Электронды юнита дифференциалды психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:40, реферат

Описание работы

Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарасының ғылыми методологиялық принциптерін және индивидуалды психика жағдайын жүйелі талдауға ептілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
Студенттерді дифференциалды психологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру және ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз ету;
ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар психологиясының алатын орнын анықтау;
«дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы және ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.

Файлы: 1 файл

псих карайтын.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

ХХ ғасырдың 20 жылдары  жүйелі жол, ең алдымен Л.фон Берталанфидің  жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және  нақты пәндердің  танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды.

Жүйелі зерттеу жолының  принципінің кеңестік психологияда   екі басты ғылыми ойлар  аймағымен  байланысты:  философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.

Орыс философиялық ойларындағы ең өңделген тақырыптардың бірі тұлғаның толықтылық идеясы болып табылады. (И.Б.Котова, 1996) Тұлғаны тәрбиелеу мақсатында   толықтылық идеясымен байланысты мәселелерді көптеген ғалымдар қарастырды (Н.А.Бердяев, Н.Я. Грот,Э.В.Ильенков, Л.П.Карсавин, К.Н.Леонтьев, А.Ф.Лосев, Н.О. Лосский, М.К.Мамардашвили, Н.К.Михайловский,Л.И.Петражицкий, В.В.Розанов, В.С.Соловьев, П.А.Сорокин, М.М.Троицкий, П.А.Флоренский, С.Л.Франк, Г.И.Челпанов және т.б.).

 Адамды жүйелі зерттеу   психология ғылымымен шектесіп  жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы  ғылыми жетістіктермен де тығыз  байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы  өңдеулер психологияның объектісі  адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын  түсінуге мүмкіндіктер берді.

А.П.Нечаев,В.М.Бехтерев,А.Н.Бернштейн;Н.Е.Румянцев,А.Ф.Лазурский, А.А.Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н.Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.

Психиканың жүйелі табиғатын  зерттеуде кеңестік психологияда мәнді  қадам жасағандар: Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов және т.б. Мінез-құлық және іс-әрекеттің жүйелі талдауы П.К.Анохин, А.Н.Леонтьев, Н.А.Бернштейннің есімдерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді  және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдыңғы орынға   дамуы мен қалыптасуында қояды. Жүйелі зерттеу  бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциялды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады.  

Жүйелі жол көмегімен  индивидуалдылықты анықтаудағы  ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. ( В.С.Мерлин, 1986).

Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:

  • индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру  принципін,іс-әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;
  • индивидуалдылық  құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау;
  • индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төменгі деңгейінің өзара әрекеті;
  • индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру.

Сонымен, дифференциалды психология психология ғылымының маңызды  салаларының бірі. Оның даму тарихы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы. Ең алғаш  1900 жылы «Дифференциалды психология» терминін ғылымға енгізген неміс ғалымы В.Штерн .

Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен  тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық,  нәсілдік, гендерлік  айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады.  

Қазіргі психологиялық  білімде индивидуалдылықты  зерттеуде  көптеген көзқарастар бар, бірақ  ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл  индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына  байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы  ары қарай өмір сүруге құқылы.

Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі  жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Орта мен тұқымқуалаушылықтың байланысы

 

Индивидуалды психикалық вариацияларының  көздерін анықтау – дифференциалды психологиядағы негізгі мәселе. Индивидуалды  айырмашылықтар тұқымқуалаушылық пен орта арасындағы күрделі және көптеген өзара әсерден пайда болатыны белгілі. Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етсе, орта - өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделу мүмкіндігі мен өзгергіштігін қамтамасыз етеді.

