Электронды юнита дифференциалды психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:40, реферат

Описание работы

Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарасының ғылыми методологиялық принциптерін және индивидуалды психика жағдайын жүйелі талдауға ептілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
Студенттерді дифференциалды психологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру және ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз ету;
ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар психологиясының алатын орнын анықтау;
«дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы және ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.

Файлы: 1 файл

псих карайтын.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

Б.М.Тепловтің  пікірінше, психологияның кез-келген ортақ  заңы өзіне жеке тұлғалық және индивидуалдылық  факторын біріктіреді,яғни қабілеттер  мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды.

Э.А.Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылық индивидуалды айырмашылығын зерттейді .

Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды,  нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде  дифференциалды психофизиология алға шығады.

Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы  1952 жылы Орталық және педагогикалық психология институтында Б.М.Тепловтың басшылығымен ашылған.Бұл лабораторияның негізгі міндеті- индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға жарамды ету және ең негізгісі  индивидуалды психологиялық айырмашылығының физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу, ал оның негізін И.П.Павловтың типологиялық концепциясы құрайды.

1972 жылдан бастап лабароторияны   Небылицин басқарып, математикалық  әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология аймағында кең өріс тапты.

1993 жылдан бастап «Дифференциалды  психофизиология және психология»   лабароториясын Э.А.Голубева өз  басшылығына алды.Зерттеудің басты  мәселесі қабілеттер мен оның  нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б.М.Тепловтың болжамы болды. 

Психологиялық функцияларды анықтау үшін психодиагностикалық  әдістемелер, тестер, ал кейбір қабілеттерді диагностикалау үшін лабаротория қызметкерлері  оригиналды авторлық әдістемелерді  өңдеп шығарды. Бұл жерде ортақ  (мнемикалық, интеллекттік) және  арнайы (музыкалық, математикалық, тілдік) қабілеттер мен олардың нышандарын қарастырады.

Дифференциация мен  индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі стратегияны өңдеуде  қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі:

  • Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;
  • Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы үшін.

Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері және т.б. себептер әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа мағынаға ие болуда.

Индивидуалды психологиялық  айырмашылықтарды анықтап, зерттеу  жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол жеткізу мүмкін емес.

Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және физиологиялық  ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым  жүйесіне қосқан үлкен үлес болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде

 

Психология ғылымының  жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның  зерттеу обьектісі болды.

 Ф.Гальтон индивидуалды  айырмашылықты зерттеу техникасын  ең алдымен статистикалық әдісті  енгізді. Гальтонды  барлық  зерттеулерінде зерттелінушілерінің  арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар  бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді.  Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі        қасиеттерінің (физикалық және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін , яғни факторлық анализ негізін ұсынды.

1900 жылы В.Штерннің  «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы»  еңбегінде әр түрлі адамдардағы  қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын  қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді.   Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің  зерттеулері   индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті  адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде  жекелеген психикалық  процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.

В.М. Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский  алғаш рет тұлға қасиеттерін  түсіндіруде психоморфологиялықтың  орнына нейродинамикалықты қойды.  «Жалпы және эксперименталды психология»  атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше,  темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы  тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.

Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде  В.М.Русаловтың көзқарасынша  екі  бағыт бар. Біріншісін шартты түрде  «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың  және т.б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін  индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы – биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.

В.М.Русаловтың айтуынша,  психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы  индивидуалды айырмашылықтар  жайлы  жәйттер қызықтырды.

Жүйелік анализ принциптеріне  негізделе отырып, В.С.Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін  көрсетті:

  1. биохимиялық;
  2. соматикалық;
  3. нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті);
  4. психодинамикалық (темперамент);
  5. тұлға қасиеттері;
  6. әлеуметтік рөлі.

Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л.Рубинштейннің  пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді  жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар  жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер  жиынтығына төмендегілерді жатқызады:

  • жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;
  • тұлға бағдары;
  • адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;
  • адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.

С.Л.Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада  өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы  индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады. (С.Л.Рубинштейн, 2000, б.511.)  

С.Л.Рубинштейн индивидуалдылықты  комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер  мен процестердің өзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды.

С.Л.Рубинштейн көзқарасын ары қарай  дамуы Б.Г.Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егертұлға- адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал, индивидуалдылық –тұлға мен іс-әрекет субьектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б.Г.Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше,  индивидуалдылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие :

І деңгей- индивид деңгейі; оған енеді:

  • жыныс, жас, конституция, нейродинамикалық қасиеттер;
  • психофизиологиялық  қасиеттер және органикалық қажеттіліктер;
  • нышан және темперамент.

ІІ деңгей- іс-әрекет субьектісі деңгейі:

  • когнетивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде;
  • қабілеттер.

ІІІ деңгей- тұлғалық деңгей:

  • статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;
  • жүріс-тұрыс мотивациясы;
  • мінез және бейімділік.

А.Н.Леонтьевтің   ойынша, индивид (организм) - бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. Леонтьев бойынша,тұлға, индивидуалдылық -  арнайы адамдық пайда болу, қоғамдық қарым-қатынас негізінде туындайды.

В.С.Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген  қасиеттер жүйесі, яғни физикалық,биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық, тұлғалық қасиеттер,және т.б.

Қазіргі кезде Ресейде  және  шет елдерде бірнеше индивидуалдылықты зерттеу орталықтары бар. 

Пятигорск психологиялық  мектебінде В.В. Белоус басшылығымен индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі  зерттелуде.Онда қазіргі кезеңде  индивидуалдылықтың интегралдылығы жайлы теориялар қарқынды дамуда.

Пермь қаласындығы ғылыми орталық индивидуалдылықты зерттеудің маңызды орны   болып табылады. Орталықтың негізін салушы- психология ғылымының докторы, профессор В.С.Мерлин. Қазіргі кезде  орталықтағы индивидуалдылық  мәселесімен айналысушы зерттеушілер Л.Я.Дорфман, Б.А.Вяткин, А.И.Щебетенко.

Ұжымның зейін орталығында- интегралды индивидуалдылықтың әртүрлі  деңгейлі қасиеттерін, интегралды индивидуалдылықтың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу  болып табылады. Л.Я.Дорфман интегралды индивидуалдылықтың ерекшеліктеріне ұйымдасудың иерархиялы тәсілін, көп деңгейлілік, интеграция мен дифференцация процестерінің бірлігін, индивидуалды жүйелер арасындағы көп мәнділік байланыс  майыспалығын және бір мәнділік байланыс қатаңдығын  жатқызады. Ол метаиндивидуалдылық және интраиндивидуалдылық сұрақтарын қарастырады.Олар интегралды индивидуалдылықтың әр түрлі иерархиялы деңгейлеріне жатады және олардың арасындағы байланыс тікелей сипатқа ие.  Осындай байланыстың болуының шарты индивидуалды іс-әрекет стилі болып табылады.

Индивидуалдылықты зерттеу  психология ғылымының докторы  В.М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілуде. Зерттеудің ерекше сипаты - индивидуалды-психологиялық  айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің жалпы  қасиеттерінің концепциясының дамуы.Адамның индивидуалды қасиеттер спектрінен негізгі көңіл формальді – динамикалық сипаттарға, яғни темпераментті зерттеуге бағытталған. Темпераменттің адам индивидуалдылық құрылымындағы орнын зертеу мақсатында және оның жалпы қабілеттердің дамуына әсерін анықтауға байланысты  темпераментті бағалаудың психометриялық әдістерін өңдеуге басты назар аударылады. В.М.Русалов индивидуалдылықтың толықтығынның моделін ұсынды:

  • дифференциялды-психофизиологиялық (төменгі) деңгей, организм қасиеттері жатады;
  • дифференциялды-психофизиологиялық   (жоғары) деңгей, тұлғалық, индивидтік, және басқа әлеуметтік- мәдени құрылымдардан тұрады.

Психологиялық институтта, психофизиологиялық қабілеттер зертханасында  психология ғылымының докторы Э.А.Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғы шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Э.А.Голубева индивидуалдылық  құрылымындағы организм және тұлға  деңгейлерін бөліп көрсетті. Жүйе құрайтын қасиеттерге эмоционалдылық, белсенділік, өзіндік реттелуді  жатқызды.

Сонымен,  қазіргі  кезеңде  индивидуалдылықты зерттеу  болашақтағы зерттеу  және ғылыми ізденушілік жұмыстарында шешімін  табатын  көптеген сұрақтарды қарастырады. Әр түрлі көзқарастағы авторларды индивидуалдылықты  зерттеудің толықтығы, интегративтілігі,индивидуалдылықтың даму және өзіндік даму механизмдерін  іздестіру  біріктіреді.

 

 

2.2 Индивидуалдылық  теориясы адам индивидуалдылығын  зерттеудің жүйелі моделі

 

Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан объектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкелді.Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде- қоғамдық, биосфера және т.б. қарастыру.

Жүйелі зерттеу жолының  ең маңызды кезеңдерінің бірі австриялық биолог Людвиг фон Берталанфидің  жалпы жүйе теориясы, сонымен бірге әр түрлі   кибернетика контексті және ақпараттық теориялар   жүйесіндегі                         зерттеулер  (Р.Л.Акорфф, М.К.Мессарович, А.Раппопорт, У.Р.Эшби)  болып табылады.

Информация о работе Электронды юнита дифференциалды психология