Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ал шаруашылық қызметін талдау – шаруашылық дамудың тенденцияларын зерттеумен, жоспарларды, басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеумен, олардың орындалуын қадағалаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндірістің титімділігін көтерудің шаруашылық резервтер шамасын іздестірумен, өлшеумен және негіздеумен, сонымен қатар, оларды пайдалану жөнінде шараларды жасап шығарумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

практика.docx

— 90.21 Кб (Скачать файл)
Автомобиль жолындағы жарықтар, автокөліктердің ізінен басылып төмендеген тегіс емес жерлері көлік қатынасына қауіп келтіреді. Автокөліктердің ізінен басылып төмендеген жерлеріне жиналған сулар автокөліктердің сырғанауына байланысты  автокөліктердің қозғалысына үлкен қауіп келтіруде. Жол бойының жоғарғы қабатындағы үлкен ойықтар автомобиль жолының мерзімінен бұрын істен шығуына, автокөліктердің мерзімінен бұрын бұзылуына және жүргізушінің автокөлікті басқаруына кері әсерін тигізеді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуде жол жөндеу жұмыстарының уақтылы орындалуы жолдардың техникалық пайдалану көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Жергілікті маңыздағы жолдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде дер кезінде жөндеу шараларын жүргізу және жолдарды күтіп ұстау, техникалық жағдайы мен жолды пайдалану жағдайына байланысты қауіп-қатер көздерін жою. Бұл үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын ағымдағы жөндеу мен автожолдары күтіп ұстауға қаражаттар бөлінеді.
Сонымен қатар, автокөліктердің жолдармен, автомобильдің өстеріне түсетін рұқсат етілген салмақпен өтуіне бақылау жүргізу бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шаралар жоспары дайындалған. 
Қызылорда облысының жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (әрі қарай-Басқарма), облыстағы теміржол және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салаларының бюджеттік әкімшісі болып табылатын мемлекеттік мекеме. Басқарманың негізгі қызметтері:
  • аудандық аумақтық басқармалардың Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамаларын орындауларына бақылау  жүргізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
  • облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамаларына сәйкес ұйымдастыру;
  • жолаушылар көлігі кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру және реттеу;
  • әлеуметтік  маңызы бар облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру.
Мақсаттарға қол жеткізу көбіне басқа да мүдделі жақтардың: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрілігінің тиісті құрылымдық бөлімдерімен, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармаларымен келісімдеу және өзара қарым-қатынас дәрежесіне байланысты:
Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қызылорда облысының ішкі істер департаментімен, Қызылорда қаласындағы өңіраралық көліктік бақылау инспекциясымен, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментімен, облыстық денсаулық сақтау әжне қоршаған ортаны қорғау басқармаларымен тығыз қарым-қатынас жұмыстарын жүргізу.
Стратегиялық жоспардағы көрсеткіштерге қол жеткізуге келесі қатерлердің әсері болуы ықтимал:
Баға қатерлері:  Көлік инфрақұрылымын дамытуға қатер төндіруші  фактордың бірі болып, кәсіпорындардың өнімдерімен қоса, ресейден және өзбекстаннан келетін жүк ағынының негізгі бөлігін құрайтын қуат көздерінің әлемдік бағаларының өсуі. Осы бағыттағы әлемдік ұстанымның шиеленісуі, тек жүк айналымы көрсеткіштерінің төмендеуіне ғана емес, көлік және жол кәсіпорындарының кірістерінің төмендеуіне, сондай-ақ, инфрақұрылымдық  жобаларға инвестиция тарту мүмкіндігінен айыруы ықтимал. Аталған қатер қуат көздерінің қол жетімдігі мен бағасына тәуелді көлік қызметінің түрлі салаларының дамуына өз әсерін тигізеді. Қуат көздерінің бағаларының өсуі,  инфляциямен салыстырғанда ішкі бағалардың жылдам өсуіне, мемлекеттік және жекеменшік көлік және жол кәсіпорындарының жанар-жағар, құрылыс материалдары шығындарының өсуіне ықпал етіп бағаның өсуіне жол береді.
Заңдылық қатерлер. Көлік саласының қарқынды және қалыпты дамуы, көлік инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігі көбінесе, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге дер кезінде қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне, сондай-ақ, жаңаларының уақтылы және шұғыл түрде қабылдануына да байланысты болады. Нормативтік-құқықтық актілердің қабылданбауы немесе уақтылы қабылданбауы Басқарманың стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруына үлкен кедергі болады.
Геосаяси қатерлер. Халықаралық көлік жүйесіне кірігу, көбіне көрші мемлекеттердегі саяси хал-ахуалдың тұрақтылығына байланысты болады.
Техногендік және экологиялық қатерлер. Кез келген ірі техногендік немесе экологиялық апат, инфрақұрылымның және жылжымалы құрамдардың шектен тыс тозуына,  қолданыстағы құралдардың кенеттен істен шығуына әкеліп соқтырып, шығындардың орнын толтыруға қосымша қаржылар қарастыру мақсатында шара қабылдауға мәжбүр етіп, көлік жүйесіндегі  басқа нысандардың  қалыпты жұмысына кедергі келтіреді.

Осы аталған жұмыстарды үздіксіз әрі уақытылы орындайтын болса, сол кезде ғана басқарманың жұмысы жақсарады және қызметінің тиімділігі артады.

 

 

Қорытынды

 

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын деңгейінде қаржыларды басқару үлкен мәнге ие.
Кәсіпорындардың  қаржысы  ақша тұрінде  ұлғаймалы  ұдайы өндірістің негізгі  процестерін  көрсетіп,  экономикалық  заңдардың  талаптарына  сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай   табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға  қолданады. 

Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарты-оның қаржылық жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың маңызы зор.

Баланс мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды негіздейді, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешімдер қабылдайды. Осы себепті кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлімнен тұрады:

  1. Қысқа мерзімді активтер.
  2. Ұзақ мерзімді активтер.
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер.
  4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
  5. Капитал мен резервтер.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар – қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда  активтер 7,2 пайызға көбейген. Басқарма  капиталы  307 351 мың  теңгені, яғни 2,4 пайызды құрап отыр.  Осы мәліметтерге қарап отырып басқарма жұмысының жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын аңғаруға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Жұманова Д.Т., Мұқашева Г.М. «Қаржылық менеджмент» Астана, 2010ж
  2. Э.С.Мадиярова, С.Н.Сүйеубаева. Қаржылық менеджмент: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2009. – 54-72 бб.
  3. Э. Э. Михель, Р. А. Əмірханов, Г. А. Жолмырзаева, Ж. С. Мұхаметжанова Корпоративтік қаржы: Оқулық (Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен) - Алматы, 2012 (ғтк)*
  4. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2010 ж.
  5. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 2009.
  6. «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2011 жылдық есебі
  7. «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2012 жылдық есебі
  8. «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2013 жылдық есебі
  9. Э.С.Мадиярова, С.Н.Сүйеубаева. Қаржылық менеджмент: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2009. – 54-72 бб..
  10. 4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 2010.
  11. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2011.
  12. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2009.
  13. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 2011.
  14. Бигельдиева З.А. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2010.- 150 бет (ғтк)*
  15. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2011.
  16. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 2009.
  17. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 2009 г., №2732.
  18. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,2010
  19. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 2011.
  20. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 2011.
  21. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 2010.
  22. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа, 2009.
  23. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 2009.
  24. Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. - Ярославль, 2011.
  25. Андреев В.А. Практический аудит. /Справочное пособие/.- М.: Экономика, 2010.
  26. www.e-kyzylorda.gov.kz
  27. www.stat.kz
  28. www.yandex.kz
  29. www.google.kz  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау