Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы
Реферат, 13 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы– тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде.
Файлы: 1 файл
айнаш.doc
— 161.00 Кб (Скачать файл)Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.
1.4 Соғыстан кейінгі жылдары
1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады. 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары қызметін атқарады. 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды. 1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.
Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қазақ Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды.
Бауыржан соғыс уақытында "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау" атты өлеңдер жазған.
1952-1956 жылы "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көрді.
Кубаға сапары
Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмейді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады, Куба әскерилерінің алдында дәріс оқиды. Кубаға барған саяхаты жайында "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.
1963 жылы Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келеді.
1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. "Кеңсай" зиратына қойылды.
1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шықты. Медаль номері 11637
2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған.
2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.[7]
2010 жылы 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш ашылды.
1.5 Бауыржан Момышұлының отбасы жайлы
Бибіжамал Мұқанқызы - Момыш келіні. Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.
Строева Вера Павловна — өнер саласына еңбек сіңірген кісі. Ерінің әдебиетке келуіне себепші болды.
Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жыл)
Бахытжамал Калибековна — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.
Бақытжан Момышұлы - Бауыржан Момышұлының ұлы.
Зейнеп Ахметова - Бауыржан келіні — Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.
2 бөлім Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы
2.1 Б. Момышұлы шығармашылығы
Бауыржан Момышұлы – көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары шықты. Бауыржан әңгіме, повестермен қатар өлең толғаулар да жазған. Бауыржанның бойындағы ақындық қуаттық бүршігі ерте белгі бергендігін мектептегі ұстазы Тәңірберген Отарбаев байқаған. Шәкірттеріне шығарма жаздырып қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға «сенен ақындықтың иісі шығады» деп айтқан екені аяулы ұстазы.
Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер,Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы болатын. А.Бекбұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.
Ел аузындағы әңгімелер Б.Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады.Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойында қазақы қасиеттер молынан болды. «Момышұлы» деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе -ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді. Бірде әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансаптықызметтерін атқарған Анастас Микоянның: «Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?» деген сұрағына «Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?» - деп,қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады. Бұл дегеніміз нағыз өжеттік, қайсарлық. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген халық нақылына келтірілген өмірдің мысалы. Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.Б.Момышұлы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімелері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес Әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б.Момышұлына оқытады. Оқып болғаннан А.Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын
және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады. Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді:
«Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан-ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол,алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл, Ұлы жауынгердің қасиетті сөзі.
2.2 "Ұшқан ұя"романындағы образдар жүйесі
Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп оның сәби шағынан бастап-ақ кейінгі өмірінің қалыптасу барысының алғашқы баспалдақтарын жасаған. Немесе өзі атап көрсеткендей:
«Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады... Балаға адамның, азаматтың бойындағы барлық жақсы, асыл қасиеттер ананың ақ сүтімен бірге берілуі қажет.
Бауыржанның қанатын қатайтып, биікке самғаған қыран болуындағы отбасының әсері қандай, ол қандай жанұядан өркен жайды?
Ана сүтімен бірге бітетін қасиеттерге ол осы шығармасында зеректік, ойшылдық және сезімталдықты жатқызады. «Мұны адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған орта оны не ұлғайта түседі, не өшіреді»
Бауыржан ұясынан көрген - білген, алған өнеге - тәрбиесін жазудағы мақсатының өзі де сол өзі шыққан биігінің тәрбие нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бүкілхалықтық салт - дәстүрден, ұлттық мінезден нәр алғандығын "Ұшқан ұя" шығармасында барынша ашып берген.
Жаңа дүниенің есігін ашқан нәрестеге шілдехана жасалатыны жарқын дәстүріміздің бірі. Сол шілдехана жас сәбиге өмірге жолдама іспеттес бата беріледі. Баламның келешегі батамен көгеріп, өркен жайсын дегені болса керек. Халқымызда «батамен ел көгерер» деген қасиетті сөз бар. Бұл қазақтың сонау салт - дәстүрмен біте қалыптасып, астасып келе жатқан мұрамыз десек те болар. Бауыржанға Имаш бабасы немересі дүниге келген күні былай бата берген екен:
Алатаудың қыраны мол еді -
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға толы еді -
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді -
Шырағы болсын құлыным.
Ата тілегі он еді -
Құмары болсын құлыным.
Бұл жерде батырлар төрі еді -
Сыңары болсын құлыным.
Осы алғашқы Имаш бабасының Бауыржан Момышұлы өміріне өнеге болды. Шындығында, батырлық Бауыржан тәрбиесінің тал бесігінен бастау алды. Өзі еске алғандай, ол тәрбиелеген «даланың дархан балабақшасының» сыры мен мәні осыдан бастау алған еді.
Зейнеп Ахметова өз естелігінде былай дейді: «Ағыны жойқын тасқынды алақанмен сипап тоқтатуға бола ма?... Менің атам әділдік пен шындықтан сығылған алмас семсер болатын. Сезімтал жанды, өткір ойлы, табиғаты тәкаппар жаратылған өзгеше адам».
Б.Момышұлы әділдік пен шындықты сүйетіні "Ұшқан ұясында" да ерекше атап көрсетеді.
«Шаруамыз шап - шағын еді. Біздің үй іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді - енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған». Мұнда Бауыржан адал еңбекті сүйетіндігін көрсетіп отырған жоқ па.
Кубаға сапарының алдында еліне соққан Бауыржанға "Ұшқан ұяда" аталынатын Сыдық батырдың портретін жасап беріпті. Бауыржан қалтасынан ақша суырып Сыдық ат - тонын ала қашыпты. Бұған наразыланып, Баукең былай депті: «Адал дүниеге есеп керек. Еңбегіңді немесе өнеріңді орындау үшін ақыл - ойың, күшің, уақытыңды, яғни ғұмырыңның белгілі бір бөлігін жұмсайсың сарп етесің «Арзан өнердің қадірі жоқ». Сондықтан өнер мен еңбектің қасиет - қадірі артуы үшін қажет болса саудаласудан да тартынба».
Ұлы Абай да өзінің қара сөзінде «Ұялмас нәрседен ұялу жамандық, ұятсыздық» деген жоқ па? Ендеше адал еңбек пен ар саудасының арасы жер мен көктей емес пе?
Б.Момышұлы шығармада ауылдың нәрлі кештерін, ондағы ақыл-кеңестің ордасы болған жиылыс әңгімелерді сыр қып шертеді: «Ауылда бас қосып байыпты әңгіме айтар кештер көп болушы еді. Мал өрістен қайтқан соң, ымырт үйірілгенше бір төбенің басына шығып алып үлкендер шүйіркелесер еді. Ел жаңалығы, күнделікті тірлік қамы, ертеңгі күннің еншісі - бәрі-бәрі бас қосуда ортаға салынатын. Егер әңгіме арқауы созылмаса қариялар балуан күрес, жаяу жарыс, тартыспақ сияқты ойындар ұйымдастырылып, қызығына мәз болып отырар еді. Қараңғы қоюланып көз байланарда бәрі үйді - үйіне тарасатын» Бауыржан ауыл өмірінің кешкі тыныс - тіршілігін, қозғалысын еске алады.
Повесте Зәпира, Зәуре, Үбиан тағдыры да қазақ аулына ене бастаған жаңалық тынысын танытқандай әсерге толы. Үш әйелдің үш түрлі тағдыры, салт - санадағы, әдет - ғұрыптағы еніп жатқан өзгерістер - заман ділгірлігі туғыза бастаған жаңа лепті сездіргендей. Зәпира сұлу - теңдігі үшін алысса да ескілік салттың тегеурінді шырмауынан шыға алмай, торға түсіп сүйер күш таппайды. Өйткені «қалың малдың қара күші, ескі әдет, тырнағы у болып жабысқан ру қатынасының ұзын қолы Зәпираның алқымына да бұғауын мықтап салып бұрап тастаған еді». Ал Зәуре Зәпира тағдырына ұрынса да, теңдігін қорғап, өмір бұғалығынан құтылып кетуіне жаңа заман тудырған әлеуметтік күштің лебі жатыр.
2.3 Батырдан қалған өсиет
Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.
Ал енді, Бауыржан Момышұлының қанатты сөздеріне тоқталатын болсақ:
Ерлік ,батырлық туралы:
- Ерлік – тәрбие жемісі.
- Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
- Солдаттың анасы – Отанның анасы.
- Ежелден ер тілегі – ел тілегі.
- Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
- Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе
Ерлік елеусіз қалмасын.
- Ептілік те ерлік.
- Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.
- Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.
- Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,
қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.
- Елін сүйген жауынгер ер болады.
- Ер өледі, ел қалады.
- Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
- Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.