Электронды юнита дифференциалды психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:40, реферат

Описание работы

Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарасының ғылыми методологиялық принциптерін және индивидуалды психика жағдайын жүйелі талдауға ептілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
Студенттерді дифференциалды психологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру және ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз ету;
ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар психологиясының алатын орнын анықтау;
«дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы және ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.

Файлы: 1 файл

псих карайтын.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

Экзожүйе – кеңістікте маңызды  оқиғалар болатын орта (қарым –  қатнас ортасы) балалар бір мектепке бара алады. Дегенмен сыныптастармен болатын  өмірлік маңызды оқиғалар біреуіне маңызды, екіншісіне маңызды емес болуы мүмкін мысалы,  драмалық үйірмеде. Және соңғысы макрожүйе – субкультура. (адамдар бағынатын заңдар мен дәстүрлер, құндылықтар).  У. Бронфенбреннер макрожүйе адамның өмірін қалыптастыруында оның барлық «Ішкі» жүйелерін бағындыра отырып, маңызды рөл атқарады деп есептеген.

Егер елде туу мадақталмаса және балаға қарау үшін демалыс берілмесе, онда бала ананың депивациялық жағдайында өседі, ал осылайша микро, мизо,және экзожүйелер оның орнын басуға жеткіліксіз болып қалатыны түсінікті.  Екінші жағынан, ішкі жеке жағдайларға тәуелсіз, негізгі өмірді қалыптастырушылар мен дүниетаным субкультурада сақталады.

У. Бронфенбреннердің көзқарасынша, орта екі негізгі өлшеуден тұрады: бұл адам өзі құмартып жүрген іс - әрекеті мен өзінің өмір барысында  таңдайтын ұстаздарының мінездемесі. Адам дамуының әр сатысында ортаны таңдап, өзгертіп отырады. Сонымен қоса өмірінің барысында ортаның қалыптасуында өзінің белсенділік рөлін үнемі көбейтіп отырады.

Тағы бір орта құрлымын отандық  атақты зеттеуші В. С. Мухина ұсынды. Ол орта түснігін – заттық әлем мен бейнелі – белгілік жүйелермен, әлеуметтік кеңістікпен, табиғи шынайылықпен түсіндіреді.  Соған қоса адамның жетістіктерін көрсететін тілдік орта, қалыптастырушы орта жайлы айтады. (В. В. Рубцов).  Сонымен бірге қазір еш күмәнсіз виртуалды орта жайлы айтуға болады. («томагоччн» феномендерінде компьютерге тәуелділікте және басқа обьективті өмір сүретін құбылыстарға қатысты аффективті тұрақты құбылыстарда көрінеді).

Осылайша, орта әсерлері (психикалық ерекшеліктермен) географиялық шарталған ландшафттпен, климатпен, және т. б.  (географиялық детерминизм) – субьектке құнды және қажетті заттармен, культура және субкультураның мазмұнымен, және соңғысы адам қарым – қатнасының формасымен және сапасымен психикалық ерекшеліктердің анықтамасын білдіреді. Ортаның мазмұнын игеру – адамның өзіндік санасымен тұлғаға маңызды фактор болып табылады.

Биогенетикалық және социогенетикалықты  жақтаушылардың концепцияларын қолданушының бірі Х. Вернердің ортогенетикалық  концепциясы болып табылады. (Ортогенез – бұл тірі табиғаттың даму теориясы). Оның көзқарасы бойынша, барлық ағзалар өзінің төменгі дамуында кемелденген функциялармен туады. (Соның ішінде психикалықта). Олар ортамен  әрекеттесе отырып, жаңа тәжірибе алады, ал бұл өз кезегінде әрекеттесудің минималдануын жаңадан анықтайтын жаңа функционалды құрылымдарда  жаңа сапада бекітіледі. Осылайша, дамушы сатылардың ұйымдасуын білдіреді, бірақ келесілердің ұйымдасуын білдірмейді.  Х. Вернер ағзаны сахнадағы актермен салыстырған: даму барысында сахнадан актерге жылжи бастайды. Оған тек қана енжар жауап қайтара бермей, саты жоғарлаған сайын ортаны басқаруды үйреніп келе жатқан, белсендірек болып келе жатқан индивидтің  бастамашылығы жиі болады. Субьектінің  мүмкіндігінің кеңеюі топтық мақсаттан кейінге қалдырылған және жоспарланған тапсырмаларға бас бұра алуынан көрінеді.

