Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ал шаруашылық қызметін талдау – шаруашылық дамудың тенденцияларын зерттеумен, жоспарларды, басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеумен, олардың орындалуын қадағалаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндірістің титімділігін көтерудің шаруашылық резервтер шамасын іздестірумен, өлшеумен және негіздеумен, сонымен қатар, оларды пайдалану жөнінде шараларды жасап шығарумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

практика.docx

— 90.21 Кб (Скачать файл)

 

 «Байқоныр» ӘКК, қала әкімдігі және «ЕБРР» банкісімен үш жақты мемонрандумға қол қойылып, 2014 жылға 100 дана заманауи автобустар әкелу жоспарланды. Бүгін таңда, автобус паркінде газбен жабдықтау стансасы  салында.

 

 2012 жылы ауданаралық маршруттардағы  тасымалдаушылардың өз қаржысы  есебінен және «Бизнес жол  картасы-2020» бағдарламасының аясында 19 дана автокөлік жаңартылды, бұл  жалпы автокөліктің (283 автокөлік) 6,7 пайызын құрайды. 2013 жылдың басынан  бері 12 автобус жаңартылып отыр. 

Қалааралық, облысаралық маршруттарында бірыңғай орталықтандырылған диспетчерлік сүйемелдеуді жүргізу үшін 13 автобусқа GPS-диспетчерлік навигациялық қондырғы орнатылып, тәжірибе жүргізілуде.
Автобус маршруттарындағы жолақы тарифтері ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген есептеу әдістемесі бойынша жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы №102-V Заңына сәйкес көліктік бақылаудың функцияларын жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беруге байланысты басқармаға қосымша мемлекеттік қызметтер жүктеліп отыр. Атап айтатын болсақ:
- «Қазақстан Республиксының лицензиялау туралы» заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
- тахографтарды орнату  және оларға қызмет көрсету  жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының  басталғандығы туралы хабарлама  берген жеке және заңды тұлғалардың  тізілімін жүргізу;
- халықаралық техникалық  байқау сертификатын беру.
Қазіргі таңда аталған міндеттемелер Басқарманың Ережесіне енгізілді.  
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға аумақтың даму бағдарламасына тиісті министрлікпен келісілген елді мекендердіѕ тўраќты автобус маршруттарымен және ресми такси тасымалдауымен ќамтамасыз етілуі, автовокзалдар мен автостанциялары жоќ елді мекендерде арнайы аялдамалармен жараќтандырылуы туралы көліктік қолжетімділік көрсеткіштері (индикатор) енгізілген болатын.
Қызылорда қаласы мен аудандарда «ќалалардыѕ ресми такси тасымалдауымен ќамтамасыз етілуі» көрсеткіші бойынша 2012 жылы салық органдарына тіркелген 51 тасымалдаушымен (5 пайыз) келісім шарт жасалған болса, 2013 жылға 214 такси қызметін көрсетушімен (15 пайыз) келісім шарт жасалды. Облыс орталығында 43 такси тұрағын ұйымдастыру жоспарланып, қала әкімдігімен қажетті қаржы қарастырылуда.
Көлік инфрақұрылымы. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес 2005 жылы аудан (қала) әкімдіктерімен бірлесе отырып облыстағы барлық автовокзалдар мен автостансаларға тексеру және зерттеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық тізілімге 1 автовокзал мен 9 автостанса енгізілді. Осы автовокзал мен автостансалар арқылы жолаушыларға жол жүру құжаттары (билеттер) сатылуда.

 

 

2.3 «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің қаржылық жағдайын талдау

 

 

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.                                                  

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорынның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Төменде көрсетілген 2-кесте бойынша «жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің баланс активтерінің 2011-2012 жылдар бойынша мәліметтеріне талдау жасағанда көретініміз, 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда қысқа мерзімді активтері 5,6 пайызға, оның ішінде ақша қаражаттары мен олардың баламалары 74,3 пайызға кеміген. Қалған қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары 58,8 пайызға көбейсе, қорлар 44,8 пайызға ұлғайған. Басқарманың активтерінің құрамындағы негізгі құралдары 4,8 пайызға ұлғайып, материалдық емес активтері 0,02 пайызға кеміген. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда активтер жиыны 90,5 пайызға кемігенін көруге болады. Басқарманың 2012-2013 жылдардағы мәліметтері бойынша жасалған талдаудан көретініміз, 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда  қысқа мерзімді активтері 21,6 пайызға ұлғайғандығын көреміз. Соның ішінде ақша қаражаттары мен олардың баламалары 137 есеге, қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары 38,95 пайызға, және өзге қысқа мерзімді активтерінің 10,88 пайызға көбейгенін көре аламыз. Бұл жерде тек қорлар 5,66 пайызға және ағымдағы салықтық активтер 99,91 пайызға кеміп отыр. Ұзақ мерзімді активтердің құрамындағы негізгі құралдар жылда тұрақсыз болып тұрғанын көруге болады. Ал материалдық емес активтері 0,014 пайызға кеміген. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда активтер 7,2 пайызға көбейген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте бойынша «жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында көретініміз төмендегідей:
2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда  қысқа мерзімді міндеттемелер 29,4 пайызға, ұзақ мерзімді міндеттемелер 8,6 пайызға төмендесе, ал капитал керісінше 5,2 пайызға өскен. Міндеттемелердің кемуі кәсіпорын қызметінің және қаржылық жағдайының тиімді болуымен байланысты.
 «Жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасының»  міндеттемелерінің құрамы мен құрылымына 2013 жылды 2012 жылмен салыстыра отырып талдау жасалынды. Талдау барысында басқарманың 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда қысқа мерзімді міндеттемелері 38,31 пайызға кемісе, ұзақ мерзімді міндеттемелері 104,1 пайызға ұлғайып отыр. Басқарманың жабылмаған залалы 9,3 пайызға артып отыр. Басқарма капиталы  307 351 мың  теңгені, яғни 2,4 пайызды құрап отыр.

Нарық жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландыруымен, яғни меншікті капиталдың комегімен жұзеге асырылады. Тек ол жетпесе ғана шеттен тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдың қаржылық тәуелсіздігі аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мұмкін емес. Сондықтан дақаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрстырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағларламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кездерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерңиялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген колемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезеңде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын жақсарту жолдары

 

3.1 Басқарманың қаржылық жағдайын жетілдіру және жұмысын жақсарту жолдары

 

 

Транспорт саласы қашан болса да экономикада алатын орны ерекше болған. Бұл салның болашағы өте зор, және ол сату-сатып алудың бар кезінде өзінің тіршілігін жоя алмайды.