Тұқымқуалаушылық эмбрионның ұрықтану кезінде ата – ананың  гендері  арқылы беріледі. Егер химиялық баланисровка немесе гендер толық емес болатын  болса, дамып келе жатқан ағзада физикалық  аномалия немесе психикалық патология болуы мүмкін. Бірақ, кейбір қарапайым жағдайда да биохимиялық, физиологиялық, психологиялық - әр түрлі деңгейдегі реакция нормаларының қосындысының нәтижесі  тұқымқуалаушылық мінез-құлық вариацияларының кең спектрін беруі мүмкін. Ал тұқымқуалаушылықтың ішкі шекарасының соңғы нәтижесі ортаға тәуелді.  Осылайша, адамның белсенділігінің әрбір көрінісінен тұқымқуалаушылықтың және ортаның әсерлерін табуға болады, ең бастысы – бұл көріністің мазмұны мен шегін анықтай алу.

Сонымен қатар адамда жануарда жоқ әлеуметтік тұқымқуалаушылық бар (мәдени үлгінің ізімен жүру, акцентуацияның берілуі, мысалы, анасынан баласына суық аналық тәрбиенің салдарынан шизоидты мінез акцентуациясының берілуі, жанұялық көріністің қалыптасуы). Бұл жағдайларда көбіне бірнеше ұрпақ барысындағы ерекшеліктердің тұрақты көрінуін анықтайды, бірақ генетикалық шегендеусіз белгілейді.

А. Анастази пікірінше, әлеуметтік мұра шын мәнінде қоршаған орта әсеріне қарсы тұра алмайды.

«Өзгергіштік», «тұқымқуалаушылық», және «орта» түсініктеріне қатысты бірнеше пайымдамалар бар. Тұқымқуалаушылық түрдің тұрақтылығына жауап береді, дегенмен тұқымқуалаушылықтың белгілері өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ортаның әсер ету салдары индивидтің психологиялық бейнесінде  біршама тұрақты болуы мүмкін, дегенмен олар ген арқылы келесі ұрпаққа берілмейді (мысалы, туғанда алған жарақаттың салдарынан бала дамуының бұзылуы).

Даралықтың қалыптасуындағы екі фактордың үлесін түрлі теориялар мен ықпалдар әр түрлі бағалайды. Олардың биологиялық, орта, әлеуметтік – мәдени детерминацияны таңдауға байланысты келесі теориясылар тобы бөлініп шықты:

1. Биогенетикалық теорияларда  индивидуалдылықтың қалыптасуы  алдын ала анықталған туа біткен  және генетикалық нышандар ретінде  көрсетіледі.  Даму бұл қасиеттердің уақытқа қатысты ашылуы, ал орта әсері өте шектелген. Биогенетикалық бағыт ұлт айырмашылықтарының бастауы туралы ұлтшылдық ілімнің теориялық негізі болып табылады. Бұл бағыттың жақтаушылары Ф. Гальтон мен рекапитуляция теориясының авторы Ст. Холл болды.

2. Социогенетикалық теориялар  (тәжірибе приматын нақтылаушы сексуалды бағыт) алғашында адам таза тақта сияқты болады, ал оның барлық жетістіктері мен ерекшеліктері сыртқы шарттармен (ортамен) шартталған. Мұндай позицияны Дж. Локк ұстанған. Бұл теориялар біршама прогрессивті, бірақ олардың кемшілігі – баланы туғаннан енжар, әсер ету обьектісі ретінде түсінуі.

3. Екі факторлы теориялар (екі фактордың конвергенциясы) дамуды туа біткен құрлым мен сыртқы әсердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде түсінді. К. Бюлер, В. Штерн, А. Бине ортаны тұқымқуалаушылық факторына жатқызды.

Екі факторлы теорияның  негізін қалаушы В. Штерн бір  функция жайлы оның ішкі немесе сыртқы екенін сұрауға болмайтынын белгілеген. Бірақ екі факторлы теорияның шеңберінде де бала өзінде өтіп жатқан өзгерістердің енжар мүшесі болып қала береді.

4. Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функциялар туралы ілімі (мәдени – тарихи бағыт) даралықтың дамуы мәдениеттің – адам тәжірибесінің кеңеюінің арқасында екендігін пайымдайды.  Адамның туа берілген қасиеттері оның даму шарттары болып табылады,  ал орта – оның дамуының бастауы. Бала ересектермен қарым-қатынас жасау және бірлескен іс-әрекет ету нәтижесінде мәдениет мазмұнын игереді.

Тұқымқуалаушылық пен  ортаның үлесінің маңыздылығын әртүрлі түрдегі  дисперсия себеп мәндерін талдаушы сандық белгінің генетикасы анықтайды. Бірақ әрбір белгі қарапайым, бір аллельмен белгіленбеуі мүмкін (доминантты және рецессивтісі гендер жұбы болуы мүмкін). Сонымен қатар, қорытынды тиімділік әрбір геннің әсер етуінің арифметикалық қосындысы ретінде қарастырылмайды, өйткені олар бір уақытта көрініп, өзара әсерлесу арқасында жүйелі тиімділікке әкеледі. Сондықтан психологиялық белгінің генетикалық бақылау процесін зерттей отырып, психогенетика келесі сұрақтарға жауап алуға ұмтылады: 1. Даралық айырмашылықтардың қалыптасуын генотип қандай шекте анықтайды (яғни күтілген шектің вариациясы қандай)? 2. Бұл әсердің нақты биологиялық механизмі қандай (хромасомалардың қай бөлігінде сәйкес гендер шоғырланған)?  3.Гендердің ақуызды өнімі мен нақты фенотипті қандай процестер біріктіреді?   4. Зеттеуші генетикалық механизмдердің өзгеруіне әсер ететін сыртқы орта факторлары бар ма?

Тұқымқуалаушылық белгісі  көрсеткіштер маңыздылығының абсолютті  ұқсастығы бойынша емес, биологиялық  ата – анасы мен баласының арасындағы көрсеткіштердің корреляциясының болуынан танылады. Зерттеу нәтижесінде биологиялық ата – ана мен баланы асырап алған ата – аналарының темпераменттерінің сипаттамаларының арасында ұқсастық табылады делік. Көбіне асырап алған жанұяда балалар жалпы және орта шарттарының айырмашылығын сезеді, соның нәтижесінеде абсолютті көрсеткіштер бойынша олар өздерінің асырап алған ата – анасына да ұқсап кетеді. Бірақ корреляциялар белгіленбейді.

Қазіргі уақытта тұқымқуалаушылық факторы мен ортаны жақтаушылардың арасындағы дискуссия өзінің өткірлігін жоғалтып отыр. Даралық вариацияларының көзін анықтауға арналған көптеген зерттеулер, ереже бойынша, ортаның немесе тұқымқуалаушылықтың нақты бағасын бере алмайды. Мысалы: 1920 жылдары  егіздер әдісін қолданып жүргізген  Ф. Гальтонның психогенетикалық зерттеулерінің арқасында биологиялық детерминацияланған сипаттамалар (ми көлемі, басқа өлшемдер)  генетикалық анықталғаны, ал психологиялық сапа ( әртүрлі тест бойынша интеллектуалды коэфиценті) ортамен шартталатынына және үлкен айырмашылықтар болатыны анықталды. Оған жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусы, туу реті және т.б. әсер етеді.

Орта мен тұқымқуалаушылықтың  өзара әрекеттесуін зерттеу облысындағы  қазіргі жағдай интеллектуалды қабілеттеріне орта әсерінің екі модельі бойынша иллюстратцияланады. Бірінші модельде Зайонч пен Маркус былай тұжырымдайды: Бала мен ата – ана қанша уақытты бірге өткізсе, соншалықты үлкен туысымен интеллектуалды корреляция коэфиценті жоғары болады, (Экспозиционды модель), яғни бала өзінің интеллектуалды қабілеті жағынан кім көп оны тәрбиелесе, соған ұқсайды, ал егер ата – анасы қандайда бір себептермен балаға аз көңіл бөлсе, онда ол апасына немесе тәрбиешісіне ұқсайтын болады. Екінші модельде қарама – қайшылық белгіленеді: Макаски мен Кларк оның идентификациясының пәні болып табылатын бала  мен туысы арасындағы біршама жоғары корреляцияны бақылауға болады деген. (Идентификационды модель). Яғни ең маңыздысы – бала үшін интеллектуалды автаритет болу керек, сонда оған алыста тұрып әсер етуге болады, ал күнделікті бірігіп әрекет ету міндет емес. Бір – бірін жоққа шығарушы екі модельдің өмір сүруі тағы да дифференционалды – психологиялық теориялардың көбі тар органикалық сипатта екенін көрсетіп отыр, ал жалпы теориялар практика жүзінде қалыптасқан жоқ.

 

 

 Тұқымқуалаушылық пен ортаның қазіргі кездегі түсінігі

 

Қазіргі уақытқа дейін  психиканың индивидуалды айырмашылықтарының көрінуі мен қалыптасуына орта мен  тұқымқуалаушылықтың үлесін мойындай отырып, дифференционалды психология бұл түсніктерді нақтылап жатыр. Тұқымқуалаушылық кең мағнада түсініле бастады: бұл тек мінез – құлыққа әсер ететін қарапайым жеке белгілер емес, ( мысалы, ұзақ уақытқа дейін саналған жүйке жүйесінің қасиеті), сонымен қатар мінез – құлық бағдарламасының туа біткендері мен әлеуметтік (грациализация, репрадуктивті, территорияльді мінез – құлық және т.б) саны үнемі көбейіп отыратын әлеуметтік мінез – құлық бағдарламасын социоэтология зерттейді. Бағдарламалар бұл жағдайда даму троекториясы асып түсетіндіктен белгілер ортасының әсерінен бір – бірін алмастыратындардан ерекшеленеді. Бағдарлама өзіне «жіберудің» уақыты мен критикалық нүктелердің жүйелілігін қосады.

Орта түсінігі де өзгерді. Бұл жай ғана индивидтің барлық өмір барысында -  ауа мен тамақтан бастап, жолдастарымен қарым қатнастарының дамып, қалыптасуымен аяқталаталып,  жауап қайтаратын өзгертуші стимулдар қатары емес, бұл адам мен ортаның өзара әрекеттесу жүйесі. М. Черноушек ортаның келесі белгілерін көрсетті:

1. Ортада уақыт пен  кеңістікте мықты шегенделген шектер жоқ. (яғни, фигура ретінде көрінетін адам болмыстың фоны болып табылады).

2. Ол барлық сезімдерге бірден  әсер етеді.

3. Орта тек қана басты ақпаратты  бермейді, сонымен қоса перефериялық  ақпаратты береді.

4. Біздің қорыта алу қабілетімізге қарағанда, ол әрқашан біршама көп ақпараттан тұрады.

5. Орта іс - әрекетке байланысты  қабылданады.

6. Кез келген ортаның материалды  құндылыққа қарағанда психологиялық  және символикалық маңыздылығы  бар. 

7. Қоршаған орта бір толық  бүтін ретінде әрекет етеді.

Осыдан біздің бір уақытта бірнеше  ортада өмір сүретініміз көрініп  тұр.

У. Брофенбреннердің  «Адамзат дамуындағы экология» атты кітабында экологиялық  ортаны төрт концентративті құрлымынан тұратын ортадағы тұлғааралық өзара  әсерлесулер мен рөлдердің іс- әрекет құрлымы болып табылады, яғни екі егіздерге қолданылады, біз ортаның дамуының ұқсастығын тұжырымдай алмаймыз, өйткені оларға түрлі талап, түрлі күтулер қолданылады, өйтекні олардың біреуі қолданылмастан ересегіне белгіленеді, ал басқасы – кішісіне белгіленеді. Мизожүйе – бір немесе бірнеше ортаның байланыс құрлымы. (жанұя мен жұмыс, үй және құрдастар тобы).  Егер бауыры мен қарындасы бір мектепке барып, қарындасына үйге достарын әкелуге рұқсат беріп, ал ағасына рұқсат бермесе, онда екеуінің өмірлік әрекетінің мезожүйелері бір – бірінен айрықшаланады.

Информация о работе Электронды юнита дифференциалды психология