Басқа белгілі зерттеуші Дж. Вулвилл  субьекттің белсенділігінің шегін  өлшеуді белгілей отырып, субьект  пен ортаның әрекеттесуінің төрт модельін ұсынды:  «Ауруханалық төсек» модельі – адам өмірінің алғашқы айларын белгілейді,  ол толығымен оның пассивтілігін білдіреді.  «Луна парк» модельінде бала ортаның обьектілерін таңдай алады, бірақ олардың әсері өзгеріссіз қалады. «Жүзушілердің жарысы» атты модельде субьект өз жолымен жүреді, ал орта – тек қана өмір контексті.  Және соңғысы  «Теннис добы» модельі орта мен субьектінің үнемі өзара әрекеттесетінін сипаттаиды. (Бұл көзқарас жалпы Х. Вернердің ұстанымына сәйкес келгенін білдіреді).

Сонымен, психиканың индивидуалды айырмашылығын  зерттегенде біріншіден, «Орта» және «Әлеуметтік әсер», екіншіден, «Тұқымқуалаушы» және «Биологиялық», үшіншіден, «Тұрақты» және «Тұқымқуаланған» деген  түсніктерінің сәйкес келмейтінін мойындау маңызды факт блоып табылатынын есте сақтау керек.

Орта өзгеретіндіктен, адамның туа біткен мінез – құлық бағдарламасы да әр түрлі қарқынмен өзгереді. Адам психикасының өмір барысында дараланатыны көрініп тұр. Сонымен қатар онда ортаның әсерінің тұрақтылыққа қатысты  көптеген нұсқалық  және сезімталдық бөліктері орналасқан. Оған қоса психогенетикалық әдістерді қолдану ортаның әр адамға жалпы және ажырататын тұқымқуалаушылық үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпылықты, ерекшелікті және бірлікті белгілей отырып, әдетте индивид, тұлға, индивидуалдылық терминдерін қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Индивид, тұлға, даралық 

 

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық  алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты  субьектіні әлеуметтік топтан ажырату  үшін  «әлеуметтік индивид»  түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды. Индивидтің тұлғаға сәйкес келмеуі тұлғалылығы жоқ әдеби песонаждардың мысалынан көрінеді, бірақ бұларда толығымен тұлға қырлары көрінеді. (Мұндайларға мысалы, И. Кальвиннің романындағы дүниде жоқ  рыцарь). Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды.  Бұл қарама – қарсылық даралық айырмашылық психологияның  психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық  мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады.

Кеңестік психологияда даралықтың құрлымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, және А. Г. Голубева болып табылады.  Олардың көзқарастарын бір – бірімен салыстыру анализін жүргізген М. С. Егорова болды.

Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай,  оларды бағындыруға тырысты.

Индивидтілік индивидуалдылықта  болады. Индивидуалдылық – бұл  өздігінен дамитын және өздігінен  реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы.

Бұл қиын анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады.  Драмалықта ағза ретіндегі тұлға және өзіндік  сана жетектеушісі адамдардың барлық көріністері сонымен қоса бір – біріне өзара әсер етеді, мұндағы өзіндік реттелудің қабілеті көрінеді. Яғни күрделендіріп айтсақ, мысалы темперамент адамдардың жүктемесін білдіреді, және оның мамандық таңдауына бейім келеді, ал мақсаты мен құндылықтары психотиппен байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады (мінездік ерекшеліктермен). Адамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды -  бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама – қайшылықты, конфликтіні бастан кешіреді, былай айтқанда, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін.

Осылайша, біршама жеңілдетілген  түрде индивидуалдылық – бұл  индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады.  Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады.

Сонда төменгі деңгейде (тұлғалық биологиялық іргетасы)  біз барлық индивидті, формальді  – динамикалық сипаттамаларды жинай аламыз (жыныс, темперамент, қабілеттіліктің қасиеттері, бас ми жарты шарының ассиметриясы). Екінші деңгейде біз заттық – мазмұнды сипаттамаларды қарастырамыз (тұлға түрлері, қырлар, қабілеттер, мінез – құлықтың стильдік сипаттамалары). Ал үшінші жоғарғы деңгейде рухани – дүниеге көзқарастық сипаттамалар болады (тұлғаның бағыттылығы, құндылығы, пайымдауы, көзқарастары, және ұстанымдары).

Есте сақтаудың ыңғайлылығы  үшін мынандай схеманы қолдануға  болады: Төменгі пәтер (табиғат) белсенділікті стимулдайды, «Өйткені»  - қажеттіліктен, ортаңғы қабат адам іс- әрекетінің құрамдарын қамтамасыз етеді (қабілеттер, мінез, когнетивті функциялардың ерекшелігін, стильді сипаттамалар), ал үшінші қабат – бұл мақсаттар (тұлғаның бағыттылығы, өзіндік сананың ерекшеліктері – «Не үшін» іс - әрекет іске асады, адам неге ұмтылады). Даралық деңгейлері бір – біріне тек шығушы ғана емес, сонымен қатар кіруші әсерлердің өзара әсерлерін білдіреді.

Бағыныштылық тек қандайда қабаттардың  бірігуінің әлеуметтік әсерлеріне мүлде берілмейді, ортаңғы тәрбиелеуді қабылдауға бейімірек (мінезді өзгертуге, ал қабілетті - қалыптастыруға болады), ал үшінші деңгейде биологиялығы өте аз, және ол көп дәрежеде өзгергіш келеді (шын мәнінде адам өмір барысына құндылықтарын, пайымдауларын, көзқарастарын, бірнеше рет өзгертеді).

Даралық құрлымын бөліп көрсетудің басқада талпыныстары бар. Мысалы, К. Леонгард үш сферасын бөліп көрсетеді: қызығушылық және бейімділіктің  бағыттылығы (мазмұны жағынан біз  бөліп көрсеткен рухани – дүниеге  көзқарастық қасиеттеріне ұқсайды), сезім мен ерік («Темперамент» түснігіне жақын) және ассоциативті – интеллектілі ( қабілет пен стильдік ерекшеліктерге сәйкес келеді). Отандық психология шеңберінде қалыптасқан даралық құрлымы туралы көрсетілген салыстырмалы анализді қазіргі кітаптарда М. С. Егорова қарастырады.  Осылайша, үш қабаттың бөлінуі әртүрлі ықпалдарда тұрақты қарастырылып келеді.

Даралықтың әр «қабатына» зерттеуде  әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы» ықпал танымына және мінезіне, біліміне, икемділігіне, қабілеттеріне, мағналарына, күйзелістеріне, және де басқа адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің даралық вариацияларын өлшеуге бағытталған «Мінез –құлықтық»  ықпал (мұны бихевиористікпен шатастыруға болмайды!) адамның белсенділігін құрайтын моторлы, вегативті, биохимиялық – мінез – құлық формасының объективті тіркелген талдауымен байланысты. Б. М. Теплов бірінші болып ықпалдың барлық мазмұнды көңіл бөлдіртуіне қарамастан, онда көрсетілген психологиялық түсініктердің валенттілігін нақтылайтын теориялық негіз жоқ деп әділетті атап көрсеткен. Тұлға қырларына мысалы мінез – құлықтың таза жағдайлық флуктуацияларды сирек жатқызылады, ал олардың тұрақтылығы күмәнді. Тесттердің көмегімен өлшенген индивидуалды айырмашылықтарын  кездейсоқ елес екеніне көз жеткізу үшін оларды міндетті түрде жүйке жүйесінің қызметімен байланыстыру қажет (және де басқа биологиялық факторлармен). Яғни, дифференциалды психологияның мазмұнды валенттілігін дәлелдегеннен кейін ғана обьективті ғылым болып мойындалуы мүмкін.

Дифференциалды психологиядағы обьективті бақылаудың мінез – құлық тапсырмасын  дифференциалды психофизиологияға  жүктеуі мүмкін.

 

 

 

 

    1. Дифференциалды психофизиология индивидуалды айырмашылықтар психологиясының ғылыми базасы ретінде

 

Мінез – құлық пен  жүйке жүйесі қасиеттерінің байланысына  алғаш рет көңіл аударғандардың бірі көрнекті орыс физиологі И. П. Павлов өзінің итке жүргізген тәжірибесінің  нәтижесінде күш, қозғалушылық, теңдік сияқты жүйке процесстерінің түрлерін көрсетті. Бұл сапалар дарақтарды ортаның өзгеруіне икемделуін қамтамасыз етеді. Дегенмен, бұл қасиетерді құрмалай отырып, теориялық тұрғыда жүйке жүйесінің 24 типін бөліп көрсетуге болады (соған қоса түр мінез – құлықтың кеңейтілген бейнесінде белгіленеді). Олардың төртеуі медицинада бұрыннан белгілі темперамент түрлеріне сәкес қойылады (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик), бірақ И. П. Павлов жануарларға жасалған эксперименттердің арқасында алынған заңдылықтар адам мінез – құлқына тура келтірілуі мүмкін.

Жүйке жүйесінің қасиеттері Даралық психологиялық айырмашылықтар ретінде Б. М. Павловтың ықпалынан біршама айрықшаланады.

Олар өздерінің зерттеулеріне  тұрғызған принциптер әлі күнге  дейін дифференциалды – физиологиялық  зерттеулердің негізін білдіреді.

1. Қасиеттерді емес, түрлерді зерттеу қажет. Егер И. П. Павлов ситетикалылығын ұстанса, (типологиялық ықпалдың) онда Б. М. Теплов бірінші жеке қасиеттерді бөліп алу қажет, ал кейін олардың мүмкін болатын бірігуін зерттеуге болады деп тұжырымдайды.

2.  Жеке жағдайлардың суреттелуін емес, сандық анализді іске асыру қажет. Бұл принцип зерттеудің обьективті парадигмасына жаратылыстану ғылымдарының нақты зерттеулеріне сүйенеді.

  3. Жүйке жүйесі  қасиеттерінің күнделікті көріністерді  суреттеуін емес, ал лабараторлы  эксперименттерді қолдану қажет.

4. Ағзаның тек еріксіз  реакцияларын зерттеу қажет. Яғни  өмірлік элементтердің реттелуі  минимумға жеткізілуі қажет. 

5. Психофизиологиялық  сипаттамалардағы индивидуалды  айырмашылықтарға бағалау ықпалдарын  қолдануға болмайды (яғни жақсы және жаман қасиеттер болмайды, олардың әр қайсысы қандайда бір іс - әрекетке пайдалы болуы мүмкін). 

Б. М. Теплов пен В. Д. Небылицын  қозу және тежелу процестеріне қатысты  барлығы төрт – төрттен қасиеттерді  бөліп көрсетті, барлығы – сегіз.

1. Қозуға тең емес жүйке жүйесі  болып табылатын күш (төзімділік) – бұл ұзақ ұстайтын немесе жиі қолданылатын қозу.

Бекітулермен бірге  шартты рефлекстердің қысқа интервалдарының  көптеген қайталанулар арқылы – эксперименталды  әдіспен  күшті зерттеу үшін қолданады.  Күшпен бөтен тітіркендіргіштерге, концентрация ерекшеліктеріне, көру және естудің абсолютті болжамның жүйке жүйесінің күші – бұл И. П. Павлов қабілетті – дифференцианалдылық құрау үшін қажетті жиі қайталанатын тежелу тітіркендіргіштердің әрекетін ұстайтын қабілет деп көрсеткен. Сонымен, күш жүйке жүйесінің төзімділігі мен еңбекке қабілеттілігін білдіреді.

2. Динамикалылық –  шартты реакциялардың  қалыптасу  жылдамдығы.

3. Жүйке процестерінің  жігерлілігі – тітіркендіргіш  белгілерінің қайта қарастырылуы, қозудың күйзеліспен, күйзелістің қозумен ауыстырылу жылдамдығы. Бұл қасиет оқытудың негізі болып табылады.

4. Лабильділік – жүйке  процестерінің тоқтатылуымен пайда  болатын жылдамдығы.

Парциалды сипат емес, бұл қасиеттердің валенттілігін  бөліп көрсетуге   кеңейтілген мидің  белсендіру қасиеттерін білдіру мүмкін болатын және осылайша коррелятор негізі ретінде орталық жүйке жүйесінің қасиеті табылады.  Э. Э. Г. көмегімен орталық жүйке жүйесінің қасиеттеріммен сәйкес келетін төрт интегративті қасиеттер: кеңістік – уақыттық синхронциясы, мидің бүтіні ретіндегі лабильділігі максималды жетістік жылдамдығы мен белсенділік жетістіктерінің минималды шегі. Көрініп тұрғандай, бұл қасиеттер психиканың барлық маңызды бөліктерінде индивидуалды айырмашылықтарды  түсіндіре алады,  - темперамент түрлері, мінездің, когнетивті стильдер, интеллектуалды және де басқа процестердің жылдамдығы бұл сипаттамалармен байланысты.

Информация о работе Электронды юнита дифференциалды психология