Шетелдегі мемлекеттік режим

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июля 2015 в 18:05, реферат

Описание работы

Қазіргі ғылымда « режим » түсінігін елдегі өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер мемлекеттік режимді мемлекеттің жүйесінің құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
IСАЯСИ, МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ АНТИДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМДЕР ...........................................................4
1.1Саяси режим ұғымы ....................................................................................4-7
1.2Демократиялық режим ...............................................................................7-9
1.3Антидемократиялық режим .....................................................................9-11
IIАВТОРИТАРЛЫҚ РЕЖИМ, ӘСКЕРИ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМ ...................................................................................................................11
2.1Авторитарлық режим түсінігі ................................................................11-12
2.2Авторитарлық-әскери режим .................................................................12-13
2.3Авторитарлық-бюрократиялық режим .......................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................15

Файлы: 1 файл

образец.docx

— 46.12 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ

                                      

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Пәні: Шетелдердің конституциялық құқығы

Тақырыбы: Шетелдегі мемлекеттік режим

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                

Орындаған: ЮП 13-01 тобының студенті

Адайбаева О.Б

Рецензент: аға оқытушы Ізтұрғанова Г.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау-2014ж.

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

I САЯСИ, МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ АНТИДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМДЕР ...........................................................4

1.1 Саяси режим ұғымы ....................................................................................4-7

1.2 Демократиялық режим ...............................................................................7-9

1.3 Антидемократиялық режим .....................................................................9-11

II АВТОРИТАРЛЫҚ РЕЖИМ, ӘСКЕРИ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМ ...................................................................................................................11

2.1 Авторитарлық режим түсінігі ................................................................11-12

2.2 Авторитарлық-әскери режим .................................................................12-13

2.3 Авторитарлық-бюрократиялық режим .......................................................13

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі ғылымда « режим » түсінігін елдегі өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер мемлекеттік режимді мемлекеттің жүйесінің құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Мемлекеттік режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

- билікте қандай саяси күштер  болады және олар қандай механизммен  билікті жүзеге асырады;

- билік қалай шынайы таратылады  және оның жүзеге асуын кім  бақылайды;

- қоғамда тұлғалардың құқықтары  мен бостандықтарына қандай жағдайда  кепілдіктер беріледі;

- қоғамда оппозицияның өмір  сүруіне жол беріле ме;

- билікке қол жеткізуді жүзеге  асыруда қандай әдістер, тәсілдер  және құралдар қажет т.б.

Мемлекеттік режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты.

 

 

I САЯСИ, МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ АНТИДЕМОКРАТИЯЛЫҚ

 

    1. Саяси режим ұғымы

 

Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.

Саяси қатынастардың жай-күйі мен сипатын биліктің нақты типі, қоғамның саяси жүйесінің функционалдық өлшемдері анықтайды. Мемлекеттік биліктің адамдар арасындағы қатынастарды реттеу мен жөнге салудағы сүйенетін құралдары мен әдістерін анықтауға деген қажеттілік осымен байланысты. Биліктің қызмет етуінің осы аспектісі «саяси режим» ұғымын бейнелейді. Режим термині (фр. rejime латынша rejimen) сөзбе-сөз аударғанда басқару тәртібі дегенді білдіреді.

Саяси режим ұғымы батысеуропалық ғылыми әдебиеттерде ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ күнделікті ауызекі тілде де кеңінен таралған. Бұл саяси өмірдің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық тәжірибе «саяси режим» түсінігінің мазмұнына, оның саясаттанудағы басқа категориялармен салыстырғандағы ерекше сипаттамаларына біздің неғұрлым зейін қоюымыз тиіс екендігін көрсетіп отыр.

Кейбір зерттеушілер саяси режимнің мазмұнын басқару формасымен шектейді. Осы көзқарасқа сәйкес саяси режимдердің классификациясы мемлекеттің заң шығарушы және атқарушы функцияларының айырмашылықтарына, олардың арақатынасын айқындауға негізделеді. Осы принцип бойынша билік қосылу режиміне (абсолюттік монархия), билікті бөлу режиміне (президенттік республика) және ынтымақтастық режиміне (парламенттік республика) бөлінді. Үкіметтік құрылымдардың қызметіне ерекше назар аудара отырып, бұндай түсіндірме басқа саяси институттардың: партиялық жүйелер, қысым топтары және т.б. ықпалын ескермейді. Осыған байланысты саяси режимнің компоненттерінің бірі ретінде басқару формасын нақтырақ көрсету керек.

Тарихтан белгілі болғанындай, басқарудың формасы қоғамдағы саяси биліктің сипатына әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалы, Швеция, Норвегия, Бельгия басқару формасы бойынша конституциялық монархия болып табылса да, көптеген республикаларға қарағанда анағұрлым демократиялы елдер. Сонымен қатар, Германия 30-жылдары басқару формасы бойынша республика болса да, билік диктаторлық сипатта болды.

Сондықтан белгілі бір елдегі саяси режим жөнінде кең түрде және нақты түсінік беру үшін мынандай сұрақтарға жауап берген жөн: Аталмыш саяси режим қалай пайда болды? Билік басындағы саяси топтар кімдер? Саяси үстемдіктің қандай әдісі жоғары бағаланады – демократиялық па, әлде зорлықшыл ма? Саяси оппозициялардың өмір сүруіне жол беріле ме және ол қандай мөлшерде берілген? Сол елдегі тұлғаның жағдайы қандай?

«Саяси режим» және «мемлекеттік режим» ұғымдарының айырмашылықтары бар екендігін айту керек. Соңғысы саяси режимнің негізі болып табылады. Мемлекеттік режим – мемлекеттік органдар қолданатын билік жүргізудің құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, басқаша айтқанда – қоғамның саяси өмірінің өмір сүру ортасы мен жағдайлары болып табылады. Ал, саяси режим болса өзінің кез келген жағдайында барлық қоғамдық өмір салаларында биліктік қатынастарға енетін бүкіл қоғамды қамтиды. Саяси режим ондағы мемлекеттің қатысу үлесін анықтай отырып, осы барлық биліктік қатынастарға ықпал жасайды, ол экономикада, әлеуметтік салада, мәдениетте, ұлтаралық қатынастарда, азаматтардың жеке және топтық психологиясында, олардың санасында саяси элементті белгілейді. Сондықтан «саяси режим» ұғымы «мемлекеттік режим» ұғымына қарағанда кең ұғым. Өйткені, ол мемлекеттің тарапынан ғана емес, сондай-ақ, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың тарапынан да саяси биліктің жүзеге асырылуының әдістері мен тәсілдерін өзіне қосып алады.

Саяси режим, менің пікірім бойынша, мынандай белгілермен: саяси биліктің қалыптасу механизміндегі халықтың қатысу дәрежесімен, сонымен қатар, бұндай қалыптасудың тәсілдерінің өзімен; тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуымен; қоғамдағы биліктің іске асырылуының шынайы механизмдерінің сипатымен; саяси билікті халықтың тікелей жүзеге асыруының деңгейімен; бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайымен, қоғамдағы жариялылық пен мемлекеттік аппараттың ашықтығының дәрежесімен; қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес құрылымдардың орнымен және рөлімен; биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара байланысымен; азаматтар мен лауазымды адамдарға қатысты құқықтық реттеудің сипатымен; саяси шешімдер қабылдаудағы азшылықтың мүдделерін есепке алумен; саяси билікті іске асырудағы белгілі бір әдістердің үйлесімдік етуімен; қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның жоғарылылығы деңгейімен; қоғам мен биліктің өзара қарым-қатынас принциптерімен; мемлекеттің «күштеу» құрылымдарының (әскер, полиция, мемлекеттік қауіпсіздік органдары) қоғамдағы саяси және заңдық жағдайымен, рөлімен; саяси плюрализмнің, көппартиялықтың (партиялық жүйенің) шамасымен; лауазымды адамдарды, ең жоғарғыларын қоса алғанда, саяси және заңдық жауапкершілікке тартудың шынайы механизмдерінің қолдануымен анықталады. Сонымен, саяси режим – бұл үстемдік етуші әлеуметтік жіктің қоғам тұрақтылығының мақсаттарын көздей отырып және саяси бостандықтың деңгейін, сондай-ақ, олардың қызметінің құқықтық негіздеріне билік органдарының қатынасын көрсете отырып, өзінің саяси үстемдігін жүзеге асыратын әдістер мен құралдардың, тәсілдердің жиынтығы.

