Қарым-қатынас туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 10:34, лекция

Описание работы

Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қарым-қатынас .doc

— 534.50 Кб (Скачать файл)

      Түсініспеушілік  барьерлерінің бірнеше түрлері болады:

      1) фонетикалық барьер жатады. Әр түрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция), тілдің граматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады.

      2) семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әр түрлі жаргондар, слэнгтер. Әр түрлі ортаның өзіне тән «мини-тілі» болады. Өздерінің қалжыңдары, тілінің оралымдары, т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.

      3) стилистикалық барьер – коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.

       Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты, түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезінеп, соған байланысты өзгерістер енгізуі қажет.

      4) логикалық барьер коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», «балалар логикасы», т.б. логикалар туралы айтуға болады.

       Қарым-қатынастағы  әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге  саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес.

       Вербалды (сөз арқылы) деңгейінде (негізгі) –  тіл пайдаланыады. Сонымен қатар  вербалды емес жүйелер де пайдаланылады: оларға оптикалық-кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық-кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түрі және әсерлі қимыл-қозғалыстары, ым ишараттары, мимикасы, отырыс-тұрысы, жүрісі, т.б. жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамның сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осыларға көңіл аударамыз.

       Акустикалық  жүйеге сонымен бірге коммуникатордың  дауысының сапасын (тембрі, биіктігі, қаттылығы), интонация, сөйлеу темпі, дауыс екпіні және әр түрлі сөз арасындағы үзілістер (пауза), жөтелістер, күлкілері, т.б. жатқызады.

       Және  де коммуникативті процестің  кеңістікте, уақытта уайымдастырылуы  да маңызды. Қарама-қарсы отыру  – дұрыс контакт, сыртынан айқайлау, керісінше бұрыс контакт болып есептелінеді.

       Сонымен  бірге тиімді тыңдай білу техникасы  да маңызды. «Есту» және «тыңдау»  күрделі еріктік процесс, зейін  қойып, өз проблемасын ұмытып, өзгенің  проблемасына тереңдей білу әрқашанда  бола бермейді.

       Тиімді  тыңдаудың екі түрі бар: зейін  қойып үндемей тыңдау – басын изеу, мимикалық реакциялар, көз контактысы, зейінін бөлудің әр түрлі фазалары. Кейде «Иә-иә» деген сөздерді айту немесе соңғы сөздерді қайталау да қолданылады. Екінші түрі рефлексивті тыңдау, әр түрлі сұрақтар арқылы, сөйлесушінің сөздерін басқаша айту, бір ойды басқа сөздермен жеткізу (парафраз), қорытындылау, аралық қорытындыларды айтып беру.

Қарым-қатынас және тіл.

Қарым-қатынасты жалпыны өндіру, өзара әрекет ету мен бірлескен іс-әрекет процесінде адамдарды біріктіру ретінде түсіну,  бұл жалпының ең алдымен қарым-қатынас құралы ретінде тіл болып табылатындығын жорамалдайды.

Тіл қарым-қатынасқа түсушілер арасында коммуникацияны қамтамасыз етеді, өйткені хабарды айтушы (хабарды сөз мағынасында кодтайды) және сол хабарды қабылдаушы декодировка жасайды, яғни сол мағыналарды ашып, сол хабардың негізінде өзінің мінез-құлқын өзгертуі қажет.

Ақпаратты басқа адамға беруші адам (коммуникатор) және оны қабылдайтын адам (реципиент) қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекет мақсаттарын іске асыру үшін мәндер кодификациясы мен декодификациясының бір жүйесін пайдалануы, яғни «бір тілде» сөйлеуі тиіс. Егер коммуникатор мен реципиент кодификацияның әр түрлі жүйесін пайдаланса, онда олар өзара түсіністік пен бірлескен іс-әрекет табысына қол жеткізе алмайды. Егер қолданылған белгілер (сөздер, жесттар, иероглифтер және т.с.с.) арқылы бекіген мәндер қарым-қатынасқа түсуші адамдарға таныс болса ғана, ақпарат алмасу мүмкін болады.

Мән (мағына) – бұл қоршаған болмысты тануға көмектесетін элемент ретіндегі белгінің, таңбаның мазмұндық жағы. Құрал арқылы адамдардың еңбек іс-әрекеті іске асады, белгілер (таңбалар) олардың танымдық іс-әрекеті мен қарым-қатынасын жүзеге асырады.

Сөздік белгілер жүйесі қоғамдық тарихи тәжірибені меңгеру және беру құралы ретіндегі тілді құрайды.

Тіл қоғамдық тәжірибені жинау мен беру құралы ретінде еңбек процесінде пайда болды және қоғам тапқа бөлінбей тұрған кезеңде дами бастады. Айтарлықтай маңызды ақпараттарды бір-біріне беру үшін адамдар белгілі бір мағынаны құрайтын ыбыстарды пайдалана бастады.

