Қарым-қатынас туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 10:34, лекция

Описание работы

Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қарым-қатынас .doc

— 534.50 Кб (Скачать файл)

Коммуникативті жанасулардың көптеген түрлерінің ішінде қол алысудың мәні үлкен.

Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды: тең құқылы, өктем етуші, елгезек (тіл алушы).

Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке).

Өктем етуші қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақанды төмен, әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады. 

Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі) серіктестің өктемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.

Қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін праксемика деген ғылыми аумақ зерттейді (ағылшынның proxiti - жақындық).

Тұлғааралық кеңістік зоналарға бөлінеді:

Сырластық зонасы (0-45 см) жақын адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған (жақындармен, сүйіктілермен). Бұл зонаға қарым-қатынас жасау үшін сенімділік, тактильдік байланыс пен жәй сөйлеу тән.

Жеке зона (45-120 см) жақсы таныс адамдармен қарым-қатынас жасауға арналады (достармен, ұжымда істескен адамдармен)

Әлеуметтік зона (120-400 см) іскерлік қарым-қатынасты жүргізу үшін аз таныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған. Бастықпен оның қол астында жұмыс істейтіндермен қарым-қатынас жасағанда әлеуметтік зонаны пайдаланады. Түрлі кездесулер жасау үшін пайдаланылады.

Көпшілік зонасы (400 см, жоғары) үлкен аудиторияларда қарым-қатынас жасару үшін арналған. Қарым-қатынас серіктерінің бірінің коммуникативті арақашықтықты бұзуы қарым-қатынастың психологиялық жағдайының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

.

Вербальды емес қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

“Сыйлық” жаттығуы. Әрбір ойыншы сөзсіз қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы туылған күнін тойлаушы адамға қандай сыйлық “сыйлайтынын” көрсетеді, ал қалғандары оның не екендігін табуға тырысады.

“Хабарландыру” жаттығуы

Ойыншылар екі адамнан жұптасады. Әркім сөзсіз қимыл-қозғалыс арқылы өзінің серіктесіне қандай да бір хабар айтуы керек, ал ол болса қандай хабар айтатындығы туралы айтып беруі керек. Содан кейін рөлдер ауысады.

«Нысанашы» жаттығуы

Ойыншылар екі топқа бөлінеді, әрбір топ жеке қағаздарға бірнеше сөз жазады. Содан кейін қарсы топтың бір ойыншысын шақырып «сөздердің» біреуін оқып қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы сол сөздің мағынасын көрсету ұсынылады. Команда сол сөзді тапқаннан кейінекінші топтың бір ойыншысы шақырылады. Қай команданың тура және дұрыс тапқаны салыстырылады.

«Сезімдерді беру». Ойыншылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Бірінші ойыншы екіншісіне қарап ым-ишара арқылы қандай да бір сезім көрсетеді (қуаныш, реніш, таң қалу, қайғы, т.б.). Екіншісі тура сол сезімді үшіншісіне береді, т.б. Ең соңғы ойыншыдан оның қандай сезім (эмоцияны)қабылдап алғанын сұраймыз және басында қандадй сезім берілгендігі туралы бірінші ойыншыдан анықтаймыз.

Қарым-қатынастың өзара әрекеттестік қызметі (интерактивті жағы).

Қарым-қатынасқа түсетін кезде, я болмаса басқа дамға сұрақпен, бұйрықпен, бір нәрсені түсіндіру немесе суреттеу кезінде адамдар өз алдына басқа адамға ықпал ету мақсатын қояды. Яғни, одан өзіне керекті жауап алу үшін, тапсырманы орындату үшін, осы күнге дейін түсінбегенін түсіну үшін басқа адамға ықпал етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерін бейнелендіреді. Бұл жерде қарым-қатынас тұлғааралық әрекеттестік ретінде, яғни адамдардың бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасатын байланыстар және өзара ықпал ету жиынтығы ретінде шығады.

Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайында өтеді. Әлеуметтік норма негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік норма дегеніміз – қоғамда қабылданған мінез-құлық үлгілері. Қоғам әлеуметтік норма ретінде өзі қабылдаған , қолдау көрсеткен, таратқан және әр адамнан күтетін мінез-құлық үлгілерінің ерекше жүйесі. Оларды бұзу нормадан ауытқыған мінез-құлықты жөндеуді, түзетуді қамтамасыз ететін әлеуметтік бақылау механизмдерін қосады (сынау, жазалау, жақтырмау). Өзара әрекеттестік процесін де әлеуметтік бақылалу қарым-қатынас жасаушы адамдардың “орындаған” рөлдер репертуарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Психология ғылымында роль деп әркімнің сол әлеуметтік позицияны алатын,әркімнен қоршағандардың күтетін нормативті қолдаған мінез-құлық үлгісін айтамыз (қызметі бойынша, жас және жыныстық ерекшелік бойынша, отбасында алатын орнына, т.б. байланысты). Бір адамның өзі әр түрлі қарым-қатынас ситуациясында әр түрлі рөлдерді орындайды. Мысалы, адам қызмет бабы бойынша директор бола тұрса да, ауырып қалғанда ауруддың рөлін ойнайды. Рөлдік позициялардың көптігі олардың қақтығысып қалуын, яғни, рөлдік конфликтілерге әкелуі мүмкін. Мысалы, мұғалім өз баласының мінезіндегі кемшіліктерді біле тұра, қаталдау болу керек екенін біледі, бірақ оның анасы ретінде ол кей кезде әлсіздік білдіріп, осы жағымсыз қасиеттердің бекіп қалуына ықпал етеді. Әр түрлі рөлдерді орындайтын адамдардың өзара әрекет етуі рөлдік күтулермен басқарылады. Істегісі келе ме, жоқ па бірақ адам қоршағандардың одан үлгіге сәйкес мінез-құлық күтеді.

Соынмен, қарым-қатынас процесінің табысты болуының қажетті шарты болып өзара әрекет етуші адамдардың бір-бірінен күтетін мінез-құлқының сәйкестігі табылады.

       Қарым-қатынастың  интреактивті жағы – адамаралық  қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен  әрекеттесуімен байланысты аспектілерін  белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.

       Қарым-қатынастың  осы жағын сипаттағанада жеке  адамаралық қарым-қатынастың түрлерін  талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің  әрекеттесудің қай түрін таңдауға  итермелейтін мотивтерін де қарастыру  керек.

      Тұлғааралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады:

      Әр түрлі  зерттеулерде, адамның басқа адамдармен  қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше  маңызды әлеуметтік мотивтер  айқындалған.

  1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві);
  2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);
  3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция);
  4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);
  5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
  6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).

Әр түрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін әрекеттесуді координат жүйесінде (1-сурет) тұрғызуға болады.

 

    У осінде - өз  мақсаттарына, Х осінде басқалардың  мақсаттарына

бағытталған әрекеттесу стратегиялары тұрғызылған. Әрбір шкалада максимум (ең жоғарғы) және минимум (ең төменгі) бағытталу деңгейлері анықталады. Бастапқы әлеуметтік мотивацияға байланысты қатынасушылардың (әрекетке түсушілер) бес негізгі стратегиясын белгілеп көрсетуге болады.

          Қ нүктесі «қарсы әрекет» (бақталастық, конкуренция) толығымен өз мақсатына  бағытталу.

А нүктесі – аластаушылық, басқаның жетістігін төмендету мақсатымен, өз мақсатын жоғарылату (индивидуализм, агрессия).

К нүктесі «көнгіштік» стратегиясын көрсетеді (альтруизм мотиві). Бұл жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүддесіне айырбастайды (көндіреді).

Ы нүктесі – ымыраға келу (компромисс), жетістіктер арасындағы айырмашылықты неғұрлым төмендету. Шартты теңдікке жету үшін өз мақсаттарын толық іске асырмау (теңдік).

Б нүктесі – бірлескен әрекет (ынтымақтастық) әрбір қатынасушының мүддесін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда әлеуметтік мотивтердің екеуінің біреуі (кооперация мен бәсекелестік) іске асырылады.

Соңғы стратегияны әрекеттесу нәтижелілігі тұрғысынан да, әрекеттесушілердің өзара қарым-қатынасы мен өзін сезінуі тұрғысынан да ең нәтижелісі деп қарастыруға болады. Сонымен бірге іске асырылуы тұрғысынан ең қиыны, себебі қарым-қатынасқа түсушілерден, басқаның мүддесін түсіне білу, туындайтын қарам-қайшылықтарды шеше білу талап етіледі. Көбінесе, адамдарды бірлескен әрекет жасатуға үйрету, белсенді әлеуметтік-психологиялық біліммен қаруландыру әдістері арқылы шешілетін дербес психологиялық міндет.

Әрекеттесу процесінің маңызды сипататмаларын қарастырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселен, Т. Парсонс  теориясы бойынша, әрекеттесудің әрбір бөлек актісінің мынандай элементтері бар: а) әрекет етуші; ә) «басқа обьект» (әрекет бағытталған обьект); б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы); в) құндылықтар (әрбір әрекеттсушінің қабылдағандары); г) ситуация – жағдай (әрекет жасалынатын кездегі). Бұл өте «абстрактылы» теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды.

Екінші бір түрі, әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Поляк социологы Я. Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В. Н. Панферов та (1987) қарастырады.

Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактылы талдауда – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн, 1988). Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактылы талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады (2 схема).

Шартты түрде бұл позицияларды – Ата-ана, Ересек, Бала деп делгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы «Қалаймын!», Ата-ана позициясы «Керек!», Ересек позициясы «Қалаймын» мен «Керектің» бірлесуі.

Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: ритуалды (салт-жоралары), манипулятивті және гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді. Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте «Хал қалай?» дегенде «өте жақсы» деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде «аралық» стиль қалыптасқан. Қазақтар көбіне «жаман емес», «орташа», «жайлап жүріп жатырмыз» деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеушілік туындауы мүмкін. Манипулятивті және гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік психологиядағы өздігінен үлкен проблема болып есептеледі.

Әрекеттесудің инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р. Бейлс 4 категорияның көмегімен көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы, негативті (теріс) эмоциялар аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды қою аймақтары. Өз кезегінде әрбір категория бірнеше  маңызды көріністермен айқындалады (схема түрінде 2-суретте көрсетілген).

 

 

 

Әрекеттесуді талдау категориясы

Маңызды мінез-құлықтық көріністер

Оң эмоциялар аймағы

Ынтымақтастық, шиеленісті шешу, келісім

Проблеманы шешу аймағы

Ұсыныс, нұсқау, пікір басқалардың бағдары

Проблема қою аймағы

Мәлімет туралы өтініш, пікір айтуға ұсыныс, нұсқауға ұсыныс

Теріс эмоциялар аймағы

Келіспеушілік, шиеленіс тудыру, қарама-қарсылық көрсету


 

2 сурет. Әрекеттесудің сипаттамалары

 

Нақты әсерлесу барысында әрбір категориялық көрінуінің жиілігі мен формасын тіркеп жазып отырып, оның ерекшеліктерін түсінуге болады. Мысалы, қарым-қатынас қандай сферада өтуде, неге бағытталған, қатысушылардың өздерін ұстауы үйлесімді болды ма, әлде бір-бірінен алыстауға бағытталды ма, тағы сол сияқтылар. Осындай ерекшеліктер педагогтық әсерлесу барысында да көрініс береді (мысалы, сабақ үстінде мұғалім мен оқушы).

 

 

Қарым-қатынастағы конфликт.

Конфликт туралы түсінік. Конфликтінің түрлері.

 

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.

Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы  позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.

Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының  қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу.

Информация о работе Қарым-қатынас туралы түсінік