Сонымен қатар, саяси режим барлық қоғамның саяси жүйесін, қоғамдағы саяси шешімдер қабылдаудың сипатын, бүкіл әлеуметтік деңгейлерде биліктің таралуын көрсететіндіктен саяси процестердің ағымын бейнелейді. Ол тіпті, қоғамдық жүйенің алыс түкпірлерінің өзінде биліктік қатынастардың бар екенін көруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ш.Л.Монтескье «Республика үшін ізгілік қалай қажет болса, ал монархия үшін ар-намыс, сондай-ақ, деспоттық үкімет үшін қорқытушылық қажет» деп атап көрсетті.

Осыған байланысты мынаны айта кеткен жөн: саяси режим біріншіден, саяси биліктің тұрақтылығын, екіншіден, азаматтардың басқарылуын, үшіншіден, билік үшін тиімді қозғалыс (динамика) пен саяси қатынастардың бағыттылығын, төртіншіден, саясаттың мақсатқа қол жеткізуін, бесіншіден, үстемдік етуші элитаның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Саяси режимнің қандай да болмасын көп түрлілігіне көптеген факторлар: мемлекеттің мәні мен формасы, заңның сипаты, мемлекеттік органдардың дұрыс өкілеттілігі және олардағы қызметінің заңдық формалары, қоғамдық-саяси күштердің арақатынасы, экономикалық өмір мен жағдайдың деңгейлері және қалыптары, таптық күрес пен таптық ынтымақтастықтың формалары ықпал етеді. Саяси режимнің түріне елдің тарихи дәстүрі кең мағынада алғанда – кейде мемлекеттегі үстемдік етуші таптың талап-тілектері мен саяси болжамдардың қайшы келуіне қарамастан қалыптасатын өзіндік тұрғыдағы қоғамдық-саяси хал-ахуал елеулі ықпал етеді. Саяси режимнің түріне халықаралық жағдай да әсерін тигізе алады. Әр түрлі тарихи кезеңдерде алуан түрлі саяси режимдер қалыптасады, олар қайсыбір уақыттардағы нақты мемлекеттерде бірдей емес. Құл иеленушілік кезеңге деспоттық, теократиялық-монархиялық, аристократиялық, олигархиялық тәртіптер, құл иеленушілік демократия тәртібі тән. Феодализм тұсында абсолютистік, клерикалды-феодалдық, милитаристік-полициялық немесе «білімді абсолютизм» тәртібі тән болды. Қазіргі әлемде тоталитарлық, авторитарлық, авторитарлы-тоталитарлық, демократиялық,

демократиялы-авторитарлық, либералдық, либералды-демократиялық, әскери-полициялық, фашистік немесе жартылай фашистік, нәсілшіл-ұлтшылдық, кейбір ислам елдерінде – клерикалды-фундаменталистік режимдер өмір сүруде[51]. Саяси режимдердің типтерін тек үстемдік етуші таптардың, әлеуметтік жіктердің басқа таптармен, әлеуметтік жіктермен, топтармен нақты өзара байланысына қатысты анықтауға болады. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен құралдар жиынтығының ерекшеліктеріне байланысты саясаттанулық әдебиеттерде әдетте, саяси режимдердің негізгі түрі ретінде: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық режимдерді бөліп көрсетеді. Саяси режимдерді тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлудің негізіне өзара байланысты үш көрсеткіш алынған. Олар: қоғамдық-саяси күштердің қызметінің бостандық (бостандықсыз) деңгейлері, билікті атқару процесіндегі болуы мүмкін бассыздық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мүмкіндік беру мен жүзеге асырудың көлемі; билік тармақтарының бір-бірінен және қоғамдық-саяси күштер мен институттардың мемлекеттен дербестігінің шамасы; билік өкілдігін (құқығын) бөлудің мөлшерлестігі мен билік аппараты жауапкершілігінің деңгейі.

 

 

1.2 Демократиялық режим

Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған. Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген  және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:

  • Билік көзі халықта;
  • Сөз бостандығы;
  • Сайлаудың ашық жүргізілуі;
  • Азаматтардың тең құқықты болуы;
  • Азшылықтың көпшілікке бағынуы;

Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі. Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки  және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье) Қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы халықтың назарын өздеріне аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді. Демократиялық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:

  • азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
  • билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
  • жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;
  • сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
  • мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;
  • өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;
  • көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.

Информация о работе Шетелдегі мемлекеттік режим