Қарым-қатынас туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 10:34, лекция

Описание работы

Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қарым-қатынас .doc

— 534.50 Кб (Скачать файл)

Тұлғаішілік конфликтілердің негізгі түрлері:

1. Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі немесе кемшілікті сезіну комплексінің конфликтісі (Юрлов, 1995). Бұл  тілектер мен  оларды  қанағаттандыруды  бөгейтін шындық (ақиқат)  арасындағы  конфликт. Кейде оны «олар сияқты болғым  келеді» (референттік топ) мен  оны  іске  асырудың   мүмкін еместігі   арасындағы  конфликт  ретінде  түсіндіреді.(Захарова, 1982) Конфликт тек  шындық  тілектерді   жүзеге  асыруды  блакирует  ғана  емес, сондай – ақ,  адамның  оны  жүзеге асыруға  физикалық  мүмкіндігінің   жоқтығының  нәтижесінде  де  пайда  болуы  мүмкін. Бұл  өзінің  сыртқы  келбетіне, физикалық  мәліметтерімен  қабілеттеріне    қанағаттанбаушылыққа  байланысты пайда  болатын  конфликтілер. Аталмыш   түрге  сексуалдық патология  негізінде  жатқан тұлғаішілік   конфликтілер де жатады. (Кратохвил, 1991; Свядощ, 1991; Харитонов, 1996).

2. Рөлдік конфликт   бір уақытта  бірнеше  рөлдерді  іске   асырудаң  мүмкін  еместігімен  байланысты, (рөларалық тұлғаішілік конфликт) сондай-ақ, тұлғаның   бір   рөлді  атқаруға  қойылатын  талаптарды  әр  түрліше  түсінуімен  байланысты (ішкірөлдік- конфликт)  сезімдерден  айқындалады. Бұл түрге  екі  құндылық, стратегиялар  немесе  өмірдің  мәні  арасындағы тұлғаішілік  конфликтілер жатады(Родных, 1993; Скалепов, 1995).

3. Адаптациялық  конфликт  кең  мағынада,  яғни  субьект  пен  қоршаған  орта  арасындағы  тепе- теңдіктің  бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық  ретінде, ал тар  мағынада  - әлеуметтік  немесе  кәсіби  бейімделу процесінің  бұзылуы кезінде  пайда  болатын  қайшылық  ретінде  түсініледі. Бұл шындық  талаптарымен  адамның  мүмкіндіктері (кәсіби, физикалық, психологиялық) арасындағы  конфликт (Сенокосов, 1989). Тұлға  мүмкіндіктерінің  орта  немесе  іс- әрекет  талаптарына  сәйкес  келмеуі  уақытша  даяр  болмау   ретінде, сондай-ақ , қойылған  талаптарды  орындауға  қабілетсіздік  ретінде қарастырылуы  мүмкін.

4. Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі. Тұлғаның  өзін-өзі  бағалау  адекваттылығы  оның  сыншылдығына, өзіне талап  қоюшылығына, табыстар мен  сәтсіздіктерге деген  қатынастарына  тәуелді. Талаптанулар  мен  өз  мүмкіндіктерін  бағалау  арасындағы айырмашылықтар адамда  жоғары мазасыздану, эмоционалдық  олқылықтардың  және т.б. пайда  болуына  әкеп  соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты  емес  өзін-өзі  бағалау  конфликтілерінің   ішінен   тым  жоғары  өзін-өзі  бағалау  мен  өз  мүмкіндіктерін  шынайы  бағалау  ұмтылыстарының   арасындағы  (Юферова, 1975), өзін-өзі  бағалаудың  төмендігі  мен  адамның  обьективті жетістіктерін  ұғыну  арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, максималды  табысқа  жету  үшін  талаптануды  көтеруге, ал екінші  жағынан, сәтсіздіктерге  ұрынбау  үшін  талаптануды  төмендетуге  ұмтылыстың  арасындағы (Хекхаузен, 1986). Конфликтілерді  бөліп  көрсетеді.

5. Тұлғаішілік  конфликтілер  қоршаған  орта, оның ішінде  әлеуметтік орта тұлғасына  ықпалын тигізбей  пайда болмайтындығы  баршаға мәлім. «Таза», тек қана ішкі әрекеттер себебіне  байланысты  пайда  болатын  тұлғаішілік конфликтілер жоқ.

