Қарым-қатынас туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 10:34, лекция

Описание работы

Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қарым-қатынас .doc

— 534.50 Кб (Скачать файл)

Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда адамзат тарихында көп кейін пайда болды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты алшақ ораласқан адамдар арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктердің нәтижесі ретінде пайда болды және пиктографиядан дамып шықты (ол кезде қазіргі жазу пайда болғанға дейін ойлар шартты схемалық суреттер арқылы берілді, мыңдаған сөздер бірнеше ондаған әріптердің көмегімен жазылды).

Жазу арқылы адамдардың жинаған тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа қолайлы түрде жеткізу мүмкін болды, өйткені оларды ауызша сөйлеудің көмегімен беру кезінде ол бұрмалануы, өзгеруі, тіпті ізсіз жоғалып кетуі мүмкін. Жазбаша сөйлеу ғылымда пайдаланылатын күрделі таңдауларды дамытуда, көркем бейнелерді беруде маңызды рөл атқарады. Жазу мен оқу мектепте баланың ақыл-ой горизонтын кеңейтеді және білімдерді меңгеру мен хабарлаудың маңызды құралы болып табылады. Жазбаша сөйлеуді пайдалану барынша дұрыс тұжырымдамалар жасау, логика мен грамматика ережелерін қатаң сақтау, ой мазмұнының терең болу қажеттілігін туғызады.

Сөйлеу механизмі. Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақтымазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2 сигнал жүйесі, бұл – адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И.П: Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар.Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау, елес, процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші – танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.

Сөйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П. Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын анықтаған. П. Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К. Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835-1911ж.) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П. К. Анохин, Н.А. Бернштейн, А.Р. Лурия, А.Н. леонтьев, Д.Н. Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П.К. Анохин сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі – Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырадды.

Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасатыны жөнінде айтуға болады.Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.

Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдануына байланысты. Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлық болып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А.Р. Лурия еді. «Афазия» деген грек сөзінің мәнісі – мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдармен қарым-қатынасындағы сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің мұндай кемістігінің түрлері әр қилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.

Афференттік қозғалыс афазиясы – сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия - әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісін түсінбейді.

Сөйлеуде кездесетін афазиялық кемістіктердің бәрі де – жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінің кім екенін де аңғара алмай, әр түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс.

Сонымен6 сөйлеу өте күрделі қызмет болғандықтан, сөйлеу іс-әрекеті үш түрлі орталықпен қамтамасыз етіледі.

      1. Броктың сөйлеу қозғалыс орталығы. (Бұл орталық зақымданған жағдайда адам дыбыстарды ести алғанымен ауызша сөйлеу жойылады).
      2. Верникенің есту сөйлеу орталығы басқалардың сөзін есту және түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. (Бұл орталық зақымданған жағдайда адам басқа адамның сөзін түсінбейді). 
      3. Детериннің көру сөйлеу орталығы немесе оқу немесе жазбаша сөйлеу орталығы. (Бұл орталық зақымданған жағдайда оқу қабілетінің жоғалуы байқалады).

Сөйлеу орталықтары сол жақ ми жарты шарларында орналасқан (оң жақ ми жарты шары бұл мағынада «мылқау немесе сақау» және «саңырау» болып табылады). Оң және сол жақ атқаратын қызметіне қарай мидың оң және сол жақ ми жарты шарлары симметриялы болмайды (сол жақ ми жарты шары – дененің оң жағын басқарады және керісінше).

«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей емес. Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолдванып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса, осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғңни, дыбыс қоры және сөздік қоры сондай-ақ, грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесі процесінде пайда болады, сөйтіп, адам дайын тілді игереді.

Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор екендігін К. Маркс бір сөзбен ғана түйіндеп, «Тіл – сананың жиынтығы» дейді. Ал, қазақ психологы М.Мұқанов: «Ой – жолаушы, тіл – көлік, адамның басы - станция» деп бейнелік сөздермен өте керемет өрнектеп кеткен.

