Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметі- бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ал шаруашылық қызметін талдау – шаруашылық дамудың тенденцияларын зерттеумен, жоспарларды, басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеумен, олардың орындалуын қадағалаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндірістің титімділігін көтерудің шаруашылық резервтер шамасын іздестірумен, өлшеумен және негіздеумен, сонымен қатар, оларды пайдалану жөнінде шараларды жасап шығарумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

практика.docx

— 90.21 Кб (Скачать файл)
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен  аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бо-йынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:                                                                                                                            
1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         
2.Баланс кәсіпорын қаржысында  және міндеттемелеріңде статус-квоны  си-паттайды, яғни пайдаланылып жүрген  есеп саясатына сай осы кезеңде  кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда  тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде  жеткеніне жауап бермейді. Бұл  сұраққа жауап беру үшін, тек  қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп  беруде көрсе-тілмейтін көптеген  факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі  қаржылық қиындықтар және басқалар).                                                                                                                        
3.Баланста салыстырмалы  шаруашылық аралық талдау жүргізу  үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік  және уақыттық салыстырулармен  қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның  талдауы динамикада жүргізілуі  тиіс және мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және  орташа прогрессивтік маңыздылығы-на  шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар  тобы бойынша негізгі есептік  көрсеткіштерді ашық жариялау  қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді  есептеп шығаруға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
4. Баланста кәсіпорынның  қаражаттарының айналымы туралы  мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе  басқа бабы бойынша соманың  аз немесе көптігі туралы қортындыны  баланстың көрсеткіштерін айналымының  сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан  кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша  сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір  жылдағы материалдар айналымы, бірінші  кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес  бірінші жағдайда материалдардың  қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың  жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз  етеді. 
5.Баланс есепті кезеңнің  басы мен соңындағы мезгілдік  мәліметтердің жиын-тығы болып  табылады, яғни онда осы балансты  толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динами-калық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", '"тауарлар", "де-биторлық борыш" және басқалар.
Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп беру-дегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, мен-шікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қа-былдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.                                      
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС–2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатын-дай дәрежеде ашылуы тиіс" .
 БЕС-2 және қаржылық  есепті жасаудың әдістемелік  нұсқаулары негізінде құрастырылған  бухгалтерлік баланс көлденең  түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден  тұрады.                                                                                                 
Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табы-лады.                                                                                                                     
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.
   
Кесте-1
Кәсіпорынның активтер мен міндеттемелер құрамы

 

            

1.Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңыны бейнелейді. Ол субъектінің мүліктік жағдайын көрсетеді, оның мәліметтерін ішкі және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.

Баланс мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды негіздейді, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешімдер қабылдайды. Осы себепті кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлімнен тұрады:

  1. Қысқа мерзімді активтер.
  2. Ұзақ мерзімді активтер.
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер.
  4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
  5. Капитал мен резервтер.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар – қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.
  1. Пайда мен зиян туралы есепте кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жинақталып, жалпы пайда, жалғастырылатын қызметтен пайда, салық салғанға дейінгі пайда, қорытынды пайда, 1 акцияға пайда түрінде бейнеленеді.
  2.     Қаржылық есептің №3 «Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі» формасында белгілі кезең аралығындағы кәсіпорын қаражаттарының көздері мен осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетіледі.Ол пайдаланушыларды есепті кезеңде кәсіпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.                                                                     
  3. Қаржылық есептің №4 «Капиалдағы өзгерістер туралы есепте» жыл ішінде капитал мен резервтер сомасында болған өзгерістердің себептері келесідей бағыттар бойынша ашып көрсетеді: есеп саясатындағы өзгерістердің әсері, активтерді қайта бағалаудың әсері, жыл ішінде шеккен пайда не зиян, акциялар эмиссиясы, қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар, т.б.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бо-йынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

 

 

 

2 Қызылорда  облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль  жолдары басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің қаржылық жағдайын  талдау

 

2.1 Мемлекеттік мекеме миссиясы, жарғысы және негізгі міндеттері, функциялары

 

 

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

  1. Басқарманың миссиясы: Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру.
  2. Басқарманың міндеттері:
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік қызметін мемлекеттік реттеу және басқаруды жүзеге асыру (іске асыру);
  4. жолаушылар көлігі қызметінде реттелетін нарық құру;
  5. жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, автожол саласының қызметін реттеу және басқару;
  6. ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржыландыру жоспарын орындауларын және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізулерін бақылау;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері және өкімдерінің, Басқарма басшысының бұйрықтары және өкімдерінің орындалуын іске асыру және бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  8. Басқарманың функциялары:
  9. жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды автомобиль көлігімен және ауданаралық (қалааралық) тасымалдауды теміржол көлігімен ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2-тармағы 1) тармақшасы);
  10. автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 1-1) тармақшасы);
  11. жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі  Заңының 14 бабы 2 тармағы 2) тармақшасы);
  12. жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келiсу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 3) тармақшасы);
  1. автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 5) тармақшасы);
  1. жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында әкімшілік рәсімдер туралы   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғандығы туралы хабарлама жіберген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу («Автомобиль көлігі туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 26 бабының 1 тармағы;
  1. жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 6) тармақшасы);
  1. жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның iшiнде ауданiшiлiк және ауылдық тасымалдауды дамыту бағдарламасын әзiрлеу («Автомобиль көлігі туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі  Заңының 14 бабы 2 тармағы 8) тармақшасы);
  1. тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу («Автомобиль көлігі туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы              2 тармағы 6-1) тармақшасы);
  1. жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы                      2 тармағы 9) тармақшасы);
  1. халықаралық техникалық байқау сертификатын беру («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі  Заңының 19-1 бабының 1 тармағы);
  1. механикалық көліктің және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 19-3 бабының                        2 тармағы 10) тармақшасы);
  1. жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 10) тармақшасы,  «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4 тармағы 3) тармақшасы);

Информация о работе Қызылорда облысы «Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық жағдайын талдау