Конфликт  негізінде  жатқан  қайшылықтардың   табиғатына  сүйене  отырып,  оларды екі  топқа  бөлуге  болады:

1. Адамға қатысты  сыртқы  обьективті  қайшылықтардың  ішкі  әлемге  өту  нәтижесі ретінде  пайда  болатын  тұлғаішілік  конфликтілер  (мотивациялық, адаптациялық, конфликтілер және т.б.)

2. Тұлғаның  қоршаған  ортаға  қатынасын көрсететін, ішкі  жан – дүниесінің (ішкі әлемінің)  қайшылықтарынан  пайда  болатын  тұлғаішілік   конфликтілер (мотивациялық  конфликтілер, адекватты  емес  өзін-өзі   бағалау  конфликтісі). Е.Донченко  мен  Т.Титаренко (1989) психологиялық  қайшылықтар   дамуының  үш деңгейін  бөліп  көрсетеді:

- тұлғаның  ішкі  жан  дүниесінің  психологиялық  тепе- теңдігі;

- тепе- теңдіктің  бұзылуы, іс әрекеттің  негізгі  түрлерінің  шиелінісуі, қиындауы, психологиялық  дискомфортты  жұмысқа проекциялау, қоршағандармен  қарым-қатынас (тұлғаішілік  конфликт);

- жоспар мен   бағдарламаларды  жүзеге  асырудың  мүмкін  болмауы, «өмірдің үзілуі», қайшылық (өмірлік  дағдарыс) жойылмайынша, өз өмірлік  функцияларын  атқарудың  мүмкін  еместігі.

Осы  деңгейлердің  әрбіреуінде  қайшылықтарды  шешу  мүмкін  болады. Бұл мүмкіндік адамның  қалыпты  өмір  сүруіне  не  қажеттігіне, оның  қандай мұқтаждықтарына  орындалмау қаупі төніп  тұрғандығына байланысты  былай болуы да мүмкін; яғни адам  бүкіл өмірін  қарапайым  қажеттіліктерді қанағаттандыруға  арнай отырып, ішіп-жедік, енді ұйықтауға  болады: ұйықтадық, енді ішіп-жеуге  болады  сызбасы  бойынша өмір сүре  отырып  тұлғаішілік- конфликтіге дейін  жетпейді. Бірақ  көбінесе  қайшылық  ары қарай  дамиды, ішкі конфликтіге ұласады. Неге былай  болады?

Тұлғаішілік конфликтілердің  салдарлары. Тұлғаішілік  конфликтінің   жағымды  және жағымсыз  салдарлары бар. Тұлғаішілік  конфликтілер  конструктивті (продуктивті,  оптимальді) және  деструктивті (адамның  тұлғалық  құрылымдарын  бұзушы).

Конструктивті болып дау-дамайға түсушілердің максимальды  дамуымен және  оны шешуге  максимальды  тұлғалық  шығындардың жұмсалуымен  сипатталатын  конфликт  табылады. Конструктивті  түрде  жеңуге болатын  тұлғаішілік  конфликт  тұлғалық  дамуды үйлестіру  механизмдердерінің  бірі болып  табылады.

Бала дамуының  ерте кезеңдерін талдай  отырып,  В.М.Афонькова (1974), Л.И.Божович (1981)  ішкі  конфликтілердің  психикалық  өмірді  қиындататын  оның  қызмет көрсетудің  жаңа  деңгейлеріне  өтуіне мүмкіндік  беретіндігін  атап  көрсетеді.

Қолайлы тұлғаішілік  конфликт моральдық  дамудың  негізгі  ретінде қарастырылады. Индивид ішкі тұлғалық   қайшылықтар  мен  конфликтілерді  шешу  негізінде  өзін тұлға ретінде ұғынады (Столин, 1983). Позитивті  түрде  шешілген  конфликтілер  мінезді, мінез-құлықтың  тұрақтылығын,  кездей –соқ  жағдайларға  тәуелсіздікті  шыңдайды, тұлғаның  тұрақты  бағыттылығының  қалыптасуына  мүмкіндік  береді. (В.С.Мерлин « психологиялық  конфликтілер  мінез-құлықтың  жаңа қырларын  қалыптастыруда  және  тұлғаны  түпкілікті  өзгертуде  маңызды  рөл  атқарады (1964) деп санады.

Тұлғаішілік  конфликт  өз  кезегінде  тұлғаның  өзін-өзі тануы  мен  өзін-өзі дамытуына көмектесетін  адекватты  өзін-өзі  бағалаудың  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.

Деструктивті  болып  өмірлік   дағдарыстарға ұласатын  немесе  невротикалық  реакциялардың  дамуына  әкелетін  тұлғаның ажырауын күшейтетін  тұлғаішілік  конфликтілер  табылады. Ұзаққа  созылған  тұлғаішілік  конфликт  іс-әрекеттің  нәтижелігіне  қауіп  төндіреді (Куценко, 1990). Орыс философы А.Бердяевтің ойынша,  «рефлексияшылдар мен сенімсіздер бұл өмірде белсенділік таныта алмайды, ол жауынгер де бола алмайды,- ол өзін әлсіздендіретін ажырауға толығымен берілген, ол өмірге ықпал ететін белсенді, шығармашылық күшке сенімсіз...Рефлексия, ажырау, сенімсіздік қажеттіліктер өмірінің көпжақтылығына бейімделу деген сөз. Сенімсіздік күйі тәуелділік» (1916).

Ұзаққа  созылатын  ішкі  конфликтілер   тұлғаның  дамуын  тежеуі мүмкін. Л.И.Божович, «... үнемі  ішкі  конфликтілерге  топ  болатын  адам  мінез- құлықтың  тұрақсыздығымен,  сенімсіздікпен,  сапалы  түрде  қабылдаған   мақсаттарға  жетуге  қабілетсіздікпен  ерекшелінеді, яғни, ол  адамда  психологиялық  түрде  кемеліне  келген  тұлғаның   сипаттамасына  кіретін  ерекшеліктер  болмайды»(1981)

Жиі  болатын  тұлғаішілік  конфликтілер  адамның  өз  күштеріне   сенімділігін  жоғалтуға,  кемшілікті  сезінудің  тұрақты  комплексінің  қалыптасуына,  ал  кейде- өмірдің   мағынасын  жоғалтуға  әкеп  соқтыруы  мүмкін.

Шиелініскен  тұлғаішілік  конфликтілер, әдеттегідей,  жанұядағы,  жұмыстағы  тұлғааралық  қатынастардың  деструкциясына  душар  етеді. Олар  тым жоғары агрессивтіліктің,  мазасызданудың,  қарым-қатынастағы  ашушандылықтың  себебі  болуы  мүмкін.

Тұлғаішілік  конфликтінің  невротикалық  конфликтіге  ұласуы проблемасына  ерекше  тоқталу қажет. Конфликтіге  тән уайымдар тұлға  қатынастарының  жүйесінен  басты  орын алған  жағдайда, аурулардың  көзі  болады. Адам   конфликтіні  патогенді  күштену  жойылатындай  және  қалыптасқан   жағдайдан шығудың  рационалды  жолы  табылатындай  етіп  өзгерте алмайды. Мұндай  конфликт  адам  өмірінде  жетекші  орын   алады, оған  шешілмейтіндей  болып  көрінеді және ұзаққа  созыла  отырып,  қайшылықтарды  шиеленістіретін, тұрақсыздық пен   әсерленгіштікті   жоғарылатын, уайымдарды  тереңдететін  және  бірдемені  күйзеле  бастан  кешіретін,  өнімділік пен  өзін-өзі  басқаруды  төмендететін  аффективті  күштенуді  туғызады.

В.Н.Мясищев  (1960) невротикалық   конфликтілердің  дамуының  ішкі  механизмдерін  есепке  ала  отырып,  классифлкациясын  жасады. Ол истериялық, обсессивті- психастеникалық  және  невроастеникалық типтегі  конфликтілерді  сипаттайды.

Бірінші типі  тұлғаның  обьективті жағдайларды  немесе  қоршағандардың    талаптарын  жете бағалай  алмауына  байланысты  тым жоғары қоятын талаптарымен  сипатталады.

Екінші  типі  өзіндік қажеттіліктердің  қайшылықтарымен, тілек пен  борыш, міндет арасындағы моральдық  принциптер мен  жеке  құштарлықтар  арасындағы тартыспен  сипатталады.

Үшінші  типтегі конфликт невроастениялы тұлғаның   мүмкіндіктері  мен  оның  өзіне қоятын  тым  жоғары талаптары  арасындағы қойшылық  болып  табылады. Мұндай  жағдайларда  индивидтің  өз-өзіне  бағытталған  агрессивті әрекеттері мысалы: суицидальді әрекеттер болып  табылатын  аутоагрессияның пайда  болуы  мүмкін.

Әлеуметтік конфликт. Әлеуметтік конфликт дегеніміз –  әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз  эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды  шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет  жасап, бірақ бұл кезде  бір-біріне  жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе  керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными).

Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.

Конфликт  психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: тұлғаішілік конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер.

Конфликт психологияның орталық обьектісі - әлеуметтік конфликтілер ал олардың ядросы – тұлғааралық конфликтілер болып табылады. Басқа әлеуметтік конфликтілермен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылытын тұлғааралық конфликтілерді зерттеу конфликтілі өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін.Психикада болып жатқан  және адамның конфликтілі мінез-құлқын анықтайтын процестерді зерттемей әлеуметтік конфликтілердің мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.

Отандық психологияда әр түрлі конфликтіні зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты.Еңбектердің 83 %-ке жуығы тұлғааралық конфликтілерді зерттеу болып келеді.Ішкітұлғалақ конфликтілерге 8%-ке жуық публикациялар арналған. Шағын , орта және үлкен топтар арасындағы конфликтілердің, халықаралық конфликтілердің психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ ресей психологтары адамзаттың әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі және қатынастар сфераларындағы конфликтілерді зерттейді:

-әлеуметтік конфликтінің  түрі; обьектісі, еңбек қатынастары  мен оларды қамтамасыз ету  шарттары болып табылатын 

-еңбек конфликтілері   ( Н.В.Гришина, Т.М.Данькова , С.И.Ерина, А.А. Ершов, А.Г. Ковалев және т.б.)

-ғылыми-зерттеу  ұжымдарындағы конфликтілері (А.Г. Аллахвердян, В.И. Антонюк,В.В.Бойко,М.А.Иванов, Г.А.Моченов)

-құқық қорғау органдары қызметіндегі конфликтілер (Б.Ф.Водолазский, В.В.Волков, М.Л.Гутерман, Л.Я.Драпкин, Е.В.Евменова)

-әскери ұжымдардағы  конфликтілер (А.Я.Анцупов, Е.Г.Баранов, В.П. Галицкий, М.П.Крапивин, Ю.А.Канатаев, И.А.Ламанов, Ю.И.Мягков, В.В. Синеок, Н.Ф. Феденко, А.И. Шипилов)

-спорттағы конфликтілер (Г.Д.Бабушкин, А.С.Горбатенко, Н.В. Крогиус, В.Н. Петровский, Е.И. Рогов және т.б.)

-сотталғандар  арасындағы конфликтілер (А.Д.Глоточкин, А.В. Дулов, В.Ф. Пирожков, А.Н.Сухов)

-педагогикалық  іс-әрекеттегі конфликтілер (Б.С.Алишев, И.М.Вереникина, Э.И.Киршбаум, М.М.Рыбакова, Л.В.Симонова және т.б.)

-жанұя –некелік қатынастардағы конфликтілер (В.Владин, Д.Капустин, Г.А. Навайтис, А.И.Тащева, А.И.Ушатиков, С.Г.Шуман және т.б.)

Конфликтілер тұлға әлеуметтенуінің әр түрлі кезеңдерінде зерттеледі : 

-Мектепкке дейінгі  шақта (Б.П.Жизневский, Я.Л.Коломинский, А.А.Рояк, Т.И.Юфеорва және т.б.)

-мектеп жасында (В.М.Афонькова, Н.В.Жутикова, Л.С.Славина, М.М.Хвиль, Б.А.Шульгина, С.Г.Якобсон және т.б.)

жасөспірімдік кезеңде (Т.В.Драгунова, И.А.Ламанов,Е.В.Первышева, С.Н.Хоружий және т.б.)

-жас студенттер  топтарында (В.М.Басова, В.В.Новиков, А.И.Шкиль және т.б.)

Топаралық конфликт.

Соңғы  онжылдықта топаралық  конфликтілер  біздің  қоғамдық өмірдің  күнделікті  құбылысына айналды. Көп жағдайда топаралық  конфликтіліктің  жандануының  арқасында Ресейде конфликтология  жылдам  дами  бастады. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және  үлкен еңбек  ұжымдары, этникалық  топтар мен басқа да ірі бірлестіктер: әлеуметтік топтар  мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен  бұқаралық қозғалыстар. Осындай  конфликтілердің  әртүрлігіне  қарамастан, олар әдетте  пайда болу мен дамудың  бірыңғай  механизімдеріне ие.

Информация о работе Қарым-қатынас туралы түсінік