Тіл – қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Карталар, сызулар, есептеу құралдары сияқты т.б. шартты белгілермен бірге ол да психологиялық құрал болып табылады. Өйткені, сол белгілердің барлығы обьективтік шындықты біздің санамызда әр алуан таңбалармен бейнелеп, олардың сыр-сипатын, мән-жайын білдіреді. Осы бағытта қарастырғанда тілдің өзі, сөздердің бәрі – таңба, заттар мен құбылыстардың белгісі.

 

 

 

 

 

Вербальды емес қарым-қатынас қызметі.

Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар. Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.

Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.

Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.

  Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).

Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)

Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу, қыңқылдау, т.б.).

Проксемикалық құралдар – қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.

Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т.б.

Коммуникативті техникалар – қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін дәл құрастыру, контакт орнату, басқанны түсіну, хабар мен эмоцияларды жеткізу, өзараәрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту, т.б.). Айтылған техникалар вербальдық және вербальдық емес болып бөлінеді.

Вербальды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинестикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.

Кинесика – адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара, қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак жасау) шығады.

Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен роль адамның ішкі эмоциялық жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге байланысты. Адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу, ашу-ыза, қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар (махаббат, қуану, т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз эмоциялар (ашу, жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе пішінінің шамалы ғана өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту мүмкіндіктері бар. Мысалы, Л.Н. Толстой күлкінің 97 түрлі реңін айырып жазған.

Адамның көзі ым-ишара бұлшықеттерінің жұмысымен тығыз бірлікте қызмет етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің маңайындағы бұлшықеттердің жұмысын басқара аламайды. Қарым-қатынас серігінің шынайы сезімдері мен ой-толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы көз болып табылады. Мысалы, егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен әңгіменің үштен бір бөлігінен аз уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір хабарды жасырғысы келетіні немесе өзін кінәлі сезінетіні немесе ұят, сенімсіздік білдіретіні анықталды.

Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар (басқарушы, лидер) қарым-қатынас серігне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген. Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс «алфавитін», «грамматикасын» білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға алынады. 

Вербальдық емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А. Пиц, Дж. Ниренберг және Г. Калеро қимыл-қозғалыстардың толық классификациясын береді.

1. «Ашық қимыл-қозғалыстар» және «сенім, ықылас қимыл-қозғалыстары» алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қандай да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен ерекшеленеді, қолды кеудеге қою мен серіктесіне қолды тигізумен ерекшеленеді. Мұндай қимыл-қозғалыстар серіктестің психологиялық ашықтығы мен адалдығын дәлелдеп, оның тең құқылы өзара әрекеттесуге дайын екендігін көрсетеді.

2. «Жабық қимыл-қозғалыстар» немесе «адал емес қимыл-қозғалыстар» жоғарыда суреттелген. Олар қарым-қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар екендігін көрсетедеі, серіктестің қарама-қайшы психологиялық міндеттерді шешкелі тұрғандығын көрсетеді.

3. «Бағаладу қимыл-қозғалыстары» (иекті қасу, сұқ саусақты беттің бойымен созу, тұрып ары-бері жүру және т.б.) серіктестің сенімсіздік білдіріп тұрғандығын көрсетеді.

4. «Сенімділік қимыл-қозғалыстары» (орындықта отырып ары-бері теңселу, саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу) серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы, жайлы сезініп тұрғанын және өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын көрсетеді. 

5. «өзіне сенімсіздік және шыдамсыздық (неврозность) қимыл-қозғалыстары» (қол саусақтарын алйқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен үстелдің бетін ұру және т.б.).

6. «Күту қимыл-қозғалыстары» алақандарды үйкелеу, ылғал алақандарды матаға сүрту, т.б.

7. «Мойындамау (отрицание) қимыл-қозғалыстары» (денені артқа еңкейту, қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу және т.б.) серіктестің сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді және фактілер мен дәлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді.

Такесика – адам психикасының көріністерін серіктестердің жанасуын зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық жақындығының деңгейін және статустық-ролдік бағытын бейнелейді.

Информация о работе Қарым-қатынас туралы түсінік