Қарым-қатынас кезінде дыбыстарды пайдалану әсіресе, адамдардың қолдары еңбек заттары мен құралдарынан босамай, ал көздері сол заттарға қадалған жағдайларда қолайлы болды. Дыбыстар арқылы ойларын жеткізу сондай-ақ, қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы қашықтық айтарлықтай болған жағдайда, қараңғыда, тұманда ыңғайлы болды.

Тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау арқылы жеке адамның миындағы әлемнің бейнесі басқа адамдардың миында бейнеленетін немесе бейнеленіп қойғандармен толығып отырады – ойлармен алмасу, ақпараттармен алмасу.

Сөздің белгілі бір мағынасы, яғни заттық әлемге қатысы болады. Мәндер (мағыналар) жүйесі адамның бүкіл өмірінің барысында дамып және байып отырады, оның мақсаттытүрде қалыптасуы – орта, сондай-ақ жоғары білімінің орталық звеносы.

Вербалды қарым-қатынас техникасы

Вербалды емес қарым – қатынас жүйесі өте маңызды болғанымен , ол тек ойды айқындап, нақтылайды және нақты бір ақпаратты эмоция арқылы білдіреді.

Ал вербалды қарым – қатынас құрамы күрделі болып табылады.

Лексика (гр "lekikos" – сөздік) – бір тілде барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Оны сөздік құрам деп те атайды.

Фразеология (гр"phrasis" – сөздік манерасы) тұрақты сөз тіркесі.

Грамматика (гр"gramma" - әріп жазу) – тіл құрамы, тіл формаларының жүйесі, сөз айтудың әдісі, синтаксистік конструкция тіл қарым-қатынасының негізін құраушы.

Синтаксис (гр "syntaxis" – орын тәртіп құру) – сөз, сөз тіркесін сөйлем құрастырудың тәсілі.

Дикция (лат "dictio" – оқылу, айтылу) – сөздердің оқылу және айтылу манерасы.

 

Вербалды коммуникация жүйесі


 

Грамматика




Лексика




 

 

 

Морфология




Фразеология




 

Сөз құрамы




Таңдау дағдысы




Синтаксис




Дикция




 

 

 

 

Сөйлеу қарым-қатынасы тек сөйлеу ғана емес. Ол ойды нақтылап сөз, сөйлем арқылы жеткізуінің күрделі түрі. Ол яғни қарым-қатынасқа дәл сөз тауып, одан сөйлем құрау, сөйлеу, серіктес адамды тыңдау, оның ойын, ұстанымын айқындау тағы басқа.

      Тілді білу ол барлық сөйлеу қарым-қатынасының мәдениетін ұйғарады, ойды жинақтау дағдысы серіктес адамға түсінікті ету жеткізе білу, оның реакциясына уақытында жауап қайтару, серіктесін сендіру.

      Сөйлеу қарым-қатынасының мәдениетінде тіл сөзді кең, нақты, мәнерлі, мағыналы етіп жеткізу үшін қолданады. Ол лексикалық, грамматикалық. Фонетикалық мәдениетінен тұрады.

       Лексикалық мәдениет адамның сөз байлығын, қолданатын сөздердің нақтылығын, мәнерлігін көрсетеді.

       Грамматикалық мәдениет сөздің толық, нақты етіп құрылым көрсетеді.

       Фонетикалық мәдениет сөздің дұрыс оқылуы және нақты дикциясы арқылы серіктесіне ойдың мағынасын жеткізу.

      Адамның қазіргі лексикасы сөйлеу қарым-қатынас мәдениетінде оның ой толғауы мен өмірлік  тәжірибесіне оның дұрыс емес, төменгі профессионалдық лексикасын жағысмыз қабылдауы мүмкін.

       Сөйлеу қарым-қатынас процесінде барлығы маңызды: серіктесіне қалай үндеу, әңгіменің басында   және аяғында не айтылуы, ойды білдіруге қолданылатын сөздер т.б.

       Кәсіпкер оның әріптесінің әңгімелесу барысында төменгі профессионалдық терминді қолдануына дайын болуы керек. Ол келе жатқан кездесудің тақырыбын, оның профессионалдық сөздігін білуді қажет етеді.

       Тәжірибенің көрсетуі бойынша қысқа әрі мағыналы сөздер өте оңай және нақты түсінік қабылданады.

   Іскерлік қарым-қатынаста  монолог және диалог сияқты  формаларын ажырта білу өте  қажет. Монолог негізінде серіктеске бағытталмаған. Ол ақпаратты, мәліметті жеткізуге арналған. Қарым-қатынас барысында монолог 20-50% коммуникациялық эффектісін беретінін есте сақтау керек. Бұл ақпарат әрекеті де орташа эффект береді және қайтарма байланысын міндет етпейді.

     Диалог эффектісі  маңыздырақ. Ол монолог пен белсенді  тыңдаудан тұрады. Сөйлесу қарым-қатынасының  осы екі түрі де жекеше, сондай  – ақ көпшілік әрекетінде қолданылады.

     Сөйлеу қарым-қатынас  эффектісі жоғарылату үшін арнайы  коммуникативтік техникаларды қолдану қажет.

     Вербалды коммуникативтік  техника – бұл ақпаратты монолог  және диалог әрекетімен жеткізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, түсінікті және белсенді тыңдаудың  қабілеті.

     Вербалды коммуникативтік  техниканы дұрыс қолдану үшін  серіктесінің актуалдық модальностін көрсететін тәсілдерді білуі керек. Модальность және техника жұмысының негізін түсіну үшін келесі жағдайды анықтау қажет. Адамның ой-санасы белгілі бір ортада қызмет ететіні белгілі. Адамның әс-әрекеті мен оның бұрынғы тәжірибесі, сондай-ақ ойдан құрастырған қиялдар мен есте сақталған бейнелер билейді.

     Сыртқы өмір  және ой-санамен үш модальность  арқылы әрекеттеседі – негізгі  бейнелер жүйесі, түйсіктер және  елестер: визуалдық (көру), аудиалдық (есту), кинестетикалық (сезу),

     Негізінде, адамның  ақпаратты қайта құрастыру барысында  модальностарының біреуі басты  болып келеді. Мұндай модальность  адамның басты репрезентивті  жүйесі деп аталады. Осыған байланысты  модальностер 3 группаға бөлінеді:

  • визуалдық (ақпаратты бейне ретінде қабылдау және қайта қарастыру)
  • аудиалдық (ақпаратты дыбыс және сөз ретінде қабылдау және қайта қарастыру)
  • кинестетикалық (ақпаратты түйсіну арқылы қабылдау және қайта қарастыру)

   Қарым-қатынаста ақпарат  нақты түрде беріледі, егер де  ақпарат серіктесінің модальностіне жақын, ұқсас термині қолданылса.

   Осыған байланысты  коммуникация қарым – қатынасты  ақпаратты дербес беру және  қабылдауы мәлімет ретінде көрсетіледі, вербалды және вербалды емес  жүйесінің визуалдық, аудиалдық, кинестетикалық, аудио-визуалдық, визуалды-кинестетикалық каналдар көмегімен беріледі. Коммуникациялық құралдар мен каналдардың икемді етіп пайдалануы қарым-қатынас әрекеттесуінің мақсатына әкеледі.

Вербальді коммуникация. Сөйлеу – бұл вербальді коммуникация, яғни тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Вербальді коммуникацияның құралы болып қоғамдық тәжірибеде белгілі бір мағынаны құрайтын сөздер табылады. Сөздер дауытап, іштей айтылуы, жазылуы мүмкін немесе естімейтін адамдарда олардың орнын мағына беретін ерекше ым-ишаралар, жесттар басуы мүмкін (дактиология деп аталады, онда әрбір әріп саусақ қозғалыстарымен белгіленеді және жесттік сөйлеу, мұнда жест тұтас бір сөздің немесе сөздер тобының орнын басады).

Сөйлеудің мынандай түрлері бар: жазбаша және ауызша сөйлеу, соңғысы өз кезегінде диалогтық және монологтық деп бөлінеді.

Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог, яғни қандай да бір мәселені бірлесіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің әңгімесі болып табылады. Ауызша сөйлеуге репликалар, әңгімелесушінің жекелеген сөздері мен фразаларын қайталау, сұрақтар қою, толықтырулар, сөйлеушіге ғана түсінікті намектарды қолдану, әр түрлі көмекші сөздер мен ??? тән. Бұл сөйлеудің ерекшелігі әңгімелесушілердің өзара түсінісу дәрежелеріне, олардың өзара қатынастарына тәуелді.Әңгімелесу кезінде эмоционалдық қозу деңгейінің үлкен мәні бар. Жабырқау, қуанған, қорыққан, ашуланған, таңданыс үстіндегі адам тыныш күйде болған кезіндегідей сөйлемейді, тек басқа интонацияларды ғана емес, сондай-ақ, басқа сөздерді ?? жиі қолданады.

Ауызша сөйлеудің екінші түрі – монолог, мұнда бір адам оны тыңдап отырған екінші адамға немесе көп адамдарға қарап сөйлейді: бұл мұғалімнің әңгімесі, оқушының жауабы,баяндама және т.с.с. монологтық сөйлеудің үлкен композициялық күрделілігі бар, ойдың аяқталуын, грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, монолог айтушының айтқысы келгендерінің қатаң логика мен жүйелілікпенбаяндалуын талап етеді. Монологтық сөйлеудің диалогтық сөйлеумен салыстырғанда үлкен қиындығы бар, оның развергнутое формасы онтогенезде кешірек дамиды. Еркін, қиындықсыз әңгімелесе алатын, бірақ монологтық сипаты бар ауызша хабарлама жасауда (баяндама, т.с.с.) алдын-ала жазып дайындалған мәтінге жүгінетін адамдардың кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл көбінесе мектеп оқытушыларының оқушылардың бойында монологтық сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл қоймағандықтарының салдары.

Информация о работе Қарым-қатынас туралы түсінік