Мемлекеттік қаржылық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 18:32, реферат

Описание работы

Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметтің процесінде қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:
Ақша қорын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
Мемлекеттік кәсірорындар мен ұйымдар (материалдық өндіріс аясындағы және аясында емес) ақшалай қаматасыз ету функциясы;
Бақылау функциясы;

Файлы: 1 файл

Мемлекеттік қаржы.docx

— 20.19 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік қаржылық қызметі

Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметтің процесінде қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:

  1. Ақша қорын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
  2. Мемлекеттік кәсірорындар мен ұйымдар (материалдық өндіріс аясындағы және аясында емес) ақшалай қаматасыз ету функциясы;
  3. Бақылау функциясы;

Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз қозғағанымызды мемлекеттің  өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жасырады және осы қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.

Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.

Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің дұрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар туралы айта кететін бір жай бар.

Қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір-талас тудырып ғылыми тұрғыдар дәлелденіп, қалыптасқан көз қарасқа келе алмай жатқан жәйіттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында білу және ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.

Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар ұдайы өндірістің екінші, білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын білу процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады деп есептейді.

Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені қаржылардың басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы төлеу, несие т.б.)  категориялар бар екенін білеміз.

Осы білу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау функциясы, осы бөлу жəне қайта бөлу прцестері кезінде заңдылықтың, сондай-ақ мақсатқа сəйкестіліктің сақталуын қаматамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш функцияны көрсетеді. Бұл концепцияны қолдаушылар,қаржылар, қоғамдық ұдайы өндіріс сатыларын (бөлу, айырбастау жəне тұтыну) бəрінің категориясы болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу дұрыс емес деп тапқан.

Олар келтірген дəлелдер төмендегідей болып келеді:

1. Қоғамдық ұдайы өндірістің  сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;

2. Қаржылар тек қана  ұдайы өндіріс сатыларын ғана  қамтамасыз етіп қоймай, қоғам  өмірінің барлық аяларын қамтиды;

3. Қаржылар қоғамдық өнім  қозғалысының барлық сатыларында  пайдалынылатын жан - жақты бақылау  құралы болып табылады.

Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып есептелінеді.

Ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кəсіпорындар мен бірлестіктердің жəне азаматтардың кірістері құралады.

Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары - бюджеттен бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, əр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін бəрі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.

Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу жəне пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын жəне əрқайсысы белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып табылатын қаржылық - экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.

Ал қаржылық - экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу жəне пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дəрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.

Орталықтандырылған институттар (қаржылар)мына төменгідей болып келеді:

1. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған  қаржылар республикалық бюджет  арқылы көрсетіледі.

2. Жергілікті орталықтандырылған  қаржылар. Жергілікті өкілді органдардың  бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар  жатады: облыстық бюджеттер; Астана  жəне Алматы қалаларының қалалық  бюджеттері; қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.

3. Мемлекеттік банктердің  қаржылары. Осы банктердің ақша  қорлары мынадай көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік - əлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры; валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры жəне т.б. Бұл қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын қалыптастырады.

4. Мемлекеттің мүлікті  жəне жеке басты міндетті сақтандыру  қаржылары, мынадай сақтандыру қорларынмен  көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру  резервтік қор; ағымдағы түсімдер  қоры; алдын аоу шараларын қаржыландыру  қоры; сақтандырудың қалпына келтіру  түрлері бойынша запастағы қорлар  жүйесі; əлеуметтік бағыттағы; мемлекеттік  əлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен  қамтуға жəрдемдесу қоры жəне  т.б. қорлар.

Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржылықтарын оқулықтарда, көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің саудалық қорларын кредит беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.

Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жатпайды. Жеке басты жəне мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны айтуға болады. Бұл институт қаржы жүйесінің ерекше институты болып есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің əрекеттері қаржылы қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл қызметтер қаржылық пəніне жатпайды.

Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің жəне азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық - құқықтық нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық - құқықтық əдістермен реттек арқылы өнім (тауар) өндірушілердің құқықтарымен мүдделері қорғалады. Ал егер құқықтық реттек қаржылы құқықтық əдістері арқылы жүзеге асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.

Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын жəне оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.

Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады:

1. Мемлекеттік басқару  органдарының қаржылары. Министрліктерінің  ведомстволардың жəне басқа да  басқару орталықтарының орталықтандырылған  ақша қорларын білдіреді. Бұл  салалық орталықтандырылған қорлар  халық шаруашылығы саласының  немесе басқа да шаруашылық  жүйелерінің орталық басқару  звенолары болғандықтан министрліктер  мен ведомстволардың қарамағына  берілген ақша қаражаттарынан  тұрады.

2. Мемлекеттік шаруашылық  субъектілерінің қаржылары. Осы  субъектілердің, яғни мемлекеттік  кəсіпорындар мен ұйымдардың  ақша қорларын білдіреді: жарғылық  қор, өнеркəсіпті, ғылымды жəне техниканы  дамыту қорлары; резервтік қорлар  жəне т.б.

3. Мемлекеттік қазыналық  ұйымдар мен мекемелердің қоры. Осы субъектілердің ақша қорларымен  көрсетіледі.

Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды салыстырмалы талдау жасау мақсатында қарап өтеміз Е.Б.Стародубцеванын айтуынша қаржы жүйесі жалпы мемлекеттік салалық жəне қоғамдық қаржылық қатынастардан тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары, аумақтар, жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш элемент жатады.


Информация о работе Мемлекеттік қаржылық қызметі