Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ал шаруашылық қызметін талдау – шаруашылық дамудың тенденцияларын зерттеумен, жоспарларды, басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеумен, олардың орындалуын қадағалаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндірістің титімділігін көтерудің шаруашылық резервтер шамасын іздестірумен, өлшеумен және негіздеумен, сонымен қатар, оларды пайдалану жөнінде шараларды жасап шығарумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

практика.docx

— 90.21 Кб (Скачать файл)
Кіріспе

 

 

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамдағы үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс, және тағы басқалар жатады.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс.  
Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты эономикалық даму кепілі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарынан құрылуы мен қолданылуының үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы нәтижелерінен көрініс табады. Қаржы стратегиясы – бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары.Ол нарықтық  қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, қаржының құралуының және жоспарлануының теориялық сұрақтарымен практикасын қамтиды.
Қаржы стартегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мыналарды қамтиды:
  • қаржы жағдайына талдау;
  • негізгі және айналым қорларының тиімділігін арттыру;
  • табысты бөлу;
  • салық және баға саясаты;
  • бағалы қағаздар аясындағы саясат.
Қаржылық  стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін, ішкі және сыртқы факторлардың объективті мінездемесін барлық жағынанда қамтиды. Егер қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндігіне жауап бермейтін болса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
Стратегияны іске асырғанда бас және ағымдық қаржылық стратегияны, бас стратегиялық мақсаттардың орындалу стратегиясын ажырату қолға алынған. Бас қаржылық стратегияны кәсіпорынның қызметін, бюджеттің барлық деңгейімен қарым-қатынасын, кәсіпорын табысының құрылуын және қолданылуын, қажетті қөлемі мен олардың бір жылға қаржыландыру көздерін анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетін талдау кезінде зерттеу әдісі ретінде талдау мен синтез кең қолданылады. Талдау шаруашылық үдерістер мен құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде зерттелетін объектті бөлімдерге, элементтерге бөлшектеуді білдіреді. Мысалы, өнімді шығару динамикасын зерттегенде, оның өсу темптері жалпы кәсіпорын бойынша ғана емес, өндіріс бөлімшелері бойынша, түрлі уақыт кесіндісінде (тоқсан, жартыжылдық, жыл) қарастырылады, динамика көрсеткіштері орын мен уақыт бойынша салыстырылады. Бұл кәсіпорын туралы толық мәлімет алуға көмектеседі.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ал шаруашылық қызметін талдау – шаруашылық дамудың тенденцияларын зерттеумен, жоспарларды, басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеумен, олардың орындалуын қадағалаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндірістің титімділігін көтерудің шаруашылық резервтер шамасын іздестірумен, өлшеумен және негіздеумен, сонымен қатар, оларды пайдалану жөнінде шараларды жасап шығарумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарынан құрылуы мен қолданылуының үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы нәтижелерінен көрініс табады. Қаржы стратегиясы – бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары.Ол нарықтық  қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, қаржының құралуының және жоспарлануының теориялық сұрақтарымен практикасын қамтиды.
Қаржы стартегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді.

 

 

 

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

 

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты мен объектілері және талдау әдістері

 

 

Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарты-оның қаржылық жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен меншік иелері  коммерциялық серіктестіктер өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Қаржылық жағдай ұғымы әдебиеттерде әртүрлі түсіндіріледі:
1.Қаржылық жағдай-қаржыны  тарату,пайдалану және оны қалыптастыру  көздерімен сипатталады: меншікті  капитал мен міндеттемелер, яғни  пассивтер.
2.Кәсіпорынның қаржы жағдайы  қаржы ресурстарын жасау,тарату  және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  кәсіпорының қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да  қызмет түрлері үшін қажетті  ресурстармен қамтамасыз етілуімен  және оларды мақсатқа сай тиімді  пайдалану жене тарату ,сондай-ақ  басқа шаруашылық субъектілерімен  қаржылық қарым –қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықпен  сипатталады.
3.Кәсіпорынның қаржылық  жағдайы қаржы ресурстарының  қалыптасуымен таратылуы немесе  пайдалануымен көрсетіледі.
4.Қаржылық жағдай-бұл  қаржы ресурстарының қолда барын  үлестіріп, таратылуы және пайдаланылуын  сипаттайтын көрсеткіштекр жиынтығы
5.Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын қаржы ресурстарымен капиталды пайдалану мемлекет алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді:
- табыстылық пен тиімділік
- қаржылық тұрақтылық
- несие қабілеттілігі
- капиталды пайдалану
- валюталық өзін-өзі өтеу
6.кәсіпорынның қаржы жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір  кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын  және оның өз шаруашылық қызметін  үздіксіз жүргізумен өзінің қарыз  міндеттемесін уақытында өтеу  үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуының үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері тек қана оның жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызметі бойынша серіктестіктермен қызықтырады. Олар мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т.б. осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдаудың өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың рөлін арттырады. Қаржылық талдау элементі болып табылады. Нарықтық экономикада кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаттары мыналар болып табылады:
  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестік;
  • айналым капиталының көлемін оның өсуін  немесе кемуін анықтау;
  • қаржы есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтерімен олардың міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі оның ішінде дебиторлық борыш немесе қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржы стратегиясы – бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары.Ол нарықтық  қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, қаржының құралуының және жоспарлануының теориялық сұрақтарымен практикасын қамтиды.
Қаржы стартегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мыналарды қамтиды:
  • қаржы жағдайына талдау;
  • негізгі және айналым қорларының тиімділігін арттыру;
  • табысты бөлу;
  • салық және баға саясаты;
  • бағалы қағаздар аясындағы саясат.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады.
Қаржылық талдау тиімді дамуды қамтамасыз етуге және оның нарықтық құнын көтеруге кәсіпорынның қаржылық, шаруашылық жағдайының негізгі нәтижелерін және қаржылық жағдайын зерттеу процессі.
Қаржылық талдаудың негізгі зерттеу объектілеріне: қаржылық ресурстар, ақшалай құралдар ағымы жатады.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның іскерлік белсенділігіі немесе сенімділігінің маңызды міндеттемесі болып табылады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін іскерлік бірлестіктегі тұрақтылығын анықтайды.
Қаржылық жағдай кешенді түсінік болып саналады және тұрақты қаржылық мүмкіндіктерді көрсететін көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Жақсы қаржылық жағдай тұрақты төлем дайындығы, меншікті айналоым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі және оны шаруашылық бағытта тиімді қолдану , анық есептік ұйым тұрақты базаның болуы.
Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру (бухгалтерлік баланс,табыстар мен шығындар туралы есептеме, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептеме, меншікті капитал ішіндегі өзгерістер ).
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.                                                                                              
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың  мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару  есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.                                                                                                    

Информация о работе Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау