Б.Нұржекеевтің өмірі мен шығармашылық жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 19:49, реферат

Описание работы

Жазушы шығармаларындағы өзектi тақырыптың бiрi – махаббат, ер мен әйелдiң жан сезiмi. Көкiрек қатпарына терең бойлап, не бiр нәзiк дiрiл мен сырлы перненi дөп басынына қайран қаласың. Шарпысқан құштарлық, қасiреттi қимастық арқылы өмiрдiң қуанышы мен тағдырлар трагедиясын барынша шыншылдықпен бедерлейдi. Осы сыршылдығына тәнтi болған оқушы қауым оны «Қазақтың Мопассаны», «Махаббат жыршысы» деп тегiн атамаса керек. Шын талант та гауһар сияқты, уақытқа түсiн алдырмай жарқырай бермек. Сиясы кеуiп үлгiрмеген әңгiмелерiн оқи отырып әйгiлi жазушының жорғасынан жаңылмаған жүрдек қаламның қуатты серпiнiн аңғарамыз.

Файлы: 1 файл

НУРЖЕКЕЕВ.doc

— 181.00 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Алпысыншы жылдары  әдебиетке келген ұлы шоғырдың арасында жұлдызы айрықша жарқырап көрiнген қаламгерлерiмiздiң бiрi –Бексұлтан Нұржекеев. Жазушының «Күтумен өткен ғұмыр», «Ерлi-зайыптылар», «Жау жағадан алғанда», «Бiр өкiнiш, бiр үмiт», «Кiнәлi махаббат», «Өзендер өрнектеген өлке» т.б. көркемдiк көрiгiнен шыңдалып шыққан шымыр да шұрайлы шығармалары оқырмандардың зор сүйiспеншiлiгiне бөленiп, әлдеқашан әдебиетiмiздiң алтын қорына қосылғаны белгiлi.

Жазушы шығармаларындағы өзектi тақырыптың бiрi – махаббат, ер мен әйелдiң жан сезiмi. Көкiрек қатпарына терең бойлап, не бiр нәзiк дiрiл мен сырлы перненi дөп басынына қайран қаласың. Шарпысқан құштарлық, қасiреттi қимастық арқылы өмiрдiң қуанышы мен тағдырлар трагедиясын барынша шыншылдықпен бедерлейдi. Осы сыршылдығына тәнтi болған оқушы қауым оны «Қазақтың Мопассаны», «Махаббат жыршысы» деп тегiн атамаса керек. Шын талант та гауһар сияқты, уақытқа түсiн алдырмай жарқырай бермек. Сиясы кеуiп үлгiрмеген әңгiмелерiн оқи отырып әйгiлi жазушының жорғасынан жаңылмаған жүрдек қаламның қуатты серпiнiн аңғарамыз.

Туған өлкесiнiң  қадiр-қасиетiн жүрегiмен сезiнiп  жазады.  Шалғынына аунап, асыр салып, суына түсiп, топырағын жалаңаяқ кешкен жердiң тау-тасын, өзен-сайларын, қойнау-қолаттарын, бiр сөзбен айтқанда, тамылжыған табиғат суреттерiн көз алдыңызға келтiредi. Сөз саптау шеберлiгi Бекеңнiң үлкен суреткер деңгейiне көтерiле бiлгенiн байқатады.  «Жайлаудағы жиырма күн», «Жау жағадан алғанда», «Өзендер өрнектеген өлке» секiлдi толымды туындылары кешегi тарихымыздың жаңғырығы iспеттес.  Бұлардан жас ұрпақ ұлттық патриотизмдi үйрене алады. Кеңестiк дәуiрдегi идеолог басшыларға бұл шығармалардың ұнамау себебi де ұлттық реңнiң басымдығында жатыр.       

 

1 Б.НҰРЖЕКЕЕВ  – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ШОҚТЫҒЫ  БИІК ҚАЛАМГЕР

 

1.2 Б.Нұржекеевтің  өмірі мен шығармашылық жолы

 

Нұржекеев Бексұлтан (22.2.1941 ж.т., Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы. ҚазМУ-ды бітірген (1965). 1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты. “Жалын”, “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986), “Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры. Оның “Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген. “Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған. “Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген. “Құрмет” орденімен (2000), бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармашылығы

  • Күй толғақ, А., 1972
  • Күтумен өткен ғұмыр, А., 1974
  • В ожиданий, А., 1985
  • Бір өкініш, бір үміт, А., 1985
  • Шығ. жин. 2 т., А., 1993
  • Бейтаныс әйелдің құпиясы, А., 2002

Бозбалалыққа  бой ұра қоймаған кезiмiз. Дегенмен, махаббат туралы көзге түскен шығарманы  үлкендерден жасырып, жастанып оқитын шағымыз. Ауыл пошташысы әр үйге газет-журнал әкелiп беретiн. Бiздiң үй «Жалын» альманағын алады. Көршi көкемiз «Жұлдыз» журналына шұқшиып отыратын. Екi үй кейде әлгiлердi ауыстырып алып оқи беретiнбiз. Бiрде, шiлiңгiр шiлдеде  «Жұлдызды» ақтарып жатып  «Күнәлi махаббат»  деген повеске көзiм түстi. Тоқтау қайда, бақшаның етегiндегi теректiң көлеңкесiнде жата қалып құныға бас қойдым.

Қатты қызықтым. Авторына қайта-қайта қараймын. Мен  бiлетiн Максим Горький де емес, Ғабит  Мүсiрепов те емес. Бексұлтан Нұржекеев деп тұр. Бұл кезде сегiзiншi сыныпты бiтiргенмiн. Сонда 1968 жылы болғаны ғой. Кейiнiрек бiлдiк қой, «Күнәлi махаббат» Бексұлтан ағаның алғашқы жарық көрген шығармаларының бiрi екен. Ендi ойлап отырсам жас жазушы сол кезде жиырма жетiде. Өзi газет-журнал маңайында емес, қызуы мол комсомол жұмысының қызметкерi болыпты, сол шақта. Бұрынғы Талдықорған облысының Панфилов аудандық комсомол комитетiн басқаратын көрiнедi. Кейде қым-қуыт, кейде алашапқын жұмыстың арасында жүрiп мынандай шығарма жазу әрбiр жазушының маңдайына бұйыра бермейтiн бақыт. Жазу мәнерi де өзгешелеу. Әрлеп, сырлап, қызыл сөзге де ұрынбайды.  «Бiр өкiнiш, бiр үмiт» романын оқығанда кейiпкерлермен бiрге мұңайып, бiрге күлесiң. Өзiңдi солардың орнына қойғаныңды байқамай да қаласың. Оларды сен бiлетiндейсiң. Бас кейiпкер Шегеннiң прототипi автордың өзi емес пе екен деген ойға берiлесiң. Бозбала шақтағы мөлдiр шықтай, таза сүйiспеншiлiк сезiмi жаныңды баурап алады. Бүбiш екеуiнiң қосылуына тiлектес боласың. Көңiлi бостау адамның жанарына жас iркiлуi де әбден мүмкiн. Ең бастысы, оқиғалар ойдан құралмаған. Кейiпкерлердiң қимыл-әрекеттерi жасандылықтан аулақ. Әсiресе, нәзiк жандылардың iшкi сезiм пернесiн байқатпай шертiп қалып дың еткiзерi кәмiл. Сондықтан болар Нұржекеұлының шығармашылық қуаты туралы айтылғанда әйел-ана тақырыбын терең қаузаған, «махаббат жыршысына» айналған көрнектi жазушы деп түйiндеп жатады. Шынында да қаламгер өз туындыларында «әрбiр әйел бiр ғалам» деген ұстанымынан айнымайтын сыңайлы. Оларға бекзаттықпен қарайтын секiлдi. Оның әйел бейнесiн сомдаудағы  ерекшелiгi де осында жатыр. Сондай-ақ ол бұл тақырыпқа әр шығармасында әр қырынан келедi. «Белгiсiз әйелдiң хаты», «Әйел жолы жiңiшке» кiтаптарын оқып шыққанда осыны аңғарамыз. «Ерлi-зайыптылар» романының жазылу тәсiлi тың. Бұл тарау-тарауға бөлiнген күнделiктерден тұратын шығарма. Кейiпкерлер Мұқа, Iлескүл, Зерiп, Ақтанның iшкi сырларын ақтарған күнделiк жазбалары кiмдi болмасын бейжай қалдырмайды. Олардың құпия сырларына елiтетiнiң соншалықты өзiңдi сол кейiпкерлермен бiрге жүргендей сезiнесiң. Солар күлсе езу тартасың, солар қайғырса күрсiнесiң. Жалпы, бекзат сипат Бексұлтан ағамыз өзiнiң жанына жақын тақырыпқа бару себебiн оқырмандарына былай түсiндiрiптi. «Тiлеулi атамыз би болған кiсi екен, шешесi Әжiкем де, келiнi Өскелең де Құлжа маңайындағы Найман қыздары болыпты. Тiлеулiнiң әкесi Қазгелдi атамыздың ауылын ел құрметтеп ұлы әжемiздiң атымен «Әжiкем ауылы» дейдi екен. Өскелең әжемiз де күйеуiн атқан орысты жағасынан тартып, атынан жұлып алған батыл кiсi болыпты. Атам екi сөзiнiң бiрiнде «Өскелең шешем» деп аузынан тастамай отыратын. Осының бәрi бiздiң тұқымда әйелге айрықша құрмет жасалатынын аңғартса керек. Ал сол тұқымнан  өрбiген мен қалайша әйел туралы жазбаймын?» деп ағынан  ақтарылыпты. Мiне, әйел-анаға деген бекзаттық мiнездiң сыры қайда жатыр. Соған қарағанда жазушы кейiпкерлерiн алыстан iздемеген секiлдi. Өмiрден ойып алып сомдалған бейнелер, әрине, әрi тартымды, әрi сенiмдi болатыны айтпаса да түсiнiктi. 

Махаббат туралы, ғашықтық ғаламаты жайында, ер мен әйел арасындағы ғажайып сезiмнiң сырларын, сүйiспеншiлiктiң «көзбен ұққан» құпияларын да талай қаламгер жазған. Бұл тақырыпқа соқпайтындар некен-саяқ. Керек десеңiз, тарихи шығармалардың өзiнде сүйiспеншiлiк сыры жүредi. Шытырмандарда да шырғалаң махаббат жатады. Бiрақ әрқайсысында әртүрлi өрiледi. Ал, ендi бүткiл шығармашылығының басым бөлiгiн өлмес тақырыпқа арнаған жазушылардың даралары ғана оқырман жүрегiне жол табары хақ. Қазақ жазушыларының арасындағы осылай өз биiгiнен көрiне бiлгендердiң бiрi – Бексұлтан ағамыз дей аламыз. «Бiр ғана махаббат», «Беу, қыз дәурен», «Балалықтан бiр адым» повестерiн, «Жалғыздық», «Махаббат мерекесi», «Қашу», «Құпия махаббат», «Қырғыз келiншек», «Қыз сезiм» әңгiмелерiн оқысаңыз осы сөзiмiздiң растығына көзiңiз жетедi. Ал «Күтумен кешкен ғұмыр» романы Қазан төңкерiсiне дейiнгi қиын-қыстау кезеңдегi әншi жiгiт Әтiке мен сүйiктiсi Қайныкештiң қат-қабат тағдырларына арналған аса күрделi шығарма. Мұнда трагедиялық тартыс да бар. Сезiмнiң адамы Әтiке осалдық танытып, бiр тойда кездейсоқ кездескен Әуес есiмдi әдемi келiншекпен құмарлық ләззатын кешедi. Пәленiң бәрi осыдан басталады. Оның күйеуi Байту сол елге белгiлi жуан бай Жайтудың iнiсi едi. Ағайынды екi жуан ендi Қайныкештi Әтiке алып қашып бара жатқан жерiнен жолын тосып, тартып алады. Байту Әуестi талақ етiп, төркiнiне жiбередi де Қайныкештi бауырына басады. Кек алудың осындай жолын таңдаған жуандарға қарсы әншi Әтiке де жолдас-жораларымен бiрiгiп дұшпандық жасады. Жайтуды ат құйрығына байлап, сүйретiп өлтiредi. Сонда да сүйгенiне қосыла алмайды. Керiсiнше өзi жансауғалап, хабарсыз кетедi. Роман Әтiке өмiрiнiң осындай трагедиялы тағдырына арналған секiлдi көрiнгенмен негiзгi лейтмотив Қайныкештiң өзiмен бiрге мәңгiлiк сапарға ала кеткен пәк сезiмiнiң сырларын ашуға арналған. Шын мәнiндегi әйел махаббатының берiктiгiн, тазалығын дәрiптейдi. Шығарманың соңғы бетiн жапқан соң оқырман тұңғиық ойға батып,  адам өмiрiндегi махаббат өкiнiшiн сезiнiп, көңiлiн мұң торлайды. Мұндай сезiмге бөлей бiлу жазушы шеберлiгiнiң бiр қырын танытса керек.

