Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ал шаруашылық қызметін талдау – шаруашылық дамудың тенденцияларын зерттеумен, жоспарларды, басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеумен, олардың орындалуын қадағалаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндірістің титімділігін көтерудің шаруашылық резервтер шамасын іздестірумен, өлшеумен және негіздеумен, сонымен қатар, оларды пайдалану жөнінде шараларды жасап шығарумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

практика.docx

— 90.21 Кб (Скачать файл)
  1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру («Автомобиль көлігі туралы»                    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы             2 тармағы 10-1) тармақшасы);
  1. ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы темір жол қатынастарын айқындау («Темір жол көлігі туралы»                          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы    4 тармағы 4) тармақшасы);
  1. облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтін авиабағыттарды субсидиялауды жүзеге асыру («Әуе бағыттарын субсидиялау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы    № 1511 қаулысының 2 тармағы);
  1. меншік түріне қарамастан, тасымалдаушылар көлігімен жүк тасымалдарын үйлестіру («Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер туралы»         Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы                      № 2 қаулысы);
  1. облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы         17 шілдедегі  Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 1) тармақшасы);
  1. облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру («Автомобиль жолдары туралы»                             Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  17 шілдедегі Заңының 13 бабы         1-1 тармағы     2) тармақшасы);
  1. облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының, елдi мекендер көшелерiнің желiсiн басқару («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасы);
  1. облыстың коммуналдық меншiгiндегi жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару («Автомобиль жолдары туралы»                      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы          1-1 тармағы 4) тармақшасы);
  1. облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы                1-1 тармағы 5) тармақшасы);
  1. жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн өтеусiз уақытша пайдалануға беру туралы шешiм қабылдау («Автомобиль жолдары туралы»                      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы          1-1 тармағы 6) тармақшасы);
  1. өз құзыретi шегiнде облыстық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы             1 наурыздағы Заңының 17 бабы 1) тармақшасы);
  1. облыстық коммуналдық мүлiктi басқару, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру («Мемлекеттік мүлік туралы»                          Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 3) тармақшасы);
  1.  облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының           2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 4) тармақшасы);
  1. облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлiк қоғамдардың өздерiне тиесiлi акцияларын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн иелiктен шығару туралы шешiмдер қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы                6) тармақшасы);
  1.  облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесiн), оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органға оcыған уәкiлеттiк беру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының       17 бабы 7) тармақшасы);
  1. облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы  8) тармақшасы);
  1. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарау, келісу және бекіту («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы  9) тармақшасы);
  1. облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы             1 наурыздағы Заңының 17 бабы  10) тармақшасы);
  1. облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм беру («Мемлекеттік мүлік туралы»                                 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы                         12) тармақшасы);
  1. облыстық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ                               Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына немесе акционерлiк қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 13) тармақшасы);
  1. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының                              10-бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен облыстық коммуналдық мүлiктi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкiнiң деңгейiне беру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы                             15) тармақшасы);
  1. облыстық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, жалға алуға, өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы»                            Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы  Заңының 17 бабы                       17) тармақшасы);
  1.  облыстық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы  Заңының 17-бабы                       23) тармақшасы);
  1.  «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру («Мемлекеттік мүлік туралы»                      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы                         28) тармақшасы).

 

 

2.2 Бюджеттің атқарылуы және жолаушылар көлігі, көлік инфрақұрылымы  жөніндегі мәлімет

 

 

Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша үстіміздегі жылға 9 660 546,0 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 4 862 215,3 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайызға орындалған. Оның ішінде:
«Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 47 544,0 мың теңге бөлініп, 22 014,0 мың теңге игерілген немесе 98,4 пайыз;
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 536 687,0 мың теңге бөлініп, 901 110,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 944 095,0 мың теңге бөлініп, 774 496,0  мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 91 066,0 мың теңге бөлініп, 34 298,0  мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 16 525,0 мың теңге бөлініп, 7 092,3 мың теңге игерілген немесе 99,3 пайыз;
«Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне  көлік инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 574 859,0 мың теңге бөлініп, 1 241 490,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және түзету және оның сараптамасын жүргізу,концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 4 000,0 мың теңге бөлініп, 4000,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 296 770,0 мың теңге бөлініп, 1 810 381,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Әлеуметтік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 149 000,0 мың теңге бөлініп, 67 334,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайызға орындалған.
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2014 жылдың І тоқсанына бюджеттің атқарылуы жөнінде мәлімет. Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша үстіміздегі жылға 8 424 941,0 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 530 711,2 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 91,6 пайызға орындалған. Оның ішінде:
«Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 48 588,0 мың теңге бөлініп, 11 629,2 мың теңге игерілген немесе 96,3 пайыз;
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша  1 029 799,0 мың теңге бөлініп, 228 300,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 16 525,0 мың теңге бөлініп, 2 695,0 мың теңге игерілген немесе 96,3 пайыз;
«Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне  көлік инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 981 747,0 мың теңге бөлініп,288 087,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайызға орындалған.

 

 Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

2013 жылдың ІІI-тоқсанына  бюджеттің атқарылуы жөнінде  мәлімет
Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша үстіміздегі жылға 11 195 208,4 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 10 374 037,8 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 100 пайызға орындалған. Оның ішінде:
«Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 50 341,0 мың теңге бөлініп, 34 698,9 мың теңге игерілген немесе 99,2 пайыз;
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 217 317,0 мың теңге бөлініп, 1 115 126,2 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 90 477,0 мың теңге бөлініп, 78 937,7 мың теңге игерілген немесе 99,1 пайыз;
«Облыстық автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 604 261,0 мың теңге бөлініп, 522 520,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз; 
«Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 16 525,0 мың теңге бөлініп, 11 007,9 мың теңге игерілген немесе 99,7 пайыз;
«Көлік инфрақұрылымын дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 458 429,0 мың теңге бөлініп, 3 198 155,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайызға орындалған;
«Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 125 203,0 мың теңге бөлініп, 118 942,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

Информация о работе Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау