Электронды юнита дифференциалды психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:40, реферат

Описание работы

Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарасының ғылыми методологиялық принциптерін және индивидуалды психика жағдайын жүйелі талдауға ептілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
Студенттерді дифференциалды психологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру және ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз ету;
ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар психологиясының алатын орнын анықтау;
«дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы және ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.

Файлы: 1 файл

псих карайтын.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТАНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

Г.У.ТУРАРОВА

жалпы психология кафедрасының

аға оқытушысы

 

 

 

 

 

Дифференциалды  психология

Юнита

 

 

 

 

 

Өскемен, 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды юнита  дифференциалды психология

 

Курстың мақсаты:

Дифференциалды психология  курсында алынған білімдерді және зерттеу  дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарасының ғылыми методологиялық принциптерін және индивидуалды психика жағдайын жүйелі талдауға ептілік пен дағдыларды қалыптастыру.

        Курстың міндеттері:

  • Студенттерді дифференциалды психологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру және ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз ету;
  • ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар        психологиясының алатын орнын анықтау;
  • «дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы және ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.
  • болашақ  психолог педагогтардың кәсіби  шеберлік қабілеттерін дамыту;
  • студенттерді өзіндік іс-әрекеттің тәсілдеріне үйрету.

«Дифференциалды  психология»  курсының алдында  жалпы психология, тұлға психологиясы, психофизиология  сияқты ғылыми пәндер оқытылады.

   Дифференциалды психология  жалпы психология, физиология, медицина, клиникалық психология   пәндерімен тығыз байланысты.

Студент  дифференциалды психология  курсынан алған білімдерді практикада, білім беру салаларында, балаларды оқыту және тәрбиелеуде, ата-аналармен және оқушылармен  жұмыс істеуде пайдалана алады.

Оқу материалы «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Юнита 1

 

Электронды оқулықта дифференциалды психологияның қалыптасуы, даму тарихы және индивидуалды айырмашылық  жайлы білімдер беріледі. Оқулық «педагогика  және психология» мамандығының студенттеріне, педагогтерге, магистранттарға, психология ғылымының даму тарихымен қызығушыларға арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық жоспар

Әдебиеттер  тізімі

1. Дифференциалды  психология ғылым ретінде

1.1 Индивидуалды айырмашылық  психологиясы

1.2 Дифференциалды психология  түсінігі 

1.3 Дифференциалды психология  психологияның даму кезеңдері 

2.  Психологиядағы  индивидуалдылықты интегралды  зерттеу  мәселесі

2.1 Адам индивидуалдылығы  психологиядағы ғылыми зерттеу  объектісі ретінде

2.2 Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі

3. Индивидуалды  айырмашылық фактолары

    1. Орта мен тұқымқуалаушылықтың байланысы
    2. Тұқымқуалаушылық пен ортаның қазіргі кездегі түсінігі

4.Индивид, тұлға,  даралық

4.1 Индивид, тұлға, даралық түсініктері 

4.2 Дифференциалды психофизиология  индивидуалды айырмашылықтар психологиясының  ғылыми базасы ретінде

    1. Индивидуалдылықтың арнайы теориясы

Глоссарий

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар

Білімді тексеруге  арналған сұрақтар

Тест

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

Негізгі әдебиеттер

    1. Анастази А. Дифференциальная психология.Индувидуальные и групповые различия в пщведении.М.:Апрель Пресс, Изд-во “ЭКСМО Пресс”, 2001.  -  752 с.  (Серия “Кафедра психологии”)
    2. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
    3. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т. М.:Педагогика, 1980.
    4. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология- СП., 2004-168с.
    5. Нартова-Бочавер С.К.   Дифференциальная психология- М., 2003-280с.
    6. Лазурский А.Ф. Классификация личности // Психология индивидуальных различий. Тексты.- М., 1982
    7. Мерлин В.С. Отличительные признаки темперамента // Психология индивидуальных различий.Тексты.-М.,1982.
    8. Теплов Б.М. Типологические свойства нервной системы и их значение для психологии //Психология индивидуальных различий Тексты. М.,1982.
    9. Штерн В.Дифференциальная психология и ее методические основы. - М.: Наука, 1998.-335с.
    10. Юнг К.Г. Психологические типы. –СПб.: Ювента; М.,Прогресс,1995.-711с.
    11. Леонгард К. Акцентуированные личности. Киев: Высшая школа 1981.
    12. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подросков. Л.: Медицина, 1983.
    13. Мерлин В.С.Очерк интергального исследования индивидуальности. М.:Педагогика, 1986.
    14. Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. М.:Наука, 1976.
    15. Психология индивидуальных различий. Тексты  //Под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, В.Я.Романова. М.: МГУ, 1982.
    16. Психология личности. Тексты //Под реч. Б.Ю.Гиппенрейтер А.А.Пузырея. М.: МГУ, 1982.
    17. Русалов В.М. Биологические основы индивидуально-психологических различий.М.: Наука,1979.
    18. Теплов Б.М. Избранные психологические произведения.В2-х т.М.: Педагогика,1989. 

     Қосымша әдебиеттер

    1. Немов Р.С. Психология. Книга 1. Москва, 2003.  
    2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.
    3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Р. н/Д. 1999.
    4. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Дифференциалды психология ғылым ретінде

 

Индивидуалды айырмашылық  психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының  жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы  әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.

Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса  бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда  пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды.

Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық  сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес.  

Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар  психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның  зерттеу  обьектісі болып табылады.

Психологияда индивидуалдылықты  зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты  жүйелі зерттеу  қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі   ұлы            ғалымдардың  фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды

Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің  негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі.

Қазіргі кезде индивидуалдылық  мәселесі В.В.Белоус, А.И.Крупнов, И.В. Равич-Щербо, В.М.Русалов, О.А.Ахвердова, И.В.Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда.

Қазіргі психологиялық  білімде индивидуалдылықты  зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына  байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы  ары қарай өмір сүруге құқылы.

 

Дифференциалды  психология түсінігі

 

Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл  ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады.

«Дифференциалды психология»  терминін 1900 жылы неміс психологы  В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы»  атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды.

Дифференциалды психологияның  зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады.

Дифференциалды  психологияның  міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.

Дифференциалды психология психологиялық ғылымның басқа бөліктерімен де байланыс түзеді. Оның жалпы психологиядан  айырмашылығы жалпы психология психиканың ( жануарлар психикасын қоса) жалпы  заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Салыстырмалы психология ( бір кезде бұл термин дифференциалды психологияға синоним ретінде қолданған) қазіргі кезде эволюциялық баспалдақтың әр түрлі деңгейінде тұрған тіршілік иелерінің психикасының ерекшеліктерін зерттейді. Ол көбінесе зоопсихологияның білімдерін қолданады, антропогенез және адам санасының пайда болу мәселерімен айналысады.

Жас ерекшелік психологиясы жас ерекшелік даму кезеңдеріне  байланысты адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейді.Дифференциалды психофизиология  адам психикасын жоғары жүйке жүйесі қасиеттерінің шартталуымен байланыстыра қарастырады.

Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл  аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық  феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде  көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік-   жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді. 

 

    1. Дифференциалды психология психологияның даму кезеңдері

 

Психологияның бұл аймағы В.Штерннің айтуынша, психикалық функциялар мен құралдардың айырмашылық ғылымы болып саналады.  Дифференциалды психологияның пайда болып, ғылымдар жүйесінен орын алуы 1896 жылы А.Бине мен В.Анридің «Индивидуалды психология» атты баяндамасынан кейін кең өріс алды.

Жиі жағдайда Ф.Гальтонды дифференциалды психологияның бастаушысы ретінде алады. Бірақ оның нағыз дифференциалды психологияның атауына , қазіргі  заманғы ғылымдар қатарынан орын алуына әсер еткен 1900 жылы жарық көрген В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі, уақыт өте келе дифференциалды психологияның ауқымды өңделуіне ықпал етті.

Ол өзіне адамдар  арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін көптеген психологтердың назарын аудартты. Әрине, бұл жерде  тек индивидуалдылықты зерттеу  ғана қарастырылған жоқ,сонымен қоса, әр алуан психикалық құралдар мен олардың көрініп, айқындалуының индивидуалды формаларында қарастырды. Сондықтан да, әр түрлі популяцияларда салыстырмалы зерттеулер жүргізілді, мұның  негізінде жыныстық, жастық т. б. индивидуалдық және әлеуметтік топтардың айырмашылықтары айқындап, олардың арасындағы корреляциялық байланыстар орнатылды.

Дифференциалды психологияның  сәттіліктерінсіз нақты жеке тұлғаның сипаттамасын зерттейтін аймақ психодиагностикасы да дамымай,  жеке өзіндік пәнге  де айналмас еді.Дифференциалды психология психологияның жаңа пәндік аймағы «Индивидуалды психологияны» ашып берді.

Л.Сэв  дәстүрлі дифференциалды психология пәнін сипаттай отырып, дифференциалды психологияның мазмұны  таза прагматикалық және капиталистік қоғамда адам тұрғысын консерватизмнің эпистемологиялық формасы болатындығын көрсетті.

Информация о работе Электронды юнита дифференциалды психология