Мекемелер, азаматтарға автокөлік қызметтерін  көрсету, теміржол тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып  алу және сату, ТҚС, ЖҚС, автотұрақтар және көлік жуу қзметтерінің болашақта дамыту кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасында орын алады.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесін дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жобасына әзірленіп, 2015-2017 жылдары Қызылорда қаласында қалааралық автовокзал, 2015-2016 жылдары Қармақшы ауданының Жосалы кентінде автостанса және 2016-2017 жылдары Шиелі ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі бойынан жаңа автостанция құрылысын салу туралы ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында 2015-2017 жылдары қалааралық автовокзал құрылысын салуға қызығушылық білдіріп отырған «Транс Турсервис- Кызылорда» ЖШС-імен жұмыстар жүргізілуде.
Қармақшы ауданы Жосалы кентінде орналасқан автостансаны қайта жаңғырту мақсатында Қармақшы ауданының әкімдігімен кәсіпкерлік құрылымдарымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі (50% х 50%) негізінде аудан орталығында 2015-2016 жылдары сметалық құны шамамен 80,0 млн.тенгені құрайтын автостанса құрылысын салу жоспарлануда. Шиелі ауданы бойынша 2016-2017 жылдары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойынан жаңа автостанция құрылысын салу көзделуде.
Сондай-ақ, бағдарлама бойынша 2015-2020 жылдары облыс аумағында 34 аялдама пункттерін салу жоспарлануда.
2014 жылы Қызылорда облысындағы  автовокзал мен автостанстанцияларды  Қазақстан Республикасының Индустрия  және жаңа технологиялар министрлігінің  Техникалық реттеу және метрология  комитеті төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы  №617-од бұйрығымен бекітілген  Ќазаќстан Республикасы «Автовокзалдар  мен автостанциялардың және жолаушыларға  қызмет көрсету пункттерінің  қызметтері» ұлттық стандарттары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне  енетін болады.
Осыған сәйкес, Ұлттық стандарттарға сәйкестендіру бағытында іс-шаралар жобасы әзірленіп, 2014 жылдан бастап комиссиялық тексеру жұмыстары жїргізілетін болады.
Сонымен қатар, Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және Арал ауданының Сексеуіл стансасында көліктік-логистикалық орталықтар орналастыру туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на ұсынылды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нің тапсыруымен «Жасампаз Әлем» ЖШС-і КЛО бойынша зерттеу жұмыстарын  жүргізіп, Қызылорда қаласының Белкөл стансасында КЛО  салу жобасы қолдау тапты. 
Ү.ж. қазан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өкілдері Қызылорда қаласында болып, Белкөл стансасы аумағында 20 га жер учаскесі белгіленді. Қазіргі таңда, жер учаскесін заңдастыру, аталған нысанды инженерлік коммуникацияларға қосуға техникалық шарттарды беру туралы жұмыстар жүргізілуде.  
Алда тұрған міндеттердің бірі жолаушылар жол жүру билеттерін интернет желісі арқылы алу жөнінде автовокзал мен автостанциялар басшыларына WiFi  интернет желісін орнату жөнінде ұсыныстар берілді.
Автожолдар саласындағы басты өзекті мәселе – жолдардың жоғарғы  қабаттарының төзімділігінің жылдам жоғалуы. Облыстық маңызы бар автожолдардың басым бөлігі 60-80 жылдары салынған. Ол кездегі нормативтік талаптар бойынша автокөліктің әрбір белдемшесіне түсетін салмақ 6 тн аспайтын. Бүгінгі күнге автокөліктің әрбір белдемшесіне түсетін салмақтың мөлшері он тоннадан асады. Алайда, бүгінгі күнде облыс жолдарында бұл салмақтан едәуір асатын көліктер жүріп жолдардың бұзылуына әкеп соғуда.
Қызылорда облысының автомобиль жолдарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, автомобиль жолдары жүйесін дамыту мақсатында, яғни автомобиль жолдарының жалпы ұзындығының бөліктерінің 51,3 км және 7 көпірдің, оның ішінде 2010 жылы 15,3 автожолының 2 көпірдің, 2011 жылы 5 көпірдің, 2012 жылы 36 км автожолдың  құрылысын салу және қайта құрылымдаудан өткізу арқылы облыстағы автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану көрсеткішін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Автомобиль жолдарының және жол құрылыстарының пайдалану сапасын қалпына келтіру мақсатында, яғни автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2 573,3  бөліктерінде және 2 көпірге күрделі және орташа жөндеуден өткізуді, оның ішінде 2010 жылы 4 км автожолға күрделі жөндеу, 936,7 км автожолға және 2 көпірге орташа жөндеу, 2011 жылы 46 км автожолға күрделі жөндеу, 520,7 км автожолға орташа жөндеу, 2012 жылы 31 км автожолға күрделі жөндеу, 277,7 км автожолға орташа жөндеу, 2013 жылы 428,2 км автожолға орташа жөндеу, 2014 жылы 9 автожолға күрделі жөндеу, 320 км автожолға орташа жөндеу жоспарланды. 
Автомобиль жолдарының жоғарғы қабатының тозуына, көлік қатынасының жиілігі, ауа райының және жолдың барлық қабаттарының сапасы әсер етеді.
Сондай-ақ, жолдармен жүк көтергіштік қабілеті шамадан тыс жүк автомобильдерінің және шынжыр табанды техникалардың жүруі айрықша кері әсерін тигізуде, нәтижесінде жол төсемінде жолдың сапасын төмендететін сүрлеулер, жарықтар және кедір-бұдырлар пайда болып жүргенде қолайсыздық келтіреді және көлік құралдарының жүруіне қауіп тудырады.

Информация о работе Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау