Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа
Описание работы
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.
Файлы: 1 файл
GOOOOS.docx
— 3.21 Мб (Скачать файл)1. 17-19 ғасырда Қазакстандағы картографияның дамуы. 20ғ картографияның негізгі жетістіктері.
ХІХ ғасырда ғалымдардың қолдауымен арнайы мекемелер құрылып тақырыптық картаға түсіру ісі қарқынды жүргізіле бастады. 1882 жылы елдің геологиялық картасын құруда жеткші рөл атқарған Геологиялық комитет құрылды.П.П. Семенов –Тян-Шанский экономикалық және халықтар карталарын, В.В. Докучаев топырақ карталарын құрудың негізін қалады.
Ресей картография өндірісндегі маңызды жетістіктердің бірі орыс шаруаларын Орта Азияға , Қазақстан мен Сібірге, Қиыр Шығысқа қоныс аударуға байланысты 1914 жылы Қоныстандыру басқармасы шағырған « Азиялық Ресейдің атласы».
КСРО кезеңі мен Қазақстан Республикасында картографияның дамуы
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары карталарды және геодезиялық торларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аэротүсіру әдістері жасалды. 1950 жылдарының ортасында КСРО - ның барлық аумағының 1:1 000 000 масштабты картларын құру толық аяқталды.
Бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпаған аластардың қатарына алғаш рет 1954 жылы басылып шыққан орта мектептің мұғалімдеріне арналған "Мұғалімдердің географиялық атласын", "Үш өлшемді теңіз атласын" (1953 - 1958), "Дүние жүзінің физикалық - географиялық атласын" (1964), "Антарктида атласын" (1966 - 1969), "Мұхиттардың үш өлшемді атласын" (1971 - 1974) тағы басқаларды жатқызуға болады.
Экономикалық және әлеуметтік географияның негізін қалаушы Н.Н.Баранский зерттеулер барысында карта мен картографиялық талдау әдісіне баса назар аударып, экономикалық карталарды құру және талдау әдістері мен қағидаларын негіздеді.
Қазақстанның бірінші атласы – «ҚазССР Атласы» 1982 ж шығарылғанымен, ол өзіміздің ұлттық мүддеге ыңғайластырылмаған еді.алғашқы екі томдық атласқа қарағанда кейінгі шығып отырған атласта табиғи қазба байлықтары мен әлеуметтік-саяси өмірде көптеген өзгерістер бар.
КСРО кезеңінде құрылған атластардың ішіндегі ең маңыздыларының қатарына 1967 жылы геодезия мен картографияның бас басқармасы шығарған дүние жүзінің үлкен анықтама атласы,ҚазКСР ғылым академиясының география институтының ғалымдары шығарған Қазақстанның екі томдық физикалық және экономикалық географиялық атластарын жатқызуға болады.
1980 жылы КСРО геодезия
мен картографияның бас басқармасы
шығарған мұғалімдерге арналған
дүние жүзінің үлкен атласы 191
беттен, 149 картадан тұрады.Аталған картографиялық
өнімнің бірінші бөлімінде дүние жүзінің,екінші
бөлімі жеке материктердің,үшінші бөлімі
КСРО-ның табиғатының ерекшелігін,халқы
мен шаруашылығын сипаттайтын жалпы географиялық,физикалық-
географиялық және экономикалық-географиялық
тақырыптық карталарынан тұрады.
2007 жылы Алматыда кешенді
ғылыми-техникалық «Қазақстан Республикасының
Ұлттық атласы» және «Қазақстан
Республикасы» атты монография
жарыққа шықты. Аталмыш еңбектердің
әрқайсысы 3 томнан тұрады. Атластың
1-ші томы табиғи-ресурстық ахуалға
арналған. Оған еліміздің жағрафиялық
орны, бедері, геологиялық құрылысы,
минералдық ресурстары, климаты, жерасты
және жербеті сулары, топырақтары,
жер ресурстары, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі, ландшафтары
мен физикалық-жағрафиялық ерекшеліктері
қамтылған. Онда 116 карта жарияланған.
Атластың әлеуметтік-экономикалық
ахуалға арналған 2-ші томында
еліміздің халқы, әлеуметтік саласы,
туристік орындары, ауыл шаруашылығы,
аумақтардың әлеуметтік-экономикалық
саласы, сыртқы экономикалық байланыстар,
тарихы және археологиясына қатысты
116 карта берілген. Ұлттық атластың
3-ші томынан еліміздің табиғи-шаруашылық
жүйелерінің экологиялық жағдайына
арналған 89 картамен танысуға болады.
Ал «Қазақстан Республикасы»
монографиясының «Табиғи жағдайлары
мен ресурстары» деп аталатын
1-ші томында еліміздің литосферасы,
гидросферасы, атмосферасы және
биосферасы туралы айтылады. «Әлеуметтік-экономикалық
дамуы» деп аталатын 2-ші томда
еліміз өз конституциясын қабылдағаннан
кейінгі әлеуметтік-экономикалық
жағрафиясы сипатталса, «Қоршаған
орта және экология» деп аталатын
3-ші томда экологиялық ахуалдың
жай-күйі қамтылып отыр.
Экологиялық атлас Ұлттық атластың үшінші томы болып отыр. Онда отандық оқымыстылар 2004 жылдан бастап еңбектеніп келеді. Ал атлас 2006 жылы орыс тілінде шығарылған. Ал 2010 жылы қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрді
Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы. Қазақстан картографиясындағы маңызды бағыттардың бірі картография институтының директоры,география ғылымының докторы,профессор А.Р. Медеудің редакциялық басшылығымен құрылып, 2011 жылы Алматы қаласындағы картографиялық фабрикада басылып шыққан Қазақстан Республикасының ғылыми-анықтамалық Ұлттық Атласы болып табылады.
Кешенді ғылыми-анықтамалық Қазақстанның Ұлттық Атласы жер асты байлықтарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға, өндіруші күштерді дамытуға сондай-ақ Республикадағы әлеуметтік-экономикалық мәдени дамуды шешуге бағытталған.
Аталған жобаны жүзеге асыруға 1982-83 жылдар аралығында Мәскеуде басылып шыққан ҚазССР екі томдық атласын құру барысында жиналған тәжірбие ықпал етті.
100-ден аса авторлар қатысқан Ұлттық Атлас III томға жинақталып,онда 300-ден астам карталар топтастырылған.
Атластағы карталар қазіргі геоақпараттық технологияларды қолдана отырып AreGis-9.1 карта құрастыру бағдарламасында жасады.
Атласты жинақтау кезінде замануи геоақпараттық технологиялар қолданғандағы оны қағаз жүзінде болсын, электрондық тасмалдаушы жүзінде болсын шығаруға және көбейтуге мүмкіндік береді.
2. 1942ж. координаттар жүйесі. Әртүрлі эллипсоидттардың координаттар жүйесінің байланыс параметрлері.
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі — жазықтықта нүктенін орнын аныктайтын координаттар осіне катысты сызыктык шама. Топографияда жазық тікбүрышты координаттар жүйесі мына ретпен салынады:
Жер шарының беті алты градустык аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады.
Олардың есебі Гринвич меридианынан шығыска қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.
Абсцисс осі X (тік осі) — орбір аймақта остік меридианның бейнесі, ал ордината осі У (көлденең осі) — экватор бейнесі ретінде кабылданады.
Олардың қиылысу координатының басы О.
1942 жылғы координаттар жүйесі бойынша солтүстік жарты шарда барлық X абсцисстері оң шама, ал У ординатасы — оң және теріс шама, орбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен 500 км/км тең деп кабылданды. Әрбір аймақта вертикаль және горизонталь сызыктарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғашкысы X осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбүрышты координаттық тор деп аталады. Картада ол шаршылар жүйесін көрсетеді. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар километрдің тұтастай саны арқылы жүргізіледі. Километрлік тор салынған алты градустық аймақ бөлімдерге бөлінеді. Олар картаның жеке парақтарын көрсетеді.Картаның әрбір парағы барлық, аймақ үшін бірдей, координаттық торлар бөлімдерімен жабылған. Жақтау сыртындағы шетке километрлік тор сызықтарында абсцисс және ордината шамалары жазылады. Жақтау бүрыштарына таяу координат сызықтары толығымен, ал қалғандары қыскартылып (сонғы екі саны) жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердін координатын аныктауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді салуға, дирекциялық бүрыштарды өлшеуге. сондай-ақ обьектілерді көрсету немесе табу үшін колданылады. Сонымен бірге, тор көз мөлшерімен кашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.
Бұл жағдайлар қатарынан ең ыңғайлысы жергілікті координаттар жүйесін және локальды жербеті қатысын қолдану. Жер беті қатысы ретінде референц- эллипсоидың қолдану қолайсыз, онда жазықты немесе анықталған радиус сферасын, тор шегіндегі референц-эллипсоидының орта радиус қисығына тең. Барлық өлшеулер нәтижесін осы жербеті сферасында редуцирлейді. Берілген ретінде жақындатылмаған координаттардың белгілі кез келген пункт торларын таңдайды.
Жиелету торларды жергілікті координаттар жүйесінде теңестіру шарты үшін барлық МГТ пункттерінің берілген координаттарын жергілікті координаттар жүйесіне қалалық жербетінің қатысымен есептеріне айналдырады.
1942 ж. жүйеден пункт
координаттарын жергілікті және
керіге айналдыру үшін келесі
параметрлер, белгілі болу керек:
- 1942 ж. жүйедегі 0 0 X
,Y пункттінің бастапқы координаттарының
мәні;
- жергілікті координаттар жүйесінде x 0, y 0 пункттінің бастапқы
координаттар мәні;
- γ жергілікті жүйедегі бұрылу бұрышы 1942 ж. бас пункт жүйесіне
қатысты;
- жергілікті жер координат жүйесінің m масштабы 1942 ж. қатысты;
- Жербеті қатыстылығының мәні (H0), оған өлшеулер енгізілген: әдетте бұл теңіз деңгейі H0 = 0 немесе қаланың орта деңгейі H0 = Hгор;
- Жергілікті жер жүйесінің L0 осьтік меридиан бойлығы;
- Жергілікті жер
жүйесінің қабылданған референц-эллиспоиды;
- Қабылданған биіктік
жүйесі Балтық немесе жергілікті
жер, сондай-ақ бір жүйеден екінші
жүйеге өтудегі формулалар айналымы.
3. 4 КЛАСС 1 ЖӘНЕ 2 РАЗРЯДТЫ ПОЛИГОНОМЕТРИЯ
Ірі масштабты түсірістердің объектілерінде 4 клас полигонометриясы мемлекеттік полигонометриясының 4 класына қарағанда төмен дәлдікпен орындалады.
Көрсеткіштер |
Мағынасы | ||
1 |
4 класс |
1 разряд |
2 разряд |
Жүрiстiң шектi ұзындығы, км: – жеке жүріс – бастапқы және торапты арасындағы нүктелерiнiң торапты нүктелерiнiң арасындағы Полигонның шектi диаметрi, км Жүрiс бағыттарының ұзындығы, км: – ең үлкенi – ең кiшiсi – орташа есептiсi Жүрiстегі тараптар санынан, аспайтын Жүрiстiң салыстырмалы қателiгiнен, аспайтын С.к.о. бұрыштың өлшемдерi (жүрiстегі байланыссыздық және полигондар),сек,аспайтын Жүрiс немесе полигонның бұрыштық байланыссыздығы, сек, аспайтын (n - жүрiстегі бұрыштар саны) |
15
10
7 30 2 0,25 0,50 15 1 25000 3
5 |
5
3
2 15 0,8 0,12 0,30 15 1/10000 5
|
3
2
1,5 9 0,35 0,08 0,20 15 1 5000 10
20 |