Бекең «Отан  отбасынан басталады» деген қағиданы жадынан бiр сәт те шығармайтын  жазушы болып түйiледi бiзге. Оның кейiпкерлерi көбiне отбасының амандығы мен бақыты үшiн күресiп жүредi. Содан соң  олар ауылының хал-жағдайына алаңдайды. Одан кейiнгiсi белгiлi, ұлт қамын ойлаған адамдар бейнесi сомдала түседi. Жазушы кiндiк қаны тамған ауылы Ақжазықтың адамдарының бейнесiн көркем әдебиетте көрсете бiлген секiлдi. Оқырманын сол өңiрдiң өткен тарихынан да ептеп хабардар етедi. Салт-дәстүрiмiздiң артық-кемiн көпшiлiкке шеберлiкпен әдемi жеткiзе бiледi. Туған өлкесiнiң қадiр-қасиетiн жүрегiмен сезiнiп жазады.  Шалғынына аунап, асыр салып, суына түсiп, топырағын жалаңаяқ кешкен жердiң тау-тасын, өзен-сайларын, қойнау-қолаттарын, бiр сөзбен айтқанда, тамылжыған табиғат суреттерiн көз алдыңызға келтiредi. Сөз саптау шеберлiгi Бекеңнiң үлкен суреткер деңгейiне көтерiле бiлгенiн байқатады.  «Жайлаудағы жиырма күн», «Жау жағадан алғанда», «Өзендер өрнектеген өлке» секiлдi толымды туындылары кешегi тарихымыздың жаңғырығы iспеттес.  Бұлардан жас ұрпақ ұлттық патриотизмдi үйрене алады. Кеңестiк дәуiрдегi идеолог басшыларға бұл шығармалардың ұнамау себебi де ұлттық реңнiң басымдығында жатыр.       

Қоғам өзгерiсi, тәуелсiздiгiмiз жазушыны дүр сiлкiндiрген секiлдi. «Махаббат жыршысы» болудан жалыққаннан емес, әрине. Заманның запыранын сезiнгендiктен. Желтоқсан көтерiлiсiндегi жазықсыз жастардың қанға боялғаны жанына батып жүрген Бексұлтан ағамыз рухымызды оятуға бiржола бет бұрды. Тарихқа емеурiн тастайтын мақала жазып, оны республикаға танымал басылым беттерiнде жариялай бастады. Орбұлақ шайқасының шындығын ашты. Бұл шайқастың қайда болғаны туралы алыпқашпа әңгiмелер  көп болатын. Бекең туған жерiнiң тарихына шұқшия қарап, деректер тапты. Сөйтiп, атақты Орбұлақ шайқасы Жоңғар Алатауының Белжайлау баурайында өткенiн дәл дәйектемелермен дәлелдедi. Бұрын орыс жазбаларында нақты көрсетiлмеген Салқам Жәңгiрдiң сарбаздары қазған ордың сұлбасын тапты. Тарихшылар лаж жоқ мақұлдады.  Мұнымен де тоқтамай шайқастағы жеңiстiң 350 жылдығын ел болып тойлауға мұрындық болды. Мiне, осыдан кейiн Орбұлақ шайқасы тарихымыздағы ең елеулi оқиғалардың бiрiнен саналады.  Қаламгердiң тарихқа жиi араласатынын Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай, Қарасай, Райымбек туралы жазған эсселерiнен де бiлемiз.  Елдiң рухани жоқтаушысына айнала бiлген Нұржекеұлы тiлiмiз, дiнiмiз, салт-дәстүрiмiз туралы салиқалы да салмақты,  өрелi   жарияланымдарымен көпке ой салды

 

1.3 Шығармаларының  тақырыптары, олардағы замандас  бейнесі

 

. Тарихымызға сiлтеу жасайтын шежiрелерге көптiң көңiлiн аудартты.  Дегенмен, оны әркiм әртүрлi қабылдады. Өзi басқарып отырған «Жалын» баспасынан Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзiме шейiн» деген шежiрелiк кiтабын шығарып едi, басы дауға қала жаздады. Кейбiр әрiптестерi оған «өмiрде болмаған адамды тарихқа әкелгiсi келедi» деп күйе жаққысы келдi. Әрине, қолжазба қолдан-қолға өтiп, бiрнеше қайтара көшiрiлiп жүрiп ептеген өзгерiстерге ұшыраған болуы да мүмкiн. Мәселе Қазыбек бектiң ХVIII ғасырда өмiр сүрiп, артына бiрнеше қолжазба қалдырған iлiмдi адам екендiгiнiң анықтығында жатыр емес пе? Сол қолжазбалардың  көшiрмелерiн сақтап, кейiнгi ұрпаққа жеткiзген Балғабек Қыдырбекұлындай қазақтың болашағын ойлаған марқұм ағамыздың рухына ризалық бiлдiрудiң орнына күстаналағанымыз қай сасқанымыз? Мiне, осындай кереғар пiкiрлер жазушының қайрала түсуiне әсер еткен болар, бәлкiм. Ондайларға былай деп жауап қайтарды: «Әлдекiмдердiң ата тегiне тiл тигiзу, кекету, мұқату, тарихи негiзге сүйенбестен Сегiз серiнi, Қарасай мен Жамбылды, Сәкен мен Сәбиттi, Қазыбек бектi, тағы басқаларды, тiптi Абайды да бiр жағынан қаралап сөйлеу, екiншi жағынан кеше ғана Голощекиннiң қасында отырып елiмiздi аштықтан қыруға қатысқан адамдарды «халық жауы» деген атпен атылып кеткенiне ғана бола «қазақтың ардақтылары» деп атап, оларға көше атын, тағы басқа да iлтипат жасауды сұрау – бұл да әрiден ойланбайтындардың әрекетi. Голощекин де 1941-жылы халық жауы ретiнде атылып кеткен, оны да жазықсыз құрбан болып кеттi деп ақтаймыз ба сонда?» Шынында да ойланатын, қозғау салатын-ақ ой. Ал айтушы байсалды, байыпты, салиқалылығынан танбай келедi. Басымызға бақ болып қонған тәуелсiздiгiмiздiң бiлiмдiлiк пен мәдениеттiлiк қамбасына бiр түйiр дән болса да қосуға әрекет жасады. 

Кейбiреулер мемлекетiмiз  ұстанған төзiмдiлiк пен шыдамдылық саясатын басқаша түсiнiп жүргенi баршаға аян. Оларға салса бәрiн аударыстырып-төңкерiстiрiп, бес-алты жылдың iшiнде iстей салу керек сияқты. Тiптi елiмiздiң тұтастығы мен бiрлiгi, тыныштығы мақсатында жұмыс iстейтiн институттарымызды да жоққа шығарғысы келедi. Хакiм Абай айтқандай: «Қазақтың өзге жұрттан сөзi ұзын, Бiрiнiң-бiрi шапшаң ұқпас сөзiн» дегенге мән бермейтiндер жеткiлiктi. Бұра тартып, өзiн батыр санайтындар арамызда жеткiлiктi.  Соларға қарсы өзiнiң ұғынықты әрi байыпты ойын айта бiлгендердiң қатарында тағы да бекзат сипат – Бексұлтан ағамыз жүр. Ол былай дейдi: «Қазақстан халқы Ассамблеясының төңiрегiнде де үйiп-төгiп сөгетiн сөздер айтылып жүр. «Еш елде жоқ, Конституциямызда жоқ» дегендi алға тартып, ол ұйымды әлдебiр құбыжықтай көрсетуге тырысып және солай сөйлеудi ел қамын жеген батырлыққа балау – ол да саясатқа терең бойламау. Еш елде жоқ болса, болмай-ақ қойсын. Қазақстанның жағдайы әлемнiң ешбiр елiне ұқсамайды, сондықтан ұлттар арасындағы түсiнiстiктi басшылыққа алатын бұл ұйым өте игiлiктi iстердi атқарып отыр. Елiмiзде тұрып жатқан этностар сол ұйым арқылы өз мәдениетiн, әдет-ғұрпын дамытып, қазақ халқының мәдениетi мен тiлiне үлкен құрметпен қарауды үнемi басты мақсат етiп келедi. Қазақстандағы халықтардың өзара тату тұруына бұл ұйым үлкен ықпал етуде. «Сөзiңдi бiреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?» демей ме қазақ, елдiң ауызбiрлiгiн сақтап, әр этнос өз мәселесiн осы ұйым арқылы ың-дыңсыз шешiп жатса, оған қарсы болу қай сасқанымыз?» Ұғар жанға ұғынықты-ақ айтылған пiкiр. Түсiнгенге түпкi мақсатымыздың түбi қылаң берiп тұр емес пе?    

Әр қаламгердiң  бойында өзiне тән адами қасиеттерi болады. Бекеңнiң  қанына бiткен тағы бiр бекзаттығы ұлы ақын Мұқағалидың iздеушiсi бола бiлгендiгi. Кеңес дәуiрi кезiнде ақиық ақынның баспаға тапсырған қомақты өлеңдер жинағы түрлi себептермен толық басылмай, қатал цензураға ұшырап, пышақтың қырындай ғана болып жарық көретiнiн жетпiсiншi жылдардың оқырмандары бiледi. Нұржекеұлы да соны сезiп жүрдi. Қолдан келер қайран болмады, әрине. Ол кезде әдеби ортада әлi кең таныла қоймаған жас шағы. Оның үстiне комсомол қызметiнен ендi ғана бiржола шығармашылық жұмысқа ауысқан кезi. Сөйтiп жүргенде Мұқағали ақын  оқырманын өкiнiшке орап, мәңгiлiк жер бесiгiне бөленiп жүре бердi. Хантәңiрiнiң мұзбалағы артына көптеген өшпес өлеңдерiн қалдырғанынан Бексұлтан ағамыз жақсы хабардар болған секiлдi. «Жалын» баспасының басшылығына қалай барды Мұқағалидың жарық көрмеген шығармаларын iздестiре бастады. Кейбiреулерiнiң мерзiмдi баспасөзге жарық көруiне ықпал еттi. Өзiнiң баспасынан да жинақтарын жиi-жиi  шығара бастады. Ақынның проза саласында жазған әңгiме, повестерi, пьесасы барын көпшiлiгiмiз бiлмейтiнбiз. Бiлдiрген Бекең. Сондай iздеудiң нәтижесiнде повестерi мен әңгiмелерi, пьесалары топтастырылған «Қош бол, махаббат» жинағы қолға тидi. Адамға түрлi ой салатын «Күнделiк» көлемi шағын болса да жастардың iздеп жүрiп оқитын кiтабына айналды. Жиырма бiрiншi ғасырға аяқ басқан соң Нұржекеұлының ұйымдастыруымен оның төрт томдық таңдамалы жинағы жарық көрдi. Биыл мiне, алты томдығын Мұқағалидың туғанына 80 жыл толуына орай оқырманға сыйлық ретiнде ұсынатынын басылымдарға берген сұхбатында айтып жүр.  

Информация о работе Б.Нұржекеевтің өмірі мен шығармашылық жолы