік субъектілерінің құқығын  теңдей қорғау Қазақстан Республикасы  заңнамасымен кепілденілген.

    Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық  нысаны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен анықталған, ол  шаруашылық жүргізуші субъектілерді құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық  нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн.

    Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен-мемлекеттік, жеке меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер  шағын, орта және ірі  болуы мүмкін.

   Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік және ұйымдық міндетерді  жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталған. Мәселен,  
Қазақстанда жекеше кәсіпкерліктің субъектілеріне дара кәсіпкерліктің, макробизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнестің субъектілері жатады.

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің  әр  түрлі   сыныптамалық сипаттамаларының  сан алуандығы, олардың мүмкін болатын үйлесуі қаржы жүйесінің бұл буынының қаржылық механизмі күрделендіріледі, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық үдерістерді бақылауды қажет етеді.

    Жалпы  меншіктің әр түрлі нысандары шаруашылық жүргізуші субъектілерінің    қаржылары ортақ  қағидаттарға негізделген. Алайда бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтарды кәсіпорындарды басқарушы механизмінің кейбір  ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатты және осымен байланысты болатын қаржылық ресурстарды қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.

    Бұл  ең алдымен жарғылық капиталды  қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.

 

 

 

 

 

2.1. Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысын  басқару.

 

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды  министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері және қаржы службалары жүзеге асырады.

   Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

   Бірқатар  министрліктер мен ведомстваларда  қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың  басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік басқармалар жұмыс істейді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыны: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық құндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен ысыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдығын азайтуды және жоюды; ішкі шаруашылықтық резервтерді жұмылдыру, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабельділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сонымен бірге ведомствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.

   Министрліктер  мен басқа жоғары органдардың  қаржы басқармаларының аппараты  жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық  балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды  жүзеге асырады, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

   Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты  дербес құрылымдық бөлімше болып  табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы-өткізім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.

  Қаржы жүйесінің  бұл буынында рынок жағдайларында  басқаруқаржылық менеджмент деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет қауіп-қатерлі болып келеді және тауарларды өндіру мен сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден, мүлікті пайдаланудан табыс (пайда) алуға бағытталған.

   Төменгі  буындарда қаржылық менеджменттің  объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат,  зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

   Қаржылық  менеджмент уәждемелерге-адамдардың  немесе ұжымдардың қажеттіліктері  мен тиісті қылықтарын анықтайтын  мақсаттарды іске асыру жөніндегі  қызметке негізделеді. Уәждеме  іскерлік белсенділікті, еңбек  өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржы  бөлімдері кредиттік және есеп  айырысуң операцияларының (акцияның, вексельдің, факторингтің және басқалардың)  жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржылық ресурстармен оңтайландыруды жүзеге асырады.

   Шаруашылық  серіктестіктерінде қаржыны басқаруды  басқа функциялармен қатар, жоғарғы  органдар- олардың қатысушыларының  жалпы жиналысы (өкілдіктердің жиналысы), акционерлік қоғамдарда- акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган- басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналар кіріктіреді: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне-қаржы бөліміне, топқа, сектоға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметшілер-шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

   Қаржы  бөлімінің құрылымы (қосымша1сызба) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, кінарат-талап, оперативті-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді. Қаржы бөлімінің типтік құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-экономикалық бюросы (қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы (тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сатып алушылармен есеп айырысу, кінәрат-талап топтары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюталық топ құрылады.

   Ірі кәсіпорындарда  қаржылық қызметті экономика  немесе қаржы жөніндегі директордың  орынбасары, қаржы директоры, вице  президент акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы  мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға  басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы және т.т. бағынуы мүмкін.

Қосымша 1 сызба

   Қаржы-өткізім  бөлімдері сатып алушылармен,  тапсырыс берушілермен, бюджетпен,  банктермен, жоғарғы ұйымдармен  есеп айырысу бойынша, қаржылық жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы-мамандар орындай алады.

   Қаржы  бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында  қаржылық жоспарлау мен қаржылық  нормативтердің есеп-қисабы экономикалық  службаға, ал оперативтік-қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау бухгалтерияға жүктеледі.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржы  службаларының маңызды міндеттері  мыналар болып табылады:

   Табысты  немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабелділікті арттыру;

   Өндіріс,  инвестициялар, жаңа техниканы  ендіру және басқа жоспарлы  шығындар жөніндегі тапсырмаларды  қаржылық ресурстармен қамтамасыз  ету;

   Мемлекеттік  бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы  ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;

   Есеп  айырысуларды ұйымдастыру;

   Өндірістік  капитал мен күрделі жұмсалымдарды  тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

   Қаржылық  ресурстарды дұрыс пайдалануды  бақылау, айналым қаражаттарының  сақталымдылығы мен тездетілген  айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

   Фирманың, кәсіпорындардың қаржысын оперативті  басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері есеп  айырысу-кассалық қызметкөрсетуді  жүзеге асырады, ақшаға уақытша  қажеттіліктерді несиелендіреді.

Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны